Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны жалпы экономикалы сипаттамасы 9-сынып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.4 Кб
Скачать

Қазақстанның жалпы экономикалық – географиялық сипаттамасы

Қазақстанның жер көлемі – 2724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орын алады. Еліміздің аумағы жер бетінің жалпы ауданының 2%-ын, Азияның 6,1%-ын құрайды.Қазақстан Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Шекарасының жалпы ұзындығы 14594 шақырым, оның 13994 шақырымы құрлықпен өтеді. Ал Каспий теңізі арқылы өтетін теңіздік шекараның ұзындығы 600 шақырымды құрайды.

Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады. Батыста, солтүстік батыста және солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанның Ресеймен ең ұзын шекарасы өтеді. Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды.

Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет Түрікменстан. Қазақстан оңтүстікте Түрікменстанмен шекараласады. Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы 380 (426) шақырымды құрайды. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен шекарасының ұзындығы 1460 (1782) шақырым.Қазақстанның Алтай тауынан Хан тәңіріне дейінгі арасы Қытаймен шектесетін шығыс шекарасына сәйкес келеді. Қазақстанмен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2300 (2354) шақырым. Қазақстан Өзбекстанмен оңтүстікте шекараласады.

Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Елімізде 51 әуежай бар. Оның 13-і халықаралық ұшақтарға қызмет көрсетеді. ШаШаруашылықтың дамуына қажетті табиғат байлықтарын табиғат ресурстары деп атайды. Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын ресурстар болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын табиғат ресурстарына қоры таусылмайтын деп саналатын күн, жел энергиялары, климаттық қорлар, жердің ішкі энергиясы жатады.

Сарқылатын ресурстар екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтін ресурстар. Қалпына келетін ресурстарға биологиялық ресурстар, атап айтқанда өсімдіктер мен жануарлар, жер ресурстар, су ресурстары жатады. Қалпына келмейтін ресурстарға минералды ресурстар (көмір, мұнай, газ, металдар) жатады. Қазақстандағы минералдық ресурстардың негізгі ерекшелігі олар көбінесе жер бетіне жақын және кен орындары бір-біріне жақын орналасқандығы. Мұның өзі минералды ресурстарды өндірудің өзіндік құнын арзандатады.

Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орын алатын мемлекет. Сондықтан Қазақстанда жер ресурстарының орасан қоры бар. Жер ресурстарына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, жайылымдар, шабындықтар, т.б жатады. Қазақстандағы жалпы жер қорының көлемі 270,1 млн га-ды құрайды.

Жер ресурстарына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, жайылымдар, шабындықтар, т.б жатады. Қазақстан жыртылған жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орын алады. Қазақстандағы жыртылған жер қорының мөлшері 36 млн га. Қазақстан жер қорына өте бай елдердің бірі. Қазақстанның әрбір тұрғынына 15 га ауыл шаруашылығы жерінен және 2 га жыртылған жерден келеді.

Қазақстан су ресурстарына онша бай емес және олар еліміздің аумағы біркелкі таралмаған. Қазақстандағы судың басым бөлігі егістік суаруға, өндірістік т.б мақсаттарға қолданылады. Еліміздегі су ресурстарының жалпы мөлшері 115,3 млрд текше метрді құрайды. Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда орман ресурстарына өте тапшы. Қазақстан жерінің тек 13 млн га жерін ормандар алып жатыр. Қазақстанның бүкіл аумағының 4 пайызы ормандар үлесіне тиеді. Қазақстандағы ормандардың басым бөлігін сексеуіл ағаштары құрайды.

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы халық санағы 1999 жылы болды. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстанның халқының саны 14 млн 953 мың адам болды. Қазақстан халқының тығыздығы басқа елдермен салыстырғанда өте төмен. Оны Қазақстан аумағының үлкендігімен және халық санының аздығымен түсіндіруге болады. Қазақстанда халық біркелкі қоныстанбаған. Қазақстанның орташа тығыздығы бір шаршы шақырымға 5,6 адамнан келеді.

Дүниежүзі бойынша халықтың орналасуына тарихи табиғи, экономикалық жағдайлар әсер етеді. Адамдар көбінесе табиғаты қолайлы өзендердің бойын, өнеркәсіп дамыған аудандарды қоныстанған. Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қазақстанда 130 - дан астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Республикадағы негізгі ұлт қазақтар,ал саны жағынан екінші ұлт орыстар болып саналады. Халықтың басқа елдерде тұратын бөлігін диаспора деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы орыс, түрік диаспоралары. Қазақ диаспорасы көп ел Өзбекстан , онда 1 млн 556 мың қазақ тұрады.