Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.35 Кб
Скачать
  1. Психологиялық тренингті безендіру

Психологиялық тренингті безендіру бағдарламасы құжаттың формальді талаптарына байланысты. Онда мынаған көңіл аударады: А) бағдарламаның сыртқы түрі, яғни безендірілуі;

Б) бағдарламаның құрылымы және мазмұыны.

Безендірудің маңызды элементіне тоқталайық:

Мұқабасы. Мұнда бағдарламаның аты және автордың аты-жөні нақты көрсетілуі керек. Көбінесе құрастырушы-автор деп келтіреді, себебі автор тек бар жаттығуларды жинақтап құрайды. Жоғарғы жағына мекеме аты көрсетіледі. Төменіне құрылған уақыты, мекені келтіріледі

«Даму» тренинг орталығы

Ассертивтілік тренинг

Құрастырушы-автор

Мәскеу практик-психологтар гильдиясының тренері Залесская С.М.

Москва, 2006

Мұқабасын безендірудің мысалы

Анықтама хат: Мұнда мақсаты, міндеті, бағдарламаның мазмұны және қолданылатын әдістер, қажеттілігіне қарай теориялық негіздемелер, тренинг өткізуді ұйымдастыру жағдайы және жалпы сағаттар саны көрсетіледі.

Тақырыптық жоспар: Мұнда тренинг сағатының негізгі мазмұны, сағаты және оны жүзеге асырылуы көрсетіледі.

Сабақ құрылымы: Бұл бағдарламаның «негізі». Мұнда әр сабаққа қатысты кезеңдер баяндалады.

Тренинг құырылымы:

1 – кіріспе және танысу (1- күн)

2 – базалық дағдыны дамыту (2-3-күн)

3 – жекелендіру, қатысушының жеке мәселесімен жұмыс (4-күн)

4 - дағдыны бекіту (5-күн)

5 – қорытынды шығару, қоштасу (6-күн)

1 күндік жұмыстың құрылымы:

1- танысу

2- сергіту

3- күн тақырыбы

4- топтық жаттығу

5- күнді қорытындылау

6- үй тапсырмасы

Тренинг мазмұны. Бұл бағдарламаның ядросы. Мұнда әр тренинг сағатының мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері мен бақылау формалары көрсетіледі.

2. Мазмұны жағынан тренингті бөлек боктарға бөлуге болады.

Вачков И.В. әр блоктың жүзеге асуын былайша көрсетеді:

Кіріспе

Толеранттылықтың дамуы

Агрессияны төмендету

Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру

Ұйымшылдықты арттыру

Аяқтау.

Битянова М.Р. тренинг өткізудің мынадай кезеңдерін көрсетеді:

амандасу ритуалы

сергіту

өткен тренинг сағатына рефлексия

бүгігі тренинг сағатының тақырыбына кіріспе (негізгі мазмұны)

негізгі сабақ мазмұнын меңгерудегі жаттығулар

бүгінгі тренинг сағатына рефлексия

үй жұмысы немесе келесі кездесуге «көпір» салу

қоштасу ритуалы.

М.Р.Битянованың айтуынша танысу-қоштасу ритуалдары психологиялық «қоршау» ретінде қолданылады, бұл қатысушыларды біріктіруге қажет.

Сергіту сәтін айтқанда қатысушылардың эмоционалдық күйі, белсенділігі маңызды. Сергіту тек тренинг сағатының басында ғана емес, сонымен қатар жаттығулардан кейін де орындалады (психолог топтың эмоционалдық күйін өзгерткісі келгенде).

«Тренинг ядросына» келсек, мұнда рольдік ойындар, психотехникалық жаттығулар, дискуссия болады (мұнда психологтың қысқаша монологі, рефлексиялық «үзіліс», қорытындылау).

Көптеген мамандарталдау кезңіне көп көңіл бөледі. С.Е.Борисов осы кезеңнің келесідей алгоритмін көрсетеді:

сарапшыларға қатысушылардың көрсеткен мінез-құлқын сынамай, талдап беру ұсынылады.

Содан кейін қатысушылар не себептен сол мінез-құлық стратегиясын ұстанғанын айтып, өз позицияларын негіздейді. Ескеретін жағдай, өз көзқарастарымен алмасқаннан кейін сыйластық қарым-қатынаста қалу.

Тренинг сағатының «үй тапсырмасы» сәтінің негізгі қызметі – келесі кездесуге «көпір» салу, болып жатқан үрдістің жалғасуына көмектесу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]