Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
762.31 Кб
Скачать

Ф-ОБ-001/036

Электртехникасының теориялық негіздері пәні бойынша сұрақтар

1. Тұрақты токтың сызықты электр тізбегі. Электр тізбегінің элементтерін көрсетіңіз.

2. Толық тізбекті есептеу үшін Ом заңын қолдану.

3. Электр тізбектердің элементтерін бірізді, паралель, аралас қосу ережелерін көрсетіңіз.

4. Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбегі. Ток, ЭҚК, кернеудің орташа және әсерлік мәндерінің өрнектерін көрсетіңіз.

5. Бір фазалы синусоидалы ток тізбегіндегі резистордың,катушканың, конденсатордың жалғану схемаларын реттеңіз.

6. Комплекс түрдегі Ом және Кирхгоф заңдарын тізбектегі белгісіз токты есептеуде қолдану.

7. Комплексті сандар әдісін қолдану.

8. Кирхгофтың бірінші, екінші заңдарын көрсетіңіз.

9. Үш фазалы тізбектер. Жұлдызша және үш бұрыштап қосу әдістерін көрсетіңіз.

10. Электр тізбектегі актив, реактив және толық қуат теңдеулерін жазып көрсетіңіз.

11. Электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді көрсетіңіз.

12. R,L және R,С тізбектеріндегі өтпелі үрдістерді көрсетіңіз.

13. Электр сүзгілері (фильтрлері). Түрлері және олардың атқаратын міндеттерін көрсетіңіз

14. Төртұштылар және олардың негізгі теңдеулерін көрсетіп жазыңыз.

15. Магниттік тізбектердің негізгі ұғымдары және заңдарын есептеулерде қолдану.

  1. Тұрақты токтың сызықты электр тізбегі. Электр тізбегінің элементтерін көрсетіңіз.

Электр тізбегі токтың түріне байланысты тұрақты ток тізбегі және айнымалы ток тізбегі деп ажыратылады. Уақыт аралығында шамасы мен бағыты өзгермейтін тоқты тұрақты тоқ деп атайды.

Электр тізбегі деп бір-бірімен жалғастырылған электр энергиясы көздерінен және оның қабылдағыштарынан тұратын тізбекті айтады. Осы процестерді орындау барысында электрлік ток, кернеу және электр қозғаушы күш ЭҚК ұғымдары қолданылады. Сол сияқты, электр энергиясын энергия көздерінен қабылдағыштарға беру үшін арналған коммутациялық тетіктері, өлшеуіш аспаптар және жалғаушы сымдар электр тізбегіне жатады.

Энергия көздерінде энергияның электрлі емес түрін электрлі түріне айналдыру процесінен электр қозғаушы күші (ЭҚК) Е пайда болады. Осы ЭҚК-і тұйық тізбекте электр тоғын тудырады.

2.1 А, б суретте эқк - тің схемаларда шартты белгіленуі көрсетілген.

а) б)

2.1 Сурет

Энергияны өзгерту кезінде энергия көздерінде шығындар болады. Осы шығындар ішкі кедергілермен R0 анықталады.

Тоқ күші деп - уақыт бірлігінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр энергиясының мөлшеріне тең скалярлық шаманы атйды:

мұндағы - электрдің мөлшері; - уақыт.

Тоқ ампермен өлшенеді, (А).

Электр тоғының бағыты үшін оң зарядтардың реттелген қозғалысы қабылданған.

Электр тоғының бағыты схемаларда жебемен (стрелкамен) көрсетіледі (2.2 сурет).

2.2 Сурет

Берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп нүктелік оң зарядты шексіздіктен осы нүктеге алып келу үшін жасалатын жұмысқа тең шаманы айтады:

;

Кернеу (кернеудің түсуі) деп нүктелік оң заряд тізбек бөлігі бойымен қозғалғанда жасалатын толық жұмысқа сандық мәні тең шаманы айтады:

Кернеу вольтпен өлшенеді, (В).

Тізбек бөліктерінің ұштарындағы кернеу "1" және "2" нүктелеріндегі потенциалдар айырмасына тең:

Электр тізбегін график түрінде көрсету – электр схемасы деп аталады.

Шартты белгілер арқылы бейнеленген электр схемасы – принциптік электр схемасы деп аталады.

Электр тізбегі тармақ, түйін және контур деген ұғымдармен сипатталады.

Тармақ деп бойымен бір ғана тоқ жүретін электр тізбегінің бөлігін атайды.

Түйін деп үш немесе одан да көп тармақтар тоғысатын электр тізбегінің нүктесін атайды.

Контур деп құрамына бір-бірден тармақ пен түйін кіретін тұйық тізбекті айтады.

Электр тізбегі дегеніміз – электр тогын өткізетін элементтер мен құрылғылардың тізбегі. Электр тізбегінің элементі дегеніміз – электр тізбегінің құрамындағы белгілі бір функция атқарушы құрылғы, яғни, электр тізбегіне кіретін бөлек құрылғыларды айтамыз. Электр тізбегінің негізгі элементтері: резистор, индуктивтік катушка, конденсатор, яғни, бұлар электр тізбегінің пассивтік элементтеріне жатады. Ал, активтік элементтерге жататын электр энергиясының көздері: кернеу және ток көздері.

Резистор деп кедергілік қасиеті бар электротехниалық құрылғыны айтады.

Электр кедергісіне кері шаманы электр өткізгіштігі (өткізгіштік) G деп атайды:

;

Өткізгіштік сименспен өлшенеді, (См).

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның ‘condenso’ – жинақтау деген сөзінен шыққан, яғни конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады.