Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0-Бил ПБ 4 раз КРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.95 Кб
Скачать

3. Құбырларды бекіту және ажырату үшін пайдаланатын машина кілттеріне қойылатын қауіпсіздіқ талаптарын айтып беріңіз? (172, 313)

Құбырларды бекіту және ажырату үшін машина кілттері көлденең орнатылады (ілінеді) және дайындаушының құжаттамасына сәйкес реттеледі. Ілу үшін диаметрі 12,5 мм кем емес болат арқан қолданылады.

Сақтандыру арқанының ұзындығы созатыннан 15-20 см көп. Арқандардың диаметрі 17,5 мм кем емес. Арқандарды бекіту құралда көрсетілген әдіспен жүргізіледі (шөміште, вертлюгте, өрімде).

Бекіту және ажырату кезінде сақтандыру арқанымен шектелген, кілттің әрекет етуінің қауіпті аймағында жұмысшылардың болуына жол берілмейді. Арқанды созу кезінде жұмысшылар жүктемені шешкенге дейін қауіпсіз аймаққа әкетіледі.

Істен шыққан машина кілттерін және бұрғылау немесе обсадты құбырлардың диаметрінің мөлшеріне сәйкес келмейтін кілттермен жұмыс істеуге жол берілмейді.

Құбырларды бекіту және ажырату үшін машина кілттері қалай орнатылады (ілінеді)? (172)

Құбырларды бекіту және ажырату үшін машина кілттері көлденең орнатылады (ілінеді) және дайындаушының құжаттамасына сәйкес реттеледі. Ілу үшін диаметрі 12,5 мм кем емес болат арқан қолданылады.

3.Диэлектрлі оқшаулайтын төсемдер және резеңке кілемшелер қайда орнатылады? (1467-1469)

Электр қозғалтқыштарын және өзге электр аппаратурасының іске қосу құрылғысы алдында, ылғалдылығы жоғары бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда диэлектрлі оқшаулайтын төсемдер және резеңке кілемшелер орнатылады.

Қолдану алдында қорғаныс құралдары сынау мерзімі, кернеуінің сәйкестігіне, зақымданулардың жоқ екендігіне тексеріледі.

4.Ұңғыманың анықтамасын айтып беріңіз?

Жерасты (таукен техникалық ) тіке және қисайтылған цилиндр тәрізді тау кен жыныстарынан құрылған диаметрі тереңдігінен бір неше есе кіші құрылысты ұңғыма деп атайды.

3.Бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштерін (параметры) айтып беріңіз. (275)

тығыздығы. (плотность)

шартты тұтқырлығы.(вязкость)

температурасы

сүзу.

құмның құрамы.

коллоидті фазаның құрамы.

рН.

СНС1/10

реологиялық көрсеткіштері (тиімді тұтқырлығы және жылжудың динамикалық кедергісі)

4. Сағалық тастамаға қарсы жабдық (ПВО) ұңғыма сағасына не үшін орнатылады? (248)

Кондукторды және аралық бағананы түсіргеннен кейін, өнімдік деңгейжиектерді аршу және ГМСК мүмкіндігі қарастырылатын бұрғылау кезінде, ГМСК қауіптілігі болған кезде ұңғыманың сағасын қымтау үшін тастамаға қарсы жабдық орнатылады.

2.Бұрғылау қондырғысы өртке қарсы қандай жабдықтармен қамтылуы керек?

3.Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары қандай талаптарға сай болуы

керек?

Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары мен ыдыстарын ұйымдарда дайындау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары дайындалғаннан кейін дайындаушы зауытта олардың нормативтік жүк көтергіштігінен 1,25 есе артық жүктемемен тексеріледі және сыналады.

Тиеу-түсіру жұмыстары сыналған ілмектерді және жүк қысатын құрылғыларды қолданумен жүргізіледі.

Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары нөмірі, жүк көтергіштігі мен сынау датасы көрсетілген, мықтап бекітілген металл биркамен жарақталады.

Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін, ұңғыманы жөндеу бойынша агрегаттарды, жүк асатын арқандарды дайындау қандай арқандар қолданылады? (67)

Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін, ұңғыманы жөндеу бойынша агрегаттарды, жүк көтергіш машиналарын және механизмдерін құралдандыру, жүк асатын арқандарды дайындау үшін сертификат немесе сынау туралы көшірме болған жағдайда, жабдықты дайындаушының құжаттамасына сәйкес білікті арқандар қолданылады.

28. Білікті блокты көтеруді шектегіш (противозатаскиватель) не үшін керек? (170)

Білікті блокты көтеруді шектегіш - білікті блок апаттық жағдайларда кронблокқа соқпауы үшін қажет.

Көтергішті шектегіш болмаған немесе істен шыққан жағдайда түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге жол берілмейді.

Бұрғылау бағанасын түсіру кезінде бағана толық тоқтатылғанға дейін танапты ұстау немесе сәйкес құрылғыны қосуға жол берілмейді

35. Пневматиқалық жүйе қашан және қандай қысыммен сыналады? (176)

Дәнекерді қолданумен бөлшектерді, желілерді дайындаудан және жөндеуден кейін қымтауға сынау техникалық құжаттамаға сәйкес сынама қысымға, бұрғылау қондырғысында құрастырғаннан кейін 1,25 қауіпсіздік коэффициентімен, бірақ 0,3 МПа кем емес жұмыс қысымына, 10 минуттан кем емес ұстаумен және іске қосу құжаттамасы құрамында акт рәсімдеумен жүргізіледі.

65. Түсіріп-көтеру операцияларын орындауға нелер дұрыс болған кезінде жол беріледі.

66. Түсіріп-көтеру операцияларын орындауға нелер дұрыс болмаған жағдайда жол берілмейді?