Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экогенетика ш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
602.62 Кб
Скачать

14. Экологиялық факторлардың әсерін зерттеудегі in vitro клеткалар мен тканьдер экспериментальды модель жүйе ретінде қолдану ерекшелігін жазыңыз

Нәтижесінде сүтқоректілер мен адамдарға қатысты мутагендік қасиеттердің бар-жоқтығын биологиялық тестілер арқылы ақпарат алынады. Тексеріс барысында түрлі тест-жүйелер қолданылады. Ортаның түрлі мутагендік факторларын бағалауды тест-жүйелердің жиынтығымен өткізу қажет. Көптеген зерттеулерге қарамастан, ертеден келе жатқан тест-жүйелерінің бірі де адам ушін тексеріліп жатқан қосылыстардағы мутагендік қасиеттердің бар-жоқтығын бағалауға қатысты 100% тиімділікке ие емес. Қазіргі кезде жүзге жуық тест-жүйелерінің бар болуына қарамастан, әдетте биологиялық тестілеуді өткізген кезде нақты сипатталған тестілердің шектелген жиынтығы ғана қолданылады. Әдетте әрбір тест-объектіде қоршаған ортаның жағдайын қадағалауда мүмкін әдістеріндегі критерийлердің бірі қолданылады. Олар негізінде хромосома аберрациялары, анеуплоидты жасушалардың жиілігі және микроядролық тест. Жеке алынған тест-жүйесінің бірі де барлық мутагендерді анықтап сипаттауға бейімсіз болғандықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бернеше тесттерді қолдану ыңғайлы екендігін және оларды сүтқоректілерге қатысты қолдануды ыңғайлы деп ұйғарды. Одан басқа in vitro тест-жүйелерінің қатарын сүтқоректілерге қатысты өзіндік сұрақтарды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі кезде түрлі химиялық қосылыстардың мутагенді және канцерогенді әсер етуін анықтау үшін биологиялық тестілердің кең спектрі қолданылады. Адам үшін мутаген қауіптілігін сапалы анықтауды өткізу бірнеше тест-жүйелерді қатар қолдануды талап етеді.

  • - Тест-жүйелер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • - Мутагендердің тіпті кішкентай мөлшерлеріне жоғары сезім- талдығы;

  • - Тек қана мутагендерге емес, одан басқа метаболиттерге де сезімталдығы;

  • - Тестілеу әдістерінің жылдамдығы және үнемділігі;

  • - Жаңғырту қасиеті (бұл тест-жүйесіндегі барабар нәтижелерді алу мүмкіндігі);

  • Тест-жүйелер реакциясы негізгі мутациялық спектрді ажырау керек және ДНҚ және хромосома өзгерістерін объективті тіркеуі тиіс (нүтелік, хромосомдық және геномдық мутациялар);

  • in vitro зерттеулері кезінде алынған мәліметтерді in vivo жағдайына экстраполациялау мүмкіндігі.

Бүл жоспарда төрт тест-жүйе ұсынылады:

15. Адамға әсер етуші мутагендік факторларды сипаттаңыз Мутагендік факторлар. Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірақ көбінесе жануарлар мен адамдар үшін зиянды болып келеді. Себебі ораганизмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутогендер деп атайды. Мутагендер табиғи және жасанды болады. Табиғи мутациялар ДНҚ-ның репликация, репарация, рекомбинация сияқты үрдістерде болған қателіктердің нәтижесінде пайда болады. Жасанды мутагендер сыртқы мутагендердің әсерінен пайда болады. Олардың үш түрі кездеседі: физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер.

Физикалық мутагендер радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелер, гамма сәулелер,жоғары немесе төмен температура және т.б. жатады.

Химиялық мутагендерге колхицин, этиленамин, никотип қышқылдары т.б. химиялық қосылыстар жатады. өте жоғары КОІІ центрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады.

Биологиялық мутогендерге геномда мутация тудыратын ви рустар мен қарапайымдар жатады.

Мутацияның басым бөлігі өте зиян, яғни түрлі ауруға және өлімге шалықтырады.

Сұрыптау. Сұрыптау (селекция) дегеніміз өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын және микроағзалардың халықшаруашылығына қажетті штаммдарын алу. Селекцияның теориялық негізі болып генетика табылады.

Селекцияның негізгі әдістері. Селекцияның негізгі әдістеріне сұрыптау, будандастыру, полиплоидия, мутагенез, жасушалық және гендік инженерия жатады.