- •Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның климаты
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның ішкі сулары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның топырақ жамылғысы. Табиғат зоналары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстан аумағын физикалық географиялық аудандастыру
- •Конспект сұрақтар
- •Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану
- •Конспект сұрақтар
Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
Қазақстанның физикалық картасынан республика жеріндегі жазықтан бастап үстірттер, биік таулар сияқты жер бедерінің пішіндерін көреміз.
Қазақстан жерінің 10 пайыздан астамын биіктігі 4000-5000 асатын таулар құрайды, бұл таулардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік- шығысы мен шығысын алып жатыр.Қазақстан жеріндегі биік тауларғы Алтай, Тянь Шань, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай таулары жатады.
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі Қарақия ойысы, бұл ең терең ойыс теңіз деңгейінен -132 м төмен орналасқан. Республикамыздың ең биік нүктесі Орталық Тянь-Шань тауларына жататын Хан-Тәңірі шыңы.Хан Тәңірі шыңының биіктігі 6995 м. Қазақстанның батысындағы Маңғыстау түбегінде еліміздің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі Қарақия ойысы орналасқан.Бұл ойыстың екінші аты Батыр ойысы деп аталады.
Жердің даму тарихында бес геологиялық дәуір болған. Әр геологиядық дәуірде тау түзілістері болған. Архей мен протерозойда байкал тау түзілісі, палеозойда каледон мен герцин тау түзілісі, мезозойда мезозой тау түзілісі, кайнозойда альпі тау түзілістері болған. Қазақстан жерін палезойға дейін тұтастай теңіз суы басып жатқан қозғалмалы аймақ болған.Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасқан.
Палеозойдың алғашқы жартысында болған каледондық тау түзілісі кезінде жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының солтүстігі мен Сарыарқа тауларының солтүстік батысы көтерілді. Палеозойда пайда болған таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Мұндай жазықтарды жас платформалар деп атайды. Еліміздегі жас платформалы аймаққа Батыс Сібір, Тұран тақталары жатады.
Мезозой эрасында жер қыртысындағы қозғалыстар салыстырмалы түрде аз болып, бірде бір тау жүйесі көтерілмеген. Палеозойда көтерілген таулар сыртқы күштер әсерінен үгіліп, аласарған. Қазақстан жері мезозойдың аяғында тегіс аймаққа айналған. Қазақстанның биік таулары палезойдың каледон және герцин тау түзілістері кезінде көтерілген. Кейін бұл таулар мезозой дәуірінде тегістеліп, аласарған. Неогеннің аяғында альпілік тау түзілісі кезінде Қазақстанның Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшырады.
Қазақстандағы ең жас альпілік құрылымдарға кайнозой эрасында қалыптасқан Балқаш-Алакөл, Жайсаң тауаралық ірі қазаншұңқырлары жатады. Қазақстанның барлық жерінде антропогендік және кайнозойлық шөгінділер кездеседі. Антропогендік шөгінділер қазіргі кезеңде ірі жазықтар мен тауаралық ойыстарда кездеседі. Ресей жеріндегі ірі жазықтардың бірі болып саналатын Батыс Сібір жазығының Қазақстанға оңтүстігі бөлігі кіреді. Батыс Сібір жазығы республиканың солтүстігі мен солтүстік шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған жіңішке алқапты қамтиды.
Тұран ойпатының көп бөлігі Орта Азия республикаларының жерінде орналасқан.Тұран ойпатының Қазақстанға тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен -27 м төмен орналасқан. Каспий маңы ойпатының жер бедері тегіс болып келеді. Каспий маңы ойпаты бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан бірнеше шақырымға дейін көтеріңкі жер көре алмайсың.
Үстірт үстірті Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан.Солтүстігі мен солтүстік батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Қазақстанға үстірттің солтүстік батыс бөлігі ғана кіреді. Орал алды немесе Жем үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолют биіктігі 100-300 м жуық.
Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады. Сарыарқа таулары Қазақстанның орталық бөлігін алып жатыр. Мұғалжар таулары Орал тауының табиғи жалғасы болып табылады. Маңғыстау таулары Каспий теңізінің Маңғыстау түбегінде орналасқан.
Мұғалжар тауы Ақтөбе облысында орналасқан.Мұғалжар тауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тауда Қазақстандағы хром кенінің 99% ы шоғырланған. Маңқыстау таулары Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде орналасқан. Маңқыстау тауларындағы Ақтау жотасы ақ әктастан, ал Қаратау жотасы қара әктастан тұрады. Қазақстанның биік таулы өлкелеріне Қазақстанның оңтүстік шығысы мен шығысындағы биік таулар кіреді.Ол тауларға Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой эрасында көтерілген.
Алтай таулары - Қазақстанның шығысындағы тау. Негізгі бөлігі Ресей жерінде орналасқан.Алтай тауы монғол тілінен аударғанда «алтын» деген мағына береді. Қазақстанға Алтай тауының оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді. Сауыр-Тарбағатай таулары Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Сауыр Тарбағатай тауының солтүстігінде Жайсаң көлі мен оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры орналасқан. Сауыр -Тарбағатай шығысқа қарай Сарыарқа тауларына жалғасады. Жетісу Алатауы солтүстік шығысында Алакөл қазан шұңқыры мен оңтүстік батысында Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Жетісу (Жоңғар) қақпасы арқылы Қытай жеріндегі Ебінұр көлінің қазаншұңқыры Алакөл қазаншұңқырымен жалғасады. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, кенді, кенсіз пайдалы қазбалар.
Жанатын пайдалы қазбаларға көмір, мұнай, газ, кенді пайдалы қазбаларға металдар, кенсіз пайдалы қазбаларға ас тұзы, фосфор, асбест жатады. Қазақстанда көмірдің мол қоры шоғырланған. Еліміздің маңызды көмір өндіретін ауданы Қарағанды алабы. Қарағандыда сапасы өте жоғары көмір өндіріледі.
Екібастұз көмірі алабы маңыздылығы жөнінен Қазақстандағы екінші көмір алабы.Екібастұз көмірі ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, өзіндік құны арзан. Сол себепті көбінесе Қазақстан мен Ресейдің жылу электр станциялары отын ретінде пайдаланады. Қазақстан жанатын көмірсутекті қорларға өте бай. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап пен 207 кен орны бар. Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД елдері арасында Ресей, Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Еліміздегі темір қорының басым көпшілігі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.
Қазақстанда марганецтің 2007 жылы минералды ресурстар мамандарының мәліметі бойынша Қазақстан марганецтің қоры жөнінен екінші орында.
Қазақстанда марганецтің ірі 11кен орны бар. Марганецтің ірі кен орындары Орталық Қазақстанда шоғырланған. Сонымен қатар марганец кен орындары Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау тауларында да кездеседі. Қазақстан хромның қоры жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Қазақстандағы хромит кен орындарының 99% -ы Мұғалжар тауында шоғырланған..
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауындағы Кемпірсай, Дөң хромит кен орындары жоғары сапалылығымен еркшеленеді. Хромит тоттанбайтын болат алуға қолданылады. Алюминийдің Қазақстандағы негізгі шикізаты болып боксит саналады. Бокситтің негізігі кен орындары Ақмола мен Торғай ойыстарында шоғырланған (Арқалық бокситі). Қазақстан мыс қорына өте бай. Еліміздегі мыстың сапасы өе жоғары бағаланады. Ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл жатады, бірақ рудаларда металл мөлшері аз.
Қазақстан фосфорит қоры жөнінен дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады.Қазақстандағы фосфорит қорлары Оңтүстік қазақстан облысындағы Қаратау мен Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауларында шоғырланған. Қазақстанда алтын кен орындары Алтай, Қалба жотасында және Қостанай облысындағы Жітіқара өңірінде кездеседі. Елімізде 196 алтын кен орны бар. Асбест - кенсіз пайдалы қазбаға жатады. Асбест кен орындарының пайда болуы магмалық жыныстарға байланысты. Қазақстандағы асбестің ірі кен орындарына Қостанай мен Қарағанды облыстарындағы кен орындары жатады. Олар Қостанай облысындағы Жітіқара және Хантау кен орындары.
Полиметалл кені дегеніміз бірнеше металдардың қоспасы. Полиметалл құрамында бірнеше металдар, қорғасын, мырыш, алтын, мыс, күміс т.б кездеседі. Полиметалл рудасына бай таулар болып Қаратау, Жоңғар Алатауы, Алтай саналады. Қаратау - пайдалы қазбалар қазынасы. Қаратауда полиметалл мен фосфордың мол қоры шоғырланған. Қаратаудағы полиметалл кен орындары Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай.
