- •Мазмұны
- •1 Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудегі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру
- •1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы
- •1.3 Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста
- •2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыс
- •2.1 Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру
- •2.2 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2009-2010 оқу жылдары аралығында өткізілді.
Бұл дипломдық жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Жетісай қаласының Б.Момышұлы көпсалалы гимназия мектебінің 4-шы сынып оқушылары қатысты. жаратылыстану пән мұғалімі Ж. Қонырова көмектесті.
Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясымен практикасында үш үлгісі (моделі) қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке білім, тақырып енгізіледі. Және бұрыннан бар тақыраптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі- бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші- аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын арнайы пән бойынша оқытылады.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара быйланыс зардабын биологиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдары мен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе (экожүйе), экологиялық факторлар, биосфера. Тірі ағза заталмасу және тірі материяны сипаттайтын өзге белгілерімен ерекшеленеді. Жердегі барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады.
Тірі ағзалардың өзара бейорганикалық табиғатпен әрекетесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық биотикалық антропогенді түрлері бар. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз-аттардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экожүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады. Оларға: жерден алынатын қазба байлықтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмосферадағы озон қабатының сиреуі, топырақта зианды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы, т.б. жатады. Осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жөнінде экологиялық білімнің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілу қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны- жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.
Мұның мәнісі: оқушыда экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан алғандағы қоғамның және жеке адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтін қазына байлық деп түсінуі керек [8,85б.]
Оқушы табиғаттың құндылығын экономикалық жағынан да бағалай білу тиіс. Бұл әсіресе тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса қажетті қасиеттің бірі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі- экологиялық этиканың қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулермен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жылдар бойы табиғатқа қарым-қатынастың пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайдалануды ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістермен игерулер жүзеге асырылады. Осыдан барып Арал қасиеті Семей полигоны туындады. Әлемдік денгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болсада түсініп, экологиялық проблемаларға айналады. Табиғатпен қарым-қатынасты реттейтін нормативтік құжаттар және ережелер, келісімдер қабылданды. Бұлардың біреулері –халықаралық, екіншілері- одақтастық, үшіншілері-Қазақстан денгейіндегі экологияның кезек күттірмейтін мәселелерін қамтиды [9,69б.]
Осылардың мазмұнын оқушыларға жеткізу арқылы, айналадағы ортаға қарым- қатынаста нормалар мен ережелерді бұзбауға үйрету де – экологиялық білім мен тәрбиенің маңызды міндеті. Мұның өзі табиғатты сақтап, келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай туғызады.
Экологиялық білімнің төртінші бөлігі- табиғатты білумен қорғаудың іскерліктері мен дағдылары.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекетті түсіну, экологиялық құндылықтарды білу, табиғаттағы құбылыстарды арасында насихаттау , табиғатты қорғау, еңбек істеу, жердің жасыл жамылғысын сақтау және молайту т.б. [21].
Талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталады. Бірақ олар өздігінен және пәннің шеңберінде жүзеге аспайды. Сондықтан экологиялық білімді пәнаралық байланыс туындатып, үздіксіз жүйелі жүзеге асырған жөн. Ол үшін мұғалімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негізін жетік білу қажет.
Бірінші кезеңде 4-шы сыныптарды биология сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Бақылау жұмыстары мен тест алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыға үйренбегендіктерін анықтадық.
Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық. бөлімде қарастырылған. Жоғарғы деңгейі: экологиялық білімі берік, теория, сапалы, жүйелі түрде, «табиғат-қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғаттың экологиялық жағдайларының себеп-салдарын аша біледі. Табиғатты қорғауға арналған іс-шараға белсене араласып, ұйытқы болады.
Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақ оны қорғауда барлық уақытта белсенділік көрсетпейді.
Төменгі деңгей: экология білімін нашар меңгерген. Табиғатты қорғау керектігін түсінеді, бірақ оны іске асырмайды.
Алған білімдер көмегін тексеріп, қорытындысын таңдаған уақытында тәжірибелік жұмысының бас кезінде 8-шы сыныптарындағы оқушылардың 20,7%-тен аспады, яғни олардың білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды. Оларды табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, заңдылықтарын түсіндіруде табиғаттанудан, биологиядан, географиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бұның себебі бұл пәндердің мазмұнына экологиялық мәселелерді шешуге толық бағытталмаған еді.
Тәжірибелік жұмыстарды өткізу барысында 4-шы сыныптардағы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі, жүйесі тексерілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыста оқушыларға анкета таратып, «Бізді қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсың?»- деген сұраққа бірнеше дәл жауаптар алдық, яғни, оқушылардың 58,4%.
Арал, Балқаш, Семей апатымен адамдардың денсаулығы 37,8% зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері жөнінде дұрыс түсініктерін білдірді. Бізде талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеуге әрбір тақырыптардан соң жалпы экология бойынша оқушылардың білімдерін талдау үшін тест сұрақтарын пайдаландық.
Тест мынадай сұрақтардан тұрады:
Экология деген терминді алғаш рет ғылымға енгізген қай ғалым?
А. Геккель
В. Рулье
С. Гумбольдт
Д. Трамбле
2. Экологияны зерттеу әдістері неше топқа бөлінеді?
А. 3
В. 4
С. 2
Д. 5
3. Ірі географиялық аймақтарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттейтін қандай ғылым?
А. Ландшафтық экология
В. Аутэкология
С. Синэкология
Д. популяциялық экология
4. 500-ден астам жануарлардың түрін айқындап,қоршаған ортамен байланыстыра зерттеген қай ғалым?
А. Павлас
В. Дарвин
С. Аристотель
Д. Гумбольдт
5. «Зоология философиясы» деген еңбекті кім жазған?
А. Линней
В. Рулье
С. Дарвин
Д. Ламарк
6. Неше экологиялық факторлар бар?
А. 3
В. 2
С. 1
Д. 5
7. Абиотикалық факторлар неше топқа жіктеледі?
А. 2
В. 1
С. 3
Д. 5
8. Эдовикалық факторларға не жатады?
А. Жер қыртысы және рельеф
В. Тау жыныстары, рельеф
С. Жер бедері мен топырақ
Д. Су ағыстары, ылғалдық
9. Антропогендік факторлар дегеніміз не?
А. Адамның іс-әрекетінен болатын өзгерістер
В. Табиғаттың әсерінен болатын өзгерістер
С. Табиғат пен қоғам арасындағы өзгерістер
Д. Табиғат ресурстарын пайдалану кезіндегі болатын өзгерістер
10. Оптимальды жағдайлар не деп аталады?
А. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайлы жағдайдың тууы
В. Организмдердің бір ортадан екінші ортаға көшуі
С. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайсыз жағдайдың тууы
Д. Организмдер климаттық әсерінен өзгерістерге ұшырауын айтамыз.
11. Смогтық негізгі қосылыстары не?
А. Хлорфторкөміртектер
В. Көміртектер
С. Фторкөміртектер
Д. Хлор тотығы
12. Экология қандай ғылымның саласы болып табылады?
А. Биология
В. Зоология
С. География
Д. Геоэкология
13. Биосферадағы ластану процесін неше топқа бөлеміз?
А. 3
В. 2
С. 4
Д. 1
14.Смогтың неше түрі бар?
А. 2
В. 1
С. 3
Д. 4
15. Фотохимиялық смог алғаш рет қай жылы байқалады?
А. 1945
В. 1930
С. 1950
Д. 1940
16. Табиғи ластану не жатады?
А. Вулкан
В. Өндірістен шығатын газ
С. Транспорттан шығатын түтіндер
17. Озонның жұқырауы қай ғасырда байқалады?
А. 19-ғ
В. 16-ғ
С. 18-ғ
Д. 17-ғ
18. Фотохимиялық қай қалаларда байқалады?
А. Токио,Сеул, Лос-Анжелес
В. Улан-Батор, Пекин, Нью-Йорк
С. Токио, Пекин, Ұлыбритания
Д. Египет, Нью-Йорк, Сеул
19. «Ойкос» қандай мағынаны білдіреді?
А. Үй
В. Табиғат
С. Орта
Д. Ғылым
20. Ауаның ластануы неше топқа бөлінеді?
А. 2
В. 4
С. 5
Д. 3
8-шы сынып оқушылардың жалпы саны 23. Тест сұрақтары бойынша 23 оқушы жауап беріп, соның ішінде, 5оқушы- «5», 10 оқушы- «4», 8 оқушы- «3» бағаланды. Ал (толық) процентпен шаққанда тестке толық жауап берген 55%, дұрыс толық жауап берген 35%, дұрыс емес жауап берген 15%. Оқушылардың білім деңгейлері №2- суретте көрсетілген.
3.2. Табиғатты таниық та аялайық!
Ашық тәрбие сағаты. 3 сынып.
Сабақтың мақсаты: табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі турулы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Күйтабақ, мақалға байланысты салынған суреттер, гүлдердің суреттері. Ұйымдастыру кезеңінен соң оқушыларды 3-топқа бөліп отырғызу. Күйтабақтан « Сарыарқа» күйін тыңдай отарып оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
1. Айналадан көздеріңе түскен табиғат заттарын атаңдаршы?
- Аспан, жер, күн, ай, жұлдыз, өзен, орман т.б. Яғни адам қолымен жасалмағанның бәрін табиғат деп айтамыз.
2. Табиғаттан қандай тамаша құбылыстарды көруге болады?
- Аққан жұлдыздарды, қымбат тастарды, жарқылдаған найзағайды, кемпірқосақты көруге болады.
3. Тағы қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
- Жел, бұршақ, шық, жаңбыр, қардың еруі, судың тасуы.
4. Ал қарды не ерітеді?
- Қар күн көзінің жылуы арқылы ериді. Жылу, жарық бүкіл тіршілікке қажет (Сызба 2).
-
Жылу
адам |
жануар |
-
өсімдік
Жылу арқылы не ериді?
-
Жылу
мұз |
қар |
Сызба 2 Табиғаттың құбылыстары
жарық пен жылу арқылы не өседі?
жарық пен жылу арқылы өсімдік өседі.
Адым қолымен қандай заттар жасайды?
ү
й
е
сік-терезе
А
дам
ертоқын
трамбай, машина.
компьютер т.б.
Адам табиғатты зерттеп, нелер ойлап тапты?
Адам құстың ұшу ерекшілігін зерктеп, ұшақ жасады.
Сүңгуір қайықты қайықты қалай жасаған?
Балықты зеріктеп сүңгуір қайық жасады.
Жаңбырдың жауғанына қарап нені анықтады?
Жаңбырдың жауғанына қарап, егістікті қолдан суаратын құрал ойлап тапты.
Суретпен жұмыс « кім тапқыр?» ойыны.
Топ мүшелері кезек-кезек жауап береді.
Рауман үлгісінің қызыл түсі нені білдіреді?
Қызыл түс адам жолының жылығы.
Ал, сары түс ше?
Сары түс нәзіктікті білдіреді.
Ал ақ түс ше?
Ақ түс нәзіктікті білдіреді.
Қазақстанда раушан гүлінің қанша түрі бар?
Қазақстанда раушан гүлінің екі мың түрі бар.
Қалампыр қандай гүл?
Қалампыр- қасиетті гул. Шотландия мемлекетінің елтаңбасында көмкерілген көсемесі биік көркем гүлдер қалампыр гулдері.
Франсуз халқының күрескерлік рухымен патриоттық болмысын дамытатын символьдық белгі-қызыл қалампыр.
Республикамызда қалампырдың жиырма түрі өседі.
«Отан» әні орындалды.
Мақал-мәтелдермен жұмыс.
Мақалға байланысты салынған суреттер көрсетілді.
«Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық, туған жер-алтын бесік», т.б (осы мақалдарға талдау жүргізу).Адамдарға қажетті дәнді дақылдар болса, ал төт түлік малдарғак шалғын мен шабындық қысын-жазы азық болып табылады. Осының бәрі жаңбыр жауып, су келсе ғана көктем көгереді. Көкті жеп тойынған малдар адамдардың ішер асы, киер киімі болған. Осы себепті аталарымыз «жер-қазына, су-алтын, мал-байлық» деген
Ауа райын жан-жануарлар қалай сезеді? Көбелектер қараңғы жерге барып, қанатын салбыратып жасырынса, екі сағаттан кейін нөсер жаңбыр жауады.Күндіз үкі шақырса, жауын жауады. Шымшық мамық жинап, шатыр астынан шықпаса, аяз болады.
Терекке қонып жүрген қараторғайлар көрінбей кетсе, күн суытады.
Жабайы алта гүлі атпай тұрып алса, әлі де суық бар.
Ата- бабамыз қандай тиым сөздерқалдырған?
Тыйым сөздерге байланысты салынған суреттер көрсетіліп отырылады.
Оқушылар соның көмегімен тыйымдарды атайды.
«Кірдің суын арыққа ағызба», «Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Жапырақты жапырма, көгалды таптама», «Күл-қоқырды, Қоң-қоқысты бұлақ басынан аулақ төк» т.с.с.
Халқымыз қандай санды қасиетті деп есептейді?
7 саны.
Жеті жетім.
Ел қонбаса-жер жетім.
Құс қонбаса-қол жетім.
Ері жоқ-ел жетім.
Елі жоқ-ер жетім.
Тыңдаушысыз- сөз жетім.
Ақылсыз-адам жетім.
Иесіз қалған-мал жетім.
