- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •1. Ваши обязанности при приеме вахты?
- •1.Что делают со штангами, спускаемые в скважину и какие данные заносятся в журнал «Мера штанг».
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Главный технический руководитель б.Аманбаев
- •Экзаменационные билеты для проверки знаний помощника бурильщика 4 разряда крс по «Требованию промышленной безопасности в нефтегазодобывающей отрасли»
- •Главный технический руководитель б.Аманбаев
- •6. Пневматикалық жүйе технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін нелермен қамтамасыз
- •8. Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін (талевой системы) құралдандыруға қандай
- •9. Арқан қандай жағдайларда істен шыққан және ауыстыруға жатады деп саналады? (67)
- •3. Құбырларды бекіту және ажырату үшін пайдаланатын машина кілттеріне қойылатын қауіпсіздіқ талаптарын айтып беріңіз? (172, 313)
Главный технический руководитель б.Аманбаев
1.Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар қандай жұмыстарды атқаруға қолданылады?(1)
Осы Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын жобалауға, салуға, пайдалануға, жабуға және жоюға қолданылады.
2. Найзағай мен статтық электрдің әсерінен қорғану үшін бұргылау қондырғылары немен
жабдықталады? (18)
Статтық электрден қорғаныс бойынша жалпы салалық өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес найзағай мен статтық электрдің әсерінен қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады.
Найзағайдың, электр тоғының және статтық электр разрядтарынан қорғау үшін бұрғылау және мұнайкәсіпшілік жабдығы, қосымша құрылғылар және құрылыстар, аппаратура, резервуарлар, газ
3. Қысыммен жұмыс істейтін техникалық құрылғылар нелермен жабдықталады? (47)
Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштермен, бекіту арматурасымен және қорғаныс құрылғыларымен, ішін қарайтын люктермен, босатуға арналған сорғыту желісімен және газдар мен буларды әкетуге арналған желімен жабдықталады.
4. Бақылау өлшеу құралдары және автоматика (БӨҚжА), одақтау (блокировка) және белгі беру құралдарын түгендеу және тексеру қайда жүргізіледі? (51)
Бақылау өлшеу құралдары және автоматика, одақтау және белгі беру құралдарын түгендеу және тексеру серіктестіктің әрбір объектісі үшін, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте және жоспарлы- алдын ала жөндеу кестесі бойынша метрологиялық қызметпен жүргізіледі.
5. Манометрлер қандай шартпен таңдалады және оған қойылатын талаптарды айтып беріңіз? (52)
Манометрлер жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екісінде болатындай шартпен таңдалады. Манометрлер циферблатында шекті рұқсат етілген жұмыс қысымын көрсеткіш орнатылады. Алаң деңгейінен 2-ден 5 м-ге дейінгі биіктікте орнатылған манометр оны бақылау үшін 160 мм-ден кем емес диаметрде болуы керек. Манометрлер жұмыс аймағының өрт жарылыс қауіпсіздік жағдайларына сәйкес жұмыс және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
6. Пневматикалық жүйе технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін нелермен қамтамасыз
етіледі? (53)
Бақылау өлшеу құралдары және автоматика пневматикалық жүйесі үшін технологиялық үрдісті
(процесс) қамтамасыз ету үшін дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетілген уақыт
көлемінде жұмыс істеу үшін қысылған ауаның апаттық қорын қамтамасыз ететін ауаны құрғатқыш, ресивер қарастырылады
8. Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін (талевой системы) құралдандыруға қандай
арқандар қолданылады және арқандарды біріктіру бұрымы нелермен бекітіледі? (67)
Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін, ұңғыманы жөндеу бойынша агрегаттарды, жүк көтергіш машиналарын және механизмдерін құралдандыру, жүк асатын арқандарды дайындау үшін сертификат немесе сынау туралы көшірме болған жағдайда, жабдықты дайындаушының құжаттамасына сәйкес білікті арқандар қолданылады.
Арқандарды біріктіру бұрымы немесе металл тығын сына бекітпемен; арқанның 6 диаметрінен кем емес қашықтықта үш бұрындалы қысқыштармен жүзеге асырылады.
Арқанның жағдайы жұмыс кезінде үнемі және ауысымды тапсырған кезде, журналға тіркеу арқылы бақыланады.
Бұрғылау және көтеру қондырғылары үшін дер кезінде созу және ауыстыру үшін нұсқаулыққа сәйкес арқанның тозуына есеп жүргізіледі.
