- •Қазақстанның жалпы экономикалық – географиялық сипаттамасы
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама
- •Конспект сұрақтар
- •Агроөнеркәсіптік кешен
- •Конспект сұрақтар
- •Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның көлік кешені
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның экономикалық аудандары
- •Конспект сұрақтар
Конспект сұрақтар
Еліміздегі жетекші көлік түрі.
Қазақстандағы ең ескі темір жол.
Еліміздің көлік және коммуникация кешенін құрайды.
Қазақстан темір жолының ұзындығы (км):
Қазақстанның солтүстігін, орталығын, оңтүстігін байланыстыратын трансқазақстан магистралі:
Қазақстанның солтүстік шығысынан оңтүстік батысына қарай өтетін темір жол.
Көліктің маусымдық түрі:
Құбыр жолының ерекшелігін атаңыз
Павлодар – Екібастұз аумақтық - өндірістік кешенінің қалыптасуын тездеткен темір жолды табыңыз.
Халықаралық стандартқа сай қайта жөнделген жол:
Өзен көлігін дамытуда жетекші орын алатын өзенді табыңыз.
Торғай алабының темірін игеру мақсатында салынған жолды табыңыз.
Республикадағы ірі автомобиль жолы:
Құбыр жолы Қазақстанның қай бөлігінде басым шоғырланғанын табыңыз.
Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын пункттер:
Жүк айналымында үлес салмағы жоғары көлік түрі:
Көліктің жұмыс нәтижесін анықтайтын көрсеткіш:
«Шығыс шеңбері» автомобиль жолдары байланыстыратын аудан орталығын табыңыз.
Қостанай жерінен басталып, Ұлы Сібір магистраліне қосылатын темір жол:
Жүкті «Қақпадан-қақпаға» жеткізе алатын көлік түрі:
Атырау-Астрахань темір жол торабы байланыстыратын аудандарды табыңыз.
Ұлы Сібір теміржолының шағын бөлігі өтетін қала:
Қазақстан аумағында ең алғаш салынған мұнай құбыры:
2002 жылы салынған құбырды табыңыз.
Өзіндік құны ең қымбат көлікті табыңыз.
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстан аумағы шаруашылыққа мамандануына қарай бес экономикалық ауданға бөлінген. Экономикалық аудан дегеніміз бір бірінен шаруашылыққа мамандануы және дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.
Орыс ғалымы Н.Н. Баранский Қазақстанды бес экономикалық ауданға бөлген, олар Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары.
Батыс Қазақстан Қазақстандағы жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын экономикалық аудан Аудан құрамына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Орталық Қазақстан экономикалық ауданында 100 % кокстелетін көмір, шойын, болат марганец кені өндіріледі. Себебі осы кендердің қорлары өте мол. Қазақстандағы негізгі қара металлургия орталықтары болып Ақтөбе мен Ақсу қалалары саналады. Ақтөбе мен Ақсуда сапалы ферроқорытпа өндіріледі.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданына кіретін облыстар мамандануы жөнінен ерекшеленеді. Маңғыстау мен Атырау облыстары мұнай, газ, балық өнеркәсібіне, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары хром, никель, минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар тауында Қазақстандағы хром мен никельдің 99%- ы шоғырланған. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары хром, никель, минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Қазақстан хромның қоры жөнінен Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі екінші орынды алады.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты суармалы егіншілікті ауданы. Мұнда үнемі суаруды қажет ететін техникалық дақылдардан мақта, қант қызылшасы, күріш, дәнді дақылдар өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан бойынша бірден бір мақта өсіретін аудан. Мақтадан жеңіл өнеркәсібіне қажетті талшықтан басқа, шитті мақта майы алынады.
Шығыс Қазақстан еліміздің түсті металлургия мен арзан су электр энергиясын өндіретін ауданы. Шығыс Қазақстанда Қазақстандағы ірі СЭС тар мен түсті металдың мол қоры бар. Қазақстанның орман шаруашылығы бойынша ең жетекші ауданы Шығыс Қазақстан. Қазақстандағы орманның 40 пайызы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Шығыс Қазақстан Қазақстанның негізгі алтын өндіретін ауданы.Қазақстандағы алтын кен орындарының 62 –сі осы ауданда шоғырланған. Шығыс Қазақстанда жыл сайын 887 кг алтын өндіріледі.
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты астық шаруашылығы дамыған ауданы. Мұнда егістік жердің 78%-ына жаздық бидай егіледі. Қазақстандағы әкімшілік аумақтық бөлінудің ең жоғарғысы – облыс. Қазақстандағы облыстар саны -14. Ауданы жөнінен ең үлкен облыс Қарағанды облысы.
