- •Ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті Зертханалық пәндер кафедрасы
- •«Биологиялық химия-1» пәні бойынша Емтихан сұрақтары
- •2015-2016 Оқу жылының 2-ші курс студенттеріне биохимия пәнінен жалпы медицина мамандығы бойынша емтихан сұрақтары
- •130.Есеп
- •131. Есеп
- •132.Есеп
- •133. Есеп
- •134.Есеп
- •135.Есеп
- •136. Есеп
- •137.Есеп
- •138. Есеп
- •139. Есеп
- •140. Есеп
- •141. Есеп
- •142. Есеп
- •143. Есеп
- •149. Есеп
- •150. Есеп
- •151. Есеп
- •152. Есеп
- •153. Есеп
- •154. Есеп
- •159. Есеп
- •160. Есеп
- •161. Есеп
- •162. Есеп
- •163. Есеп
- •171. Есеп
- •172. Есеп
- •173. Есеп
- •181. Есеп
- •186. Есеп
- •195. Есеп
- •196. Есеп
171. Есеп
Егде жаста инфаркт миокарда ауруының пайда болу себептері бауырдағы ТТЛП-нің рецепторларының структураларының өзгеруіне байланысты. Қандай патологиялық аурулар инфаркт миокарда ауруының бастамасы болып есептеледі, қандай өзгерістерге алып келеді.
Жауап беру үшін:
ТТЛП түсінік, құрамы және құрылысы.
ТТЛП биологиялық рөлі.
Бұл жағдайда липидтер алмасуында қандай өзгерістер болады.
172. Есеп
Жас нәрестенің қанның және мидың құрамында кетон денелері қалыпты жағдайдан екі есе көбейген, ересек адамдарға қарағанда. Бұл неге байланысты?
Жауапты дұрыс талдау үшін еске түсіріңіз:
Кетон денелеріне түсінік.
Кетоз дегеніміз не?
Кетон денелерінің функцияларын атаңыз.
173. Есеп
6 жасар ұл бала тез шаршағыш келеді, физикалық жұмысты (немесе қимылды) жасай алмайды. Бұлшық етке зерттеулер жасалынды, биопсия алыну арқылы, нәтижесінде триацилглицеридтердің концентрациясы нормадан бірнеше рет жоғары, ал карнитиннің концентрациясы 5 есе төмен екені анықталды.
1.Физикалық қимылда бұлшық ет тканінде энергия көзі болатын заттарды атаңыз.
2. Не себепті бұл патологиялық процесте физикалық қимыл жасау ұзағынан төмендейді.
174. Есеп
Глутаматдекарбоксилаза катализдейтін реакция:
Глутамат В6 қышқылы → ГАМК + СО2
Қандай заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ферменттердің белсенділігін суреттеуге болады?
Берілген реакцияның жылдамдығын қалай жоғарылатуға болады?
175. Есеп
Трипсин ферменті белоктардың пептидтік байланысын ыдырата алады. Неге трипсинді қолданғаннан кейін, көптеген ферменттер инактивацияланады:
Жауап беру үшін есіңізге түсіріңіз:
Ферменттер дегеніміз не?
Трипсин ферменттердің қай класына жатады?
176. Есеп
Ингибитор ферментінің белсенділігін (30%-тен) бастапқы дәрежесінен 30%-ға дейін төмендейді. Катализденіп жатқан реакция субстратының концентрациясын көтеру фермент белсенділігін 80 % -ын қалпына келтіреді. Осы ингиботор қай типке жатады:
Жауап беру үшін:
Ингибитор типтерін еске түсіріңіз.
Қандай ингибитордың әрекеті субстрат концентрациясына тәуелді.
177. Есеп
Егер аспартатаминотрансфераза ферменті тек жүректе орналасатындығы белгілі болса, осы ферменттің қандағы белсенділігінің бірден жоғарылауы нені білдіреді?
Жауап беру үшін есіңізге түсіріңіз:
АСТ қай класқа жатады?
Неліктен паталогия кезінде қандағы жасушаішілік ферменттердің белсенділігінің артуы байқалады?
178. Есеп
Крахмалды ыдырататын амилаза-ферментінің оптималді РН =6,8 температурасы -370 С.
Осы талаптар өзгергенде, ферменттің белсенділігі қалай өзгереді?
Өзгерістердің себебін көрсетіңіз.
а) Инкубациялық ортаның РН=5
б) Инкубацияныңтемпературасы 700 С
в) Инкубациялық ортаға СuSO4 қосқанда
г) инкубациялық ортада CuSO4 болғанда крахмалдың концентрациясын жоғарылатқанда.
179. Есеп
Асқорыту жолдарындағы және қан айналым жүйесіндегі екі пептидаза топтарының спецификалық әрекетін салыстырыңыздар: қай жағдайда спецификалық әрекет жоғары болады?
Жауап беру үшін:
Пептидазалар дегеніміз не?Олар қандай класқа жатады?
Ферменттің арнайлылығы дегеніміз не?
180. Есеп
Табиғаты әртүрлі жоғары молекулалы заттар бар ерітінді белгілі бір реакцияларда каталитикалық белсенділік көрсетеді. Катализатордың табиғаты белгісіз. Оның келесі қасиеттері белгілі:
а) активация энергиясын төмендетеді.
б) тікелей және қайтымды реакцияны тездетеді;
г) жоғары арнайылыққа ие;
д) тепе-теңдікке жетуді жылдамдатады, (оны қозғалтпай);
Ерітіндіге пептидтік байланыстарды үзетін заттарды қосқаннан кейін, каталитикалық әрекетін тоқтатады. Катализаторда белоктың табиғатының қай қасиеті тікелей анықтайды?
Жауап беру үшін еске түсіріңіз:
Фермент дегеніміз не?
Органикалық және бейорганикалық катализатордың айырмашылықтары неде?
