- •56)Машина бөлшектеріне арналған дайындаманың негізгі түрлерін атап шығыңыз.
- •57.Жөндеу өлшемдері тәсілімен бөлшектерді қалпына келтіру:
- •58)Конструкторлық база дегеніміз не?
- •59)Бөлшек жасаудағы техникалық шарттар
- •60)Жабдықтаушы өндірістік үдеріс
- •61.Бөлшек өңдеудегі уақыт нормасы?
- •62. Термиялық өңдеу қалай жүргізіледі?
- •63. Негізгі үдерестің кезеңдері(дайындаушы, өңдеуші)
- •64.Әдіпті анықтаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі
- •65. Өндіріс түрі және дайындама алу тәсілін таңдау?
- •66. Кесудеп дайындама 6errepi мен коор- динаталык жазыктыктар.
- •- Нег1згл жазыцтъщ;
- •- Кесу жазыцтыгы;
- •67 Негізгі үдерістің кезеңдері ( Құрастырушы, Реттеуші-баптаушы )
- •71.Бөлшектерді теңдестірудің мақсаты мен мазмұны
- •72. Жинаудың технологиялық процестерінің негізгі принциптері қандай?
- •73. Қосалқы әрекет, жұмыстық жүріс және жұмыстық амал дегеніміз не?
- •74. Білік дайындаудың технологиялық үдерісін атаңыз.
- •75. Біліктің операциялық әдіптері мен дәлдік шектерінің орналасу сұлбасы
- •Технологияляқ үдеріс элементтерінің сұлбасы
- •81.Машинаның бөлшектерің жинау әдістері
- •82 Беттік химиялық өңдеу
- •83)Базалар сызбада қалай белгіленеді
- •84)Өңделетін дайындамалардың жылулық деформациялары
- •86.Бөлшекті өңдеу кезіндегі ішкі кернеулер
- •87 Көмекші база Негізгі база
- •89. Металкескіш станоктарда бөлшекті өңдегендегі қозғалыстар.
81.Машинаның бөлшектерің жинау әдістері
Жауабы: Жинақ бірліктері мен механизмдерді жинауға техникалық базалау бөлімінің (ТББ) қабылдауынан өтіп, оған сәйкес белгі қойылған детальдар келіп түсуі тиіс.
Жинақ бірліктерін жинау дайындаушы кәсіпорында бекітілген технологиялық құжаттамаға сәйкестендіріліп жүргізіледі. Детальдардағы барлық сүйір бұрыштар жинау алдында жойылуы тиіс. Оймакілтекті бірігудегі детальдарды келтіруге рұқсат етілмейді. Айналатын жинақ бірліктері мен детальдар өз тіректерінде еркін айналуы қажет. Жылдам айналатын детальдар мен жинақ бірліктерінде айналу массасының теңсіздігі арқасында шектен тыс діріл болмауы тиіс. Теңдестіру технологиялық процестер бойынша стандартқа сай орындалуы керек.
Шығырды жинау кезінде редукторларды, тежегіш қозғалтқыштары мен басқа да жинақ бірліктерін қондыру «Жүк көтеру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар» ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс. Жиналған шығырдағы параметрлер мен размерлер сақталып, сызбада көрсетілген техникалық талаптар орындалуы қажет.
Ілмек ілмесін жинауда оның маңдайшаға берік бекітілуін қадағалау қажет, шар тірегінде ілмектің еркін айналуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Жинау кезінде майлау арналары таза болуы және конструкторлық құжаттамада көрсетілген майлаудың кестелері мен сұлбаларына сәйкес майлау материалдарымен толтырылуы тиіс.
Гидрожетек, гидрожүйені жинау да стандарт талаптарына сәйкес орындалуы қажет. Ал қауіпсіздік аспаптарын жинау механизмдегі барлық буындардың еркін де оңай қозғалуын талап етеді
82 Беттік химиялық өңдеу
Металды химиялық өңдеу металдан және қорытпадан жасалған заттар мен бұымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жиынтық.
Химиялық өңдеу болат бетінің химиялық құрамы мен құрылысы қасиетін өзгертеді. Ол цементтеу,азоттау,циандау,диффузиялау юолып бөлінеді. Мұндай өңдеу төмен темпервтуралы және жоғары температуралы болып табылады
83)Базалар сызбада қалай белгіленеді
База деп бір және бірнеше бӛлшек беттері, қаралып жатқан беттің күйіне қатысты анықталады, бастапқы түзу және қисық жағдайда бұйымды дұрыс функциялау. Сызбаны дайындау және бӛлшекті ӛңдеу кезінде база бойынша белгі қою, беттен басқа, түзулер мен нүктелер қабылданады. Сызбадағы түзулер мен нүктелерден құрылдаушы бӛлшек беті және олардың осьтеріне, ӛлшем мен басқа түзулер арасындағы ӛзара күйді береді, осыны конструкторлық база деп атайды.
84)Өңделетін дайындамалардың жылулық деформациялары
Жылулық деформациялар. Ӛңдеу дәлдігіне айтарлықтай әсер ететін температуралық деформация. Жылулық деформация кесу аймағында, сонымен қатар білдектің қозғалмалы бӛлшектерінің үйкелісі нәтижесінде бӛлінетін жылумен қызуы есебінен білдекке, кесу аспабында және ӛңделетін дайындамада пайда болады. Одан басқа, жылулық деформациялар цехте жылу режимінің ӛзгеруі есебінен пайда болуы мүмкін. Білдектің, бӛлшектің және аспаптың бірқалыпсыз немесе бірқалыпты қыздырынуы бӛлшектер мен түйіндер деформациясын туғызады, ал бұл жүйенің қабылдаған ӛңдеу дәлдігінің бұзылуына әкеп соқтырады. СПИД жүйесінің элементтерін қыздыру кезінде температуралық деформация дәлдік ерекше болып келеді. Температуралық деформациялық әсері механикалық ӛңдеудің барлық әдістерінде орын алады, бірақ сақындататын сүйықтықтарды қолданса, олардың мәні аз мӛлшерге дейін түседі. Температуралық деформация мен күресу жолдарының бірі-ӛңдеу аймағында температура айырмашылығының тӛмендеуі.Оған былай қол жеткізуге болады:1)Ӛңдеу беті бойынша жылуды бірқалыпты үлестіру(кӛпкескішті ӛңдеу);2)таза,жартылай таза және қара ӛңдеуге бӛлу есебінен таза ӛңдеу кезіндегі жылудың бӛлінуі мен кесу күшінің арнайы тӛмендеуі; 3)Дайындаманы майлау –салқындату сұйықтығымен,ауа ағынымен немесе арнайы жылуға қарсы тұратын қондырғыларымен;4)Кесу қолдану.
85 Жоңқа мен дайындама беттерімен түйісіп, құралдың кескіш бөлігі жоғары қысымдардың, жылдамдықтар мен температуралардың әсерінен салыстырмалы түрде жылдам тозады. Кескіш құралдың тозуының негізгі себебі – түсетін жоңқаның кескіштің алдыңғы бетіне және кескіштің артқы беттерінің дайындаманың бетіне үйкелуі. Тозудың бірнеше түрін ажыратады.
Қажақты тозу – кескіш құрал өңделетін дайындаманың бетімен өзара әрекеттескенде оның түйіспелік беттеріндегі тегіссіздіктер қажалуының, опырылуының, кесілуінің және жаншылуының нәтижесі. Тозудың бұл түрі морт материалдар мен қатты қосындылары (карбидтер, қоспалаушы элементтер, шор бөлшектері) бар материалдарды өңдеу кезінде басым болады.
Кескіш құралдың беттік қабаттарының және өңделетін дайындаманың молекулалық ілінісу күштерінің әсер етуі нәтижесінде адгезиялық тозу болады, ол материалдың ұсақ бөлшектері мен құралдың үздіксіз қайталанатын ұстасу және үзілу процестерінен тұрады.
Металдар мен қорытпаларды кесудің жоғары жылдамдықтарында қатты қорытпалы құралмен өңдеу кезінде диффузиялық тозу байқалады, ол кезде аспаптық материал өңделетін материалда ериді, оған жоғары температура, үлкен илемді деформациялар және түйісу аймағындағы ұстасу мүмкіндік туғызады. Тозудың бұл түрі өңделетін және аспаптық материалдарды кристалсыздандыру температурасы-нан жоғары түйіспелік беттер температураларында болады. Диффузия нәтижесінде қатты қорытпа көміртектендіріледі (графиттендіріледі) және қатты қорытпаның механикалық беріктігі төмендейді, бұл оның морт бұзылуын жеделдетеді.
Морт тозу аспаптық материал бөлшектерінің опырылуынан және боялуынан тұрады, нәтижесінде олар пісіріледі және жоңқамен немесе өңделетін материалмен әкетіледі. Тозудың бұл түрі циклдік пайда болатын температуралар және түйіспелік кернеулер динамикалық жүктеме құрғанда, үзілмелі кесу процестерінде байқалады.
Оксидтер түзілуінің нәтижесінде құрал металының беттік қабаттары бұзылған кездетотықтырушы тозу орын алады.
Кесудің аз жылдамдықтарында жұмыс істейтін құралдар (бұрғылар, кеңейткіштер, бұранда ойғыштар, ұңғылағыштар, тарта жонғыштар және т.б.) басым көпшілігінде адгезиялық және қажақты тозудың бір мезгілде әсер етуі нәтижесінде үйкелу есебінен тозады. Тозудың қарқындылығы кесудің нақты температураларында құрал және дайындама материалы қаттылықтарының ара қатысымен анықталады. Кесу жылдамдықтары жоғары болғанда қатты қорытпалы құралдардың тозу қарқындылығы басты түрде диффузиялық өзара әрекеттесумен анықталады, ол адгезияның және морт тозудың бар болуымен себептелген.
