Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtihan_sur_zhalp_meditsina_kaz-2016.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.63 Кб
Скачать

181. Есеп

Жаңадан теріп алынған жүгері дәні, құрамында глюкозаның көп болуына байланысты тәтті болады. Құрамындағы глюкозаның крахмалға айналуына байланысты жүгері дәні дәмімен айырыла бастайды. Жүгерінің тәтті дәмін сақтап қалу үшін жинап алғаннан кейін бірден бірнеше минутқа қайнап тұрған суға салып алып, одан кейін суытады. Мұндай өңдеудің мағынасы неде?

Жауап беру үшін еске түсіріңіз:

  1. Фермент дегеніміз не?

  2. Ферменттің белсенділігіне температура қалай әсер етеді?

182. Есеп

Тышқан бүйрегінің митохондриіне НАД+ енгізілді. Осы жағдайда кребс циклінің қай ферменттерінің белсенділігі артады?

Жауап беру үшін:

  1. (Цикл) кребс циклінің реакция схемасын жазыңыз.

  2. НАД+ қызметі қандай?

  3. Ол кребс циклінің қандай ферменттерімен жұмыс істейді?

183. Есеп

Тәдірибеде оқшауланған митохондрияға малат қосылды. Малат үшін Р/О коэффициенті неге тең?

Жауап беру үшін:

  1. Р/О коэффициенті деген не?

  2. Малаттың тотығу реакциясын жазыңыз және ферментті көрсетіңіз.

184. Есеп

Тәжірибеде оқшауланған митохондрияға сукцинат қосылды. Сукцинат үшін Р/О коэффициенті неге тең?

Жауап беру үшін:

  1. Р/О коэффициент деген не?

  2. Сукцинаттың тотығу реакциясын жазыңыз және ферментті көрсетіңіз.

185. Есеп

Инфекциялық және гастроэнтерологиялық бөлімшеге вирустық гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын екі науқас түсті. Басқа арыздарымен (шағымдарымен) қатар екі науқаста соңғы уақытта денелерінде кішкене соққының өзінен үлкен көгерген із қалатынын айтты. Қан анализі екі науқаста да қан айналым жүйесінің жоғарылағанын протромбиннің мөлшерінің 2 есе азайғандығын көрсетті.

  1. Осы клиникалық белгілер қандай витаминнің құрамының бұзылғандығын білдіреді?

  2. Осы симптомдарға байланысты инфекцианист және терапевт қандай ем ұсынуы керек?

186. Есеп

Жүктіліктің соңғы үш айында жүкті әйелдің сүйектерінде ауру сезімі байқалды. Қанның биохимиялық зерттеу нәтижесінде кальцидің көбейгендігін, фосфор концентрациясының азайғандығын және сілтілік фосфатазаның жоғарылағандығы анықталды. Осы клиникалық көріністер қандай витаминнің бұзылыстарына байланысты?

  1. Жүкті әйелге акушер-гинеколог қандай ем ұсынуы керек?

  2. Осы әйелдің баласына педиатр (босанғаннан кейін) қандай ауытқудың емін жүргізу керек.

187.Есеп

Хирургиялық бөлімшеге жарақат алған науқас түсті. Эспресс-лаборатория оның қанынан ауыр декомпенсирленген ацидозды және лактат пен птруваттың концентрациясының жоғары екендігін көрсетті. Осы көрсеткіштерді қалпына келтіру үшін дәрігер науқасқа қандай витаминдер тағайындауы керек?

  1. Ацидоз дегеніміз не?

  2. Қандағы лактат пен пируваттың жоғарылағаны немен байланысты?

188. Есеп

В12 витаминнің таблетка түрінде емес бұлшықетке енгізді. Бұл немен байланысты?

  1. В12 витаминнің қай топтың витаминдеріне жатады.

  2. В12 витаминнің биологиялық қызметтері қандай?

189. Есеп

Қандай витаминнің жетіспеушілігі цинга ауруының туындауына алып келеді.

  1. Осы витаминнің жасушаарарлық матрикспен құрылуындағы рөлі қандай?

  2. Осы процеске негізделген реакция теңдеуін жазыңыз.

190. Есеп

Тұмау және ОР3 кезінде дәрігерлер науқасқа көбіне С витаминін ұсынады (тәулігіне 3-4г)

  1. С витаминін ұзақ уақыт осындай мөлшерде қабылдауға бола ма?

  2. Бұл жағдай неге әкеліп соқтыруы мүмкін?

191. Есеп

А және Д витаминерін олардың қалыпты мөлшерін ұстап тұру үшін бірнеше апта бірден екеуін де қабылдауға болады. Ал В тобының витаминдерін әлдеқайда жиі қолдану керек. Неліктен?

1. Витаминдердің жіктеуін еске түсіріңіз.

2. Екі топ витаминдерінің айырмашылығын ата.

192. Есеп

Организмге К, Са2+ және гепариннің түсуі қан айналымына қалай әсер етеді? Бұл заттардың қайсысы тез әсер етеді? Ал қайсысы өзінің әсерін жүзеге асыру үшін уақыт қажет етеді?

  1. К витаминінің биологиялық рөлі қандай?

  2. Са2+ қан айналым жүйесінде қандай қызмет атқарады?

  3. Гепариннің қанайналымдағы әсері қандай?

193. Есеп

Табиғи майлардың құрамында А витамині және басқа да майда еритін витаминдер болады.

1. А витамині қандай күйінде, таза әлде табиғи майлардың құрамында көбірек сақталады ма?Неліктен?

194. Есеп

Жасанды тамақтандырылатын емшектегі балаларда В6 витаминнің жетіспеушілігі болса, ол балаларда жүйке жүйесінің бұзылыстары пайда болады. Бұл немен байланысты екенін түсіндіріп беріңіз?

  1. Бұл үшін бізге белгілі биогенді аминдердің пайда болу реакцияларына мысал келтіріңіз.

  2. В6 витаминінің биохимиялық функциясын еске түсіріңіз.

  3. Гистидин, серин, глутаматтың декарбоксилденуі кезінде қандай өнімдер пайда болады?

  4. Аталған реакциялардың өнімділігін түсіндіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]