Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
камелет тергеу дип раб.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.86 Кб
Скачать

1.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеу

Қоғамның тереңдетілген демократизацияландырылуы, құқықтық тәртіпті дүниежүзілік нығайтуға бағыт алуы жағдайында заңшығарушы органдармен қылмыстылықпен күресуде заңнамаларды жаңарту мен жетілдіру бойынша шешуші қадамдар жасалуда. Қылмыстылықпен күресті жүргізумен байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу аясын кеңейту тенденциясында биліктің өкілді органдарының елдегі заңдылықты нығайтуға, қылмыстық қол сұғушылықтан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын дүние жүзілік қорғауға ерекше назары аударылып отыр.

Қылмыстылықпен күресудегі міндеттерді шешуде алдын ала тергеу органдары өз жұмысында әртүрлі заң күшіндегі құқықтық актілермен қарастырылған нормалардың жиынтығын негізге алады. Сондықтан жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тиімді тергеудің маңызды факторы оның сапалы құқықтық негізі болып табылады. Бұл оның құқықтық реттелуі субъектілер мен объектілер арасындағы қатынастарға тиісті тәртіп енгізетіндігімен, олардың мінез-құлқының шектерін анықтайтындығымен, заңдылықты нығайтатындығымен түсіндіріледі.

Қолданыстағы қылмыстық процестік заңнамасы 19 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған. Өткен кезеңде онда мәселелер мен белгілі бір әлсіздіктері анықталды. Заңнамаға енгізілген көптеген өзгерістер мен толықтырулар оның гармониялығы мен келісімділігіне ықпал еткені сөзсіз. Кейбір тұстары бойынша тергеуші мен анықтаушының қызметін құқықтық реттеу қылмыстық-процессуалдық құқық пен криминалистика ғылымдарының жетістіктеріне жауап бермейді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында тергеушінің қызметін құқықтық реттеумен қалай да болса байланысы бар әртүрлі құқықтық институттардың, заңның жекелеген талаптарының зерттеулері аз жүргізілген жоқ.

Сөйте тұра тергеуші қызметін заңнамалық реттеуге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар санының көп болуы белгілі бір дәрежеде реттеудің қарастырылып отырған түрімен объективті қажеттіліктердің қанағаттандырылмай отырғандығын көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру қажеттілігінің объективті негізі бар. Уақыт өткен сайын процессуалдық қызметтің жекелеген ережелері мен оны жақсартудың объективті қажеттілігінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болады.

Тергеуші мен анықтаушының қызметінің тиімділігі бірқатар факторларға байланысты, оның ішінде бұл қызмет заңнамалармен қаншалықты толық, дұрыс және объективті қажеттіліктерге сәйкес реттелгендігі де бар. Заңгер үшін заң – бұл кәсіби құрал, оның қызметіндегі құзыреттерінің негізі екендігі мәлім. Сәйкесінше тергеушілермен жүргізілетін қылмыстарды тергеу әртүрлі заңды күші бар құқықтық актілермен қарастырылған нормалардың жиынтығына негізделеді. Нормативтік актілерді шығарған басқару субъектілеріне қарай үш негізгі топты атап көрсетуге болады:

  1. заңдар мен заңшығарушы органдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілері;

  2. биліктің атқарушы органдарының заңға тәуелді нормативтік-құқықтық акітелір;

  3. ведомтсволық нормативтік актілер.

Біздің көзқарасымыз бойынша жоғарыда келтірілген қылмыстарды тергеудің құқықтық негізін құрайтын нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуін жасы кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысын тергеудің құқықтық негізіне қолдану заңды.

Жасы кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жоғарыда аталған деңгейлеріндегі кейбір нормаларды осы зерттеуде бар мәселелер призмасы арқылы анағұрлым толығырақ қарастыру, біздің ойымызша, кейбір күрделі мәселелерді анықтауға және оны құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Бірінші деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасына келетін болсақ, олардың түбегейлі қарастырылуы біздің зерттеуіміздің шегінен шығып кетуі мүұмкін, оған қоса заң әдебиеттерінде де оларға көп көңіл бөлінген. Оған қоса бізді қызықтыратын салада қалыптасатын қатынастарды құқықтық реттеу үшін бастапқы талаптар ретінде қарастырыла алатын жекелеген ережелерді атап көрсету қажет.

Бірінші деңгейдегі құқықтық реттеу актілеріне ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы жатқызылады. Қазақстан Республикасының тұтастай құқықтық жүйесін қалыптастырудағы оның маңыздылығы туралы айтудың қажеттілігі жоқ, ол онсыз да айқын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық республикалық заңнаманың негізін құрайды, заңнамалардың кез-келген саласының шегінен шығады. Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстарды тергеуді тікелей реттемегенімен, оған түбегейлі, негізге алатындай маңызға ие жалпы ережелерден тұрады. Ол келесі мән-жайларға байланысты.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 2-тарауында нормативтік-құқықтық бекітілген қылмыстық процесс қағидалары жасалған. Арнайы әдебиеттерде қылмыстық іс жүргізу қағидаттары деп қарастырылып отырған қызметтің мәні, мақсаты мен міндеттеріне деген қалыптасқан қоғамдық көзқарастар мен сенімдерді көрсететін бастамашылық идеялар түсіндіріледі. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстарын тергеуге қатысты – бұл негізге алынатын идеялар, ұйымдастыру мен тактиканың маңызды ережелері.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, меншік пен қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері бойынша негізгі ережелер көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғауға кепіл берілген. Құқық қорғау органдары қылмыстарды тергеу жолын қоса алғанда, осы кепілдердің орындалуын қамтамасыз етуге тағайындалған.

Қылмыстарды тергеу адамның кейбір конституциялық құқықтарының шектелу мүмкіндігімен тығыз байланысты екенін атап кеткен жөн (мысалы, ҚР Конституциясының 18-бабына сәйкес, жеке өмірге, жеке және отбасыық құпияларға қолсұғылмаушылық). Сөйте тұра мұндай шектеулер заңды, өйткені қылмыстарды тергеуді нормативтік-құқықтық реттеудегі маңызды конституциялық ереже болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен шектеу мүмкіндігі болып табылады. Дегенмен мұндай шектеу өзге адамдардың осындай құқықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұзған дәрежесінде ғана жүзеге асырыла алады.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы ретінде жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді қоса алғанда, қылмыстылықпен күрес бойынша шараларлдың толықтай кешенін қамтитын заңдардың қабылдануының алғышартын жасайды. Тікелей осы шаралар қылмыстарды тергеуді реттейтіндерін қоса алғанда, өз құзыреті мен биліктік өкілеттері негізінде Конституциялық нормативтік актілерді шығаратын ішкі министрлігі, бас прокуратура сияқты тиісті министрліктер және ведомстволармен қолданылады.

Қазақстан Республикасының Консттуциясымен қатар қылмыстарлды тергеудің заңнамалық негізін құрайтын нормативтік құқықтық актілердің бірінші тобына оның жүргізілуіне құқықтық алғышарттарын жасайтын, оның жекелеген сұрақтарын реттейтін бірқатар заңдар жатқызылады.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу үшін құқықтық алғышарттарын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жасайды. Бұл сипатына, қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатындығын және осы қылмыстарды жасаған адмадарға қандай жаза тағайындалуы тиіс екендігін анықтайтын мазмұны мен мәніне байланысты орналасқан логикалық өзарабайланысқан ноомалардың жиынтығы ретіндегі әмбебап, жүйелендірілген заңнамалық акт болып табылады. Қылмыстық кодекс – бұл Қылмыстық процестік кодексімен тығыз байланысқан заң екендігін атап өткен жөн. Сондықтан жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу тәжірибесі үшін оның келесі нормаларының маңызды және түбегейлі мәні зор.

ҚР ҚК жалпы бөлімінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар» 2-бөлімінде 15-бабымен заңшығарушы қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшерін бекіткен. Алдында айтылып өткендей құқыққа қайшы әрекеттерді жасады деп сезіктенген жасы кәмелетке толмағандардың осы жас белгісі мен пс ихикалық дамуы қылмыстық қудалаудың басталуына негіз болады.

Қылмыстық жауаптылық шектерін 14 жастан 16 жсқа дейін бекіте отырып, заңшығарушы аталған жасқа жеткен жасы кәмелетке толмаған жасалған әрекеттердің қоғамға қауіптілігін сезінуге және өз мінез-құлқын басқара алуға қабілетті деген презумпцияны негізге алған. ҚР ҚК қарастырылып отырған бабының ережелері халықаралық құқық нормаларына негізделетіндігін атап өтуіміз қажет. 1985 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған Жасы кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүргізуге байланысты БҰҰ ең төменгі стандарттарының («Пекин ережелері») 4.1 пунктінде «жасы кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық жауаптылық жасы ұғымы танылатын құқықтық жүйелерде эмоционалдық, рухани интеллектуалдық жетілу аспектілерін ескере отырып осындай жастың ең төменгі шегі өте төмен жас деңгейінде бекітілмеуі тиіс» деп атап көрсетілген.

Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттері азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғудан бастап компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігіне қол сұғумен аяқталатын әртүрлі деликтілерден тұрады. Дегенмен қылмыстық қол cұғушылық объектілері мен олардың субъективтік жақтарының алуан түрлілігіне қарамастан осы қылмыстарға тән бірқатар жалпы белгілерін атап көрсетуге болады. Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылықтарының объектілері ретінде әдетте меншік, жеке тұлға мен оның өмір сүруге, денсаулыққа, жыныстық қол сұғылмаушылыққа құқығы мен халықтың денсаулығы қатысады. Олар ұрлық , тонау, қарақшылық, автокөлік құралдарын айдап кету, адам өлтіру, зорлау, денсаулыққа зиян келтіру, бұзақылық, вандализм, есірткі заттарын алу мен сақтау, компьютерлік жүйелерді бұзу, ескерткіштерді жою мен зақымдай жән т.б. сияқты іс-әрекеттерді жасайды. Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын қарастыратын нормалар ҚР ҚК жалпы бөлігінің 6-бөлімінде қарастырылған. Аталған бөлім құрылымында 6- бөлім «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» деп аталады. Бұл ерекшеліктерге мыналар жатқызылады: кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы (80-бап); кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері (81-бап); кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау (82-бап); кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату (83-бап); тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары (84-бап); тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері (85-бап); кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (86-бап); кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру (87-бап); ескіру мерзімдері (88-бап); сотталғандықты жою мерзімдері (89-бап); осы бөлімнің ережелерін он сегізден жиырма бір жасқа дейін адамдарға қолдану (90-бап).

Аталған нормалардың ғылыми талдауы қылмыстық құқық бойынша көптеген әдебиеттерде толықтай дерлік қарастырылғандығын, сондай-ақ бір параграф көлемінде олардың маңыздылығын ашу мүмкін еместігін ескере отырып біз алдымызға олардың құқықтық талдауын жасауды қоймаймыз, тек оларды жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеудің құқықтық негіздерінің бір құрамдас бөлігі ретінде атап ғана көрсетеміз. Дегенмен қылмыстық заңнаманы реформалауда қолданылып жүрген құқық қолданушылық тәжірибенәі де ескеруіміз қажет. Көп жағдайда тәжірибе төменгі шектерден де төмен немесе қолданыстағы заңнамамен бекітілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындайтын жазаны жеңілдету жолымен жүретін болса, жасы кәмелетке толмағандарға қандай да бір қылмыс үшін жауаптылықты қатаңдату дұрыс бола қоймас.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі – қылмыстық іс жүргізушілік қатынастарды реттейтін нормалардан құралған қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі болып табылады. Қылмыстық материалдық және қылмыстық процессуалдық өқұқықтардың органикалық байланыстары туралы атап өткен жөн. Заңнаманың соңғы кодификациясы процесінде құқықтың екі сабақтас саласының өзара байланысы мен өзара тәуелділігін дұрыс бағаламау ҚР ҚПК бірқатар нормаларының жасалуына қолайсыз әсерін тигізді.

ҚР ҚПК «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу» 56-тарауында жасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмсытқы істер бойынша iс жүргiзу тәртібін анағұрлым толығырақ реттейтін заңнамалық нормалардан тұрады. Оларға мыналар жатқызылады: анықталуға жататын мән-жайлар; кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу; кәмелетке толмаған адам туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөліп шығару; кәмелетке толмаған күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны шақыру тәртiбi; кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу; корғаушының қатысуы; кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы; педагог пен психологтің қатысуы; кәмелетке толмаған адамға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау; кәмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру; кәмелетке толмағандарды ұстап алу және оларға бұлтартпау шараларын қолдану; сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері; кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу; кәмелетке толмаған адамның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер; мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату,

Осылайша, ҚР ҚПК 56-тарауының нормалары жасы кәмелетке толмағандарға қатысты тұтастай сот өндірісі мен жеке оның сотқа дейінгі сатысы мәселелерін бекітті. Аталған бап бірқатар қылмыстық-процессуалдық новеллалардан тұратынын атап кеткен жөн.

ҚР ҚПК 531-бабымен жасы кәмелетке толмағанның жасын анықтау жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жай болып табылатындығы талабы анықталған. Заңның осы ережесін түсіндіре отырып ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы «Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» қаулысында соттарын назарын келесіге аударған:

  • адам қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа дәл туылған күні емес, осы күн келетіннен бір тәуліктен соң, яғни келесі тәуліктің нөл сағатынан бастап жеткен болып есептеледі;

  • егер кәмелетке толмаған құқық бұзушының жасы туралы құжатнамалық мәліметтер болмаса, оның жасын анықтау үшін сот – медициналық сараптама жүргізу қажет;

  • сот-медициналық сараптама арқылы жасын анықтауда тұлғаның туыл,ан күні болып сарапшылар атаған жылдың ең соңғы күні есептеледі, ал жасты ең төменгі және ең жоғарғы жас санымен анықтауда сарапшылармен ұсынылғандардан осы тұлғаның ең төменгі жасы таңдалады;

  • егер іс бойынша ақыл есінің артта қалушылығы туралы мәліметтер анықталса жасы кәмелетке толмағанда психикалық дамудағы артта қалушылықтардың болуы не болмауы жөнінде мәселені шешу үшін психологиялық-психиатриялық кешенді сараптама тағайындау және т.б.

Аталған түсіндірмелер кәмелетке толмағанның жасы анықталған немесе анықтауға жататын жағдайда тергеуші мен анықтаушының құқық бұзушылық жасаған жасөспірімге қатыстықылмыстық іс қозғау үшін негіздерді анықтаудағы әрекеттерінің алгоритмін нақты анықтайды.

ҚР ҚПК 541-бабына сәйкес жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыға қылмыс жасағандығына  ұстап алу және оларға бұлтартпау шараларын қолданудың жалпы тәртібін таратады. Аталған баптың мұндай ережелері жасөспірімнің құқығын ешқандай да шектемейді, ол ҚР ҚПК бірқатар жекелеген нормаларымен реттеледі. Сезікті жасөспірім құқылы: оны неге сезікті етіп отырғандығын білуге және оған қарсы қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін, не ұстау хаттамасының көшірмесін, не оған қатысты жолын кесу шарасын қолдану туралы қаулы көшірмесін алуға; оған қатысты орын алған сезік бойынша түсініктемелер мен көрсетулер беруге не түсініктемелер мен көрсетулер беруден бас тартуға; дәлелдемелер ұсынуға; өтініштер мен бас тартулар беруге.

Жасы кәмелетке толмаған сезіктіден жауап алу екі сағаттық үзіліссіз жалғаса алмайды, ал жалпы ұзақтығы күніне төрт сағаттан аспауы тиіс. Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алуда қорғаушының міндетті қатысуы қарастырылған. Ол тікелей жауап алуда да қатысуға құқылы. Сонымен қатар он алты жасқа толмаған немесе осы жасқа толған, бірақ психикалық бұзылумен немесе психикалық дамуында артта қалушылықтары бар сезіктіден, айыпталушыдан жауап алуда педагог немесе психологтың қатысуы да қарастырылған.

Жасы кәмелетке толамаған күдікті – бұл 16 жасқа толмаған, немесе ҚР ҚПК бекітілген негіздер бойынша және тәртіппен оған қатысты қылмыстық іс қозғалған; немесе ҚР ҚПК сәйкес ұсталған; немесе оған қатысты ҚР ҚПК сәйкес айып тағылғанға дейік бұлтартпау шарасы қолданылағн тұлға.

ҚР ҚПК 537-бабына сәйкес жасы кәмелетке толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуда оның заңды өкілінің қатысуына құқығы бар. Жасы кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі одан алғаш рет жауап алған сәттен бастап қатыстырылады. Жауап алушы тұлға жасы кәмелетке толмағанның заңды өкілін жауап алу уақыты мен орны туралы хабардар етуге, қылмыстық іске оның қатысуына рұқсат ету туралымәселені шешуге, оның құқықтарын түсіндіруге міндетті.

Сот сараптамаларын тағайындау қылмыстық қол сұғушылық субъектісінің ерекшелігіне негізделеді. Осылайша туылған күні туралы құжаттары жоқ жасөспірімнің қылмыс жасауында оның жасын анықтау үшін міндетті түрде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Жасы кәмелетке толмаған өз әрекеттерінің мәнін толық көлемде түсіне алды ма және оларды басқара алды ма, сондай-ақ жасы кәмелетке толмағанның психикалық дамуы оның жасына сәйкес келеді ме деген сұрақтарды анықтау үшін психологиялық-психиатриялық зерттеулер міндетті болып табылады.

Кез-келген сараптаманы тағайындай отырып жасы кәмелетке толмағандардың ҚР ҚПК 274-бабында көзделген құқығын сақтауды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда ҚР ҚПК 7-бабының 13-тармақшасына сәйкес аталған тұлғалар қатарынан қорғаушының не заңды өкілдің қатысуын қамтамасыз ету қажет.

ҚР ҚПК 545-бабына сәйкес «Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату» қылмыстық іс материалдарын қарау мен жасы кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеуші ықпалы бар мәжбүрлеуші шараларды қолдану туралы өтініштерді қарау тәртібін бекітеді. Онда сотқа айыптау қорытындысымен немесе айыптау актісімен келіп түскен қылмыстық істің тоқтатылу және жасы кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеуші ықпалы бар мәжбүрлеуші шараларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылған, қылмыстық іс бойынша өндірісті қайта қозғау үшін қылмыстық қудалауды тоқтату туралы бұрын қабылданған қаулының күшін жою рәсімі қарастырылған.

Ұсынылып отырған зерттеу пәніне қатысты 1990 жылы 14 желтоқсанда қабылданған қамаққа алынған немесе сотты күтіп отырған жасы кәмелетке толмағандарға қатысты БҰҰ Ережелері қызығушылық тударады. Бұл Ережелер келесіні қарастырады:

  • сотқа дейін қамаққа ұстаудан мүмкіндігінше бас тарту қажет және оған тек ерекше жағдайларда ғана жол берілуі тиіс;

  • әртүрлі баламалы шараларды қолдануға ұмтылу керек;

  • превентивтіқамаққа ұстау сияқты шара қолданылғанның өзінде тергеу органдары істі барынша жедел қарауға бірінші кезекте назар аударуы тиіс, өйткені қамаққа ұстау кезеңі барынша қысқа мерзімді болуын қарастыру қажет;

  • қамаққа алынған жасы кәмелетке толмағандар заң кеңестеріне құқық алуы тиіс және тегін заң көмегін алу туралы өтініш білдіруге мүмкіндік алуы, сондай-ақ өз қорғаушысымен жиі кездесіп тұруы тиіс;

  • қамаққа алынған жасы кәмелетке толмағандарға олардың жеке өміріне араласпаушылыққа және құпиялылыққа кепіл берілуі тиіс;

  • мүмкін болған жағдайда жасы кәмелетке толмағандарға ақы төленетін жұмыспен айналысуын, оқуын, немесе өзге де кәсіби даярлығын жалғастыруға мүмкіндік беру қажет, бірақ мұны талап етудің қажеті жоқ. Олардың еңбегі, оқуы немесе кәсіби даярлығы қамаққа алыну мерзімінің создырылуына әкеліп соқтыра алмайды.

Жоғарыда қарастырылған халықаралық нормалар ықпалымен жасы кәмелетке толмағандар туралы істердің сотқа дейінгі өндірісіне қатысы бар жекелеген нормативтік ережелер қосылды.

Қылмыстық-процессуалдық қатынастарға түсе отырып қылмыстық істі жүргізуші тұлғалар бірқатар жағдайларда тек ҚПК ережелерін ғана емес, сонымен қатар онымен байланысты заңдарды да білуі тиіс. Атап айтқанда тергеуші мен анықтаушы жедел іздестіруді жүргізу туралы тапсырма бере отырып тиісті құзыретті орган нақты тергеу ахуалын ескере отырып нені және қандай шектерде жүзеге асыра алатындығын; алынған мәліметтер қылмыстық сот өндірісі аясына енгізіле алады ма және қандай жолдармен енгізілетінін нақты білуі тиіс. Демек, ҚР ҚПК нормаларына ғана емес, сонымен қатар «Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңына да сүйенуі тиіс.

«Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының бірқатар ережелері жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздерін анықтайды және жедел іздестіру шараларын жүргізуде заңдылық кепілдерінің жүйесін бекітеді. Заңда жедел іздестіру шараларын жүргізудің негіздері мен шарттары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектейтін жедел іздестіру шараларын жүргізу туралы материалдарды сотта қарау тәртібі анықталған, жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында алынған нәтижелерді пайдаланудың негізгі бағыттары көрсетілген.

Аталған нормаға қатысты жедел іздестрі қызметінің нәтижелері дегеніміз – қылмысты тергеу үшін қызығушылық тудыратын және жедел іздестіру шараларын жүргізуде алынған ақпарат, нақты мәліметтер, сонымен қатар қылмыстық қызметпен байланысты мән-жайлар туралы ақпарат. Мұндай нәтижелер, әдетте, тергеушіге жолданатын жедел іздестіру шараларының қорытындылары туралы құжатта, сондай-ақ бейне-, аудиожазбаларда, кино-, фотоматериалдарда болады. Осылайша, мысалы, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қандай да бір үй-жайда немесе қандай да бір адамда қылмыстық жолмен алынған заттар мен құндылықтар, қару-жарақ, есірткі заттары және т.б. бар екендігіне жеткілікті негіз беретін ақпарат алынды, егер мұндай ақпарат ұсынылған фото-, бейнематериалдармен расталатын болса, онда ол қылмыстық істі қозғау үшін не (немесе) тергеу әрекеттерінің өндірісі үшін (мысалы, тінту, алу) негіз бола алады және болуы тиіс.

Бұл жерде ҚР ҚПК «Дәлелдеуде жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін пайдалану» бабы осы кодекспен дәлеллемелерге қойылатын талаптарға жауап бермейтін болса дәлелдеу процесінде мұндай нәтижелерді қолдануға тыйым салынғандығын айтып кетуіміз керек. Келтірілген норманы талдай келе өзінің ықшамдылығына қарамастан, оның ішкі қайшылықтары бар екендігін атап өткен жөн. Жедел іздестіру қызметінің нәтижелері – бұл заңнама талаптарын сақтай отырып, бірақ қылмыстық процесс шегінде емес, жедел іздестрі шараларын жүргізуде алынған мәліметтер екені айқын. Демек мұндай нәтижелерді қолдану туралы шешім қабылдау сәтінде олар әлі дәлелдемелерге түрлендірілмеген, және осылайша, ҚР ҚПК нормаларына сәйкес дәлелдемелерге қойылатын талаптарға сәйкес бола алмайды.

Тәжірибеге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта қатты тасымалдағыштардағы жедел ақпаратты заңдастыру рәсімдері дұрыс қарастырылмаған, және дәлелдемелер ретінде дұрыс емес процессуалдық рәсімдеуге әкеліп соқтырады. Мәселе ҚПК «Дәлелдемелерді тексеру» бабында астыртын қызметкерлерді әшкерелеуге ғана емес, сонымен қатар нақты жедел іздестіру шараларының мазмұнына да ықпал ететін мән-жайлар пайда болатындығында. Бұл астыртын жұмыстың әдістері мен тәсілдерін жария етуге, қызмет көрсететін аумақтарда аталған бөлімшелердің қызметін тұрақсыздандырып немесе мүлдем мүмикін етпеуге, сонымен қатар штаттағы астыртын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп ғана қоймай, олардың жақындарының өмірі мен денсаулығына да қатер төндіруге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша мәселе астыртын жолмен алынған материалдарды қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде пайдалану үшін қалай заңдастыруда емес, құқық нормалары негізінде осындай материалдарға дәлелдеме күшін беретін нормативтік-құқықтық механизмнің қажеттілігінде.

Аталған мәселені шешу қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жаңа нормалардың қабылдануы арқылы мүмкін болады. Олардың мәні мынада:

  • біріншіден, қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер ретінде берліген іске қатысы бар, астыртын жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде аталған дәлелдемелерді алу әдістерін, тәсілдерін, қайнар көздерін жария етпей алынған кез-келген фактілік деректерді тану қажет;

  • екіншіден, мұндай дәлелдемелер тиісті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы тексерілуі керек (мысалы, криминалистикалық сараптама тағайындау).

Жедел іздестіру нәтижелерін қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес бағалаудан кейін оларды берілген қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде іске қосуға болады.

Заңнамаға ұсынылған өзгерістер, дипломант пікірінше, объективті түрде қажет, өйткені жоғарыда аталған мәселелерді ноормативтік құқықтық реттеу сапасын арттыруқылмыстылықпен күрестің әлеуметтік пайдалы міндеттері мен функцияларын орындауға бейімделген.

Біздің зерттеу пәнімізге қатысты 2015 жылғы «Жергілікті полиция туралы» Заңын атап өтуіміз қажет. Мұнда атап айтқанда полиция қызметкерлерінің «заңнамалдармен көзделген жеке және заңды тұлғаларды, заттар мен фактілерді есепке алуды және осы есепке алулардың мәліметтерін пайдалуды жүзеге асыруға; өз қызметін құжаттандыру үшін ақпараттық жүйелерді, бейне- және аудио техниканы, кино- және фотоаппаратураны, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмейтінөзге де техникалық және арнайы құралдарды пайдалануға» құқықтар қарастырылған. Бұл нормативтік ережелердің тергеу үшін қызығушылық тудыратын ақпарат пен заттай дәлелдемелерді алу үшін жедел техниканы қолданатын ішкі істер органдарының анықтау органдарына тікелей қатысы бар.

Бұл деңгейде жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеу нақыт субъектілік ашылуын таппайды. Бірақ мемлекеттік және атқарушы биліктің жоғарғы органдарының нормативтік актілерінің қылмыстылықпен күрестегі жалпы міндеттерді шешуде, жедел шараларды және тергеу әрекеттерін жүргізуде заңдылықты сақтауда тергеу және анықтау органдарының күштері мен құралдарын тиісті пайдалануды қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Мұндай актілерге ҚР Президентінің «мемлекеттік құпияға жататын мәліметтердің тізімі туралы» Жарлығы, «мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің құпиялылықтың әртүрлі деңгейіне жатқызылуының тәртібі» және т.б. жатқызылады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне талдау жасау олардың жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді тікелей реттемейтіндігін көрсетеді. Дегенмен олардың бірқатар нормалары адамдардың аталған санатына қатысты істерді тергеуде пайда болған әртүрлі құқықтық, ұйымдастырушылық және тактикалық мәселелерді шешу үшін негіз болып табылады.

Ведомстволық және ведомствоаралық нормативтік актілердің (бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.) де маңызы зор. Мұндай актілер не кешенді не жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер тікелей не жанамалай қарастырылатын тар бағытты сипатта болады.

ҚР Бас прокурорының «Жасы кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың орындалуына қадағалау тиімділігін арттыру бойынша прокуратура органдарының міндеттері туралы» бұйрығында жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуде жасөспірімдермен қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау қажеттілігі ерекше атап көрсетілді. Прокурорларға егер қылмыстық іс материалдарында тиісті ақпарат болмаса айыптау қорытындыларын бекітуге тыйым салынады.

Бас прокурор мен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің «Жасы кәмелетке толмағандардың топтасқан және ұйымдасқан қылмыстылығының алдын алудың қосыша шаралары туралы» біріккен тапсырмасында жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алуда ішкі істер органдарының мамандандырылған бөлімшелері мен тергеу аппараты арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту қажеттілігі айтылған, ал прокурорларға айыптау қорытындыларын бекітуде алдын алушылық жұмыстар қаншалықты толық және сапалы жүргізілгендігін мұқият тексеру, егер кемшіліктер мен ақаулар болса олардың орын алуына жол берге тергеушілер мен анықтаушылардың жауаптылығы туралы мәселе көтеру жүктелген.

Қазіргі уақытта жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің жекелеген ұйымдастырушылық аспектілері «жасы кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқауды бекіту туралы»ішкі істер министрінің бұйрығымен қарастырылған. Бұл бұйрық ішкі істер органдарының жасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімдердің қызметкерлеріне анқытаушыға, тергеушіге қылмыс жасаған қоғамға қарсы топтардың белсенді қатысушыларына бұлтартпау шараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуді жүктейді.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар бойыншща анықтауды ұйымдастыру мәселелері ішінара «анықтау нысанындағы алдын ала тергеуді жетілдіру бойынша шаралар мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін жүзеге асыру туралы» ҚР ІІМ бұйрығымен реттеледі.

Жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін анықтау органына, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа ұсыну тәртібі арнайы Нұсқаумен реттеледі.

Өзара әрекеттесу мәселелері ҚР ішкі істер министрінің «Қылмыстарды тергеу мен ашуда ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен анықталған.

Нормативтік актілерге жүргізілген талдау ведомстволық, ведомствоаралық актілердің ешқайсысы жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді тікелей реттемейтінін көрсеткенін атап айтуға болады. Оларда тергеу мен анықтау бөлімдерінің алдында тұратын негізгі бағыттар мен міндеттер анықталған, оларды басшылыққа ала отырып тергеушілер мен анықтаушылар өз қызметін жүзеге асырады.

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей нормативтік реттеуді қажет ететінмәселелер арасында тергеу бөлімдерінің қызметкерлері келесі мәселелерді атап көрсетті:

  • жалпы ережелер (қағидалары, мақсаттары мен міндж\еттері) - 30 %;

  • қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру мәселелері - 40 %;

  • жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасының мәселелері - 45 %.

Сөйте тұра сұралған тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерінің 60 % аталған нормалар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді реттейтін өзіндік нормативтік құқықтық актілерде (бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.) бекітіліуі тиіс деп көрсетті.

Қазіргі уақытта жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуде тергеу және анықтау қызметкерлері өзінің кәсіби шеберлігін арттыра алатын нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік нұсқаулардың санының жеткіліксіздігі көзқарасын ұстанатын тергеу бөлімдерінің сұралған қызметкерлерінің 90%-н құраған біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижелерімен жиынтықта, жоғарыда аталғандар қарастырылып отырған мәселенің құқықтық негізін одан арғы жетілдіру қажеттілігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда қысқаша айтылған жалпы ержелерді ескере отырып жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің құқықтық негізін, біздің ойымызша жасы кәмелетке толмағандар туралы істер бойынша қылмыстық сот өндірісінің басталуы үшін құқықтық алғышарттарды жасайтын және адамдардың аталған санатына қатысты тергеудің толықтай қылмыстық процесін тікелей реттейтінзаңдар мен заңға тәуелді нормативтік – құқықтық актілердегі құқықтық нормалардың жүйесі ретінде анықтауға болады.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмиыстарды тергеуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді.

  1. Жасы кәмелетке толмағанадармен жасалатын қылмыстарды тергеудің олардың қарастырылып отырған нысанын ұйымдастыру мен жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін реттейтін заңдар мен заңға тәуелді актілердің жиынтығын құрайтын құқықтық негізі бар. Оған қоса қазіргі уақытта орын алып отырғанжасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді құқықты реттеудің кейбір мәселелерін шешімін тапқан деп айтуға болмайды.

  2. Жасы кәмелетке толмағанадармен жасалатын қылмыстарды тергеуді жетілдіру үшін құқықтық фактор екі негізгі бағытта қолданылуы мүмкін. Біріншіден, құқық анағұрлым тиімді, ғылыми білімдерге негізделген және тәжірибемен тексерілген аталған санаттағы адамдарға қатысты қылмыстарды тергеудің тәсілдері мен әдістерін нормативтік тәртіпте бекітуге мүмкіндік береді, соның салдарынан соңғылары ережелер күшіне ие болып, жасы кәмелетке толмағандар қылмыстарын тергеу субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Екіншіден, мұндай қызметтің тиімділігін арттыруға жүйелілілк, тұрақтылық, формальды анықтылығы сияқты құқыққа тән қасиеттерді зерттеу мен пайдалану негізінде нормативтік реттеу процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады.

Жасы кәмелетке толмағанадармен жасалатын қылмыстарды тергеудің құқықтық болмысы процессуалдық шешімдер қабылдауда заңдар мен өзге де норативтік-құқықтық актілердің қатаң сақталу қажеттілігін анықтайды, сондықтан ол одан арғы жетілдіруді талап етеді. Мұндай жетілдіру, біздің пікірімізше, қылмыстарды тергеуші субъектілердің белгілі бір тактикалық әрекеттерін жүзеге асыру мәселелерін қарастыратын мерзімді басылып тұратын оқу құралдарында, сондай-ақ әдістемелік нұсқауларда қарастырыла алады.