- •Қоршаған ортаның жаңа факторлары және адаптация проблемаларын сипаттаңыз
- •Қоршаған ортаның факторларын мутагендік қауіптілігін анықтаудың қажеттілігін жазыңыз
- •5.Ортаны қорғауға бағытталған өңдеу мониторингтің сатыларына сипаттама беріңіз
- •11. Эколого-генетикалық және селекциялық зерттеулердің бағыттары арқылы рекомбинациялық процестерді басқаруды сипаттаңыз.
- •14. Экологиялық факторлардың әсерін зерттеудегі in vitro клеткалар мен тканьдер экспериментальды модель жүйе ретінде қолдану ерекшелігін жазыңыз
- •16. Адамдарға әсер етуші канцерогендік факторлардың потенциалдық қауіптілігін сипаттаңыз.
- •17. Популяциядағы генетикалық зардап және осыған байланысты экогенетиканың шарттарын жазыңыз.
- •20, Сүтқоректілердің және адамның ағзасына қоршаған ортаны ластаушы заттардың түсуі
- •21, Қр бойынша Қазақстан Республикасының территориясындағы жаһан- данудың экологиялық мәселелері
- •23, Геном туралы түсінік және қазіргі геномика ғылымын тұжырымдаңыз
- •24. Экогенетика генетикалық үдерістер мен экологиялық қарым-қатынастардың өзара әсерін түсіндіріңіз
- •25. Адамның өмір сүру ортасының факторлармен ластануымен оның генетикалықматериалды зақымдау механизмдерін түсіндіріңіз.
- •27. Қоршаған орта факторларының мутагендік қауіптілігін анықтауда қолданылатын тест жүйелерді түсіндіріңіз
- •28. Ген, аллель, генотип және фенотип туралы түсініктерді өз сөзіңізбен жазыңыз.
- •29. Экологиялық генетиканың қолданбалы шарттарды шешудегі маңызы, ауылшаруашылығы малдарының түрлерін шығарудағы рөлін түсіндіріңіз.
- •30. Экологиялық генетиканың микроорганизмдердің жоғары сапалы жаңа штамдарын алудағы рөлін түсіндіріңіз.
- •31.Белгілердің тіркесіп тұқымқуалаушылығы және оны селекция мен геномикада пайдалану бойынша мысал келтіріңіз
- •33. Мониторинг және оның принциптері мен типтерін жазыңыз.
- •37. Қазақстанның ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелеріне мысалдар келтіре отырып жазыңыз,
- •49. Өсімдіктер, жануарлар, тышқан мен адамдардың қоршаған ортаға әсерін бақылау нәтижелерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
- •50. Мутагендік факторларды талқылаңыз.
- •53. Өсімдіктердің жаңа сорттарын немесе малдың жаңа тұқымдарын алудағы экогенетиканың әдістерін пайдалану жолдарын жазып көрсетіңіз.
- •54.Экологиялық генетикада қолданылатын әдістерге тоқталыңыз.
- •56. Қоршаған ортаның радиациялық ластануын жазып көрсетіңіз.
- •57. Экологиялық қауіпті факторлардың тірі организмнің тұқым қуалау аппараттарына әсерін жазып көрсетіңіз.
- •58. Химиялық, физикалық және биологиялық мутагендердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз.
- •59. Селекцияда мутагенді факторларды қолдану болашағын көрсетіңіз.
20, Сүтқоректілердің және адамның ағзасына қоршаған ортаны ластаушы заттардың түсуі
Сүтқоректілердің және адамның ағзасына қоршаған ортаны ластаушы заттар ауыз арқылы сумен және тағаммен, сонымен қатар тыныс алу кезінде түседі. Кейбір заттар теріге түседі. Бірініші жағдайда per os бөгде агенттерінің қанға қадалу арқылы түсуі кезінде тура бауырға тү- седі, бұл жерде бұл қосылыстардың негізгі метоболизмдік өзгерістері (активация, дезактивация) өтеді және кейін олар қанға түседі және ағзаның барлық ұлпалары мен мүшелеріне тарайды. Зерттеліп жатқан зат мутагендік белсенділігін көрсетпеген жағдайда, бірақ бауырдағы метаболизмдік активациясы кезінде мутагендік факторға айналады, ол ағза бойынша қан тогымен таралады, сәйкес мутагендерді тудырады. Бауырда дезактивациялана алатын per os ағзасына түскен зат мутагенді фактор болып табылса, оның мутагендік әсері ішек-қарын жолының, ең бастысы асқазанның дене жасушаларымен шектелуі мүмкін. Ингаляция жолымен қоршаған ортаның ластауыш заттарының ағзаға түсуі кезінде газтәріздес заттар немесе жеңіл буланатын сұйықтықтар бірден тура қанға түседі. Ірі және орташа өлшемді бөлшектері бар аэрозольдер ауатамырлардың шырышты қабықтарында орналасады жопе одан қаңға сіңіріледі. Теріге тиген ластауыш заттар тура қанға түседі. Бүл жағдайлардың барлығында заттар қанның тогымеп барлық ағза бойынша тарайды және кейін бауырға түседі. Тәжірибеде қоршаған ортаның ластауыш заттарының ағзаға ену жолдары Күре тамырға, бұлшықетке және ректальды енгізу кезінде еліктелінуі мүмкін. Жоғары сипатталған барлық тесттер бір- бірін толықтырады, сондықтан бұл әдістердің кешенді қолданылуы қоршаған ортаның ластауыштарының мутагенді потенцианын жан жақты тексеруге мүмкіндік береді және адамға қатысты мәліметтердің экстрополяциялық мәліметтерін жеңілдетеді.
21, Қр бойынша Қазақстан Республикасының территориясындағы жаһан- данудың экологиялық мәселелері
Атмосферада жылыжайлық (парниктік) газдардың мөлшерінің артуынан болатын климаттағы өзгерістер. Озон бұзушы заттардың тасталуына байланысты жердің озон қабатының бұзылуы. Ағаштарды жою, құлдырату, топырақ эрозиясы, суқоймалардың ластануына, өсімдік пен жануарлардың түрлерін дайындау есебінен био әртүрліліктің жоғалуы. Жердің топырақ-өсімдікті қабатының бұзылуынан жер қойнауының кұлдырауы және бостануы. Осымен байланысты
Қазақстанның ұлттық экологиялық мәселелері:
- Арал теңізінің акваториясының тарылуы және оның түбінің жалаңаштануы, тұзданудың жоғарғы дәрежесімен жаңа шөл ауақтарының қалыптасуы;
- Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының болуы.
- Каспий теңізінің қорларын қарқынды меңгерудің теңіздік жоне су жағалауындағы экожүйеге әсері.
- Су қорларының жүдеулігі және ластануы.
- Тарихи ластанулар.
- Трансшекаралық экологиялық мәселелер.
- Әскери-космостық және сынақ комплекстік полигондарының әсері.
Қазақстанның жергілікті экологиялық мәселелері:
- Ауа бассейнінің ластануы.
- Радиоактивті ластанулар.
- Бактериологилық ластанулар
- Химиялық ластанулар.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар (ҚР экологиялық мәселелерінің реестрі, 2008). Табиғи ортаға биотаға зиянды әсер ететін улы заттардың орасан зор көлемі түседі. Статистика бойынша ҚР агенттігінің деректері бойынша 2003 жылы өнеркәсіптік өндірістердің улы қалдықтары 141,9 тонна болды. Осы көлемнен 20,5% (29,1 млн т ) қайта қолданылды, тек 2,6% (3,7 млн т) ғана толық залалсыздандырылды. Қалған 109,1 млн.тонна қоршаған ортаға қауіпті заттар керексіз қалдықтар болып саналады, олар табиғи ортаны ластайды және биотаға потенциалды қауіп төндіреді.
1999-2007 жылдар аралығында Қазақстан атмосферасыма стационарлық көздермен зиянды заттардың қалдықтарының көлемінің жылына 2308,6-дан 2884,3 мың тоннаға артуы тіркелеген
22. Модификациялық және генотиптік адаптациялардың арасындағы байланысты салыстырыңыз.
Тұқым қуалауға байланысты бейімделу жіктеледі: Генотиптік бейімделу – ағзаның туа пайда болған морфофизиологиялық ерекшеліктері мен әртүрлі қоршаған орта жағдайында қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін особьтардың болуы. Фенотиптік бейімделу – қоршаған орта әсерінен жүре болған реакция (мысалы, күшті физикалық жүкке дайын емес адам ағзасының бейімделісі). Бейімделіс процесінің қайтымдылығы. Қоршаған орта факторының әсері тоқтағанда ағзада деадаптация туындайды, яғни ағзаның тканінің әр түрлі жүйелерінде пайда болған морфологиялық және биосинтетикалық бейімделістің өзгеруінің жоғалу процесі. Ағзаның арнайы емес бейімделіс реакциялары Адам ағзасының қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш күштеріне бейімделісі нейрогуморальды жүйенің ұйымдасуымен бірнеше ағзаның арнайы емес бейімделісі механизмдерін тудырады: Симпатоадреналинді реакция; Стресс-реакция; Шынықтыру реакциясы; Активация реакциясы. Үлкен күштің немесе стрессордың кез келген тітіркендіргіштеріне ағза арнайы емес бейімделіс реакциясы – симпатоадреналинді және стресс-реакциясы дамуымен жауап береді. Симпатоадреналинді реакция ағзаға стрессор әсер еткенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін белсендендіретін норадренергиялық нейрондар маңында орналасқан рефлекстік қозу нәтижесінде пайда болады. Адреналиннің әсерінен жұмыс істейтін бұлшықет пен жүректі энергетикалық ресурстармен және оттегімен қамтамасыз етеді. Адреналин гликогеннен глюкозаның, үшглицерид май тканінен бос май қышқылына айналуын, оттегі тасымалдаушы жүйе функциясын белсендендіруін: қан айналу – жүрек соғуының саны мен күшінің артуы; тыныс алу – минутына тыныс алу көлемінің артуы, өкпеде көмірқышқыл газының азаюы; эритрон – қанда оттегі көлемінің артуы, т.б. реттейді. Стресс реакциясы. «Стресс» термині ағзаның бейімді белсенділігі мен оның стрессор әсер еткендегі жүйесіндегі арнайы емес нейрофизиологиялық көрініспен түсіндіріледі. Стресс кезінде адам ағзасында тек қана бейімделіс өзгерістері ғана туындап қоймай, өмір сүруге қауіпті, тіпті ауруға әкеліп соғатын бұзылыстар туындауы мүмкін. Мысалы, соның бірі конфликт кезінде байқалатын стрестің кең тараған формасы – эмоционалды стресс болып табылады. Эмоционалды стрестің жиі қайталанып отыруы әртүрлі психосоматикалық аурулар –психоз, неврозды; жүрек-қан тамыр – аритмия, миокард инфаркті, гипертониялық ауруларға әкеледі. Стрестің ұзақ уақытқа созылуы жыныс гормондардың деңгейі төмендеп, нәтижесінде ер адамдарда сперматогенезі бұзылып, ұрпақсыз қалу қаупі төнеді. Сондықтан стресс бірнеше формаға: оң, физиологиялық және теріс, патологиялық болып бөлінеді. Әртүрлі жағдайлардағы бейімделіс Организмнің күнделікті тіршілік жағдайына, еңбек жүктемелерінде, ағзалары мен тканьдерінде үнемі қоректік заттар мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық ауытқулар, газдардың үлестік қысымының өзгерістері байқалады. Осы өзгерістер және оларды реттеуші жүйелер қалыпты физиологиялық механизмдер арқылы организмнің бейімделіс негізін жасайды. Қандай да бір климаттық факторларға бейімделіс кезінде адам ағзасы қалыпты өмір сүру алаңында әрдайым факторлардың күрделі комплекстерімен кездесіп отырады. Температура әсеріне бейімделу. Ағза қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның ағзаның жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделіс құбылыстарымен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады. Балалардың температуралық өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта олар жоғары температурадан гөрі салқындықты жақсы көреді. Бұл, әрине, олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы жете қалыптаспайды. Сондықтан тері бездерінің саны жеткілікті болғанымен, терлеу әсерленісі ағзаның жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің алғашқы айларында тері әрі суықтық, әрі жылылық тітіркеншдіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі балаларда, үлкендерге қарағанда, ішінара рефлекстік терлеу өте жоғары температурада байқалады. Сонымен бірге балалардың дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, ағзаның жылу шығаруы қарқынды өтеді. Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты болады. Өйткені жас организм, оның текті аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық негізін жасайды. Әрине, бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психикасының дамуын, жоғары иммуналық әсіребелсенділігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.
