- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
- •Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ
- •Сабақтың құрылымы, типтері, сабаққа қойылатын талаптар
- •1.3 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру мәселелері
- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіснамалық негіздері
- •Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары, әдіс – тәсілдері
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын дамытудың қазіргі негізгі бағыттары
- •Тәжірибелік – эксперименттік бөлім
- •1Кезең. Анықтау кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді:
- •2Кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді
- •3Кезең. Қорытынды кезең
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Қызығу оқушылардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді. Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды. Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.[21.18]
Қызығушылықтың дамуы, сонымен қатар, оның мамандануына, білім тереңдігіне, зейіннің тұрақтылығына, оған қоса адамның білім саласындағы біршама күрделі мәселелерді шешуге ұмтылуымен байланысады. Танымдық қызығушылықтың дамуының ең жоғарғы табалдырықтарында адам өзін таным әрекеттерінің шыңында көреді, өзінің өмірлік жоспарлар жүйесінде танымдық қызығушылықтарын қосады. Адам қызығуға тұратын заттардың бәрі обьективті өмірде бар. Сондықтан да қызығудың обьективті – субьективті жағы болады. Қоршаған ортадан адам мүддесіне құрылыс материалдарын ала алады. Олар көптеген жағдайлар әсерінен құрылады. Кең әлеуметтік және табиғи жақын орта, оның мінез сатысы адамдармен қарым – қатынасы, тәрбиелеу және оқыту процестері, ерекше стимулдармен ыңғайластырылып қоршаған ортаны тудыратын жеке адамдық белсенділік бәрі адам қызығушылығын қалыптастырады. Танымның немесе қызығушылықтың қандай да бір аймағында мазмұнды қызығушылық өзінің құрылу барысында басқа да қызығушылықтардың пайда болуына әсер етеді. Соның нәтижесінде олардың кейбіреуі өшіп, енді бір басқалары тұрақты ішкі сезімдермен іскерлікті жұмылдыртып дамытатын факторға айналуы мүмкін. Пәнге не болмаса еңбекке немесе қоғамдық іскерлікке деген жекелеген қызығушылықтарды құру, тұлғаның әр жақты қызығушылықтарына және іскерлікке деген ішкі тұрақты түрткінің пайда болуына маңызды қызмет атқарады. Осы себептен мұғалімнің пәнге деген қызығушылықты құруы, әржақты қызығушылықтың пайда болуының негізі және тұлғаның жан – жақты дамуы болып табылады.[32.10]
Теориялық зерттеулеріміз бен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра зерделеу шығармашылық қызығушылықты шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болатындығын көрсетті: 1) Мақсатты қызығушылық – оқушының белгілі бір мақсатына байланысты, пәндік, болашақ мамандығына байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес шығармашылық іс – әрекетке ынтасы мен тұрақты қызығушылығы; 2) Әрекеттік қызығушылық – оқушы шығармашылық іс – әрекетте өзекті мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып, жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі; 3) Танымдық қызығушылығы – оқушының шығармашылық іс – әрекетке тұрақты қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес, жаңа нәтижеге жету, білімді құндылық бағдар ретінде тануы.
Ж.Т. Дәулетбекова өз еңбегінде “Қызығушылық оқушының жеке – дара мінез – кұлқы, яғни оқушылардың оқуға деген танымдық – эмоциялық қатынастар болып табылады. Қызығушылық іс – әрекеттің жүру кезіндегі күрделі үрдіс. Танымдық қызығушылықтар шығу тегіне байланысты бірдей болмайды. Олар оқыту кезеңдеріне әр – түрлі жағдайда дамып отырады”, – деп қарастырады. Қызығушылық – бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып – білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс – әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат – мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс – әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығушылық ұғымы В. Вычевтың, Л. С. Выготскийдің, Б. И. Дадоновтың, Е. П. Ильиннің, Д. А. Кикнадзенің, А. Н. Леонтьевтың, А. В. Петровскийдің жұмыстарында тереңірек қарастырылған.
Сонымен, оқуға, оқу қызметіне деген қызығушылық, тұтынушылық пен оны қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама – қайшылықтарға негізделген және баланың белсенділігінің пайда болуына өте қажет. Бірақ қызығушылық оқу қақтығысы кезіндегі қарама – қайшылықтар, баланың шешуіне мүмкін болса ғана тұрақтана алады, болмаса қызығушылық жоғалады. Бір жағынан, егер қиындық болмаса қызығушылық та туындамайды. Қызығушылықты қанағаттандыру, оның өшуіне әкеліп соқтырмайды, қайта таным қызметінің одан жоғарғы деңгейінде жаңа қызығушылықтар тудырады. Баланың қызығушылығын оқулық – пәндік мағынаға аудару, оқу қызметінің құрылуына, оқу қызметінің субъектісінің сомдалуына, сөйтіп, оқу процесіне қатысын көрсететін баланың жеке қызығушылығының тууына әкеледі. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе белгілі себептері болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Оқушының оқуына түрлі әсер ететін себептердің бірі – түрткілер, қызығушылықтар. Қоршаған ортаның алуан түрлілігі секілді, адам қызығулары да алуан түрлі болып келеді. Мысалы: пәндік қызығулар адамның көркем – өнерге, денешынықтыруға, техникаға, сондай – ақ танымдық пәндерге қызығуы. Оның ішінде бір нәрсеге ғылымның бір түріне немесе спорттың бір түріне қызығуы басым болады. Бұндай қызығуларды пәндік немесе сабақтан тыс өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы дамытамыз. Жалпы қызығудың ерекше, әрі өте маңызды бөлігін – танымдық қызығушылық құрайды. Оны оқушының өз білімін тереңдетуге ұмтылысынан көреміз. Яғни, танымдық қызығу, оның оқуға, тіпті өмірге жаңаша қарауына әсер етпей қоймайды. Оқушы сол сабақты сабырсыздана күтеді, сол мұғаліммен қарым – қатынасты немесе интеллектуалдық қуанышты бастан өткереді, бұған кешегіден де көбірек білгендігіне қуанады.[44.3–4]
Кез – келген нышан қабілетке айналмас бұрын даму жолдарынан өтуге тиіс. Қабілетті дамытуда бірнеше кезең болады. Әрбір адам белгілі бір тітіркену жоғарғы сезімділік кезеңінен өтеді. Қабілеттің дамуына балалардың жеке бас, тұлға ретіндегі дамуы өте маңызды.
Қабілет дамуының алғашқы кезеңі – оның органикалық құрлысының пісіп жетілуі. Бұл көбінесе, туғаннан 6 – 7 жас болады. Осы кезенде барлық анализаторлардың дамуы, мидың жұмысы, қызметі байқалады. Бұлар арнайы қабылдаудың дамуы болады. Кейін ол мектепте, әсіресе кіші мектеп жасында, орта буында дамиды. Әсіресе ойын баланың қабілетінің дамуына серпіліс береді. Егер орындалатын іс – әрекет оптималды қиындық аймағында, яғни баланың мүмкіншілік деңгейінен тыс болса, ол қабілет дамуын ертеді де Л.С.Выготский атаған жақын арада дамуды туғызады. Осы аймаққа сәйкес келмейтін іс – әрекет қабілет дамуына аз әсер етеді. Егер ол өте қарапайым болса ол өзінің қабілетін сыртқа шығаруға мүмкіндік жасайды, егер күрделі болса орындауға мүмкіндік болмаса, ол жаңа іскерлік, дағдылардың қалыптасуына да кері әсерін тигізеді. Қабілет адам бойындағы нышандармен байланысты. Егер ата – аналар балаларының қабілетін дамытуға қамқорлық жасаса, баланың қабілеті жоғарылайды. Бұл қамқорлық мамандық таңдауда да көрінеді. Француз психологы А.Леон диагностикалық және тәрбие көзқарасын ұсынады:
Біріншісі мамандыққа жарамдылықты анықтауға арналған. Кеңесші арнайы тесттердің көмегімен адамдардың белгілі бір мамандыққа қабілеті бар немесе жоқ екендігін анықтап, зерттейді.
Екіншісі тәрбиелілік – индивидке мамандық өмірін таңдауға үйретуге, дайындыққа бағьтталған әртүрлі іс – әрекет меңгеру барысында жеке бастың дамуын зерттейді. Тесттік сынау аз мөлшерде Е.А.Климов мамандық таңдауға қабілетті шарттар мен қабілет қарым – қатынас қарастыруда төрт деңгейді көрсетеді: Бірінші деңгей аталған мамандыққа жарамсыздық. Екінші деңгей белгілі бір мамаңдыққа немесе топқа жарамдылық. Ол адамдарда бұл еңбекке деген қарсы көзкарас жок, сондыктан біреуге жағымды да көзқарасы жоқ. Үшінші деңгей аталған іс – әрекетке жарамды, қарама – қарсылығы жоқ, сондықтан біреуге өзінің жеке сапалары бар. Төртінші деңгей аталған мамандық жоғары бір жарамдылық. Бұл адамдарда мамандыққа жарамдылығы өте жоғары деңгейде. Климов жанасу жарамдылық сауалнамасының жіктемесін жасады. 1936 – 1941 жыл аралығында Б.М.Тепловтың қабілетті зерттеуде құнды зерттеулері пайда болды. Содан бастап бұл салада зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Б.Г.Ананьев, СЛ. Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Н.С. Лейтес, В.Н.Мясшдев, А.Г.Ковалев, Г.С.Костюк, Ю. В. Самарин, математикалық қабілеттерді (В.А.Крутецкий, В.Н.Мясищев), әдеби қабілеттерді (А.Г.Ковалев, В.П. Ягункова), көркем сурет қабілеттерді (В.И.Кириенко, А.Г.Ковалев), оқу қабілеттерін (А.А.Бодалев), педагогикалық қабілеттерді (Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина), ұйымдастырушылық қабілеттерді (А.Г.Ковалев, Л.П.Уманский). Қабілет жеке бастың дифференциалды жоспарына қатысты сондықтан қабілет туралы сөз қозғағанда оның іс – әрекеті келесі іс – әрекетпен салыстырылады. Жетістікке жету деңгейі көптеген объективті, субъективті шарттарға байланысты, мысалы окушының оқудағы жетістігіне оқытушының шеберлігі қажет. Егер оқытудың әдіс – тәсілдері өзгертілсе, жетістікке жету деңгейі шамадан тыс жоғарылайды. Оны тәжірибе жүзінде музыкалық есту қабілеттері нашар балаларды оқытудың әдіс – тәсілдерін өзгертіп окытқан кезде, ол балалар үлкен жетістікке жеткенін дәлелдегендер Б.М.Теплов, АЛ. Готсдинер, В.И.Кауфман т.б. болды. Б.М.Теплов пен АН.Леонтьев музыкалық естулері жок сыналушыларда жоғарғы дыбыстарды ажыратуға байланысты жақсы жетістікке жеткен. Бұндай зерттеулерден шығатын қорытынды: оқытудың әдіс – тәсілдерін өзгерту арқасында да белгілі бір салада қабілетті дамытуға болады. Олар жұмыс істеу қарқынында, оны менгеруде т.с.с. көрінеді. Есту түйсіктері жоғары дамыған балаға үйретудің қажеті жоқ оған дыбысты атаса болды ол дыбыстың жоғарылылығын атай алады. Жақсы музыкалық естуі бар балаға жаттығу, бірнеше рет қайталау арқылы ол берілген тапсырманы орындайды. Ал музыкалық қабілеттері төмен немесе жоқ балаларға арнайы оқытудың шарттары, жүйесі т.б. қажет. Бір сөзбен айтқанда бір жетістікке жету барысында оқушылардың көрінбейтін, жасырын ерекшеліктері көрінеді де ол қабілеттің сапалық ерекшелігін анықтайды. Қабілеттер потенциалды, функционалды, іс – әрекет жоспарына ие.
Қабілет әсіресе, 1. Икемділікте, 2. Іс – әрекет қарқынында, қозғалыста,
3.Еңбек нәтижесінің саны мен сапасында, олардың ерекшелігінде көрінеді.
Икемділік – қабілеттің ерте оянған белгісі. Икемділік баланың белгілі бір іс – әрекетті орындауға ұмтылудан көрінеді (сурет салу, ән т.б.) Икемділік қабілеттің дамуының алғышартын, оның табиғатын көрсетеді. Қабілеттің табиғи алғышартына сыртқы әрекеттерге арнайы анализаторлардың жоғарғы сезімталдылығы жатады. Осының нәтижесінде музыкалық немесе көру әсерленгіштігінен сол әрекеттермен айналысуға итермелейді. Икемділіктер шынайы немесе жалған болуы мүмкін. Шынайы икемділік іс – әрекетке ұмтылуға ғана емес, сонымен бірге осы салада үлкен жетістікке жету, шеберлікке тез жетумен сипатталады. Жалған икемділік іс – әрекетке пайымдау, үстірт әуестену немесе іс – әрекет нәтижесінің қорытындысы орташа болуымен сипатталады. Шынайы әуестену – іс – әрекетке деген эмоционалды ерік қатынасын көрсетеді дейді, В.Н.Мясищев. Бұндай қатынастар кез – келген қиындықты жеңуден керінеді. Икемділік – белсенді қатынас. Ол арқылы іс – әрекетті орындауға, меңгеруге ұмтыламыз.
Қабілетте жеке бастың көптеген қырлары байқалады. Қабілет интеллектімен, ерікпен, эмоциямен, индивидтің моральдік – саяси сапаларына, жеке бастың мінезіне байланысты. Қабілетті дамыту үшін білімді меңгеру қажет. Мектеп пен мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай – ақ олардың қабілеттерін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу жүмыстарының зор маңызы бар. Дегенмен, қабілеттілікті дамытуда оқыту әр түрлі дәрежеде ықпал жасайды. Ал қисынсыз әдістер (мысалы, түсінбей жаттап алу) бұл дамытуға кедергі келтіруі мүмкін. Мектеп оқушысымен жеке қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп көбірек көмектесуге тура келеді. В.А. Сухомлинский: «Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда біртіндеп адамды аздыратын ойлар пайда болады. Ой бәрінен бұрын төменгі сыныптарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі бір дәрежеде ақыл – ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті бала бостан – босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан – босқа құр жүруін болдырмау – белгілі бір тәрбие міндеті», – деп жазады. Оқушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді. Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан – алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жүргізетін осындай, жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. Мәселен, мұғалім жақсы үлгіретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек. [24.415 – 416]
1 бөлімге қорытынды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Оқу – танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл – ой қабілеттерінің мынандай элементтерді дамиды:
Зеректік,
Зейінділік,
Байқағыштық,
Ойлау және сөйлеу.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген проблеманы шешуге үйренеді. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан:
– Оқу мақсаттарының қойылуы
– Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы
– Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тұрады.
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс істеп қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызушылығы артады. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбайтын кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Сабақтың құрылымы – сабақты үйлестірудің әртүрлі нұсқаларында оның негізгі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді. Президенттің Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз нәтиже деген ұғыммен егіз. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, оқуға деген қызығушылық белсенділіктерін арттырып, білікті, шығармашыл тұлғаны дайындау.
Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?». Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады. Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Сабақтың тиімділігін арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:
1. Ұйымдастырушылық кезеңге мейлінше аз уақыт жұмсау.
2. Жазбаша үй жұмысын сабақ үстінде тексеруге мейлінше аз уақыт бөлу.
3.Сабақ үстінде жеке оқушыдан ауызша сұрауға барынша аз уақыт жұмсау.
4. Сабаққа оқушының жаңа материалын меңгеруіне ықпал ететіндей өзіндік тапсырмаларды көбірек ендіру.
5.Оқушының өз бетінше меңгеруге қиналатын материалдары бойынша ауызша баяндауды пайдалану.
6.Міндетті түрде оқушыны сабақ үстінде өз бетінше білім алуға қабілетін дағдыға үйрету, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету.
7.Үй жұмысының сипатын өзгерту. Алған білімін үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен ізденіспен пайдаланатындай оқушыны өз бетінше ойланып, жол табуға итермелейтіндей, сабақта алған білімді практикада қолданатындай тапсырмалар беру.
8.Жаңа оқу материалын сабақ үстінде бекітуге көңіл бөлу.
9.Үйде осы есте бекіту жұмысы онан әрі жалғасын табатындай тапсырмаларды көбірек беру.
10.Үйге практикалық мазмұндағы тапсырмаларды көбірек беру.
11.Үй тапсырмасын сол күні орындауға алғы шарттар жасау.
12.Тапсырманы түрлі бағытта беру.(ауызша немесе жазбаша)
13.Таңдауы мен бірге психологиялық талдау жасайтын тапсырмалар.
14.Топтық жұмыстар.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Қызығу оқушылардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді. Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды. Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.
Сонымен, оқуға, оқу қызметіне деген қызығушылық, тұтынушылық пен оны қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама – қайшылықтарға негізделген және баланың белсенділігінің пайда болуына өте қажет. Бірақ қызығушылық оқу қақтығысы кезіндегі қарама – қайшылықтар, баланың шешуіне мүмкін болса ғана тұрақтана алады, болмаса қызығушылық жоғалады. Бір жағынан, егер қиындық болмаса қызығушылық та туындамайды. Қызығушылықты қанағаттандыру, оның өшуіне әкеліп соқтырмайды, қайта таным қызметінің одан жоғарғы деңгейінде жаңа қызығушылықтар тудырады. Баланың қызығушылығын оқулық – пәндік мағынаға аудару, оқу қызметінің құрылуына, оқу қызметінің субъектісінің сомдалуына, сөйтіп, оқу процесіне қатысын көрсететін баланың жеке қызығушылығының тууына әкеледі. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе белгілі себептері болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Оқушының оқуына түрлі әсер ететін себептердің бірі – түрткілер, қызығушылықтар. Қоршаған ортаның алуан түрлілігі секілді, адам қызығулары да алуан түрлі болып келеді.
