Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЙРЗАДАНОВА АЙГЕРИМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.72 Кб
Скачать

2Кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді

а)Сабақтар

ә)Тәрбие сағаттар

б)Дидактикалық тапсырмалар

в)Шығармашылық жұмыстар

Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Эксперимент тобында жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілді.

Мысал ретінде бірнеше сабақтарды қарастырайық:

Тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов.

Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Мәтінге берілген сұрақ – тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: рөлдік – сюжеттік сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Абай.

Ү. Жаңа сабақ.а) М.Әуезов туралы түсіндіру. ә) Абай атамыз жайлы түсіндіру б) Бала Абай оқып, түсіндіру в) тақырыпты оқу, г) оқушыларды рөлдерге бөлу

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Әңгіме кім туралы екен? Абай кім? Абай неге үйден шықпайтын болды? Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді? Абай тағы кімге әңгіме айтатын? Бірде Абайлардың үйіне кім келді? Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?

ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік?Абай туралы қосымша деректер. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Бала Абай мәтінін мазмұндап келу 192 – 193 бет

YIY.Бағалау

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» тәрбие сағаты Мақсаты:1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. 2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру. 3.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Көрнекіліктер: Ғарышкерлер, ғарыш суреті, плакат. Сабақ барысы: І. Қызығушылығын ояту. Мұғалім: – Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз.Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз.Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады. 1.ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім? 2.Мемлекеттік рәміздерді ата. 3.Жатқа тақпақ айт. Мұғалім:Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады. Ар жағында орманның, Ар жағында таулардың, Алтын кеспек. (күн)

Күндіз әйнегі сынады, Түнде орнында тұрады. (ай) Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз) І – топ. Ай ІІ – топ. Күн ІІІ – топ. Жұлдыз топтардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен ғарышкер боламын» – деп аталады. ІІ. Мағынаны тану

Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен. 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Әр топқа берілген тапсырма. 1 2 3 4 5 6 р а т Т о қ 1 2 3 4 5 6 7 н а р и Г а г 1 2 3 4 5 6 ғ а т Т а л – Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Ол үшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орналастыру арқылы таба алады. Мұғалім: Тоқтар ұшты ғарышқа, Талғат болды ғарышта. Таңғалдырып қазағым, Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Тапсырма. ІІІ топқа тапсырма беру. І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең шумақтарын дұрыс орналастыру. ІІ – топ. Шеңбер ішіне суреттерді орналастыру. ІІІ – топ. Ғарышкерлерге тілек жазу. Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны. ІІІ.Ой толғаныс. Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру. І – топ. Сөзжұмбақ шешу. Т А Л Ғ А Т Т О Қ Т А Р Ю Р И Й Б А Й Қ О Ң Ы Р Ш О Л П А Н Л А Й К А З Е Р Т Т Е У Б А Т Ы Р 1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері. 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. 3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы. 4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер? 5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы. 6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит. 7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады? 8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды? ІІ – топ.Венн диаграмасы бойынша.Ғарышқа ұшқан тіршілік иелерінің ұшқан жылдарын жаз. ІІІ – топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу. – Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар. – Жалпы адам баласы армандаған дұрыс. – Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек. – Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік. – Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы құстың бейнесіне ілеміз. Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні.

Мақсаты: Көбейтуді үйрету. Түсіндіру. Ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілік: үлестірмелі тапсырмалар, саяхат сабақтары

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1000 – 99, 459+38, 1010 – 58, 683+84.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні.

ІҮ. Жаңа сабақ. №1. Есептің шешуін түсіндіру.

№2. Қосындыны көбейтумен алмастыру. 3+3+3+3, 14+14+14, 5+5+5.

№3.Көбейтіндіні қосумен алмастыру. 6х4, 12х5, 7х3, 48х2.

№5. 5х3=15, 3х4=12.

№8. Р= 3см+3см+3см+3см=12см, Р=5см х 4=20см

Ү. Түсінгендерін тексеру: 56+24-22, 60-29, 40+27, 42-14-18.

ҮІ. Бекіту:

ҮІІ. Үйге тапсырма: №4,7, 238бет

ҮІІІ. Бағалау

Тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

Мақсаты: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілік: түрлі түсті суреттер

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қоя отырып

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай.

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Жануарлар қандай жерде тіршілік етеді, қалай тіршілік етеді.Дәптермен жұмыс, суретпен жұмыс жасау.

ҮІ Түсінгендерін тексеру: Жануарлар тіршілігіне не қажет?

ҮІІ Бекіту:

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай мазмұндап келу.

YIY.Бағалау

Тақырыбы: Сын есім.

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. Зат есім деген не? Сұрақтары қандай? Сын есім деген не? Сұрақтары? Сан есім? Сұрақтары?

ІҮ.Жаңа сабақ: 422 – жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Сын есімдерді табу.

423 – жаттығу. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді койып жазу. Әселдің қандай? Көйлегі бар.

424 – жаттығу. Сын есімдерді үлгі бойынша мағынасына қарай топтастыру.

Үлкен, ірі, коңыр, дәмді, тәтті.

Ү.Қорыту. Сын есім деген не? Үлестірмелерге жауап алу.

YI.Үйге тапсырма: 425 – жаттығу

YII.Бағалау

Қалыптастыру кезеңінде жүргізілген жұмыстар барысында бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруге белсенділігі, шығармашылық іс – әрекетке ынталануы, жаңашылдық процестер мен ғылыми зерттеулерге, дербес өзіндік жұмыстарға қызығушылығы, білімді меңгеруге деген құндылық бағдары мен көзқарастары оның іс – әрекетінде айқын көрініс тапқанын көрсетті. Басқа өткізілген жұмыстарды қосымша А, Ә, Б – дан көре аласыз