- •1. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің құқықтық және теориялық ерекшеліктері
- •1.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің тарихи даму аспектілері
- •1.2 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің түсінігі мен мәні
- •1.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеу
- •2. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері
- •2.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2.2 Қылмыстық іс қозғау және тергеуді жоспарлау
- •2.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістері
- •2.4 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу процесіндегі жекелеген тергеу әрекеттерін тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе |
|
1. КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
1.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің тарихи даму аспектілері |
1.2 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің түсінігі мен мәні |
1.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеу |
|
2. КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРМЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
2.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы |
2.2 Қылмыстық іс қозғау және тергеуді жоспарлау |
2.3 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістері |
2.4 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу процесіндегі жекелеген тергеу әрекеттерін тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет болып табылады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, оның құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес мемлекеттің ең негізгі міндеттері мен мақсаттары болып адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау танылады [1, 4 б.].
Біздің еліміздегі халықты қазіргі уақытта толғандыратын басты мәселелердің бірі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік болып табылады. Бұл қылмыстылықтың жаңа нысандарының пайда болуымен қоғамда орын алып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты. Ол ұйымдақсан, ұтқыр, техникалық жағынан заманауы жарақталған болып бара жатыр. Қылмыскерлердің көпшілігі құқық қорғау органдарының жұмыс жасау әдістері туралы хабардар. Оған қоса ауданаралық, аймақаралық және халықаралық қылмыстық байланыстар желісінің кеңею тенденциялары байқалады. Мүліктік қылмыстардың ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық сияқты анағұрлым кең тараған түрлерінің өсуі жалғасын табуда. Қару жарақтың заңсыз айналымымен байланысты тіркелген қылмыстардың санының артуын атап өткен жөн. Есірткі заттарының таралуының, әсіресе жастар ортасында таралуының, тенденциялары мен қарқыны мазасыздандырады. Қылмыстылық барған сайын агрессивті, құйтырқылы, ал ең бастысы анағұрлым техникалық жарақталған болуда.
Елдегі криминогендік ахуалдағы аталған тенденциялар қатарында ерекше орын қоғамның созылмалы әлеуметтік ауруларына жатқызылатын, ал оны барынша төмендетудің, алдын алудың, жолын кесудің, ашу мен тергеудің заманауилығының міндеттері онымен күресу стратегиясында негізгі мазмұнға ие болатын жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына беріледі. Ол көп жағдайда қылмыстылықтың ұйымдасқан түрінде көрініс табуын қоса алғанда, тұтастай қылмыстылықтың даму тенденцияларының перспективасын анықтайды, ал бұл ғылыми зерттеулер мен теориялық және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелердің кешенін шешуге әлеуметтік қажеттілікті негіздейді.
Қазіргі кездегі негізгі міндеттердің бірі кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді жетілдіру болып табылады. Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты тергеуді сапалы және уақытылы жүргізілуіне назар аудару керектігі туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жалпы отырысында бірнеше рет аталып көрсетілген, сонымен бірге бұл санаттағы қылмыстар материалдық және қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілген талаптар мен ережелерді қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылуы қажеттігіне назар аударылған. Осы жерде тергеу органдарының тағы бір міндеті кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстарының алдын алу, қылмыс жасауға негіз болған себептерді анықтау жөнінде шаралар қолдану қажеттігі болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу мәселелеріне байланысты кеңес дәуірінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көптеген кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Осы мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеуде Т.Ж. Атжанов, В.И. Басков, К.Ә. Бегалиев, Е.В. Болдырев, С.В. Бородин, Н.И. Гуковская, А.П. Гуськова, Л.М. Голубева, А.И. Долгова, Е.І. Қайыржанов, Э.Б. Мельникова, Г.М. Миньковский, М.С. Нарикбаев, Б.Х. Төлеубекова, В.С. Орлов, Ж.Ж. Утенов, К.Х. Халиқов және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады. Күрделі мәселе ретінде бұл ғалымдардың еңбектерінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша процессуалдық жақтары зерттелген.
Бірақ жоғарыда айтылып кеткен ғалымдардың ғылыми зерттеулері жарық көрген уақыттан бастап біршама уақыттың өтуіне байланысты, ал осы кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясының, қылмыстық процестік заңнамаларының өзгеруіне және толықтыруына байланысты жаңа жағдайда кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу жүргізу бойынша теориялық тұрғыда әрі қарай талдауды және ғылыми тұрғыдан саралауды жаңа жағдайда қажет етеді.
Сонымен бірге заңи әдебиеттерде кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу қазіргі әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты әрі қарай дамыту мәселелері қажетті деңгейде зерттелмеген.
Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мамандандыру мәселелері бойынша, тергеу процесіне қатысушы тұлғаларлардың құқықтарын кеңейту және олардың қамтамасыз етілуіне байланысты мәселелер бойынша туындайтын сұрақтар маңызды болып табылады. Сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді талқылауының өнегелік-психологиялық, тәрбиелік жақтары тиісінше зерттеуді қажет етеді.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыс кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу жүргізудің процессуалдық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған арнаулы ғылыми зерттеу. Ғылыми жаңалығын зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаудан көруге болады. Зерттеу жұмысында кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің процессуалдық, өнегелік психологиялық мәселелері қарастырылады. Осы мәселелер бойынша бірнеше теориялық тұжырымдар, түсініктер, кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің тиімді әдістері ұсынылды.
Дипломдық жұмыс Қылмыстық іс жүргізу құқығы, құқық қорғау органдары оқу пәндері бойынша дәрістер оқығанда тәжірибелік маңызы бар, заңгерлер даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне құнды құрал.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу жүргізуді кешенді түрде жан-жақты зерттеп, талдау, осы санаттағы жасалған қылмыстарды тергеу процесіндегі жекелеген тергеу әрекеттерін тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар, кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістері мен тәрбиелік-өнегелік сапасын арттыру болып табылады.
Осы мақсаттардан келесідей міндеттер туындайды:
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің тарихи даму аспектілерін жан-жақты талдау
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің түсінігі мен мәнін анықтау;
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеуді құқықтық реттеу мәселелеріне талдау жасау;
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын ашу;
- қылмыстық іс қозғау және тергеуді жоспарлаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістерін зерттеу;
- кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу процесіндегі жекелеген тергеу әрекеттерін тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторларына талдау жасау болып табылады.
Зерттеудің объектісі. Зерттеу жұмысының объектісі болып кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу жүргізуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Кәмелетке толмағандарға қатысты өнегелік – психологиялық, тергеудің процессуалдық мәселелерін, кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің жеке мәселелерін қамтамасыз ететін тактикалық әдістерді зерттеу, қоғамымыздың әрі қарай демократиялық даму жағдайында осы санаттағы қылмыстарды тергеудегі өнегелік-психологиялық, процессуалдық негіздерін дамыту жолдарын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Зерттеу барысында жасалған қорытынды тұжырымдар Қылмыстық процестік кодексін; Қылмыстық кодексті және кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша құқықтық қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге, жаңа актілер қабылдауға теориялық негіз бола алады.
Зерттеудің әдістемелік негізі тәжірибелік және теориялық қызметтердің бірлігіне негізделген материалистік диалектика әдісі, сонымен қатар объективтік нақтылықтың жеке-ғылыми танымдық әдістері негізінде құрылған, зерттеу үрдісінде автор тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық саралау, жүйелі-құрылымдық, нақтылы-әлеуметтік және басқа да ғылыми зерттеу әдістерін қолданған.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми негізі мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, жеті бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі дипломдық жұмыстың қойылатын талапқа сай келеді.
1. Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің құқықтық және теориялық ерекшеліктері
1.1 Кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеудің тарихи даму аспектілері
Қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуге диалектикалық тұрғыдағы көзқарас олардың қалай пайда болғандығын, қалай дамығандығын, қандай кезеңдермен және сатылармен дамығандығын, қазір қандай жағдайға жеткендігін, яғни олардың қазігі уақыттағы жағдайы мен даму тенденцияларын нақты анықтауды көздейді. Осы ережелер тұрғысынан жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың олардың тарихи пайда болуы, өз дамуында қандай негізгі кезеңдерден өткені, және осы дамуды ескере отырып, ол қазір қандай деңгейге жеткендігі тұрғысынан тарихи зерттеу өзекті және пайдалы болып табылады. Мұндай көзқарас алдыңғы ұрпақта қалыптасқан тәжірибені зерттеуді көздейді.
Әдетте, әлеуметтік жүйелер генезисінде зерттеушілермен олардың пайда болу, қалыптасу, жетілуі мен түрлендірілуінің (ргересс немесе прогресс) кезеңдері анықталады.
Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен қалыптастырылуында негізінен дамудың революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі уақыттағы даму кезеңдері көрсетіледі. Осы ережелерге сүйене отырып жасы кәмелетке толмағандар ісі бойынша қылмыстық сот өндірісінің дамуының келесі негізгі кезеңдерін атап көрсетуге болады:
Ресей империясының кезеңі;
Кеңестік кезең;
Қазіргі (посткеңестік) кезең (1991 жылдан бері қарай).
Аталған кезеңдерді қарастырып отырған тақырыпқа қатысты толығырақ қарастырып көрейік.
Ресей империясының кезеңі.
Бірінші кезеңде жасы кәселетке толмағандар ісі бойынша қылмыстық сот өндірісінің туындауы орын алды. Бұл кезең жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығын тергеу тарихында зор маңызға ие, және өзіне революцияға дейінгі тергеу және сот органдарының жұмысын қосады.
Қылмыстарды, ашу, тергеу және алдын алу мемлекеттік мәжбүрлеу мекемелерінің пайда болуын білдіретін мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Қылмыскерлерді іздестіру мен әшкерелеудің әдістері мен тәсілдері пайда болып, жетілдіріледі. Осылайша, вавилондық патша Хаммурапи заңдарында (б.э.д. 1792 – 1750 ж.ж.) құжаттарды сот тергеуінің объектісі претінде пайдалану туралы айтылған. XII кесте Ежелгі Рим Заңдарында (б.э.д. 451-449 ж.ж.) тінту жүргізу туралы нұсқаулар бар.
Ежелгі орыс құқығының Русьтің өзге мемлекеттермен шарты, бірінші орыс құқығының жүйелі жинағы – Русская Правда сияқты қайнар көздері белгілі. Тарихшылар Русская Правданы қайнар көздері әдеттегі құқық нормалары, князьдық жарғылар мен жекелеген қаулылар құраған князьдық заңдар жинағы ретінде қарастырады. Ежелгі Русьтің Византиямен келісім шартының ережелерін талдау қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістерінің және тек алғашқы заңнамалық актілерде емес, сондай-ақ әдеттегі құқық қойнауында да туындауы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл тенденция ежелгі орыс құқығының одан кейінгі қайнар көздерінде де сақталды.
Аталған және өзге де заңдар өзара процессуалдық және материалдық құқықпен ажыратылған жоқ. Қазіргі уақытта айтылып жүрген материалдық құқық нормаларының көпшілігі, оның ішінде қылмыскерлерді іздестіруді ұйымдастыру мен әшкерелеу тәртібінің алғашқы сипаттамаларын қоса алғанда процессуалдық нормалармен тікелей үйлесімділікте жүргізілді. Бұл ереже қазіргі уақытта белгілі ежелгі орыс құқығының қайнар көздері бойынша айтуға болатын, криминалистік сипаттағы ұсыныстардан тұрған отандық заңнаманың дамуына да қатысты.
Орыс мемлекеттінің орталықтандырылу процесі нормашығармашылықтың белсенді дамуымен қатар жүрді. Сот өндірісінің, оның ішінде қылмыстық сот өндірісінің, бұл кезеңдегі қайнар көздері болып: 1497 жылы жасалған, Орыс орталықтандырылған мемлекетінің феодалдық құқығының алғашқы кодексі- Иван ІІІ сот заңдар жинағы; сот тізімдері (сот өндірісі хаттамалары); құқықтық грамоталар (үкіммен сүйемелденетін сотттық тізімдер); сотсыз, құқықтық грамоталар (соттың тараптардың біріне екінші тарап белгіленген мерзімде сотқа келуден жалтарғандығы негізінде сот қарауынсыз беретін құжаты); мерзімді (тараптрадың сотқа келу мерзімдерін белгілейтін); бейбітшілік (дауды бейбіт шешу актілері) және т.б. 1497 жылғы Сот заңдарының жинағының қайнар көздері болып Русская Правда, Псков және Новгород Сот грамоталары, жарғылық грмоталар және т.б. болғандығы мәлім. Сот заңдарының актілері ең алғаш рет қылмыстық істердің кейбір санаттары үшін іздестіру процесінің нысанын енгізгенді деп есептеледі.
1550 жылғы Сот заңдарының жинағы сословиелік-өкілдік монархияның қалыптасу кезеңіндегі Орыс мемлекетінің негізгі заңнамалық актісі болып есептеледі. Қылмыстарды тергеу келесі дәлелдемелер арқылы жұүзеге асырылды: беттестіру, оқиға болған жерді қарау, жаппай тінту, өз бетімен мойындау. Сөйте тұра іздестіру процесі беттестіруге де, оқиға болған жерді қарауға да дербес мән берген жоқ. Негізгі дәлелдемелер болып жаппай тінту мен өз бетімен мойындау танылды. Егер алғашындағы Сот заңдар жинағы қинауға тек жала жабуда ғана жол берсе, 1550 жылғы Сот заңдар жинағында берілген іс бойынша жаппай тінту жүргізгеннен кейін істердің барлық санаттары бойынша жүзеге асырылды.
Қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы 1648 жылы мемлекеттік өмірдің әртүрлі жақтарын қозғайтын жаңа Соборлық ереженің қабылдануына әкеліп соқтырды. А.Г.Маньков атап өткендей: «1649 жылғы Ережені жасаудың тікелей себебі 1648 жылғы Мәскеудегі көтеріліс пен класстық және сословиелік қайшылықтар болған болса, онда тереңдегі себептер Ресейдің әлеуметтік және саяси құрылымының эволюциясында, сол уақыттағы негізгі класс-сословиелері – шаруалар, қалалық адамдар мен дворяндардың – шоғырлану процесі мен сословиелік-өкілдік монархиядан абсолюттіге өтудің басталуын айтуға болады. Аталған процестер заңшығарушылық қызметтің едәуір өсуімен, заңшығарушының қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барынша көбірек жақтары мен құбылыстарын құқықтық реттеуге ұмтылуымен сүйемелденді».
Соборлық ереженің қайнар көздері болып Сот заңдары, бұйрықтардың уаздық кітаптары, патшалық жарғылар, думалық үкімдер танылды. Стоглав, литовтық және византиялық заңнама, ал кейінірек (1649 ж.) Соборлық ереженің құқықтық нормаларының корпусына «қарақшылық пен кісі өлтірушілік» (1669 ж.), поместьелер мен вотчиналар (1677 ж.), сауда (1653 ж.)туралы жаңауказдық баптар кірді.
Соборлық ереже ерекше маңызды қылмыстарды тергеу ерекшеліктеріне арналған жекелеген нормалардан тұрды. Мұндай қылмыстарға: қарақшылық, адам өлтіру, өрт қою, жалған құжаттар жасау, және өзге де «теріс істер» жатқызылды.
XVII ғасырдың соңы мен —XVIII ғасыр басында қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру жетілдіріле түседі. Қылмыстық процестің жалпы тәртібі ғана емес, сонымен қатар іздестіру мен тергеу жүргізудің жекелеген мәселелері де анағұрлым толық түсініктеме ала бастайды. И.Ф.Крылов атап көрсеткендей Ресейде дәрігерлік куәландыру (қарау жүргізуге дәрігерлерді тарту), сот-медицина және сот – психиатриялық сараптама жүргізу, сондай-ақ құжатнамалық сараптама жүргізу қалыптаса бастайды. 1497 жылғы Сот заңдарының жинағынан басталған жарыстық процесс есесіне іздестіру немесе тергеу процесінің ролін күшейтуге бағытталу аталған кезеңде өзінің шарықтау шегіне жетті. 1697 жылғы 21 ақпандағы «Сот істерінде беттестіруді алып тастау, өзгелерінің орнына сұрау мен іздестірудің болуы, куәлар, олардан бас тарту, ант, жалған куәларады жазалау, салықтық ақшалар туралы» Жарлығымен процестің жарыспалық нысанына мықты соққы беріліп, Ресей самодержавиесінің нығайтылуы иенденциясына сәйкес келетін іздестіру нысанын нығайтты.
Петр І басқару кезеңінде бастапқы мақсаты патша баласы Александр Петровичтің ісі бойынша тергеу жүргізу болып табылған Құпия канцелярия құрылды. Құпия канцелярия қызметін сипаттай отырып В.И.Веретенников былай деп жазды: «Канцелярияның қызметін реттейтін ешқандай нұсқаулық, ешқандай жарғы, ешқандай ереже, ешқандай тіпті жалпы жарлық та жоқ». Құпия Канцелярия аз ғана құжаттарының біріне «сұрақ пункттерінін» («сұрау жүргізу пункттері», «бас пункттері» т.с.с) тұратын «Мәселелік баптар» жатқызылды. Осылар тергеудің «әдістемелік» барысын анықтап отырды. Басқаша айтқанда мемлекеттік қылмыс туралы сұрау жүргізуде анықталуы тисі мәселелердің тізімі жасалды: 1) қасақаналық болды ма; 2) қасақаналық жасауға ниеті болды ма; 3) қатысушылары болды ма; 4) ұйымдастырушылары (кеңесшілері) болды ма; 5) қылмыстың ниеті; 6) қылмыстың себебі: «бұзақылықтан», «масаң күйде болуынан», «ақымақтықтан», «жай».
XVIII ғасыр барысында сот өндірісі саласын қоса алғандат қолданыстағы заңнаманы жүйелеуге бірнеше рет талпыныстар жасалды. Бұл талпыныстардың барлығы үш негізгі топқа топтастырыла алады. Бірінші топ – барлық жекелеген заңдарды бір тұтас заңға топтастыру, оларды өзара келістіру, «жинақ» жасау. Екінші топ – Ресейге шетел заңдарын не аударма түрінде, не қайта өңдеу түрінде әкелу, отандық заңдастырулармен үйлесімге келтіру талпыныстары. Үшінші топ – жалпы не тек арнайы қылмыстық сот өндірісінің Ережелерін жасау.
Осындай талпыныстардың бірі Благочинный Жарғысын немесе Полициялық Жарғының шығарылуы болды. Ол тполиция қызметінің тек негізгі салалары мен Благочинный Управасының жұмыс жасау режимін ғана белігіледі, ал мәлім болғандай оның жұмыс жасау әдістері реттелмейген күйде қалып қойды. Благочинный Жарғысымен бекітілген полиция қызметтерінің негізгі бағыттарына жалпы қылмыстық қылмыстардың алдын алу мен ашу және қоғамдық тәртіпті сақтау жатқызылды. Полиция қызметінің анағұрлым маңызды саласы жалпы қылмыстық қылмыстардың жолын кесу мен ашуға бағытталған іс-шараларды жүргізу болып табылды.
Қылмыстарды ашу бойынша полиция қызметін реттеген Благочинный Жарғысының қабылдануы XVII – XVIIT ғасырдың екінші жартысындағы құқықтың дамуының логикалық жалғасы болды, өйткені 1649 жылғы Собор ережелері, «Сот нысаны туралы»1723 жылғы Жарлық, 1715 жылғы «Процестер немесе сот дауларының қысқаша көрінісі» және т.б. актілер әрекетін тоқтатқан жоқ. XVTII ғасыр ортасына дейін полиция ұсталған «қарақшылар мен ұрыларға» қатысты кейін оларды тергеу мен сот үшін әділет алқасына немесе іздеу бұйрығына немесе губерниялық немесе воеводтық канцелярияларға бере отырып, тек анықтауды ғана жүзеге асырды. 1746 жылы Санкт-Петербургте және оның губернияларында тергеу жүргізу құқығы Полицмейстерлік канцелярия жанынан құрылған Іздестіру экспедициясына берілді. Осылайша полиция мемлекеттік қылмыстарды қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша тергеуді жүзеге асыра бастады.
Благочинный Жарғысы қылмыстардың төрт түрін көрсетті: 1) жеке тұлғағ қарсы (267 -бап); тұрғын жайға қол сұғатын (268-269 баптар); 3) иеліктерге қол сұғатын (268-269-баптар); 4) «жалған әрекет немесе жалпы сот әділдігіне немесе халық тыныштығына қарсы» түріндегі қылмыстар (271, 272-баптар) және т.б.
Благочинный Жарғысы қылмыстың әрбір түрі үшін тергеу барысында жауап алынуы тиіс болатын белгілі бір сұрақтарды қарастырды. Жеке тұлғаларға қатысты қылмыстарды жасауда жеке приставқа келесі мәселелерді зерттеу қажет болды: «1) жәбір келтірілген тұлға туралы; 2) жәбір келтірген әрекет туралы; 3) жәбір келті руге қолданылған әдіс немесе қару туралы; 4) жәбір келтіру уақыты туралы; 5) жәбір келтіру орны туралы; 6) ниеттенген немесе ниеттнбегендігі туралы түсінік беретін және қалай жәбір келітірлгендігін мәлімдеуші айналадағы тұлғалар туралы; 7) жәбір келтірген қылмыскер туралы».
Мүліктік қылмыс туралы ақпарат алғаннан кейін жеке приставқа келесі мәселелерді шешу керек: 1) жәбір келтірілген иелік туралы; 2) жәбір келтірген әрекет туралы; 3) жәбір келтіруге қолданылған әдіс немесе қару туралы; 4) жәбір келтіру уақыты туралы; 5) жәбір келтіру орны туралы; 6) ниеттенген немесе ниеттнбегендігі туралы түсінік беретін және қалай жәбір келітірлгендігін мәлімдеуші айналадағы тұлғалар туралы; 7) жәбір келтірген қылмыскер туралы».
Сұрау алуды жүргізуде кейбір шектеулер болды. Атап айтқанда, сұрау алу мыналарға жүргізілмеуі тиіс: жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, адамдар мен қызметшілердің мырзасына, мылқау, саңыраулар мен орны жоқтардан. Бұл архаистік қылмыстық процесс белгісі болды. Сұрау жүргузу барысында жасалған қылмыс мән-жайлары анықталды (атап айтқанда, қылмыс ниетпен немесе ниетсіз жасалғаны, яғни қасақана немесе абайсызда жасалғаны), орнатушы, ұстаушылар анықталды, сонымен қатар, олардың мүмкін орналасқан жерлері.
Анықтау және тергеу жүргізуде сұрау алу, қараулармен және тінтулермен, куәландырулармен қатар тергеу эксперименті сияқты жаңашылдық тергеу әрекеттері қолданылды.
Оған қоса біз зерттеп отырған кезеңдегі Ресейдегі қылмыстық қылмыстылықтың өсу қарқынынының артуы еш кеміген жоқ. ХХ ғасырдың алғашқы он жылында қылмыстылықтың жыл сайынғы өсу деңгейі 7 пайыз құрап отырды. Бірқатар қалаларда қылмыстылық тек кәсіби сипатқа ие болып ғана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің криминалдық қызметінің аясына қараусыз жасы кәмелетке толмағандарды белсенді тарта отырып, ұйымдасқан сипатқа да ие бола бастады. Сапалық және сандық өзгеріске ұшыраған жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресте сот пен полициялық шененуніктердің әрекеттері жеткіліксіз болды. Осыған байланысты келесі маңызды мәселелер туындады: жасы кәмелетке толмаған қылмыкерлерді қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды жетілдіру; ересек арандатушыларды жазалау; жасөспірім құқық бұзушыларға қамқорлықты өзіне жүктейтін балалар мекемелерінің жұмысына қадағалау жүргізу.
Мемлекеттің балалар және жасөспірімдер қылмыстылығының белең алуына жауабы сот тәртібінде әрекет ететін жасы кәмелетке толмағандар туралы мемлекеттік қамқоршылық органдарды құру болды. Ең алғашқы осындай сот 1910 жылы 22 қаңтарда Птербургте ашылды. 1917 жылғы қазанға дейін «балалар» соты Мәскеуде, Харьковте, Киевте, Одессада, Ригада, Томскіде, Саратовта ашылды. Шынайы соттардың жұмысы жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жазалаушы бағыттылықта болғанын атап өткен жөн.
Ресей Империясының ХХ ғасыр басындағы заңнамасы жасы кәмелетке толмаған адамдарына жасы 17-ге толмаған тұлғаларды жатқызды, ал қылмыстық қудалау 10 жасқа толғаннан кейін рұқсат етілді. Аталған тұлғалар санатына қатысты қылмыстық жауаптылықтың жеңілдікті режимі қарастырылғанынан қарамстан, Ресейде қылмыстық сот өндірісі сот әділдігі аясында жасөспірімдерді қорғаудың жеткілікті құқықтық базасы болған жоқ. Жасы кәмелетке тлмағана құқық бұзушылар құқықтық жағынан қорғаусыз болды.
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы ғылыми-техникалық прогресс соңғы уақыттағы жетістіктермен, байланыс және хабарлама құралдарымен жарақтанған кәсіби және ұйымдасқан қылмысты туындатты. Ғылымға қоғам мен мемлекеттің тергеуші мен із кесішіні қылмыстылықпен күресте тиімділікті арттыруға мүмкіндік алатын қарумен қаруландыру сияқты өзіндік ерекше тапсырысы пайда болды. ХХ ғасыр басында ең алғышқы ресей криминалистерінің бірі В.И.Лебедев бұл жөнінде былай деп жазды: «қазіргі заман қылмыскерлерімен нәтижелі күресті тек кем дегенде теңдей немесе техниканың ең жақсы жаңа қаруымен қаруланған және сол қаруды жетік меңгерген полиция ғана жүргізе алады».
Бұл әлеуметтік тапсырысқа жауап ретінде антропометрия, ауызша портрет, дактилоскопия, сигналетикалық және мегрикалық фотоға түсіру, іздестірілудегі қылмыскерлердің фотосуреттерінің альбомы, қылмыстарды жасау мен ізін жасыру тәсілдерін зерттеу сияқты әдістер қолданыла бастады. Сот-химиялық және химия-микроскопиялық зерттеу одан арғы дамуына көшті. Әртүрлі заттарды, нысандарды, құбылыстарды зерттеуде сарапшылар мен тергеушілерге теориялық қолдау жасауға тағайындалған әртүрлі нұсқаулар жарыққа шыға бастады. Осының барлығы және тағы басқалары ең алдымен қылмыстық сот өндірісіне жұмыс жасай бастады. Бұл кезеңде криминалистикалық тактика мен қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің криминалистикалық әдістері пайда бола бастады.
Қылмыстарды тергеудің отандық тәжірибесін сипаттайтын анағұрлым аты шыққан алғашқы жұмыстардың бірі «сот ісі үш бөлімнен тұрады: 1) зерттеу; 2) анықтау; 3) үкім мен қорытынды» деп жазған Петр Раткевичке тиесілі. Зерттеу ақиқатты ашатын әдіс болып табылады және ол «1) тұлғадан; 2) қылмыскердің өзінен; 3) себептен; 4) орыннан; 5) тәсілдерінен; 6) қаруынан; 7) уақыттан; 8) жағдайдан; 9) ыңғайлылығынан» бастау алады. Кейінгі уақытта тергеу теориясына, яғни бірқатары айқын көрініс тапқан криминалистикалық сипатта болған тергеуді жүргізу бойынша кеңестер мен нұсқаулардан тұрған тергеу теориясына арналған жұмыстардың басылым саны ұлғая бастады. Осындай жұмыстардың авторлары ішінде Я. Баршев, В. Казанский, Е. Колоколов, В. Линовский, Ф. Наливкин, В. Назнанский, А. Неклюдов, Н. Орлов және т.б. атап айтуға болады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы аталған және өзге де авторлардың жұмыстары кешенді сипатта болды. Бір жағынан олар қылмыстық процесс теориясының негізінде қылмыстық сот өндірісін реттейтін қолданыстағы көптгене нормативтік-құқықтық актілерге түсініктемелерден тұрған болса, екінші жағынан, тергеуге ықпал еткен мән-жайларды қоса алғанда, қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстардан құралып, соңғыларына сипаттаманың кейбір элементтерін берді.
Жоғарыда атлағндарды қорытындылай келе ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХХ ғасыр басында отандық ғылымда кейін «криминалистика» аталуына ие болған тікелей жаңа білім саласы қалыптаса бастағандығын нық айта аламыз.
Кеңестік кезең.
Жасы кәселетке толмағандардың қылмыстары туралы тергеу институтының қалыптасуының екінші кезеңі жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерді қылмыстық қудалау қажеттілігі, оның қылмыстылықпен күрестегі маңыздылығы туралы мәселелерді шешуге қарама-қайшылықты, біртекті емес көзқарастармен сипатталады. Тиісті ғылыми көзқарастардың болмауы себепті тура қарама қарсы шешімдер қабылданды. Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты қылмыстық сот өндірісінен біресе бас тартты, біресе қолданысқа енгізді, бірақ, біздің пікіріміз бойынша, дәл осы қайшылықтар оның дамуының қозғаушы күші болды.
1917 жылғы Қазан революциясы жеңісінен кейін Кеңес республикасы алдында сыртқы және ішкі жаулардан қорғау мәселесі өзекті болды, бұл осы мәселені шешуге қабілетті жазалаушы органдарды құруға негіз болды. Кеңестік үкімет патшалық Россияның сот және тергеу органдарының қылмыстылықпен күресудегі бай тәжірибесінен бас тартқан жоқ. Ол оны жас мемлекет алдықнда тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып тәжірибеде белсенді қолдана бастады.
Кеңес мемлекетінің үйсіз-қараусыз жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты саясатын анықтаушы алғашқы заң 1918 жылғы 14 қаңтардағы «Жасы кәмелетке томағанадар үшін комиссия туралы» СНК Декреті болды. Бұл заңмен жасы кәмелетке толмағандарға қатысты сот қудалауы мен түрмеге жабу жойылды.
Жасы кәмелетке толмаған 17 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдардың құқық бұзушылықтары туралы істері жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиямен қаралды. Аталған комиссиялар алдын ала тергеу жүргізіп жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыны не босату туралы, не балалар үйінің біріне жіберу туралы шешім шығаратын.
Жасы кәмелетке толмағандар үшін комиссия құрамы туралы Ереже ВЦИК-тің 1918 жылғы 7 наурыздағы «Сот туралы» Декретінде бекітілді. Жасы кәмелтеке толмағандар ісі бойынша автономды сотты қалпына келтірмей, аталған заң жасы кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияның құқықтық базасын күшейту туралы құқық нормаларынан құралды. Мысалы, сот үш тәулік ішінде істің нақты фактілері бойынша қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуі, жасы кәмелетке толмағанның қылмыстағы ролін анықтап, комиссияға тергеудің нәтижелері туралы баяндама ұсынуы тиіс болатын. Жасөспірімге қатысты ықпал ету шарасы туралы шешім жасы кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиямен қабылданатын.
Кейін заңшығарушымен жасы кәмелетке толмағанға қатысты медико-педагогикалық сипаттағы шараларды қолдану мүмкіндігінің болмауы мен оның ауыр қылмыстар жасауы жағдайында соттың араласу мүмкіндігін қарастырды. 1922 жылы 25 мамырда қабылданған қылмыстық процессуалдық кодекс істердің жоғарыда атлған санаттарын қараудың сот тәртібін бекітті.
Сондай-ақ аталған заңда жасы кәмелетке толмаған айыпталушылардың жасын 14 жасқа дейін төмендету туралы өзгерістер енгізілді. Алғаш рет жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде қылмысты кәмелет жасқа толмаған адаммен жасалуы нормативті түрде бекітілді. Дегенмен жасы кәмелтке толмағандарға қатысты істің сотпе қаралуы тек жасы кәмелтке толмағандар ісі бойынша комиссияның қаулысы бойынша ғана орын алуы мүмкін болғандығын атап өткен жөн. 1927 жылы алғаш рет адамдардың аталған санаты бойынша арнайы қылмыстық-процессуалдық нормалар «Жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі істер» тақырыбымен Қылмыстық процессуалдық кодекске жүйелендірілді. 1928 жылғы өзгерістермен РСФСР ҚПК-гі соттың құзырынан 16 жасқа дейінгі жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі істер толығымен алынып тасталды. Мұндай істер жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссияның құзырына жатқызылды.
Қылмыстық сот өндірісі Негіздерінде айыпталушының қорғауға құқығы, үкім мен тергеу органдарының шешімдеріне шағымдану құқығы, жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссияның отырысының жариялы сипатта болуы, прессаның қатысуына рұқсат ету, құқық бұзушылардың аты-жөнін жария етуге тыйым салу сияқты демократиялық қағидалар қалыптастырылды. Соттардың құзыреттеріне мыналар жатқызылды: сот өндірісі аясына тартылатын жасы кәмелетке толмағандардың жасын анықтау, оларға қатысты сот-түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын қолданудың міндетті жағдайлары мен оларды жеңілдету шектері.
Сөйте тұра, жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссиялар, қажетті алдын ала тергеу жүргізу құзыретін қоса алғанда, құзыреттердің кең шеңберін қолдана алатын болса да, олардың қызметі негізінен медициналық-психологиялық және педагогикалық бағыттылықта болды. Мысалы, жасы кәмелетке толмағандарды ата-аналарының, туыстарының немесе өзге де тұлғалардың, мекемелердің, ұйымдардың қамқорлығына беру. Аталған комиссиялардың жұмысының мұндай әдістері қараусыз жасы кәмелетке толмағандармен күресте Коммунистік партия мен Кеңестік үкіметтің қылмыстық сот өндірісі алдына қойған жаңа міндеттерді шешуге ықпалын тигізбеді. Сондықтан КСРО СНК мен ЦК ВКП (б) 1935 жылғы 31 мамырдағы «Балалар үйсіздігі мен қадағалаусыздығын жою туралы» Қаулысымен жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссиялар таратылды. Аталған мәслені анағұрлым тиімді шешілуі үшін аудандық және ірі қалалардың қалалық Кеңестерінде балалар үйсіздігі мен қадағалаусыздығымен күрес бойынша секциялар ұйымдастырылды, милиция органдарының құрамынан мамандандырылған құрылымдар құрылды, ағарту органдарында балалық құқықтарды қорғау инспекторы лауазымы енгізілді.
Балалардың үйсіздігі мен қадағалаусыздығын жоюды тәжірибеде жүзеге асыру көптеген елеулі бұзушылықтарды туындатты, олар жасы кәмелетке толмағандарға қатысты алдын ала тергеу барысында сияқты, осындай істерді сотта қарау кезінде де жіберіліп отырды.
Жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша сот әділдігінің бағыттылығын анықтайтын бірыңғай құқықтық базаның болмауы заңнамалық актілерге түсініктеме беретін көптеген бұйрықтардың, нұсқаулардың, деретивті хаттардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Бұл өз кезегінде жасы кәмелетке толмағандарға қатысты алдын ала тергеу барысында сияқты, осындай істерді сотта қарау кезінде де күрделі бұзушылықтарға әкеліп отырды.
1960 жылы РСФСР қылмыстық-процессуалдық кодексін қабылдаумен 1920-1950 жылдар аралығындағы жоғароыда аталған заңнамалық және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілердің көпшілігі күшін тоқтатты. Заңшығарушымен ҚПК-нің 32-бөліміне жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстын тергеу тәртібін реттейтін арнайы бөлім енгізілгені қуантарлық жайт болды. Аталған бөлімнің құқықтық нормалары қылмыстық істерді тергеудің жалпы ережелерін ауыстырған жоқ, тек толықтырды. Сонымен қатар ақиқатты анықтаудың, сондай – ақ жасы кәмелетке толмағандар қылмыстарын тергеуде заңдылық қағидасының сақталуының қосымша кепілдері бекітілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1963 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығына сәйкес ішкі істер органдары алдын ала тергеу жүргізу құқығына ие болды. 1978 жылдан бастап 1996 жыл аралығында жасы кәмелетке толмағандардың барлық қылмыстары жөніндегі істер солармен тергелді.
Кейінгі посткеңестік кезеңде жасым кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу тәртібі ең алдымен 1960 жылы қабылданған РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексімен бекітілген нормалармен, ержелермен, халықаралық құқық нормаларымен, РСФСР құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын халықаралық шарттармен анықталы. Мысалы, 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы», 1976 жылы қоланысқа енгізілген «Адамның азаматтық жәнен саяси құқықтарының халықаралық пактісі», 1984 жылғы «Жасы кәмелетке толмағандар істері бойынша сот әділдігін жүргізудің ең төменгі стандарттары», 1989 жылғы «Жасы кәмелетке толмаған бас бостандығынан айрылғандармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық стандарттары», 1990 жылғы «Бала құқықтары туралы конвенция» және т.б.
Қазіргі (посткеңестік) кезең (1991 жылдан бері қарай)
Жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу институтының даму кезеңі. Оның ерекшелігі жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу тек тергеу бқұрылымдарының қызметкерлерімен ғана жүргізілетіндігінде.
Қазақстанның Еуропа одағына кірігуі қазақстандық заңнаманы халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларымен, атап айтқанда жасы кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын қағидалармен сәйкестендіруді міндеттеді. Аталған талаптарды орындау ретінде 1996 жылдың ортасында «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің қабылдануы» болды, ол бірқатар қылмыстық-процессуалдық нормалар жүйесін қарастыратын заң жобасын даярлау бойынша жедел жұмыстардың жүргізілуін туындатты. Бұл заіды қабылдау жаңа қылмыстық кодекстің қолданысқа енгізілуін нақты қамтамасыз етті. Бірақ бұл әрине қалыптасқан жағдайдан шығудың мәжбүрлі және уақытша жолы болды. Жаңа қылмыстық заңнамаға заманауи қылмыстық-процессуалдық кодекс қажет болды. Ол Қазақстан Республикасының Парламентімен 1997 жылы қабылданды.
Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының соңғы кодификациясын жүргізудегі қалыптасқан дәстүрден ауытқу бірқатар себептермен байланысты болды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының сот және өзге де құқық қорғау органдарының құрылуының аяқталмауы, соттар туралы бірқатар конституциялық заңдардың болмауы және өзге де мән-жайлар.
Жоғарыд аталғандарды түйіндей отырып, келесі тұжырымдар жасауға болады:
Біз зерттеген нормативтік-құқықтық актілер, теориялық қайнар көздерге негізделе отырып тарихи қалыптасқан мән-жайларға байланыстыжасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеу институты қазіргі заман қылмыстылығының жалпы өсуімен біз қарастырып отырған санаттағы қылмыстардың саны да эквивалентті түрде артуымен байланысты болды деп сеніммен айта аламыз.
2. Жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу бойынша тергеу органдарымен жинақталған жұмыс тәжірибесінің ауқымды және жан-жақты болуы оның тәжірибелік құндылығын жоғалтпағандығын және қазіргі уақытта да өзекті болып қала беретінін, оған қоса терең ғылыми зерттеуді талап ететіндігін көрсетіп отыр.
