Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны физикалы географиялы сипаттамасы 8-сынып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.34 Кб
Скачать

Конспект сұрақтар

  1. Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер санын табыңыз. 

  2. Еліміздің өзендері жататын алаптарды атаңыз. 

  3. Арал теңізі алабының өзендерін көрсетіңіз.

  4. Каспий теңізі алабының өзендерін көрсетіңіз.

  5. Еліміздің жазықты жерлеріндегі өзен жүйелерінің өзгеру жиілігін анықтаңыз.

  6. Еліміздегі су қоймаларының ең ірілерін көрсетіңіз.

  7. Қазақстанның мол сулы өзенін белгілеңіз.

  8. Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендер:

  9. Қар суымен қоректенетін өзендерді  табыңыз.

  10. Қармен қоректенетін өзендердің деңгейлерінің ең төмен болатын кезі:

  11. Ертіс, Сырдария, Іле, Қаратал өзендерінің қоректену типін анықтаңыз.

  12. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы:

  13. Ертіс өзенінің ... шақырымы Қазақстан жері арқылы өтеді?

  14. Ертіс өзенінің бойындағы ірі СЭС-ті табыңыз.

  15. Қазақстанның су энергетикалық ресурсқа бай өзенін табыңыз. 

  16. Ертіс өзенінің ірі оң жақ саласы.

  17. Кеме жүзуге ең қолайлы Қазақстан өзенін табыңыз. 

  18. Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған канал.

  19. Каспий теңізі алабының басты өзенін анықтаңыз. 

  20. Қазақстанның ең лайлы өзенін көрсетіңіз.

  21. Күріш өсірілетін өзен аңғарын табыңыз. 

  22. Мұздық көлді табыңыз. 

  23. Іле өзенінің бойында орналасқан су қоймасы.

  24. Көлдердің саны жөнінен көзге түсетін аймақты табыңыз. 

  25. Қазақстанның ағынды көлі:

  26. Шығу тегі жағынан тектоникалық көлдер қатарын көрсетіңіз.

  27. Еліміздің ірі қалдық көлдерін атаңыз.

  28. Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің аралығындағы орналасқан дүние жүзіндегі ең ірі тұйық көл.

  29. Каспий теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттер саны.

  30. Бұл көлдің деңгейі 1978 жылдан бастап көтерілуде…….

  31. Каспий теңізінің порты орналасқан қала.

  32. Бекіре балығының дүние жүзі бойынша 80%-нан астамы ауланатын көлді атаңыз.

  33. Неоген дәуірінің аяғында тектоникалық ойыс түрінде пайда болған, Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл.

  34. Арал теңізінің деңгейінің төмендеуіне әсер еткен фактор.

  35. Арал теңізінің солтүстігіндегі құмдарды табыңыз. 

  36. Арал өңірінің экологиялық картасы жасалынған жылды белгілеңіз. 

  37. Республикамыздың оңтүстік-шығысында орналасқан, көлемі жөнінен үшінші көл.

  38. Балқаштың ең терең жері:

  39. Балқаш Алакөл алабының ірі өзендерін табыңыз. 

  40. КСРО кезінде жағалауында ондатр шаруашылығы дамыған көлді табыңыз. 

  41. Жағалауында мыс комбинаты бар көлді табыңыз. 

  42. Рахман қайнары орналасқан жер:

  43. Қазақстандағы радонды минералды су көзі орналасқан жер:

  44. 300 -500 м тереңдікте жатқан «жер асты теңізі» бар құмды жазық.

  45. Қазақстанның мұздықтарындағы мұздың жалпы көлемі:

  46. Қазақстан жеріндегі қазіргі мұздықтар таралған аймақтар.

  47. Қазақстандағы ең ірі мұздықты көрсетіңіз.

Қазақстанның топырақ жамылғысы. Табиғат зоналары

Топырақтану ғылымының негізін салған XIX ғасырдың 80 жылдары орыс ғалымы В.В. Докучаев. В.В. Докучаев топырақтың тарихи және табиғи дене екенін анықтады. Қазақстан жерінің басым бөлігін қара топырақты, қара қоңыр топырақты зоналар алып жатыр. Қара топырақты зона еліміздің 9,5% ы мен 34%-ын алып жатыр.

Топырақ механикалық құрылымына қарай екіге бөлінеді: құрылымды және құрылымсыз топырақ.Құрылымды топырақтың түйіршіктері ірілеу болып келетіндіктен су, ауа оңай өтіп, өсімдік жақсы өседі. Құрылымсыз топырақ ұсақ түйіршіктерден тұратындықтан онша құнарлы болмайды.

Топырақ эрозиясы- дегеніміз топырақтың құнарлы қабатын кемітетін табиғи апат. Топырақ эрозиясының екі түрі бар: су эрозиясы және жел эрозиясы. Су эрозиясы дегеніміз- ағын судың топырақтың беткі құнарлы қабатын шайып кетуі,ал жел эрозиясы дегеніміз желдің топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетуі.

Мелиорация дегеніміз - топырақты жақсарту.Топырақты жақсарту үшін ауыспалы егіс, қар тоқтату, ағаш отырғызу т.с.с шаралар қолданылады.

Еліміздің аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 табиғат зонасы кесіп өтеді: орманды дала, дала,шөлейт, шөл зоналары. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік, жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.

Орманды дала зонасы Қазақстан аумағының 0,4 пайызын алып жатыр. Гектармен есептегенде 1 млн гектар жерді құрайды. Орманды дала зонасының тек өзіне ғана тән жануарлары болмайды. Мұнда көршілес зоналарды жануарлары ауысып жүре береді. Сол жануардың мысалы ретінде солтүстік ормандардан ауысып келген бұландар мен сібір еліктерін айтуға болады.

Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген зонасы. Мұндағы шүйгін шабындықтар мен жайылымдық жерлерде етті сүтті бағыттағы мал шаруашылығы жақсы дамыған.

Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген зонасы.Мұндағы шүйгін шабындықтар мен жайылымдық жерлерде етті сүтті бағыттағы мал шаруашылығы жақсы дамыған. Еліміздің солтүстігін орманды дала зонасы алып жатыр. Қазақстан жеріне орманды дала зонасының оңтүстік шағын бөлігі ғана кіреді. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігі кіреді.

Дала зонасы - Қазақстан аумағының 29% дан астамын алып жатыр, ол гектармен есептегенде 77 млн гектарды құрайды. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай болып келеді. Дала зонасында шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, бидайық, арпабас, еркекшөп, қаңбақ кездеседі. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай болып келеді. Дала зонасында шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, бидайық, арпабас, еркекшөп, қаңбақ кездеседі.

Қазақстанның көп жерін шөл мен шөлейттер алып жатыр.

Шөлейт зонасы - дала мен шөл зонасы аралығындағы өтпелі зона. Қазақстан жеріндегі шөлейт зонасы Жайық өзенінің жағасынан Алтай тауларына дейінгі аралықтағы 2900 шақырымды алып жатыр. Шөлейт зонасының негізгі топырағы ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтағы шірінді мөлшері 2-3%.Басқа зоналардың топырақтарымен салыстырғанда құнарлылығы төмендеу.

Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га құрайды,яғни респуликамыздың 44 %. Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылып жатыр. Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден сексеуіл, жыңғыл өседі. Сексеуіл сортаң топырақты жерлерде өседі. Қазақстандағы ормандардың жартысынан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Шөл зонасындағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында Үстірт, Барсакелмес қорықтары ұйымдастырылған. Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі осы аттас аралда ұйымдастырылған болатын. Арал теңізіндегі экологиялық жағдайларға байланысты қорық Қапшағай аңшылық шаруашылығына көшірілді.