Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
762.31 Кб
Скачать

2.9 Сурет

Период Т – бұл тоқтың толық өзгеруіне кететін уақыт, секундпен өлшенеді.

Периодқа кері шаманы жиілік деп атайды, жиілік герцпен өлшенеді. Бұрыштың градустағы өлшем бірлігінің орнына радианды қолдануға болады. Радиан деп доғасы радусқа тең бұрышты айтады. Шеңбердің ұзындығы C = 2R тең болғандықтан, 3600 толық бұрышқа 2R / R радиан сәйкес келеді. 3600 периодқа Т сәйкес келеді. Осы қатынасты пайдалана отырып, циклдік жиілікті бұрыштық жиіліктің формуласын табамыз:

.

Синусоидалы тоқтың орташа мәні жарты периодпен анықталады:

.

ЭҚК – тің және кернеудің орташа мәндері де дәл осылай табылады:

.

Синусоидалы тоқтың әрекеттік мәні жылулық эффектпен бағаланады. Айнымалы тоқпен өндірілген жылулық әсерді бағалау үшін, оны тұрақты тоқтың жылулық әсерімен салыстырылуы керек. Бұл үшін бір кедергіде R алдымен тұрақты тоқты, сонан соң айнымалы тоқты жібереміз (2.10 а, б сурет) және Т периодқа тең уақытта бөлініп шыққан жылу мөлшерін теңдестіреміз. Жылу мөлшері Джоуль- Ленц формуласымен анықталады.

Тұрақты тоқ үшін жылу мөлшері (Q) келесі формуламен анықталады:

,

а) б)

2.10 Сурет

мұндағы Q_ - кедергіде R бөлініп шығатын жылу мөлшері; I - кедергінің R бойымен ағатын тоқ ; t - кедергінің R бойымен тоқ өткендегі уақыт.

Тұрақты тоқ үшін жылу мөлшері (Q) келесі формуламен анықталады:

.

Q_ = Q ~ болғандықтан:

осыдан:

мұндағы - айнымалы тоқтың әрекеттік мәні.

  1. Бір фазалы синусоидалы ток тізбегіндегі резистордың,катушканың, конденсатордың жалғану схемаларын реттеңіз.

Синусоидалы тоқ тізбегіндегі активті кедергі

кернеу беріледі, осы кернеудің әсерінен тізбектің бойымен тоқ жүреді (2.13 сурет.):

.

2.13 Сурет

Активті кедергіде тоқ пен кернеу фаза бойынша сәйкес (бағыттас) болады. Фазасы бойынша сәйкес келуі векторлық диаграммада (2.14 сурет) және уақыттық диаграммада көрсетілген (2.15 сурет).

2.14 Сурет 2.15 сурет

Кедергідегі тоқ пен кернеудің әрекеттік мәндері кешендік түрде келесі түрде жазылады:

, .

Бұл тізбек үшін Ом заңының кешендік түрі төмендегідей жазылады:

Синусоидалы тоқ тізбегіндегі индуктивтілік. Айнымалы тоқ, өткізгіш арқылы өте отырып, айнымалы магнит ағынын тудырады. Бұл кезде тұйықталған орамда өздік индукцияның ЭҚК туады. Өздік индукцияның ЭҚК - і келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы L - индуктивтілік деп аталатын коэффициент.

Индуктивтілік генримен (Гн) өлшенеді.

1 А/с тоқтың өзгеру жылдамдығында өзара индукцияның эқк -і 1в туындатқанда электр тізбегінің 1 Гн индуктивтілігі болады.

Индуктивтілігі бар схеманы қарастырамыз..

кернеу беріледі, осы кернеудің әсерінен тізбектің бойымен тоқ жүреді (2.16 сурет):

2.16 Сурет

Индуктивтіліктің орауышында өздік индукция ЭҚК - і тудырылады. Индуктивтіліктің орауышындағы кернеу келесі формуламен анықталады:

деп белгілейміз, индуктивтілікті кедергі деп аталады. Индуктивтілікте кернеу тоқтан 900 -қа (π/2) озып отырады (2.17 сурет).