- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •3. Ең бірінші қандай ем тағайындау керек?
- •1. Қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •2. Осы жағдайда қандай дәрі қарсы көрсеткіш болып табылады?
- •1. Қандай болжама диагноз қолайлы?
- •2. Алғашқы кезекте қандай дәріні тағайындаған дұрыс?
- •1. Диагнозды қалай дұрыс құрастыру қажет?
- •2. Алғашқы жедел көмек қандай?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •3. Қандай дәріден емді бастау қажет?
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Қандай дәріні емге қолданасыз?
- •1. Сай келетін болжам диагноз?
- •2. Ем жоспары:
- •1. Сай келетін болжама диагноз:
- •2. Қандай емді ең бірінші орында жүргізу керек:
- •1.Сай келетін болжама диагноз?
- •2. Қандай зерттеуді ең бірінші жүргізу керек?
- •3. Ем тағайындаңыз:
- •1. Осы науқаста экг-да анықталуы мүмкін:
- •2.Қосымша қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •1.Сіздің диагнозыңыз?
- •2. Емдеу жоспары:
- •1.Сіздің диагнозыңыз?
- •2. Ең бірінші қандай зерттеу жүргізу керек?
- •1.Қандай зерттеу жүргізу қажет?
- •1. Сіздің диагнозыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •2. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2.Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспарын таңдаңыз:
- •1. Диагнозды таңдаңыз:
- •2. Емдеу жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз?
- •2. Ем жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Сіздің емдеу жоспарыңыз?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Ем жоспары?
- •1. Диагноз қойыңыз?
- •2. Ем жоспары:
- •1. Диагноз қойыңыз:
- •2. Емдеу жоспары:
- •1. Сіздің болжама диагнозыңыз?
- •2. Емдеу жоспары:
- •1.Сіздің болжама диагнозыңыз?
- •2. Ем жоспары:
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспары?
- •1. Болжама диагноз қандай?
- •2. Емдеу жоспары?
- •1.Болжама диагноз қандай?
- •2. Ем жоспары?
- •1.Сіздің диагнозыңыз, тыныс жеткіліксіздік дәрежесін анықтаңыз?
- •2. Дәрігердің тактикасы, оны негіздеңіз?
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
РЕЗИДЕНТУРА ЖӘНЕ ИНТЕРНАТУРАДАҒЫ ТЕРАПИЯ №3 КАФЕДРАСЫ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ ЦИКЛІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР |
||
№1 есеп.
Әйел адам, 28 жаста, мына шағымдармен ауруханаға түсті: тұншығу ұстамасы, құрғақ жөтел, жүрек қағуы. ТЖ–28 рет. 3 жылдан бері ауырады, шөптер гүлденуіне, бояуларға аллергиясы бар. Өкпеде везикулярлы тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының рентгенографиясында – өкпе алаңдары эмфизематозды. ЖҚА: эозинофилдер- 9%.
1. Болжама диагноз қандай?
А) Аллергиялық ринит
Б) Бронх астмасы
В) Созылмалы бронхит
Г) ӨСОА (ХОБЛ)
Д) Пневмония
2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
А) Бронхоскопия
Б) Спирография фармакологиялық сынамамен
В) УДЗ өкпеге
Г) Бронхография
Д) Кеуде қуысының КТ зерттеуі
3. Ең бірінші қандай ем тағайындау керек?
А) ИГКС+сальбутамол
Б) Антибактериалды терапия
В) Қақырық шығаратын дәрілер
Г) Витаминдік терапия
Д) Аллергияға қарсы препараттар
№2 есеп.
Ер адам, 62-жаста, 9 жылдан бері бронх астмасымен ауырады, стенокардия ұстамасы мен жүректе тоқтап қалғандай сезімдер мазалайтын болды. Өкпеде тыныс әлсіреген, тыныс шығару ұзарған, бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары екі жаққа кеңейген, аритмия естіледі. Пульс 82 рет., АҚҚ-130/75 мм.сын.бағ.
1. Қандай зерттеу жүргізу қажет?
А) Кеуде қуысының КТ зерттеуі
Б) Кеуде қуысының рентгенографиясы
В) ЭХОКГ
Г) Бронхоскопия
Д) ЭКГ Холтер бойынша
2. Осы жағдайда қандай дәрі қарсы көрсеткіш болып табылады?
А) Коринфар
Б) Обзидан
В) Нитросорбит
Г) Сустак
Д) Ритмилен
№3 есеп.
Әйел адам 56 жаста, мына шағымдармен жедел жәрдеммен жеткізілді: тұншығу ұстамасы тәулігіне 5-6 ретке дейін, көпіршікті шырышты қақырықпен жөтел, тыныс шығару қиындаған. Соңғы 3 күннен бері түнде әсіресе таңға жақын тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда- жағдайы ауыр, еріндері көгерген. ТЖ-28 рет. Өкпеде тыныс әлсіреген, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс. Пульс-87 рет., АҚҚ- 137/78мм.сын.бағ. ФТШК1 (ОФВ1) - 37%.
1. Қандай болжама диагноз қолайлы?
А) бронх астмасы, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы ТЖ II
Б) бронх астмасы, жеңіл дәрежесі, өршу сатысы ТЖ II
В) созылмалы бронхит, өршу сатысы ТЖ II
Г) ӨСОА 1 сатысы, бронхитикалық тип, өршу сатысы ТЖ III
Д) бронх астмасы, ауыр дәрежесі, өршу сатысы ТЖ III
2. Алғашқы кезекте қандай дәріні тағайындаған дұрыс?
А) Глюкокортикостероидтар к/т, кейін ИГКС-ке ауыстыру
Б) Антибиотиктер
В) Жүрек гликозидтері
Г) Бронхолитиктер
Д) Қақырық шығаратын дәрілер
№4 есеп
Әйел адам 22 жаста, бронх астмасымен ауырады, қабылдау бөліміне жеткізілді. Объективті: қозғыш, дене температурасы-36,7°С, ЖСЖ-94 рет., ТЖ-24 рет. Аускультацияда: тыныс бірден әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі. Күніне беротекті 10 реттен аса қолданған, әсері жоқ. Жедел жәрдем дәрігері к/т 10 мл-2,4% эуфиллин жасаған.
1. Диагнозды қалай дұрыс құрастыру қажет?
А) Бронх астмасы интермиттерленген, жеңіл дәрежесі ТЖ 0
Б) Бронх астмасы персистирленген, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы ТЖ II
В) Бронх астмасы персистирленген, орташа ауырлық дәрежесі, бақыланатын ТЖ II
Г) Бронх астмасы персистирленген, ремиссия ТЖ 0
Д) Бронх астмасы, персистирленген, ауыр түрі, бақыланусыз, өршу сатысы ТЖ III
