Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экогенетика ш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
602.62 Кб
Скачать

23, Геном туралы түсінік және қазіргі геномика ғылымын тұжырымдаңыз

Геном (ағылшынша genome, грекше genos - шығу, тек)- хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном терминін 1920 жылы неміс биологы Г. Винклер енгізді. Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс жасушаларына тән, ал сомалық (дене) жасушаларында хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және тетраплоидты, ал бір геном ағзада бірнеше рет қайталанса, автополиплоидты, ал әртүрлі біріккен ағза аллополиплоидты деп аталады. Хромосомалардың жиынтығы еселеніп, артқан сайын геном саны да өсіп отырады. Әдетте диплоидты клеткада хромосомалар жұп болып келеді. Себебі, ұрықтану кезінде оның бір сыңары аналық гаметадан, екіншісі аталық гаметадан беріледі, яғни бұл геномдар сәйкес (гомологты) болады. Сөйтіп екі гаплоидты жасушадан бір диплоидты жасуша түзіліп, жаңа ағза қалыптасады. Әр хромосомада тізбектеліп орналасқан гендердің өзара дәл келуін екі геномның сәй кестігі деп атайды. Туыстығы қашық буындарда барлық немесе бірнеше Геномдар арасында сәйкестік болмайды. Бүл тұрақтылық бұзылып, белгілі бір факторлардың әсерінен хромосома санының өзгеруін (мысалы, артып, не кеміп кетсе) геномдық мутация деп атайды.

Тірі ағзаларда хромосомалардың саны тұрақты болады. Мысалы адамда - 46, маймылда - 48, қиярда - 14, жүгеріде - 20, қатты бидайда - 28, жұмсақ бидайда - 42, дрозофила шыбында- рында - 8, т.б. Организм эволюциялық дамуында неғұрлым жоғары сатыда тұрса, соғұрлым олардың геномында ДНҚ көбірек болады.

24. Экогенетика генетикалық үдерістер мен экологиялық қарым-қатынастардың өзара әсерін түсіндіріңіз

Экогенетика генетикалық үдерістер мен экологиялық қарым-қатынастардың өзара әсерін зерттейді. Медицина үшін экогенетиканың және ластанудың ең маңызды аспекті қоршаған ортаның мутагендік, тетратогендік және канцерогендік қасиеттері бар физикалық және химиялық табиғатты факторлармен ластанудың генетикалық салдарын зерттеу болып табылады. Бұл факторлардың әсері тұқым қуалайтын патологиялардың, қатерлі ісіктердің, дамудың туа біткен ақаулықтарының, репродуктивті қызметтің бұзылу жиілігінің жоғарлауымен көрінетін популяцияның генетикалық жүгінің көбеюіне алып келетіндігін, қоршаған орта жағдайы өзгергенде олар патологиялық көрініс беруі мүмкін екендігі туралы түсінік қалыптастыру;

- Организм дамуының молекулалы-генетикалық механизмдерін көрсету; анықтауға дағдылану.

- Қоршаған ортаға әсер ететін факторларды және орта жағдайын бақылау кезеңдегі өзгерістерді меңгеру. - - Студенттерді Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен аймақтағы (Семей ядролық полигон, Арал аймағы) тұрғындардың денсаулық жағдайымен таныстыру.

- Студенттерді аймақтың экологиялық жағдайын талдауға, қоршаған ортаның негізгі ластаушыларын анықтауға, халықтың денсаулығына, соның ішінде генетикалық жағдайына зиянды әсер ететін факторларды анықтап, оны дәрігерлік практикада қолдануға үйрету