Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
камелет тергеу дип раб.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.86 Кб
Скачать

1.2 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің түсінігі мен мәні

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес адам, оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде жариялады. Мемлекеттің басты міндеті адамның құқықтары мен бостандықтарын тану болып табылады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің азаматтары құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің мәселелері толғандыратыны негізсіз емес. Бұл Қазақстан Республикасындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістермен, қылмыстылықтың жағдайымен, оның сапалық өзгеруімен байланысты. Ұйымдасқан қылмыстылық, терроризм, сыбайлас-жемқорлық, есірткіқұмарлық еліміздің ішкі және сыртқы қауіптерінің кең ауқымын құрайтын нақты факторларға айналды. Елдегі криминогендік ахуалдың динамизмінің жалпы деңгейіне жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың өсуі теріс ықпалын тигізуде. Сәйкесінше ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметінде олардың алдында тұрған міндеттерін шешуде жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәселелері зор мәнге ие болады. Ол келесі мән-жайлармен анықталады.

Біріншіден, құқық қорғау саласында ағылып жатқан криминогендік ахуалға ықпал ететін процестердің маңыздылығынң жоғары болғандығы соншалықты, жасы кәмелетке томағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәселелерін шешуге жаңа түбегейлі көзқарастар қажет болды, ал бұл жалпы қылмыстылықпен күрес тиімділігін едәуір арттырады.

Екіншіден, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарға қатысты мәселелер жеткілікті дәрежеде теориялық қарастырылған болып табылады. Сөйте тұра, жекелеген теориялық ережелердің жеткілікті қарастырылмағандығын, анық еместігін, ал кейде тіпті әртүрлі ұғымдарын түсіндіруде қарама-қайшылықтығын, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды терге мәселелерін құқықты реттеуде ақаулар мен коллизиялардың болуын атап өту қажет.

Нақты мәселелрді білу, ең алдымен жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәнін, оның заңдылықтарын білу алдын ала тергеу құрылымдарына міндеттері, қағидалары, құқықтық жағдайын ескере отырып қарастырылатын субъектілермен жасалатын қылмыстарды тергеуде қолда бар мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аталғандардың негізінде мұндай қылмыстарды тергеу мәнін анықтауға көзқарастарды негіздейтін бірқатар жалпы ережелерді қарастыру қажет.

«Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу» термині келесі мағынаны білдіреді: кәмелет жасқа толмағанмен жүзеге асырылатын заңды бұзатын және қылмыстық жауаптылыққа жататын әрекеттерге тергеу жүргізу.

Өкінішке орай біздің көзқарасымыз бойынша, бұл анықтама аталған терминнің мағынасы мен мазмұнына толық сай келмейді. Ғылыми әдебиеттерде де «жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу» әртүрлі түсіндіріледі. Бірқатар жағдайларда терминологиядағы кемшіліктер ғылыми зерттеулерді жүзеге асырушылармен де, зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметте қолданушылармен де өзара түсінігін қиындататыны сөзсіз. Бұдан тиісті білім саласының мамандарының арасындағы ғылыми қарым-қатынас процесі ғана зардап шегіп қоймайды. Жалпыға танылған және біртекті анықталған ұғымдардың болмауы ғылымға ұсынылатын міндер мен мазмұндардың дұрыс түсіндірілуінде қиындықтарға келетін тәжірибеде де ізін қалдырып отыр. Бұл жерде сөз ғылым тілінде болып отыр. Сондықтан, терминдер мен ұғымдарды жасау мәселесіне криминалистика мен қылмыстық процесс теориясы мен тәжірибесі саласындағы мамандармен ерекше назар аударылып отыратыны жай емес. Ғылым тілі, Р.С.Белкин атап өткендей, қолданылатын ұғымдар мен терминдердің үлкен дәлдікпен, анықтылықпен біртектілікпен ажыратылуы тиіс. Келтірілген методологиялық ережелерді негізге ала отырып, «жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу» түсінігінің мазмұнын анықтауға тырысып көреміз.

Аталған ұғымды теориялық қарастыру барысында шешілетін міндеттер мынадан тұрады:

  1. Теория мен тәжірибеде бар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу процесімен қолданылатын терминологиядағы айырмашылықтарды жеңу;

  2. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды терге ретінде нені түсінуіміз керек екендігі туралы нақыт көзқарас;

  3. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудегі тергеушінің ұйымдастырылуы, тактикасы мен әдәстемесінің ерекшеліктерін анықтау.

Қылмыстың ресми түсінігі ҚР ҚК 10-бабына сәйкес қылмыс дегеніміз – ҚР Қылмыстық кодексімен айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Аталған бап қылмыстың шектеулі белгілерін атап көрсетеді – қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазалау. Бұл белгілердің барлығы қылмыс деп танылатын жасалған іс-әрекетке міндетті түрде тән болуы тиіс. Іс-әрекет – бұл адамның қоғамға қауіпті мінез-құлқының сыртқы актісін білдіретін жинақтаушы термин. Ол қоғамға қауіпті мінез-құлықтың сыртқы бейнеленуі бойынша ажыратылатын екі нысаннан тұрады. Іс-әрекет әрекет (яғни белсенді мінез-құлық) немесе әрекетсіздік (яғни жасауы міндетті болып табылатын және жасауға мүмкіндігі болса да нақты бір әрекетті жасамаудан көрінетін мінез-құлық) нысанында болуы мүмкін. Белсенді де, пассивті де мінез-құлық өзінің ішкі көрінісін қоспағанда саналы түрде болуы тиіс. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың әлеуметтік мәнін ашатын оның материалдық белгісі.

Ол қоғамға қауіпті іс-әрекет жеке тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келітеретіндігімен немесе зиян келтіру қаупін тудыратындығымен сипатталады. Құққа қайшылық іс-әрекеттің қылмыстық заңнамамен тыйым салынғандығын білдіреді. Құқыққа қайшылық белгісі оның сақталуына ҚК жарияланған заңдылық қағидасының жүзеге асырылуы байланысты болады. Құққыққа қайшылық қоғамға қауіптілікпен нысан мен мазмұнның байланысындай байланысқан және қоғамға қаіптіліктің құқықтық бейнесі болып табылады. Субъективті жақтың белгісі ретіндегі кінәлілік, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет тұлғаның өз әрекеті мен қасақаналық не абайсыздық нысанындағы қылмыстық зардаптарға деген психикалық көзқарасы. Жазалану – қылмыстық заңмен жалау қатерімен тыйым салынған іс-әрекет ғана қылмыс болып табылатындығын анықтайды. Осылайша ҚР ҚК-гі қылмыстың анықтамасы материалдық-формальды болып табылады, және бұл жерде материалдық белгісі – қоғамға қауіптілік, ал формальді белгісі – құқыққа қайшылық. Осы қоғамға қауіптілік материалдық белгісі қылмысты өзге құқық бұзушылықтардан ажыратуға мүмкіндік береді. Ажырату қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай жүзеге асырылады. Оны сипаттайтын белгілері зардаптарға, әдістерге, кінә нысанына және т.б. қатысты болуы мүмкін.

ҚР ҚК 80-бабына сәйкес жасы кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады. Жасы кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекшеліктерінің бірі қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа қатысты қлылмыстардың дифференциациясы. Қылмыс жасаған жасы кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары немесе жаза тағайындалуы мүмкін, ал сотпен жазадан босатылған жағдайда олар білім беру органының жабық типтегі білім беру-тәрбиелеу арнайы мекемелеріне орналастырылады.

Қылмыстық-процессуалдық заңнаманы дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі оны барлық құқық қолданушыларымен, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық қатынастардың өзге де қатысушыларымен біртекті түсінуі. ҚР ҚПК қолданылатын қандай да бір негізгі ұғымдардың мазмұны 7-бапта көрсетілген. Бірақ олар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың тергеу мәнін ашпайды.

Бұл сұраққа бір мәнді жауап қылмыстық-процессуалдық ғылымда да берілмеген. Ғылыми ортада «қылмыстарды тергеу» ұғымының мазмұнына қатысты бірнеше пікірлер бар. Олардың ішінен аталған ұғымның мәнін толықтай дерлік ашатын кейбіреулерін көрсетейік.

Р.С.Белкин пікірі бойынша криминалистикалық мағынада «қылмыстарды тергеу» - бұл өзге өзара жоққа шығаратын нұсқалар тексеріліп, жоққа шығарылғаннан кейін белгілі бір тұлғамен қылмыс жасалғандығы туралы нұсқаларды ұсынуға негіз беретін ақпаратты алуға бағытталған қылмыстарды тергеу бойынша қызмет болып табылады.

А.П.Светлова бұл ұғымның анғұрлым кең түсінігін береді: «Қылмыстарды ашу – бұл қылмыстық-процессуалдық, жедел іздестіру, криминалистикалық және ұйымдастырушылық сияқты алдын ала тергеудің ұйымдастырушылық мәселелеріне, қылмыстылық деңгейіне талдау жасауға, құқық қорғау органдарының қызметіне, қылмыстарды ашу процесінде жекелеген қызметтер мен бөлімшелердің қызметінің тиімділігіне талдау жасауға қатысты кешенді ұғым».

Біз жүргізген жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу анықтамаларына, сондай-ақ оларды құраушы белгілеріне талдау оның мәнін сипаттайтын бірқатар негізгі ережелерді атап көрсетуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, бұл аталған қызметтің субъектілерін анықтаумен байланысты мәселелер. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу арнайы субъектілермен – тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерімен жүргізіледі.

Екіншіден, бұл осындай қызметтің функционалдық жағын сипаттайтын белгілер. Оларға кешенділік; алдын ала тергеу органдарына тән жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің ерекше тактикалық тәсілдері мен криминалистикалық әдістерін қолдану; белгілі бір тергеу әрекеттерін жасау арқылы қойылған мәндеттерді орындау жатқызылады.

Жоғарыда атлғандармен жиынтықта жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмсытарды тергеу мәнін сипаттайтын тағы бірқатар белгілер бар, ол оның міндеттері мен нормативтік-құқықтық негізі.

Аталған белгілер жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің ерекше мазмұнын анықтайды, және оны өзге субъектілермен жасалған қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған белгілерді толығырақ қарастырып өтейік. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді сипаттайтын маңызды белгілерінің бірі субъектілердің жас ерекшелігі болып табылады.

ҚР ҚК 15-бабында жалпы қылмыстық жауаптылық туындау жасы – 16 жас болып белгіленген, сол жерде қылмыстық жауаптылық 14 жастан бастап туындайтын қылмыстардың тізімі де келтірілген.

Қылмыстық жауаптылық шектерін 14 жастан 16 жсқа дейін бекіте отырып, заңшығарушы аталған жасқа жеткен жасы кәмелетке толмаған жасалған әрекеттердің қоғамға қауіптілігін сезінуге және өз мінез-құлқын басқара алуға қабілетті деген презумпцияны негізге алған.

Заң шығарушы әлеуметтік-демографиялық санат ретіндегі жас ерекшелігі – жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың негізгі ерекшеліктерін анықтайтындығын бекіткен. Аталған санаттағы қылмыстық істер бойынша өндіріс:

  • Қылмыстық істі қозғаудың;

  • Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі тоқтату негіздерінің;

  • Жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғаудың;

  • Қылмыстық жаза қолдану шараларының, оны тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеуші шараларды қолданумен немесе білім беру басқармасы органдарының жабық типтегі арнайы білім беру-тәрбиелеу мекемелеріне жіберумен ауыстыру мүмкіндігінің;

  • Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін анықтаудың;

  • Жекелеген тергеу және сот әрекеттерінің жүргізілуінің ерекше тәртібін орнатады.

Сөйте тұра аталған нормамен психиканың бұзылуымен байланысты емес психикалық дамудағы артта қалушылық салдарынан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақытында өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемде сезінуге немесе оларды басқаруға мүмкіндігі болмаса, жасы кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды алдын ала тергеу мен сотта қарауда барлық қылмыстық істер үшін белгіленген мән-жайлар тізімін дәлелдеумен қатар мыналар да бекітілген:

  • Жасы кәмелетке толмағанның жасы (туылған күні, айы, жылы);

  • Жасы кәмелетке толмағанның өмір сүру мен тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейі мен оның жеке тұлғасының өзге де ерекшеліктері;

  • Жасы бойынша үлкендердің жасы кәмелетке толмағанға ықпалы.

Психикалық бұзылумен байланысты емес психикалық дамудағы артта қалушылықті растайтын мәліметтер болғанда жасөспірімнің өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемде сезіне алғандығын немесе басқара алғандығын анықтау қажет.

Психикалық аномалиялары бар адамдар істері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Г.И.Гатаулина ұсынылып отырған жұмысқа қатысты қызықты тұжырымға келеді, яғни психикалық аномалиялары бар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар жөніндегі істер бойынша дәлелдеу келесідей болуы тиіс:

  • жасы кәмелетке толмағанның жасы, туылған күні, айы, жылы;

  • жасы кәмелетке толмағанның өмір сүру және тәрбиелену жағдщайлары, психикалық даму деңгейі және оның жеке тұлғасының өзге де ерекшеліктері;

  • жасы кәмелетке толмағанға жасы бойынша үлкендердің, оның жақын айналасындағыладырдың ықпалы;

  • қылмыс жасаған жасөспірімде психикалық аномалиялардың болуы, осы аномалиялардың болуы себепті психикалық қызметтің , бұзылуының дәрежесі мен сипаты, қылмыс жасау сәті мен істі тергеу уақытына жасөспірімнің психикалық жағдайының сипаттамасы;

  • айыпталуышының қылмыс жасағанға дейінгі, жасау сәтіндегі және жасағаннан кейінгі мінез-құлқы;

  • жасы кәмелетке томағанның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемде сезіне алу немесе қылмыс жасау сәтінде оларды басқара алу қабілеті (айыпталуышының есі дұрыстығы);

  • кінә нысаны, қылмыстың қасақаналық және абайсыздық түрлері мен ниеті (қылмыстық құқықтық және психологиялық);

  • жасөспірімнің қылмыс жасауына қандай да бір ықпалын тигізген айдап салушылардың, өзге де қылмысқа қатысушылардың болуы;

  • қылмыспен келітірілген зардап мөлшері;

  • қылмыстың жасалуына септігін тигізген мән-жайлар;

  • айыпталушының аурулық симптомдық кешенінің қылмыстық іс-әрекет жөнінде шешім қабылдауға, мінез-құлық нұсқасын таңдауға және оның жүзеге асырылуына (психикалық кемтарлықтың қылмыстың фактісінің өзіне және жасалу процесіне ықпалы) ықпалы;

  • жасы кәмелетке томағанның психикалық бұзылуының оның өзіне немесе айналадағыларға қауіптілікпен немесе онымен өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен өзара байланысы (бұл ҚР ҚПК 509-бабына сәйкес, оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаларға істері бойынша дәлелдеу пәнінің ерекшеліктеріне қатысты талаптары).

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауаптылық тек процеске қатысушының жасына ғана емес, сонымен қатар оның психикалық дамуымен, қылмыстың жасалу уақытындағы психикалық бұзылуымен де байланысты екендігін, ал бұл өз кезегінде ждасы кәмелетке толмағандар істері бойынша сот әділдігінің ерекшеліктерін қолданудың негізгі алғышарты болып табылатындығын атап атйымызға болады.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу арнайы субъектілермен, яғни құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылатын және тек тергеу мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын, яғни белгілі бір мамандануы бар және аталған санаттағы істерді тергеуде белгілі бір кәсіби білім мен дағдаларға ие болатын арнайы қызметкерлермен жүргізіледі. Мұндай субъектілер ретінде тергеу бөлімшелері мен анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері қарастырылады. Сонымен қатар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу тек тергеу бөлімшелері мен анықтау бөлімшелерінің дәргейі болып табылады. Соның салдарынан маңызды шарты заңнамалық тұрғыда бекітілген аталған бөлімшелердің қызметкерлерінің мәртебесі болып табылады. Істерді тергеу бойынша құзыретті орган ҚР ҚПК 187-189-баптарымен анықталады. Соңғылардың пәндік белгісі маңызды боып табылады. Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеуді тергеу мен анықтау бөлімшелері бар барлық ведомстволардың тергеушілері мен анықтаушылары жүргізе алатындығын ескеретін болсақ, тергеу органдарының лацуазымды тұлғаларының нақты мамандануына қол жеткізілмеген.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде ғана жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеу үшін тергеушілер арнайы бөлінген. Аталған санаттағы қылмыстарлды тергеу тергеушіге жалпы заңды талаптармен қоса балалар педагогикасы мен психологиясы саласындағы білімінің болуы, аталған санаттағы істер бойынша жұмыстың ұйымдастырушылық-әдістемелік білімінің болуын және т.б. сияқты бірқатар қосымша талаптарды да қояды. Жасы кәмелетке толмағандардың істерін алдын ала тергеу бойынша алдын алушылық және тәрбиелеушілік міндеттерге жету үшін тергеуші мен анықтаушының жеке тұлғасының өзінің маңызы зор. Сондықтан ҚР ҚПК 187-бабына сәйкес тергеуші, яғни алдын ала тергеуді жүзеге асыруға құзыретті, сонымен қатар ҚР ҚПК көзделген өзге де құзыреттерді жүзеге асыратын тұлға ретінде тек тергеуші, аға тергеуші, аса маңызды істер бойынша тергеуші болып табылатын тұлға ғана бола алады.

О.В.Поликашиина әділ атап өткендей: «аталған санаттағы қылмыстық істерді тергеуде лауазымды тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Тергеуші мен анықтаушыны ұйымдастыру мәселелеріне тергеу жұмысы үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасау, тергеушінің мамандануы мәселелері жатқызылады. Мамандар атап өткендей қылмыстық істі тергеуді басынан бастап бір тергеушінің жүргізгені аса маңызды. Көп жағдайда тіпті «батыл» жасөспірімдердің өзі «өз» тергеушісіне үйренісіп кетеді.....».

Өкінішке орай жергілікті жерлердегі тергеушілердің мамандануының нақты дәрежесі оншалықты жоғары емес. Зерттеу барысында біз сұрау жүргізген жасы кәселетке толмағандардың істері бойынша тергеу жүргізетін ішкі істер органдарының тергеушілерінің ішінен 100 пайызының барлығы аталған санаттағы істермен қатар өзге де істерді тергейді. Олардың ішінде тергеушілердің 30% жылына 2-ден 10-ға дейін жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеген, ал аталған санаттағы істердің жалпы саны сұралғандармен тергелген істердің жалпы санына шаққандағы тек үштен біоін ғана құрайды.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай 2015 жылы анықталатын және тіркелетін қылмыстардың көлемінің артуы тергеу бөлімшелерінің жұмысын белсенділендіруді талап етті.

Жасөспірімдер қылмыстылығының жалпы санынан ауыр және аса ауыр құрамдардың үлес салмағы 35,9% құрады. Осы санатқа жатқызылатын әрбір тоғызыншы ашылған қылмыс осы жасөспірімдермен жасалады. Қылмысқа қатысушы жасөспірімдердің жартысы қылмысты топтарда алдын ала сөз байласу арқылы жасаған. Әрбір жетінші жасөспірім алкогольдік масаң күйде болған, ал әрбір алтыншы жасөспірім алдында заңда бұзған болып шыққан. Сөйте тұра жасы кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тартудың анықталған фактілерінің саны 9,5 %-ға төмендеген.

Оған қоса көрсеткіштердің жалпы өсуіне қарамастан қылмыстарды ашу бойынша тергеушілердің жұмысы қанағаттанарлықсыз жүргізілуде. Ашылмай қалған қылмыстардың қалдықтарының артуы қолайсыз тенденция болып отыр.

Қылмыстарды ашу бойынша алдын ала тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруға 2015 жылы жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша келесі сипаттық кемшіліктер анықталған:

  • оқиға болған жерге өз уақытында бармау және тергеу-жедел топ құрамының толық болмауы;

  • қараудың төмен сапада және нәтижелілігінің төмен болуы;

  • тергеушілердің мамандануының сақталмауы;

  • қылмыстардың нақты түрлерін ашу мен тергеу үшін мамандандырылған тергеу-жедел топтарының құрылыуы бойынша бірқатар жағдайларда талптардың ескерілмеуі;

  • тергеу әрекеттерінің жоспарларының шаблондылығы және т.б.

Жасы кәмелетке толмағандар туралы істер бойынша анықтау өндірісін реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормаларды қолдану тәжірибесі жаңа қылмыстық-процессуалдық заң шеңберінде тиісті құқықтық реттеуге қол жеткізе алмаған бірқатар даулы жағдайларды атап өтті. Ең көп қиындық тудыратыны келесі жағдайлар:

  • анқытау органының құзыретіне жататын жасы кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы қылмыстық істерді анықтауды өз уақытында жүргізуге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың болуына байланысты тергеу үшін беру;

  • жасы кәмелетке толмаған қылмыскерге қатысты оны қарауға беру түріндегі жолын кесу шарасын таңдау;

  • алдын ала тергеумен салыстырғанда анықтаудың қысқартылған мерзімі жағдайында жасым кәмелетке толмаған сезіктіні ұстау мен қамаққа алу;

  • осындай қылмыстық істер үшін ерекше мән-жайлар анықтау бөлігінде ҚР ҚПК талаптарын орындау;

  • айыптау актісін жасау және қылмыстық істің тоқтатылуымен тергеудің аяқталу ерекшеліктері.

Заңнамада атлған мәселелердің толық еместігінің, сондай-ақ алдын ала тергеумен салыстырғанда анықтаудың мерзімінің қысқартылғандығы алдын ала тергеу өндірісі үшін анқытау органдарынан прокурормен берілетін жасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істердің үлес салмағы жоғары болып қалып отыр және еш төмендемеуде.

Дәстүрлі түрде жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының деңгейі тіркелген қылмыстар туралы қылмыстық статистика мәліметтері және қылмыс жасаған анықталған тұлғалар бойынша бағаланады. Соңғы жылдары ішкі істер органдарының статистикалық мәліметтері негізді сынға алынып жүр. Бұл қылмыстылықтың жоғары латенттілігі сияқты объективті факторлармен қатар, ішкі істер органдарындағы есепке қою-тіркеу тәртібінің жан-жақты бұзылуы сияқты субъективті факторларға да байланысты. Қылмыс жасы кәмелетке толмағандармен жасалған немесе оның қатысуымен жасалған деп тек іс бойынша өндірістен кейін ғана (кінәлілерді анықтағаннан кейін) таныла алады. Осылайша, «адами фактор» (есепке алу-тіркеу тәртібі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсібилігінің жағдайы) жасы кәмелетке толмағандар қылмысын анықтауда маңызды роль атқарады. Алғаш рет ол қылмыс туралы хабарлама тіркелгенде жұмыс жасай бастайды, ал екінші рет оны ашқанда жұмыс жасайды.

Әрине берілген факторлар жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу барысына тікелей әсер ететіні сөзсіз, сондықтан біз аталған мәселелерді алдағы зерттеу саласына қостық.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің функционалдық жағын бірқатар келесі белгілер сипаттайды.

Өзара және сыртқы ортамен байланысқан элементтердің жиынтығынан тұратын әрекет етуші жүйе ретіндегі жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді оның кешенді сипаты сипаттайды. Заңмен ұсынылған мүмкіндіктерге байланысты тергеуші қылмыстық процесс шегінде алдын ала тергеу уақытында басқа бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық және тактикалық мүмкіндіктерінің кешенін пайдалануға кең мүмкіндіктер алады. Осылайша, мысалы, автоматтандырылған мәліметтер банкінен алдағы уақыттағы жұмысты жеңілдете алатын ақпаратты алу мақсатында анықтама қызметіне сұраныс жолдай алады. Тікелей жұмысының барысында тергеуге әртүрлі мамандарды тартады, сараптама тағайындайды. Жедел іздестіру шаралары мен жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу үшін анықтама органдарына жеке тапсырмалар береді. Заңнамамен мұндай тапсырмалардың жазбаша нысаны мен олардың анықтау органдары үшн міндеттілігі қарастырылған. Мұндай «қосылу» тергеу үшін маңызды ақпарат пен заттай дәлелдемелерді жинақтау барысында барынша тиімділікке қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады.

Тергеуші мен жедел қызметкердің қолында бар күштер мен құралдарды кешенді қолдану, біріншіден, өзара әрекет нақты жағдайларды ескере отырып барлық нысандарда жүзеге асырылатын болатындығын, екіншіден, тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары іс бойынша ақиқатты анықтаудың бірыңғай процесін құрау қажеттілігін көздейді. Өзара әрекет ету процесінде күштер мен құралдарды пайдалануға деген кешенді көзқараста тергеуші мен жедел қызметкердің қылмыстарды ашу бойынша күштері пайда болатын және бір-бірін толықтыратын бір тізбек буындары болып табылады. Бірқатар жағдайларда жедел іздестіру қызметінің нәтижесінде алынған ақпарат негізінде тергеуші қылмыстық іс қозғайды. Онымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері өз кезегінде істе дәлелдемелерді анықтау мен бекіту бойынша тергеу әрекеттерінің жоспарлануы мен жүргізілуіне мүмкіндік беретін жедел іздестіру шараларының қосымша жүзеге асырылуын талап етеді.

Осығаен орай тергеу бөлімшесі сияқты, әрбір жеке тергеуші тікелей бағынысты болатын тергеу бастығының үйлестіруші ролінің маңыздылығы зор. Мұндай мәртебе қылмыстылықпен күресте біртұтас идеологияны жүргізуге және тергеу бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің кешенділігінің ішкі аспектісі төмендегілерден көрініс табады:

  • біріншіден, оны жүргізуде өзге құрылымдық бөлімшелердің күштері мен құралдарын тарту мүмкіндігінде (жедел іздестіру, сараптама – криминалистикалық, талдамалық және т.б.). Бір бірінің мүмкіндіктерін толықтыра отырып аталған қызметтердің әрқайсысы кешенде тергеушімен шешіле алатын міндеттер шеңберін едәуір кеңейтеді.

  • екіншіден, жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу тек кешенді түрде қолданғанда ғана тиісті нәтиже беретін көптеген шаралармен, әдістермен, тәсілдермен жүргізіледі. Осылайша, мысалы, анықтау органдарының көмегімен тергеуді қызықтыратын тұлғаның төлқұжаттық мәліметтерін, мекен-жайын, байланыстарын және өзге де ақпаратты анықтауға болады.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің функционалдық жағымен біріктірілген белгілерін сипттай отырып олардың ұйымдастырушылық және тактикалық сияқты екі өзара байланысты және маңыздылығы бірдей жақтарымен көрініс табатындығын атап өткен жөн. Олардың әрқайсысы жасы кәмелетке толмағандарменжасалатын қылмыстарды тергеудің функционалдық жағын сипаттаушы белгілердің квинтэссенциясы болатын маңызды элементі болып табылады. Бұл қылмысты тергеудің криминалистикалық тактикасы мен әдістемесінің маңызды элементтері болып табылатын ерекше тергеу органдарына тән тактикалық тәсілдер мен әдістерді пайдалану.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу мәнін сипаттайтын маңызды белгісі болып оның міндеттері танылады.

Қылмыстық саясат пен қылмыстылықпен күресудің мемлекеттік-құқықтық шаралары жүйесінде құқық қорғау органдарының мамандандырылған кіші жүйесі ретінде алдын ала тергеу органдары мен олардың қызметінің орны мен ролін келесі ұғымдар анықтайды: алдын ала тергеу мақсатының алғышарты болып табылатын қоғамдық қажеттілік; аталған қызметтің осы түрлерін және тұтастай функцияны жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдық құрылымдардың алғышарты болып табылатын білгілі бір функцияларды туындататын міндеттер.

Қылмыстарды тергеу міндеттерінің мазмұнын ашу біздің пікірімізше міндеттердің жалпы (негізгі), жеке және мамандандырылған жеке болып жіктелуінде (алдын ала тергеу мазмұны мен мақсаттарын негізге ала отырып). Мұндай көзқарасты автор жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу уақытында тұратын міндеттерді зерттеуде дұрыс қолданады.

Әлеуметтік-құқықтық қызметтің ерекше түрі ретіндегі қылмыстық сот өндірісі ең алдымен екі негізгі міндетті қамтамасыз ету үшін тағайындалған:

  1. Қылмыстардан зардап шеккен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

  2. Қылмыстық сот өндірісіне тартылатын тұлғаларды әртүрлі заңсыз және негізсіз құқықтар мен бостандықтарды шектеуден қорғау.

Аталған міндеттер тергеу бөлімшелерінің барлық қызметкерлері үшін ортақ болып табылады.

Біз жүргізген зерттеу көрсеткендей, жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды тергей отырып тергеуші, анықтаушы келесі мамандандырылған жеке міндеттер қояды:

  • тергеу үшін қызығушылық тудыратын тұлғаларды анықтау;

  • олардың қылмыстық қызметін құжаттандыру (фото, видео);

  • іздеу салынатын тұлғаларды анықтау;

  • нақты мекен-жайға келіп тұратын адамдарды анықтау;

  • тергеу үшін қызығушылық тудыратын нақты тұлғалардың жиналатын жерлерін анықтау;

  • пайдаланылатын автокөлікті анықтау;

  • нақты мекен-жайларды анықтау;

  • ұрланғандарды сақтау жерлерін анықтау;

  • ұрланғандарды өткізу жерлері;

  • ұрланғандарды өткізетін (сатып алатын) тұлғаларды анықтау және т.б.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеуді нормативтік-құқықтық реттеу қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Өйткені бұл тергеу азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеумен тығыз байланысты ерекше әдістермен, тәсілдермен жасалады, аталған қызметті құқықтық реттеудің ерекше зор маңызы бар. Алдын ала тергеу мен анықтау бөлімшелерінің жедел қызметтік қызметінің басым бағыттарының бірі процессуалдық құзыреттерді жүзеге асыруда азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Жоғарыда айтылғандар аталған аспектті осы зерттеу пәніне қосуға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша жиынтығында алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асырылатынжасы кәмелетке толмағандарымен жасалатын қылмыстарды тергеудің мәні мен мазмұнын едәуір толық көрсететін анағұрлым сипатты белгілерін қарастыра отырып оның ғылыми анықтамасын жасауға болады.

Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу – бұл ақиқатты анықтауға бағытталған қатаң заңдылық шегінде заңмен анықталған жас санатындағы тұлғаларға қатысты арнайы субъектәілермен жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-тактикалық нысандардың кешені.