- •Мазмұны
- •1 Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие берудегі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру
- •1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы
- •1.3 Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста
- •2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыс
- •2.1 Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру
- •2.2 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы
Экологиялық білім мен тәрбие беруді жеке адамды қалыптастырудың басқа салаларынан, бәрінен бұрын қоғамдық-саяси салаларынан бөліп алмау керек. Қоғаммен табиғаттың өзара қарым-қатынасы көп жағдайда дүние танымдық мәселе болып табылады [23].
Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңызы зор. Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өміріне де игі әсерін тигізеді. Табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуге көрініс табады, оны табиғатқа қатігездік әрекеттерден сақтандырады.
Өзі табиғатпен үйлесімді бірлікті сақтамайтын адам бойында жарасымды қасиетте болмайды, «Үйлесімді адам» деген түсінікке адамның туған табиғатпен жарасымдылық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесімділік оның табиғатпен етене араласуына, шынайы қарым-қатынасына қарамастан, туа біткен қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Табиғат үйлесімділігі мен сұлулығын тану адамның өз- өзімен, өзге адамдармен толық келісім табуына жәрдемдеседі.
Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезіміне ғана емес, олардың біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Қайтсе де адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс-әрекетін осы заңға сәйкес жүргізілсе ғана «осы кезге дейін жиі болып тұрғандай» адамның табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып табылады.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты, адамдардың қоғам мен табиғаттың іс-әрекеті мен адам мен қоршаған ортаның өзара үйлесімді көзқарастарын сезінуі, сонымен бірге табиғатқа ақылға қонымды, ғылыми негізделген әсер ету жауапкершілігі болып табылады.
Бұл негіздер бала кезден (анасының баласына гүлдің әдемілігін көрсетіп, оның хош иісін сезінгенде, гүлді суаруға, болмаса, гүл қойган ыдыстың суын алмастырған кезден) қалыптастырылады. Одан басқа, табиғатқа эмоционалдық қатынас жасаудың үйлесімді бағдарламасы күнді, күн сәулесін, көкшіл аспанды, гул, көбелектерді таныстыру арқылы да жүзеге асырылады. Гул ортасына орналасқан ыдыста шомылған нәресте кейін табиғат сұлулығына ерекше сезімталдық танытады. Табиғатты әдемілік сезімі ретінде қабылданған, көптеген гулдер мен өсімдіктердің атын, олардың дәрілік қасиетін, т.б. біліп өскен бала алғашқы кезден-ақ табиғатпен тетене араласып, оны сүйіп, кейін оны аялайтын болады.
Халқымыз бала сезіміне әсер ететін, хош иістерге ерекше мән береді. Сондықтан белгілі уақыт бойы баланы айрықша шомылдырып, жусан иісі тұндырылған сумен баланың денесін шайып, арша ағашының түтініне ұстайды. Жусан исі баланың бойына мәңгі еніп туғаннан кейін бала бұл иісті іштей, иіс сезімі арқылы да таниды. Жусан шөбі көшкенділер үшін жай ғана әдемілік емес, әдемілік кереметі. Жусан-Отан бейнесімен, дала бейнесімен рухани-этикалық бірлікпен біте қайнасқан ұғым.
Біршама поэтикалық аңыздарда баршылық.
«...баланың мектепте оқи бастағаннан-ақ, нақты ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. Оқытудың әсері арқылы сыртқы ортаны танудан біртіндеп ішкі ортаны тануға, тұтас қасиеттер мен белгілерді ойлау арқылы жүйелеуге көшеді. Оның өзі алғашқы ой түйіндену, қарапайым қорытындылар, салыстырулар жасауға мүмкіндіктер береді. Балалардың өнегелі мінез-құлқының негізі төменгі мектеп жасында қалана бастайды, адамгершілік негіздерімен мінез-құлық ережелерін игеріп, жеке адамның келбеті қалыптаса бастайды».
Бастауыш мектеп оқушыларының өмірінде сөздің атқарар рөлі ерекше. Балаға бұл жаста саналы екі жүзділік пен зұлымдық жат. Сөз оларға ойындағысын жасырып қалуға қызмет етпейді. Төменгі мектеп жасында ғана мұғалім сөзі бала санасында үндестік туып, өзін-өзі тәрбиелеу үшін тірке болады. Осы жастағы балалар үшін ересек адам өзі тәртібін, мінез-құлқын реттеуге зор әсер етеді. Тіпті, төменгі сынып оқушылары үшін үлкеннің сөзі мінез-құлық ережелері болып қабылдануыда шындық (сыпайы, еркелену сөздерін қолдану; жағымсыз; орынсыз ретте айтылған сөздерді қолдану; дөрекілік; ерсілік т.б. )
Баланың мектепке келуі, оның жаңа оқушылық міндеті, оның балалар ұжымына ену, оқытушылар мен қатынас жасауы бұлардың бәрі де ерекше өзге әлеуметтік жағдай. Осы жастағы балалардың жағымды адамгершілік, басынан өткізген мінез-құлық сезімдері тәжірибесінің ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Сезімге сүйену, эмоционалдық кінә тартуды пайдалану кішкентай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Әрине ондай тәрбие әдістерін пайдалану үлкен сақтықты және педагогикалық ізеттілікті қажет етеді.
Сонымен бірге жас жеткіншектер бойында ненің жаман, ненің жақсы екендігі жөнінде өз түсініктері қалыптаса бастайды. Ересектердің оларға әсер ету жағдайы олар тарапынан бәрінде өзім шешем деген қарсылықтарға кезігіп отырады. Деген мен бұл жастағы балалардың әліде өзіндік адамгершілік көз қарастары қалыптаса қоймайды. Осы жастағы балаларға «көзқарас» деген терминді қолдану тек шартты түрде ғана. Төменгі сынып оқушыларының адамгершілік түсініктерімен ой қорытындылары, кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, қарадүрсін, қарапайымдылықпен ерекшеленеді. Көбінесе адамгершілік түсініктері нақты мысалға, дәйектерге сілтеме жасаумен алмастырылады.
Төменгі сынып оқушыларымен жалпы айрықша ерекшеліктерінің бірі-жасөспірімдерге қарағанда олар өздерін және өздерін қоршаған дүние кеңестігін тұтас қалпында қабылдайтынын ескерген жөн. Олардың әрқайсысы үшін мен «табиғатты», табиғат «мені» көрсетеді. Ең тамашасы, олар өздерін табиғаттың бөлігі деп сезінеді.
Егер бірінші сыныптағы балалар бойында жануарлар және өсімдіктер әлеміне жанашыр болуы, оларға сүіспеншілігі, қоршаған орта әсемдігінен эстетикалық ләззат алуы жай ғана мақсатты көздесе, жас кезінің аяғына қарай ол сезімдер экологиялық жағынан мақсатқа бағытталған қызмет түріне айналады. Бұл іс жануарларға, өсімдіктер әлеміне аяныш сезімін қалыптастырумен қатар жүреді (бір нәрсеге үйірсектік және сүіспеншілік, қатынас жасау қуаныш, қоршаған ортаға зиян келумен байланысты реніштер және т.б.). Педагогикалық жағынан осы жас кезеңінде балалар бойында табиғаттағы мінез-құлқын өздігінен реттеу, баланың қажеттілік дағдысын табиғатқа келтіру зиянмен салыстыра отырып дамыту өте қажет. Балалардың есеюімен бірге «қоршаған орта» түсінігі айтарлықтай кеңейеді.
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
«Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы» әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелердің туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Адамдар табиғатты билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен күріш өсіреміз, шөл даланы гүлдендіреміз деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп соқтырдық. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.
Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол қойған «ХХ ғасырдағы күн тәртібінде» деп аталатын құжат қабылданды. 1998 жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше 185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы» жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді».
Ол мынадай тармақтардан тұрады:
1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[24].
Ал, 1992 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер», - деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» - деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.
Осыған байланысты Республикаға білім беру мекемелерінің алдында көптеген міндеттер қойылып отыр. Онда экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысын бүлдіршіндер бақшасынан бастап, мектеп оқушыларына арналып пән «Экология негіздерін» жүргізу қолға алына бастады. Республиканың жоғарғы оқу орындарында экологияға байланысты арнаулы курстар, семинар ұйымдастырылды. Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру «Атамекен» Л.Р. Курсабаев, «Елім-ай» М.Х.Балтабаев, «Кәусар бұлақ» З.Ахметова бағдарламасы ерекше орын алды.
«Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл мектептік «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру, әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.
Оның негізгі міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу.
Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады [25].
Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.
1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.
2. мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек. Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп, табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы керек. Әр сәбиді «табиғат», «табиғат тазалығы», «денсаулық», «сұлулық», «гүл», «жасыл желек», «мөлдір су», «көгілдір аспан», «торқалы топырақ», «сайраған құс», «жүгірген аң», «менің ауылым», «менің отаным» т.б. деген сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға тәрбиелеу тиіс.
3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да жоспарға терең арнайы білім беретін «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
5. Жоғары білім беретін оқу орындарында «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:
- мамандығына қарамай «Экология және табиғатты қорғау» пәнін барлық студенттер оқып үйренуі керек.
- экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар дайындау үшін факультеттер ашу.
6. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады [26].
1996 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрады. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау саласы экологиялық тәрбие мен білім беру, ғылыми зерттеулер», - деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» - деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.
Сондықтан, зерттеуге негіз етіп отырған 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Мақтаарал ауданындағы «Есенбеков» орта мектебінде жүргізілді.
Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.
Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.
Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.
Экологиялық проблеманың педагогикалық зерттеу арқылы бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты, олар: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық мәдениет», «Экологиялық этика», «Экологиялық сана», «Экологиялық ойлау», «Табиғатқа экологиялық қатынас». Бұлар-мазмұнында ортақ құрамдас бөліктері бар айқас бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатпен өз ара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.
Экологиялық ойлау- табиғаттағы алуан өзгерістердің бір-бірімен, экологиялық форматтармен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылымының күрделілігі анықталады, жаңа заңдылықтарды игерілуге жол ашылады.
Экологиялық сауаттылық- жас өспірімдерді табиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап бұл мәселеге барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.
Экологиялық этика- айналадағы табиғи ортамен қарым- қатынастағы мінез- құлық нормалары мен ережелерін білу және сақтау.
Экологиялық мәдениет- күрделі ұғым әдістемелік әдебиеттерде оның мазмұны мен көлемі әртүрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.
Экологиялық мәдениет- табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениеті.
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз- табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке әзірлігі мен оны жүзеге асыруы.
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет қалыптастырудың мақсаты- «адам, қоғам, табиғат» жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи сақтау, молайту, және тиімді пайдалану да жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру- аса күрделі үрдіс, идеология, саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.
Экологиялық мәдениетпен этиканың құрамына мыналар кіреді: табиғат пен қоғам заңдылықтарын білу; табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжалай білу; табиғатпен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлау сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім берумен тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады.
Көптеген зерттеулер жүргізу нәтижелерінен, экологиялық білім берудің мақсаты, мектеп оқушысын айналасындағы ортаға жауапкершілік пен қарауға үйрету.
«Жауапкершілікпен қарау»- әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын кең ұғым.
Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына кіретіндер: а) табиғи ортада адамның өзін калай ұстау керектігін түсінуі; ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезіну; б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білу; в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратыластану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп түсіне білу [20].
Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясымен практикасында үш үлгісі (моделі) қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке білім, тақырып енгізіледі. Және бұрыннан бар тақыраптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі- бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші- аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын арнайы пән бойынша оқытылады.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара быйланыс зардабын биологиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдары мен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе (экожүйе), экологиялық факторлар, биосфера. Тірі ағза заталмасу және тірі материяны сипаттайтын өзге белгілерімен ерекшеленеді. Жердегі барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады.
Тірі ағзалардың өзара бейорганикалық табиғатпен әрекетесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық биотикалық антропогенді түрлері бар. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз-аттардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экожүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады. Оларға: жерден алынатын қазба байлықтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмосферадағы озон қабатының сиреуі, топырақта зианды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы, т.б. жатады.
Осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жөнінде экологиялық білімнің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілу қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны- жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.
Мұның мәнісі: оқушыда экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан алғандағы қоғамның және жеке адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтін қазына байлық деп түсінуі керек.
Оқушы табиғаттың құндылығын экономикалық жағынан да бағалай білу тиіс. Бұл әсіресе тәуелсіз Қазақстанның нарыққа бет бұрған шағында аса қажетті қасиеттің бірі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі- экологиялық этиканың қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулермен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жылдар бойы табиғатқа қарым-қатынастың пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайдалануды ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістермен игерулер жүзеге асырылады. Осыдан барып Арал қасиеті Семей полигоны туындады. Әлемдік денгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болсада түсініп, экологиялық проблемаларға айналады. Табиғатпен қарым-қатынасты реттейтін нормативтік құжаттар және ережелер, келісімдер қабылданды. Бұлардың біреулері –халықаралық, екіншілері- одақтастық, үшіншілері-Қазақстан денгейіндегі экологияның кезек күттірмейтін мәселелерін қамтиды.
Осылардың мазмұнын оқушыларға жеткізу арқылы, айналадағы ортаға қарым- қатынаста нормалар мен ережелерді бұзбауға үйрету де – экологиялық білім мен тәрбиенің маңызды міндеті. Мұның өзі табиғатты сақтап, келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай туғызады.
Экологиялық білімнің төртінші бөлігі- табиғатты білумен қорғаудың іскерліктері мен дағдылары.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекетті түсіну, экологиялық құндылықтарды білу, табиғаттағы құбылыстарды арасында насихаттау, табиғатты қорғау, еңбек істеу, жердің жасыл жамылғысын сақтау және молайту т.б.
Талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталады. Бірақ олар өздігінен және пәннің шеңберінде жүзеге аспайды. Сондықтан экологиялық білімді пәнаралық байланыс туындатып, үздіксіз жүйелі жүзеге асырған жөн. Ол үшін мұғалімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негізін жетік білу қажет.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:
«Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр.
Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.
Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», - деген қасиетті сөздері – туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер – нулы жер», «Жері байдың елі бай» - деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.
Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев «педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет» - деп пәндерді экологияландыруға басты назар аударды.
Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.
Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.
Экологиялық білім проблемасын әдіснамалық жағынан жүйелік талдау тәсілі және іс-әрекет теориясы арқылы түсінуге болады. Адам, қоғам, табиғат арасында алуан түрлі байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның түріне, өндіруші күштерімен өндірістік қатынастарының тұрпатына қарай адам мен табиғаттың өзара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады. Бастапқыда үлесімді болған бұл қатынас қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс дәуірінде күрт өзгерді. Бір жағынан қоғамның артып адам илігіне жаратылса, екінші жағынан табиғатта келеңсіз көріністер етек алды. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста қайшылық туды. Адамның өндіруші іс-әрекетінің салдарынан ауа мен басейіндері ластануда. Жер қыртысы топырағының және ландшафтының құрамы өзгеруде. Кейбір аймақтарда су ресурстары, орман алқаптары сирек, жер қойнауындағы қазба байлықтары қоры кеміп келеді. Өсімдіктермен жануарлар түрлерінің саны азайуда. Бұған «Табиғат байлығы таусылмайды» деген пайдакүнемдік көзқарас және табиғатты іске жаратудың ғылыми негізінің жасалмауы себепші болады. Табиғақа жағымсыз әсер жалғаспауы үшін қоғам мен табиғаттың ара қатынасының түрлерін, ұстанымдарын және заңдылықтарын зеріктеп, жалпы теориясын жасайтын ғылымға қажеттілік туады. Бұл ғылым әлеуметтік экология деп аталады.
Экология - биология ғылымының бір саласы, ол тірі ағзаның ортамен қарым-қатынасын зертейді, оның бастапқыда биологиялық (классикалық) экология деп аталуыда сондықтан өзінің даму барысында өзге ғалымдар тәрізді экологиялық салалану және бірігу бағытында жүзеге асырылды. Адамның биосфераға, биосфераның ортамен байланысын зерттейтін биосфера экологиясы қалыптасты. Адам эколологиясы биоэлементтік тіршілік етуші ағза ретінде табиғи және қоғамдық ортамен қатынасын зерттейді. Ақырында зеріттеу пәні анықталғанымен атауы тұрақтанбаған. (натурсоциология, ноология, ноогения). әлеуметтік экология пайда болды. Бұл- келешегі зор ғылым. Тұжырымдап айтқанда, қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың даму ұмтылысын, құрылымын және заңдылықтарын зерттейді.
Қазіргі кезде әр барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырып экологиялық проблемалар әлеуметтік, экономикалық, техникалық, педагогикалық, т.б. жақтарынан зерттеуде.
Экологиялық проблеманың педагогикалық зерттеу арқылы бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты, олар: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық мәдениет», «Экологиялық этика», «Экологиялық сана», «Экологиялық ойлау», «Табиғатқа экологиялық қатынас». Бұлар-мазмұнында ортақ құрамдас бөліктері бар айқас бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатпен өз ара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.
Экологиялық ойлау- табиғаттағы алуан өзгерістердің бір-бірімен, экологиялық форматтармен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылымының күрделілігі анықталады, жаңа заңдылықтарды игерілуге жол ашылады.
Экологиялық сауаттылық- жас өспірімдерді табиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап бұл мәселеге барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.
Экологиялық этика- айналадағы табиғи ортамен қарым- қатынастағы мінез- құлық нормалары мен ережелерін білу және сақтау.
Экологиялық мәдениет- күрделі ұғым әдістемелік әдебиеттерде оның мазмұны мен көлемі әртүрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.
Экологиялық мәдениет- табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениеті.
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз- табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке әзірлігі мен оны жүзеге асыруы.
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет қалыптастырудың мақсаты- «адам, қоғам, табиғат» жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи сақтау, молайту, және тиімді пайдалану да жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру- аса күрделі үрдіс, идеология, саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.
Экологиялық мәдениетпен этиканың құрамына мыналар кіреді: табиғат пен қоғам заңдылықтарын білу; табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжалай білу; табиғатпен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлау сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім берумен тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады.
Көптеген зерттеулер жүргізу нәтижелерінен, экологиялық білім берудің мақсаты, мектеп оқушысын айналасындағы ортаға жауапкершілік пен қарауға үйрету.
«Жауапкершілікпен қарау»- әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын кең ұғым.
Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына кіретіндер: а) табиғи ортада адамның өзін калай ұстау керектігін түсінуі; ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезіну; б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білу; в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратыластану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп түсіне білу.
Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясымен практикасында үш үлгісі (моделі) қалыптасып келеді. Бірінші- көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке білім, тақырып енгізіледі. Және бұрыннан бар тақыраптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі- бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшінші- аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытындылайтын арнайы пән бойынша оқытылады.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара быйланыс зардабын биологиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдары мен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе (экожүйе), экологиялық факторлар, биосфера. Тірі ағза заталмасу және тірі материяны сипаттайтын өзге белгілерімен ерекшеленеді. Жердегі барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады.
Тірі ағзалардың өзара бейорганикалық табиғатпен әрекетесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық биотикалық антропогенді түрлері бар. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз-аттардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экожүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады. Оларға: жерден алынатын қазба байлықтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмосферадағы озон қабатының сиреуі, топырақта зианды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы, т.б. жатады.
