Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет рек тема 2 электив ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.64 Кб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2010. – 544 с.

  1. Зазулевская Л.Я. Болезни слизистой оболочки полости рта – Алматы, 2010 – 297 с.

Қосымша:

  1. Заболевания слизистой оболочки полости рта и губ/ Под ред. Е.В.Боровского, А.Л. Машкиллейсона – М.: МЕДпресс, 2001. – 319 с.

  2. www.rulit.me/.../terapevticheskaya-stomatologiya-uchebnik-read-30141.. .

  3. www.e-stomatology.ru/pressa/literatura/zsobrt/zsoblrt.htm

  4. www.rmj.ru/articles_5731.htm

  5. www.studmedlib.ru/book/ISBN9785970411537.html

  6. www.webmedinfo.ru

7. Бақылау

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

7.1.1 Сұрақтар:

  1. Ауыздың кілегей қабығының құрылысы.

  2. АҚКҚ зақымдану элементтері – түсінік, классификация.

  3. Зақымдану элементтерінің пайда болуының негізін құрайтын патологиялық үрдістер.

  4. АҚКҚ біріншілік зақымдану элементтері.

  5. АҚКҚ екіншілік зақымдану элементтері.

  6. АҚКҚ жарақаттық зақымдануларының этиологиясы және патогенезі.

  7. АҚКҚ жарақаттық зақымдануларының клиникалық көрінісі.

  8. АҚКҚ аллергиялық ауруларының этиологиясы және патогенезі.

  9. АҚКҚ аллергиялық ауруларының клиникалық көрінісі.

  10. АҚКҚ жарақаттық зақымдануларына жедел жәрдем көрсету.

  11. АҚКҚ аллергиялық ауруларына жедел жәрдем көрсету.

  12. АҚКҚ аллергиялық аурулары бар науқастарды жалпы практикадағы дәрігер мен дәрігер-стоматологтың бірлесе отырып емдеу жүргізу тактикасы.

Тест түріндегі тапсырмалар:

  1. АҚКҚ-ң гистологиялық қабаты:

    1. эпителиальді

    2. бұлшықетті

    3. меншікті пластинка

    4. кілегей қабат асты

    5. базальді.

  1. АҚКҚ-ң меншікті пластинкасында қабат бөлінеді:

    1. емізікті

    2. базальді

    3. торлы.

  1. Түлемейтін эпителий қабаты :

    1. базальді

    2. тікенекті

    3. дәнді

    4. мүйізді

    5. беткі.

  1. Түлейтін эпителий қабаты:

    1. базальді

    2. тікенекті

    3. түйіршікті

    4. мүйізді

    5. беткі.

  1. АҚКҚ-ң түлейтін эпителий қабатымен жабылған бөлігі:

    1. қызыл иек емізікшесі

    2. ауыз қуысының түбі

    3. тістердің түйісу сызығындағы ұрт бөлігі

    4. тіл арқашығы

    5. жұмсақ таңдай.

    1. АҚКҚ-ң түлемейтін эпителий қабатымен жабылған бөлігі:

    2. қызыл иек емізікшесі

    3. ауыз қуысының түбі

    4. ұрт

    5. еріннің түйісу сызығы

    6. жұмсақ таңдай.

  1. АҚКҚ-ң кілегей қабат асты негізі болмайтын бөлігі :

  1. тіл арқашығы

  2. тілдің төменгі беткейі

  3. қызыл иек

  4. ұрт

  5. қатты таңдай.

  1. АҚКҚ мүізгектену үрдісі қалыпты жағдайда байқалатын бөлігі:

  1. қатты таңдай

  2. жұмсақ таңдай

  3. тістердің түйісу сызығындағы ұрт бөлігі

  4. қызыл иек емізікшесі

д) ауыз қуысының түбі

  1. Эпителийдің мүйізді қабатының шектен тыс қалыңдауы - бұл:

  1. паракератоз

  2. гиперкератоз

  3. папилломатоз

  4. акантоз

  5. спонгиоз

  1. Біріншілік қуыссыз бөрткен:

  1. дақ

  2. көпіршік

  3. папула

  4. эрозия

  5. түйін

  6. ойық жара

  7. афта

  1. Біріншілік қуысты бөрткен:

  1. күлбіреуік

  2. көпіршік

  3. папула

  4. іріңдік

  5. түйін

  6. ойық жара

  7. эрозия

  8. қабыршақ.

  1. Эпителиальді төсеме мен тіндікбайланыстырушы капсулалық қуыстың пайда болуы -бұл :

  1. домбықпа

  2. күлбіреуік

  3. киста

  4. түйін

  5. көпіршік

  1. Екіншілік бөрткен:

  1. қақ

  2. көпіршік

  3. папула

  4. эрозия

  5. түйін

  1. АҚКҚ эпителий маңындағы ақау-бұл:

  1. ойық жара

  2. қабыршақ

  3. папула

  4. киста

  5. эрозия

  6. жарық

  1. Тікенек тәрізді қабықтың клеткаларының арасына сұйықтықтың жиналуы -бұл:

  1. вакуольді дистрофия

  2. спонгиоз

  3. акантоз

  4. акантолиз.

  1. АҚКҚ меншікті пластинкасының емізікті қабатының ұлғаюы -бұл:

  1. спонгиоз

  2. папилломатоз

  3. акантолиз

  4. дискератоз.

  1. Тікенек тәрізді қабатта клетка аралық байланыстың үзілуі- бұл:

  1. акантоз

  2. спонгиоз

  3. спонгиолиз

  4. акантолиз

  5. вакуольді дистрофия

  1. Эпителийдің мүйізгекті қабатының жартылай кератинизациялануы -бұл :

  1. гиперкератоз

  2. баллонирующая дегенерация

  3. папилломатоз

  4. паракератоз

  5. баллонирующая дегенерация

  1. Көпіршік- біріншілік морфологиялық бөрткен болады:

  1. қызыл жалпақ теміреткіде

  2. қарапайым ұшықта

  3. лейкоплакияда

  4. жедел ұшықтық стоматитте

  5. жүйелі қызыл жегінде.

18.Жарақаттаушы факторларды жойғаннан кейін жара неғұрлым тезірек эпителизацияланады:

  1. обырлық

  2. сәулелік

  3. туберкулезді

  4. жарақаттық.

  1. АҚКҚ жарақаттық ойық жараны дәрі-дәрмектермен емдейді:

  1. анестетиктер

  2. ферменттер

  3. антисептиктер

  4. күйдіретін препараттар

  5. кератопластиктер.

  1. Термиялық күйікте күлбіреуіктің пайда болуы алып келеді :

  1. спонгиозға

  2. акантолизға

  3. паракератозға

  4. вукуольді дистрофияға

  5. акантозға

  1. Ошақты және жайылмалы радиомукозит кезеңінде қандай манипуляциялар қарсы көрсеткіш:

  1. антисептикпен өңдеу

  2. тіс қақтарын алу және тісті жұлу

  3. эпителизация сатысын жылдамдату

  4. пародонт қалталарын кюретаждау

  5. тіс жегі қуыстарын пломбалау

7.2 Операциональді компетенцияны бағалау жүргізіледітапсырманы орындау қорытындысына байланысты:

    1. Альбомға АҚКҚ бөрткеннің суретін нақты белгілерімен салып көрсету .

    2. Альбомға АҚКҚ жарақаттық және аллергиялық аурулардың салыстырмалы диагностикасын таблица құрып көрсету.

7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) – коммуникативті дағдыларды тікелей бақылау.