Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtihan_sur_zhalp_meditsina_kaz-2016.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.63 Кб
Скачать

159. Есеп

3 молекула стеарин қышқылын синтездеу үшін қанша молекула ацетин- КоА толық тотыққанда су мен көмірқышқыл газына дейін энергетикалық шығымы, синтез кезінде бөлінген энергиямен сәйкес келеді ме?

Жауап үшін:

  1. Стеарин қышқылының синтезін жазыңыз.

  2. Стеарин қышқылының синтезіне жұмсалған энергия шығымын есептеңіз.

  3. Ацетил-КоА-ның көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырауын схема түрінде жазыңыз.

  4. Ацетил-КоА-ның толық тотыққан кезде энергетикалық шығымын есептеңіз.

160. Есеп

Науқаста қанның және зәрдің құрамы бірденен кетон денелерінің жоғарылағаны анықталды. Қандай тұжырымдау негіздеуге болады, бұл өзгерісті анықтау үшін?

  1. Кетоз дегеніміз не, ол не себепті байқалады?

  2. Кетоздың қандай түрлерін білесің?

161. Есеп

10 молекула глицерин толық тотығуы кезінде қанша молекула АТФ түзіледі.

Есептеу үшін:

  1. Глицериннің активтенуі қалай жүреді?

  2. Глицериннің көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырауын схема түрінде жазыңыз.

162. Есеп

Атеросклерозбен ауырған науқасты ауруханадан шығарар алдында, не себепті тамақтану рационы ережесін сақтау ескертіледі. Дұрыс тамақтану кезінде өттің және ішектің перистальтикасы жұмыстары жақсарады.

Жауапты толықтыру үшін еске түсіріңіз:

  1. Атеросклероз дегеніміз не?

  2. Өт қышқылдары қайда және қандай заттардан түзіледі?

  3. ішектің перистальтикасын күшейту үшін қандай азық-түліктермен тамақтану керек?

163. Есеп

Қысқы мезгілде жануарлардың ұйқыға кетуіне байланысты, олардың мембранасында фосфолипидтердің құрамы өзгереді. Ең бірінші фосфолепидтердің құрамында өте қанықпаған май қышқылдарының мөлшері жоғарылайды. Температура төмендегенде өте қанықпаған май қышқылдарының мөлшерлерінің жоғарылауына байланысты мембрананың липидті ???? құрылысы қалай өзгереді?

Жауап беру үшін:

  1. Өте қанықпаған май қышқылдарын атаңыз?

  2. Олардың өкілдерін атаңыз.

  3. Бұл май қышқылдарының синтезі организмде жүреді ме?

164. Есеп

Бауырдың гепатоциттерінде фосфолипидтер мен белоктардың синтездерінің бұзылуы, бауырдағы триглицеридтердің мөлшеріне қалай әсер етеді?

Жауап беру үшін:

  1. Бауырда триглециридтердің пайда болуы?

  2. Бауыр клеткасында олардың түзілуі неге байланысты?

165. Есеп

Холестерин-гидрофобты зат, өттің құрамында ерітілген түрде кездеседі. Бұл факты қалай түсіндіресіз?

Жауап беру үшін еске түсіріңіз:

  1. Липидтердің химиялық жіктелуіне байланысты холестерин қай топ липидтеріне жатады.

  2. Холестериннің ерітілген түрінде сақтау өт қышқылдарының атқаратын қызметі.

166. Есеп

Эксперимент нәтижесінде радиоактивті сәулелердің әсерінен жануарлар организмінде холестериннің синтезі жоғарылағаны анықталды. Бұл фактың маңызы неде?

Жауап беру үшін:

  1. Радиационды сәулелердің әсерінен ең бірінші қай клеткалық структура зақымдалады.

  2. Холестериннің негізгі қолдану жолдары.

167. Есеп

1 молекула холестериннің синтезіне қанша молекула стеарин қышқылы қажет?

Есептеу үшін:

  1. Холестерин қандай заттан түзіледі?

  2. Стеарин қышқылының тотығуын жазыңыз.

  3. Холестериннің синтезін схема түрінде көрсетіңіз.

168. Есеп

Жылан уының құрамында фосфолипаза А2 кездеседі, лецитиннің май қышқылы құрамында β – орналасқан көміртек арқылы байланысты үзеді, сол себепті эритроциттердің гемолизге ұшырауына алып келеді. Жылан уының гемолитикалық әсерін түсіндіріңіз.

Жауап беру үшін:

  1. Мембрананың құрылысын еске түсіріңіз.

  2. Лецитин дегеніміз не? Ол неден тұрады?

  3. Клеткалық мембрананы құру үшін лецитиннің ролі.

169. Есеп

Жарыстың алдында спортсменнің қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері 6,5 ммоль/л және эгерифицирленбеген май қылы (ЭМҚ) – 1,2 ммоль/л (нормада 0,4-0,9 ммоль/л). Не себепті бұлай өзгерді?

Жауап үшін:

  1. Көмірсу және липидтер алмасуларының гормоналды реттелуін еске түсіріңіз.

  2. Қан сары суындағы эстерифицирленбеген май қышқылдарының синтезіне қолданатын бастапқы затты еске түсіріңіз.

170. Есеп

24 жасар азамат стационарға жүрек ишемиялық ауруының симтомымен түсті, яғни атеросклероздың пайда болу белгілері көрсетілген. Анықтау кезінде науқастың қанның құрамында лецитинхолестеролацилтрансераза (ЛХАТ) ферменті аз мөлшерде екені анықталды. ЛХАТ ферментінің жеткіліксіз болуы не себепті атеросклерозға алып келеді.

Жауап беру үшін еске түсіріңіз:

  1. ЛХАТ ферментінің катализдейтін реакциясын жазыңыз.

  2. Липопротеиндердің қай фракциялары ЛХАТ ферментімен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]