Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты казахский 2016 новейшие.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.87 Кб
Скачать

9 Класс. Билеты для переводных классов на русском языке

Қазақ тілі

9-сынып (негізгі мектеп бағдарламасы бойынша)

1-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су –

тіршіліктің нәрін береді; от – өмірге жалын береді; тұз – астың дәмін келтіреді;

қыз – өмірдің сәнін келтіреді; ақыл – өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін

– ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне

айтады» деген екен.

2. «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:

көзінің ағы мен қарасындай

2-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке

де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, до-

стар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсіну-

ге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті.

2. Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жатқа айтыңыз.

3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз: халқы-

Мыз

3-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Қазақ халқы осы құдіретті ежелден-

ақ білген. Сондықтан әрбір жаңа іс алдында жақсы сөздер айтып, тілегін білдірген.

Қазақта батаны ер адам береді. Ақ бата – әр адам үшін асыл қазына. Бата- жаңа

бастамалардың бойтұмары.

2. «Менің отбасым тату тұрады» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз.

3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз: бетінен оты шығу

4-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Әке мен ана ұл-қыздарын «әдепті бол» деп тәрбиелейді. Қазақ отбасында балаларын

мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Отбасында үнемі осындай тәрбие алған бала

өздігінен тіл алғыш, адал, ұқыпты, тиянақты болып өседі. Әке мен ананың балаларына

қоятын ең басты талап-тілектері – баласының әдепті, мәдениетті болып өсуі.

2. «Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. Берілген сөзгетолық фонетикалық талдау жасаңыз: Отбасында

5-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Киіз үйдің алдына құдайы қонақ келді. «Үйдің ішінде біреулер бар ма екен?» деп ойлады. Үйдің төбесінен шыққан түтінді көріп, ағаштың жанындағы қазыққа атын байлады. Үй иесі есіктің алдынашықты да, «Ассалаумағалейкүм! Төрге шығыңыз! Құдайы қонақ болыңыз!» деп қуанып қалды.

2. «Қазақтар – қонақжай халық» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жазыңыз. Олармен

сөйлемдер құрастырыңыз. Көмекші есімдер туралы айтыңыз.

6-билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрас

тырыңыз.

Менің отбасымда Қолөнермен айналысатын адамдар бар. Олар – әжем мен әкем.Әжем 70 жасқа келсе де, ине мен жібін қолынан тастамайды. Ол қошқармүйіз, түйетабан, өркеш сияқты ою-өрнектерді әдемі етіп жасайды. Біздің үйдегі көрпелер мен жастықтар әжемнің қолымен жасалған. Ал әкем зергерлік бұйымдар жасайды. Ұлттық өнерді дамытып жатқан өз отбасымды мақтан етемін.

2. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтыңыз.

3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жазыңыз. Оларды

құрамына қарай талдаңыз.

7-билет