Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет рек тема 2 электив ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.64 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Кафедра: терапиялық стоматология

Пән – Иммунды патологиялық жағдайлардың ауыз қуысындағы көрінісі

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқама

2 тақырып «Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдану элементтері туралы түсінік. Ауыздың кілегей қабығының аллергиялық және жарақаттық зақымданулары»

Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат

Курс - 4

Семестр - 7-8

Алматы, 2015г.

Құрастырған: м.Ғ.К., ассистент Баскакова и.В.

Аударған: ассистент Байгутдинова Б.А.

Терапиялық стоматология кафедрасы отырысында талқыланды

хаттама « »___________________________________

Бекітілді:

Терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. 2 тақырып. «Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдану элементтері туралы түсінік. Ауыздың кілегей қабығының аллергиялық және жарақаттық зақымданулары»

2. Мақсаты: ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдану элементтері, ауыздың кілегей қабығының аллергиялық және жарақаттық зақымданулары туралы түсінік қалыптастыру.

А) мына бағыттар бойынша білімін қалыптастыру:

-ауыздың кілегей қабығының зақымдану элементтері

- АҚКҚ жарақаттық зақымдануларының этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және жедел жәрдем көрсету

-АҚКҚ аллергиялық зақымдануларының этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және жедел жәрдем көрсету

Б) мына бағыттар бойынша операциялық дағдыларды қалыптастыру:

  • ауыздың кілегей қабығының зақымдану элементтерін идентификациялауға;

  • АҚКҚ жарақаттық зақымдануларын диагностикалауға және жедел жәрдем көрсетуге;

  • АҚКҚ аллергиялық зақымдануларын диагностикалауға және жедел жәрдем көрсетуге

В) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

  • эмпатия;

  • өзін презентациялау;

  • өзінің көзқарасын нақты дәлелдеп қорғай білу;

  • шиеленіскен жағдайларда шешім қабылдауға атсалысу;

  • өзінің пікірін ұжым пікірімен салыстыра білу;

  • жаңа шешімдер, тың идеялар ұсына білу;

  • дәрігерлік этика және деонтология қағидаларын сақтау;

  • командада жұмыс жасай білу.

Д) осы бөлімді өздігінен игеруге студенттердің мотивациясын арттыру: «Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдану элементтері туралы түсінік. Ауыздың кілегей қабығының аллергиялық және жарақаттық зақымданулары»

​ әдебиеттермен, интернет ресурстармен, мәліметтер базасымен және электронды оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау.

3. Оқытудың міндеттері:

  1. АҚКҚ гистологиялық құрылысының ерекшеліктерін және зақымдану элементтерін қарастыру.

  2. АҚКҚ зақымдану элементтерінің спецификасын анықтау.

  3. АҚКҚ жарақаттық зақымданулары мен аллергиялық ауруларының этиологиясы және патогенезі жайында түсінік қалыптастыру

  4. АҚКҚ жарақаттық зақымданулары мен аллергиялық ауруларының клиникалық көріністерінің ерекшеліктері бойынша түсінік қалыптастыру

  5. АҚКҚ жарақаттық зақымданулары мен аллергиялық ауруларына жедел жәрдем көрсету техникасын қалыптастыру