Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
камелет тергеу дип раб.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.86 Кб
Скачать

2.2 Қылмыстық іс қозғау және тергеуді жоспарлау

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 56-тарауында көрсетілген. Мұндағы қағидалар қылмыс жасаған кезде он сегізге толмаған (заң бойынша заң бойынша он сегізге толдыидеп туған күнінде емес, келесі күннен бастап есептелінеді) тұлғаларға қолданылады. Туған күні мен жылы туу туралы куәлікпен, төл құжатпен немесе аталмыш құжаттарды қарау хаттамасымен анықталады.

Осындай санаттағы істердің елеулі ерекшелігі – басқа да жағдайлармен қатар ҚР ҚПК-нің 531-бабында көрсетілген мән-жайларда анықталу қажет:

- кәмелетке толмаған адамның жасы (туған күнi, айы, жылы);

- кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары;

- зияткерлік, ерiк-жiгерінің және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен темпераментінің ерекшелiктерi, қажеттіліктері мен мүдделерi;

- кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға жатады.

Ескі ауысқандық ауруларға байланысты емес, кәмелетке толмағанның ойлау қабілетінде тегеуіріндік көріністер бар деген ой-пікірлер туындағанда, өзінің жасаған әрекеттерінің мағынасын толық түсіну-түсінбеушілігі туралы жағдайлар анықтау керек. Мұндай мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті мағұлмат бере алатын кәмелетке толмағаннның ата-анасын, мұғалімдерінен, тәрбиешілерінен жауап алынады, сондай-ақ керек құжаттар талап етіледі және тергеулік, соттық іс-әрекеттер жүргізіледі. Бұл жерде балалар және тергеулік, соттық іс-әрекеттер жүргізіледі. Бұл жерде балалар және жасөспірімдер психологиясы салсында мамандырылған психиаторлар немесе психологтар кеңесін алу өз нәтижесін береді.

Қылмыстық іс қозғауға дейінгі тексеріс мынадай жаідайларда қажет; кәмелетке толмағанның қылмысы туралы арызда елеулі кереғарлықтар болғанда; хабар кімнен келіп түсендігі белгісіз; арыз, қылмыс жасалғаннан кейін көп уақыт өтісімен барып берілген; қылмыстық оқиғаны суреттеу нақты емес; қылмыс жасалғаннан кейін көп уақыт өтісімен барып берілген; қылмыстық оқиғаны суреттеу нақты емес; қылмыс жасауда сезікті жасөспіпірім қылмыстық жауаптылыққа тартылатындай жассқа келген жоқ деген жорамал бар және т.б.

Кәмелетке толмаған жасған әрбір қылмыстық бойынша басқалармен қатар мынадай болжамдарды тексерген жөн;

  • Үлкен арандатушылар немесе қатысушылар барма;

  • Бірнеше қылмыс жасаған жасөспірімдер мен ересектердің қылмыстық тобы бар ма;

  • Кәмелетке толмағандар қайыршылыққа, ішімдікке салынуға, құмарлық ойындар ойнауға, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін нәрселерді пайдалануға үйренген бе;

  • Үлкендер жағынан алдын ала уәделеспеген жасырушылық фактісі (оның ішінде ата-анасы жағынан да) бар ма.

Қылмыстарды кәмелетке толмағандар тобы жасағанда, олардың құрылу жағдайлары мен әрекеттесу ерекшеліктері, әрбір мүшесінің рөлі аныұталады. Мұндай топтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтармен байланвс мүмкіндіктерін анықтаған жөн.

2.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістері

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар жайлы істер бойынша тергеуші іс-әрекеттерінің бағдарламасы көбіне ұрлық, тонау, зорлау тәріздес қылмыс топтарын тергеу барысында қалыптасатын кәдімгі тергеулік ситуациялармен қамтамасыз етіледі. Қарастырылып отырған істер бойынша тергеуші іс-әрекеттерінің бағдарламасының мұндай ситуациялық өзара қамтамасыздығы – кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар үшін тән ерекшелік. Міне, осы жағдай тергеу әрекеттерінің реті мен сипатына әсер етеді.

Тәжірбиеде төмендегідей кәдімгі тергеулік жағдайлар кездеседі.

  1. Жәбірленуші немесе куәлар қылмыскерлерді білмейді, бірақ та бет пішіні, өзін-өзі ұстау мәнеріне және басқа да белгілері сай, олар кәмелетке толмағандар болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Мұндай жағдайда, яғни, қылмыстың интеллектуалдық іздері болғанда, материалдық іздерді анықтау жұмысына назар аударылады. Әдетте, мұндай кезде оқиға болған жерді қарау (қылмыс кәмелетке толмағандармен жасалғандығын көрсететін белгілер айқындау керек); жәбірленушіден не материалдық тұрғыдан жауапты тұлғалардан жауап алу; ізін суытпай қылмыскерлерді іздеу мақсатындағы жедел іздестірушілік шаралар; қылмыскерлерді ұстау; кәмелетке толмағандардың жұмыс, оқу орнын және мекен-жайын тінту және сондағылардан жауап алу; жеке басын тінту; сот сараптамаларын жүргізу іске асырылады.

  1. Оқиға болған жердің жағдайы, іздер және басқа да мәліметтер қылмыс жасөспірімдермен жасалғандығын көрсетеді.

Материалдық іздер болғанда, тергеушінің жұмыс бағдарламасы негізінен қылмыстың интеллектуалдық іздерімен жұмыс істеу қажеттілігімен анықталады. Бұл жерде жәбірленуші, хабардар немесе материалдық тұрғыдан жауапты тұлғалардан жауап алу, ізін суытпай жедел іздестіру қызметкерлерінің көмегімен мақсатты түрде қылмыскерлерді іздеу, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстап, тану үшін ұсынудың маңызы зор. Сонан соң кідіртілмей ұсталғандардан жауап алынады, жұмыс, оқу орны және мекен-жайы тінтіледі, жеке басы тінтіледі, тиісті сот сараптамалары тағайындалады. Оқиға болған жерден табылған іздер криминалистикалық тіркеулермен тексеріледі.

  1. Жәбірленушілер мен куәларға қылмыскерлер және олардың жасы мәлім.

Мұндай жағдайда әдетте, кәмелетке толмағандарға қатысты ұстау жүргізіледі, оқиға болған жер қаралады, ұсталғандар мен хабардар тұлғалардан жауап алынады, тану үшін ұсыну әрекеті іске асырылады, іздер тіркеулерден тексеріледі, жұмыс, оқу орны мен мекен-жайы тінтіледі, жеке басы тінтіледі, кәмелетке толмағандардан жауап алынады, сот сараптамалары тағайындалады.

Осылайша, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық істер бойынша пайда болған жағдайларға байланысты күдіктіге қатысты ұстау әрекеті жүзеге асырылады, оқиға болған жер қаралады, кәмелетке толмағандардан жауап алынады, тінту жүргізіледі, сот сараптамалары тағайындалады.

Тергеу әрекеттері тактикасының реті мен ерекшеліктері жайлы дұрыс шешім мынадай мәселелерге байланысты:

  • Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың сипаттамасыны;

  • Оларды жасау тәсілі мен уақытына;

  • Қылмыстық іс қозғауға негіз болған алғашқы мәліметтердің мазмұнына;

  • Іс бойынша пайда болған кәдімгі тергеулік жағдайға.

Процестік мәжбүрлеу шаралары ретінде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға осы ҚР ҚПК-нің 128, 147-баптарында көрсетілген негіздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған кезде ғана ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін (ҚР ҚПК-нің 541-бабы). Бұл жерде жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктері, қылмыстық әрекеттердің дөрекілігі, ниет пен зардапқа деген мақсаттылығы, қылмыстың қайталанылуы ескеріледі, қылмыстық қызметтің созылмалы болуының қауіптілігі зерттеледі.

Кәмелетке толмағандарды ұстау үшін дайындықтан өту керек. Бұл жерде жасөспірім көрсететін қарсылық, оның ішінде қаруланған қарсылық көрсету мүмкіндігі ескеріледі. Әдетте, ұстау әрекеті күндіз, кісі аз жерде іске асырылады. Ұсталғанға мұндай шараның қолдану себебі, оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Ұстау және кәмелетке толмағанның отырған жері туралы оның ата-анасы немесе заңды өкілдерге ескеріледі. Ұстау хаттамасында жасөспірімнің үлкендерден және сотталған кәмелетке толмағандардан бөлек ұстау қажеттілігі атап көрсетіледі. Тергеуші, сондай-ақ істе қорғаушының қатысуын қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің, мектеп-интернаттардың және басқа да балалардың жабық мекемелерінің қарауына беру тәрізді бұлтартпау шарасы да жиі қолданылады.

Оқиға болған жерді қарау. Оқиға болған жерді мақсатты және кәсіби түрде қарау барысында қылмыс кәмелетке толмағандармен жасалынды деген болжамды шығаруға мүмкңндңк беретін іздер мен басқа да заттық дәлелдемелерді табуға болады.

Аталмыш болжам негізінде жатқызуға болатын белгілер:

1) қарау барысында табылған іздердің ерекшелігі. Оларды алдын ала зерттеуден өткізуге маман-криминалистің алатын рөлі зор. Қол іздерінің өлшемі бойынша шамамен жасын анықтауға болады. Ұзындық бірлігіне шаққандағы бүртік (папилляр) сызықтарының саны бойынша адам жасын анықтауға маман көмек береді. Қол және саусақтардың өсуіне қарай сызықтардың азаятындығы байқалған. Дактилоскопиялық кқшірмедегі бүртік сызықтарға перпендикуляр жүргізілген 0,5 см-лік сызық аралығында, 8-12 жастағы балада әдетте 12-13 бүртік сызықтары болады,жасөспірімдерде – 10-12 бүртік сызық, үлкендерде – 9-10, ал толық адамдарда – 7 бүртік сызықтары байқалады.

Өлшемдері бойынша кішкене аяқ киім іздері, оларды кәмелетке толмағандар қалдырғанын көрсетеді. Аяқ киім іздерінің жолдарындағы һкше мен қадам ұзындықтары арқылы шамамен адамның бойын анықтауға болады.

Егер қарау барысында конфет, ірімшік, шоколад, майдағы тіс іздері табылса, олар жасөспірімдерден қалдырылған деген жорамал жасауға болады. Маман-стоматолог көмегңмен жүргізілген тістердің бөлек іздерін қосымша өлшеу нәтижесінде, ол іздер жасөспіріммен қалдырылған деген нақты қорытынды беруге болады;

2) қылмыскерлердің қисынсыз қимылдарын көрсететін іздер. Кәмелетке толмағандар жасалынатын қылмыстың егжей-текжейін әрқашан ойластыра бермейді. Оқиға болған жерді қарау барысында заттардың керексіз шашылуы, олардың бүлінуі қажет етілмейтін кқріністер байқалады;

3) оқиға болған жерден ұрланған заттардың сипаты (тәтті тағамдар, бейне және радиоаппаратуралар, компьютерлер, сағаттар және т.б.);

4) қылмысты жасау тәсілдерінің ерекшеліктері.

Оқиға болған жердің жағдайын талдай отырып, қылмыскерлер қимылдарындағы бейберекеттікті көрсететін белгілерді анықтауға болады (себепсіз бүліністер, спирт ішімдіктерінің бос шөлмектері, есірткі заттардың бумалары т.б.). Жазуларды зерттеу барысында қолтаңбаға, жазған адамның бойы мен әуестігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін қабырғадағы жазулардың мазмұны мен орналасу биіктігіне назар аударылады. Қылмысты жасм жасады деген тұжырымға, ұрланған заттың сақталу орнына енуі ықтимал кішкене тесіктер арқылы келуге болады.

Тінту. Аталмыш тергеу әрекетінің заты қылмыстың жасалу тәсілі мен сипатына қарай анықталады.Тінту барысында жасөспірімдер үлкендерге қарағанда, өздерін қолда ұстай алмағандықтан,олардың мінез құлықтарына бақылау орнатып,ол үшін тінтуді екі тергеуші немесе тергеуші және жедел іздестіру қызметкерінің жүргізгені көп нәтиже береді. Тінту арқылы жасөспірімнің жеке басы ,өмірі және тәрбиесі, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер шеңбері туралы мәліметтер жиналуы тиіс. Осы мақсатта тінту кезінде жасөспірімді қалай да болсын сипаттайтын заттарға (аспаптар, кітаптар, бейне кассеталар және т.б.) назар аударған жөн. Сонымен бірге кітапшаларын күнделіктерін және таныстарының фотосуреттерін іздеу керек.Спирт ішімдіктері мен есірткі заттарын жиі пайдалануы мүмкін деген тұжырымды дәлелдейтін мәліметтерге көңіл бөлінеді. Келтірілген зардапты қамтамасыз ету мақсатында, тінтумен қатар мүлікке тыйым салынуы қажет.

Кәмелетке толмағандардан жауап алу. Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, он төрт жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. Жауап алуда қорғаушы да қатысуға құқылы.

Жауап алуға дейін шақыртылған тұлғаға мінез-құлық ережелері туралы нұсқау беру керек. Жауап алу барысында тайталасуға, төрешінің рұқсатынсыз сұрақ қоюға, дәлелдемелерге баға беруге болмайды. Кәмелетке толмағандардың сенгіштігі жоғары болғандықтан, нақтылаушы және толықтырушы сұрақтарды қою кезінде ерекше сақ болу керек. Оның себебі жасөспірімдер жауап алу үстінде ажалдауға жақын тұрады, сондықтан тексеріс сауалдарын қоюға дайын болған жөн. Кәмелетке толмағандармен айтылған мәліметтер тыңғылықты тексеріледі.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде болған оқиғаның толық көрінісін, уақытын, орнын, жағдайын анықтауға, қылмыскерлердің жеке басы, киімі, сөйлесі мәнері туралы толық мағлұмат алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Жолдастық сезімді дұрыс түсінбеушік нәтижесінде кейде жәбірленушілер іс үшін елеулі маңызы бар жағдайларды жасырады. Мұндай жәбірленушілердің көрсетулері сынды баға беру және қайта тексерістен өткізу әрекетіне ұшырайды.

Кәмелетке толмаған куәдар да кейде ақырына дейін шыншыл болмайды, олардың ойынша шынайы көрсетулер құрдастарын әшкерелейді.

Күдіктіден (айыпталушы) жауап алу кезінде тергеуші кәмелетке толмаған қылмыскерге оған қарсы тағылған айып мазмұны мен мәнін жете түсіндіру керек. Оның іс-қимылдарын қылмыс ретінде саралайтын арнайы заң терминдері тергеушімен жеткілікті тілде түсіндіріледі, онымен психологиялық қатынас орнатылады, оқиғаның жалпы көрінісін қайта қалпына келтіруге көңіл бөлінеді,қылмыстың қозғамы және жасалған қылмыстың субъективтік жағының басқа да элементтеріне, қысқасы жауап алудың заты болып келетін шыншыл көрсетулер анықтауға күш жұмсалады.

Жауап алынып жатқан кәмелетке толғандардың көрсетулерін жауап алу біткен соң бекіткен жөн. Бекіту тәсілдерінің қосымша құралдары ерекше орын алады, мысалы, үн таспаға жазу.

Сараптамалар тағайындау. Осындай санаттағы істер үшін сот медициналық және сот психологиялық сараптамалар тән. Жасын анықтау қажеттілігі туындап, ал жасы туралы құжаттар жоқ және оларды қайта қалпына келтіру мүмкін емес жағдайда сот-медициналық сараптама міндетті түрде жүргізіледі. Бой, салмақ, сүйектерінің жағдайы, тіс, шаш белгілеріне қарай сарапшы кәмелетке толмағандардың жасы туралы тұжырымға келе алады.

Сот психологиялық сараптама заты ретінде дамуында елеулі тегеуріндік бар жасөспірімдердің даму деңгейі жүреді. Сарапшылар (көбіне, оған педагогтар, психологтар, ал кейде психиаторлар жатады) алдында қойылатын сұрақтар шеңбері; кәмелетке толмағанның ақыл-ой дамуында ауытқулар бар ма;олар немен байланысты пайда болған; жасөспірімнің шын мәніндегі дамуы қай жасқа сәйкес келеді; психология мәліметтеріне сүйіне отырып, кәмелетке толмаған өзіне тағылған айыптың мағынасын жетік түсінбеген деп тұжырым жасауға бола ма. Істің мән-жайына байланысты басқа да сауалдар қойылуы мүмкін.

Әрбір сараптаманы тағайындай отырып,кәмелетке толмаған күдіктінің осындай әрекетті жүргізуге байланысты құқықтарымен, мәселен, қорғаушы немесе заң өкілдің қатысуын қамтамасыз ету қажет. Олар сондай-ақ салыстырмалық зерттеу үшін үлгілер алу кезінде де қатысу керек.