Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны жалпы экономикалы сипаттамасы 9-сынып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.4 Кб
Скачать

Агроөнеркәсіптік кешен

«Аграрлық» сөзі латын тілінен аударғанда жерді игеру деген мағына береді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені негізгі үш саладан тұрады:ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, АӨК- тің дамуын қамтамасыз ету. Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі екі саласы бар: өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады. Мал шаруашылығына ірі қара, қой, түйе, құс т.б шаруашылықтар, өсімдік шаруашылығының құрамына бидай,техникалық дақылдар, бау- бақша дақылдарын өсіру кіреді.

Дәнді-дақыл шаруашылығы еліміздің егін шаруашылығының басты саласы болып табылады. Дәнді дақылдарға бидай, тары, қарақұмық, күріш жатады.

Қазақстанның негізгі астық дақылы бидай болып саналады. Қазақстанда бидайдың екі түрі өсіріледі: жаздық және күздік бидай. Қазақстанның солтүстігіндегі құнарлы қара топырақты зонада жаздық бидай өсіріледі.

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы егіншілік дамыған.Оңтүстік аймақтарда күздік бидай өсіріледі. Күздік бидай бір жылдық астық тұқымдасына жатады. Оңтүстік аймақтарда егілген дақылдарды қолдан суармайынша мол өнім алу мүмкін емес. Күріш - негізігі астық дақылдарының бірі. Күріш жылу мен ылғал сүйгіш, топырақ талғамайды. Қазақстандағы күріш өсірілетін аймақтарға Қызылорда облысындағы Сырдария өзені мен Алматы облысындағы Іле өзенінің аңғарлары жатады.

Техникалық дақылдарғы мақта, қант қызылшасы, зығыр, темекі жатады. Бұл дақылдардың техникалық деп аталу себебі олар тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаттары болып табылады. Техникалық дақылдарғы мақта, қант қызылшасы, зығыр, темекі жатады.Техникалық дақылдар оңтүстікте көп өсіріледі. Себебі бұл дақылдар жылусүйгіш дақылдар болып саналады.

Мақта бағалы талшықты дақыл болып саналады. Қазақстандағы мақта өсірілетін өзен аңғарларына Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Арыс, Келес өзендері жатады. Қант қызылшасы ылғал мен жылу сүйгіш,топырақ талғайтын техникалық дақыл. Негізгі қант қызылшасын өсіретін аудандарға Жамбыл облысы мен Алматы облыстары жатады. Күнбағыс- бағалы майлы дақыл.Күнбағыстан адам ағзасына пайдалы өсімдік майы алынады.

Күнбағыс - Ертіс өзені бойында өсіріледі. Күнбағыстың егістік алқаптары Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумақтарын алып жатыр.

Қазақстандағы мал шаруашылығы салаларына қой мен ешкі шаруашылығы, ірі қара, түйе шаруашылықтары жатады. Қой шаруашылығы ата- бабамыздан қалған дәстүрлі шаруашылық болып саналады. Қазақстарда мынадай мақал бар: «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір», яғни қой мен ешкі күй талғамайды, өсімдігі жұтаң шөл мен шөлейтті жерлерде мол өнім береді.

Қазақстанның табиғат жағдайлары қой шаруашылығын дамытуға қолайлы болып келеді. Қазақстанда қой шаруашылығы дала, шөлейт, шөл, биік таулы аудандарда дамыған. Елімізде биязы және жартылай биязы жүнді, арқар меринос, еділбай тұқымды, қаракөл қойлары өсіріледі. Биязы жүнді қойды жүні үшін өсіреді, себебі жүні өте сапалы жұмсақ болып келеді. Қазақстанның солтүстігіндегі топырағы құнарлы орманды дала мен дала зоналарында және сонымен қатар биік таулы аудандарда етті- сүтті бағытттағы мүйізді ірі қара өсіріледі.

Қазақстанда мүйізді қара мал шаруашылығы дамыған аудандарға Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Бұл аудандарда асыл тұқымды сүтті-етті қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры талас сиыры, қазақтың етті-сүтті ақбас сиыры сияқты түрлері өсіріледі. Марал шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығының ерекше және қосымша саласы болып табылады. Марал шаруашылығы тек Шығыс Қазақстан облысында ғана дамыған. Маралдың мүйізінен дәрілік зат панты алынады.