Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.35 Кб
Скачать
  1. Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі

Балабақшада аю түлкі болып жүреді.

  1. Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі

Таңдау үрдісін бірнеше түрлі тәсілмен ұйымдастыруға болады. Жекелеген сұхбат әңгімелерді өткізуге болады. Үміткерлердің жиналысында алдағы сабақтар жайлы айтып, содан соң олардың әрқайсысымен жеке әңгімелесуге де болады. Клиникаларда қолданылатын тәсілдердің бірі болып емші дәрігермен талқылау арқылы үміткерлерді таңдау. Біздің ойымызша, ең дұрыс әдіс — жекелеген әңгіме-сұхбаттар. Әңгімелесу барысында жасөспірім өз проблемалары жайлы айта алады, ал психолог-психотерапевт — оның бл топқа қаншалықты сай келетінін түсіне алады. Әрбір болашақ топ мүшесін терапевтік үрдістің мақсаттары мен міндеттері жайлы, не болып және оның не істейтіні жайлы хабардар ете отырып, психотерапевт келісімін алуы қажет. Жасөспірімнің топ жұмысына араласуына ата-аналары да келісім беруі қажет.Топ біркелкі — біркелкі емес ұстанымы бойынша қалыптастырылады. Біркелкі деп, алдымен, жасөспірімдер өміріндегі жағдайлардың ұқсастығын айтады. Мысалы, топ құрамына өмірге төніп тұрған қауіп салдарынан пайда болған бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдерді қосуға болады. Біркелкі — біркелкі емес ұстанымынан басқа үміткерлерді таңдауда тағы да басқа бірнеше ережелерді сақтаған жөн. Біздің тәжірибе көрсеткендей топқа төмендегілерді енгізуге болады: - бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакцияны жүйкелік симптомалар және мінез-құлқындағы ауытқулар арқылы білдіретін жасөспі-рімдерді;

- интеллектуалдық және физикалық даму деңгейлері бір шамадағы жасөспі-рімдер;

- бірлесіп жұмыс істеуге бейім жасөспірімдер;

- ер және қыз жасөспірімдерді.

- аса бір ерекше жағдайлардан басқа кезде топқа төмендегілерді енгізбеген жөн болады (алдын ала психологиялық түзету әрекетін жүзеге асырмастан):

- өте агрессивті немесе өздеріне бірнеше рет қол жұмсағыш салғысы (суицидальды) келген жасөспірімдер;

- тұрақты криминалдық «тәжірибесі» бар жасөспірімдер (олардың топ мүшелерімен «алмасу» әрекетін жасамас үшін).

  1. Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау

Кейде жасөспірім мінез-құлқы топтағы ережелерге сай келмей ақалады, осы жағдайды топ ішінде көрнекі мысал ретінде пайдалануға болады. Мәселен, егер топ мақсаттарының бірі - өзіндік агрессияны қолданбалы түрде көрсету болса, ал сабақ барысында жасөспірімдер арасында жанжал пайда болса, онда Сіз осыны мысал ете отырып, олардың бір-бірімен келіспей, ашуланып, өз сезімдерін ашық көрсетуді қолға алуыңызға болады. Бірақ сонымен қатар, өзіндік ашуды физикалық күш немесе бөлмеден қашып шығу арқылы көрсетуіне жол беруге болмайды.

  1. Топтық психокоррекция ұғымы

Топтық психокоррекция. Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.

Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]