- •«Діни мерекелер» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Тұсау кесу» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Өнер шеберлері» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Су ресурсы» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Жануарлар әлемі» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Қызыл кітап» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Экологиялық мәдениет» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Ұлттық киім» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Ұлттық ою-өрнек» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Көне және заманауи ескерткіштер» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Ғарыш айлағы» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Байланыс» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Қонақ үй бизнесі» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Ұлттық мейрам» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
- •«Ғаламтор жүйесі» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
«Ұлттық киім» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қазақ халқының киім үлгілерінде табиғи ерекшеліктері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Ұлттық киімдер: ішік, шапан, қамзол, көкірекше, бөрік, тақия, кимешек, сәукеле, тымақ, қалпақ, көйлек, мәсі, етік.
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Оны ертеде негізінен хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.
Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін ғұрыптық киім. Оның төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Оның бағасы өте қымбат, жүз жылқыға дейін парапар болған. Сәукелені арнайы шеберлерге дайындаттырады.
Тымақ – Қазақта тымақтың түрлері көп, оның ең бағалысы түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты пүлішпен тысталады. Тымақтың төбесі шошақ болып келеді.
Бөрік – жеткіншектерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Оның етегін айналдыра тері тігіледі. Бөріктің түрлері: шошақ бөрік, үкілі бөрік, кәмшат бөрік.
Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.
Қамзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі.Өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленеді.
Шапан – сырт киім. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Оқалы шапанды ертеректе хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.
№ 12 емтихан билеті
«Дизайн» атты тақырыпта шағын мәтін құрастырыңыз.
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Ол 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда қалыптасқан.Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының(қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды.
