Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.35 Кб
Скачать
  1. Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік

Топтық психологиямен және «топ нәтижесін» жеке адамға арнайы әсер ету құралы ретінде пайдалануға байланысты нәтижелі жұмыстар қатарына көп жағдайда А.Адлердің, К.Левиннің, Дж. Мореноның, Дж. Праттаның, К.Роджерстің еңбектері жатады.

Топтың жеке адамға кәсіби әсер ету құралы ретінде, отандық психологиялық көмек тәжірибесінде, ХХ ғасырдың басынан бері қолданылады деп айтуға болады. Топтық жұмыстар әдістемелеріне деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылық таныту Ресейде тек осы ғасырдың 90- жылдарында ғана арта бастады. Ресей ғалымдарының арасынан топтық жұмыстардың мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда талдаған алғашқы ғалым ретінде Лариса Андреевна Петровскаяны атауға болады. Оның монографиясы 1982 жылы жарық көрді. (4). Өзінің еңбектерінде ол тренингті (нақтырақ айтқанда, әлеуметтік-психологиялық тренинг ӘПТ) қатынас саласындағы білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:

а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталғандар;

б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталғандар;

Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:

· Топтық психотерапия;

· Топтық психологиялық оқыту;

· Топтық, жеке тұлғалық тренинг.

Тренинг топтарының дамуына ең алғашқы рет 30 жылдары әлеуметтік психологияның көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау болды. Оның пікірінше, жеке тұлға өзінің көзқарастары мен пікірлерін тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және де адам өзін басқалардың көзімен көре алған жағдайда ғана, өзінің қате пікірлерін анықтап, түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері

Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызмет аса қажетті салалардың бірі. Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс атқарады: өзекті және болашақты.Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға бағытталған. Білім беру саласында балалардың жас ерекшелігіне сай ақыл – ойын дамытуда ұтымды әрі тиімді нәтиже алу негізінде сабақтарды тренинг түрінде жүргізу мектеп психологына, ұстаздарға тренинг қатысушаларын жан – жақты әрі терең зерттеуге, олардың жеке басының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуіне, өзара қалыптасқан қарым – қатынасына ықпал етуде, жалпы дүниетанымын анықтауға, оларды болашақта жеке басын дамытуға өз алдына әрекеттене білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы тренинг дегеніміздің өзі – іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен адамның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс – шаралар жиынтығы болып табылады.Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған іс – шаралар бағдарламасы өз кезегінде жеке адамға да, тұтас ұжымға да өз пайдасын тигізе алады. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу тәжірибесі тұлғааралық өзара әрекет барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек бере алады. Топ – бұл тұтас сыртқы әлемді бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым – қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады. Жанұяда, жұмыста немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті басқа адамдардың ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр – түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлар топтық психологиялық жұмыстарда анықталады да, соның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез – құлқына сәйкес ықпалын тигізеді. Нәтижесінде арнайы қабылдаған ортада жиналған тәжірибе, әдетте сыртқы әлемге алмастырылады.Топтың екінші артықшылығы – оның басқа мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Өзара топтық әрекеттер нәтижесінде туындайтын және орындалатын реакциялар топтан тыс уақыттағы тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмегі тиеді.Үшіншіден, топта тек оқиға қатысушысы ғана емес, көрермені де болуға мүмкіндік бар. Топтың өзара әрекеттерінің өту барысын бақылай отырып, өздерін белсенді қатысушылармен салыстырып, осы бақылаулар нәтижелерін өзіндік эмоциялар мен мінез – құлықтарын бағалау барысында қолдануға болады. Төртіншіден, топ жеке тұлғаның дамуына ықпал ете алады, Топта тұлғаның өзіндік зерттеуіне жағдай жасалады, Топтық психологиялық жұмыс – бұл топпен жүргізілетің бірнеше, түрлі психологиялық іс-шаралар формасының жалпылама атауы, Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:

Топтық психотерапия;

Топтық психологиялық оқыту;

Топтық, жеке тұлғалық тренинг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]