- •Ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті Зертханалық пәндер кафедрасы
- •«Биологиялық химия-1» пәні бойынша Емтихан сұрақтары
- •2015-2016 Оқу жылының 2-ші курс студенттеріне биохимия пәнінен жалпы медицина мамандығы бойынша емтихан сұрақтары
- •130.Есеп
- •131. Есеп
- •132.Есеп
- •133. Есеп
- •134.Есеп
- •135.Есеп
- •136. Есеп
- •137.Есеп
- •138. Есеп
- •139. Есеп
- •140. Есеп
- •141. Есеп
- •142. Есеп
- •143. Есеп
- •149. Есеп
- •150. Есеп
- •151. Есеп
- •152. Есеп
- •153. Есеп
- •154. Есеп
- •159. Есеп
- •160. Есеп
- •161. Есеп
- •162. Есеп
- •163. Есеп
- •171. Есеп
- •172. Есеп
- •173. Есеп
- •181. Есеп
- •186. Есеп
- •195. Есеп
- •196. Есеп
149. Есеп
Лабораторияда жас баланың қанның құрамында глюкозаның мөлшерін тексерілді. Оның алдында ол жылады. Анализ бойынша қанның құрамында глюкоза жоғары екені анықталды. Жас балада қант диабеті деп болжам жасай аламыз ба?
Қанның құрамында глюкозаның мөлшерін қай гормон реттейді?
Қантты диабет дегеніміз не?
150. Есеп
Жас балада таңертең ........... байқалады. Аш қарында гипогликамия тез арада анықталды. Бауырда және басқа органдарда гликогеннің мөлшері өте төмен, қай ауру туралы айтуға болады? Қандай диета ұсынасыз.
Қанның құрамында қант және оның реттелуі.
Гипо-және гипергликемияның пайда болу жолдары
Гликогеннің алмасуын схема түрінде көрсетіңіз.
151. Есеп
Жас баланың (1,5 жасар) бауыры ісінген, шыдамсыз, бойының өсуі тоқтатылған. Қанның құрамында глюкозаның мөлшері 2,75 ммоль/ триглицеридтердің мөлшері қан плазмасында жоғары. Глюкагон тестіне глюкозаның мөлшерінің жоғарылағаны байқалды. қанның құрамында.
Бұл көрсеткіштерді анықтай отырып, қай паталогия екенін анықтаңыз.
Көмірсу алмасуының процестерін жазыңыз, қалыпты жағдайда көрсетілген көрсеткіштер жайлы (процестердің) бұзылыстарын.
Бұл процесс кезінде бұзылыстарды көрсетіңіз.
152. Есеп
Науқастың 12-елі ішегін зонд арқылы тексеру нәтижесінде , өт қабығының бұзылысы анықталды. Липидтердің қорытылуына бұл жағдай әсер етеді ме?
Жауап беру үшін еске түсіріңіз:
Өттің құрамында қандай заттар липидтердің қорытылуына әсер етеді?
Олардың атқаратын қызметі?
153. Есеп
Науқас адамның қан құрамында липидтердің жоғарылағаны анықталды.
Жауап беру үшін түсіріңіз:
1. Бұл жағдай қалай аталады?
2. Қанның құрамында липидтер қандай ерітінді түрінде болады?
154. Есеп
Шошқа етінен жасалған котлетпен тамақтанған соң, 5 сағаттан кейін адамның қанынан липидтердің мөлшерін анықтады. Нәтижесінде липидтердің жоғарлағаны байқалды.
Қандай липидтер көбейді және қай формада?
Жауап беру үшін еске алыңыз:
Қанның құрамында қандай транспорттық липидтерді білесіңдер?
Олардың құрамын және құрылысын түсіндіріңіз.
Қолданғаннан соң, қан сары суының түсінің өзгеруі?
155. Есеп
Адамның ағзасында 4г өт қышқылдары кездеседі. Бір тәулік бойы бауыр мен асқазан ішек трактілерінде 6 айналым жасайды. Әр айналым кезінде 96% өт қышқылдары пайдаланады.
Күнделікті өт қышқылдарының қанша грамы синтезделінеді?
Өт қышқылдары қанша күн бойы айналым жасайды?
156. Есеп
Науқастың бауыр мен ішектің созылмалы ауруына байланысты , липидтердің сіңірілуі жеткіліксіз бұзылған. Науқаста мұндай жағдайда қандай гиповитаминоз процесі байқалады?
Жауапты толықтыру үшін, еске түсір:
Липидтердің сіңірілуі қалай жүреді?
Липидтердің алмасуы кезінде, липидтермен бірге қандай витаминдер сіңіріледі?
157. Есеп
Үш пальметин қышқылын глицерин мен пальметин қышқылынан синтездеу үшін қанша АТФ қажет?
Есептеу үшін:
Еске түсіріңіз липидтердің синтезі үшін глицерин мен пальметин қышқылының қанша мөлшері қолданылады?
Қай реакцияларда АТФ жұмсалады, бұл реакцияларды көрсетіңіз.
158. Есеп
Эксперимент кезінде, май қышқылдары жүрек үшін отын болып табылатыны дәлелденді. Пальметин қышқылының және глюкозаның аэробты гликолизі кезінде түзілген энергиялық шығымын есептеп және салыстырыңыз.
Жауап үшін:
Пальметин қышқылының β-тотығуын жазыңыз.
Пальметин қышқылының көмірқышқыл газы мен суға ыдырау кезінде, түзілген энергетикалық шығымын есептеңіз.
Глюкозаның аэробты тотығуын схема түрінде жазыңыз.
Глюкозаның көмірқышқыл газы мен суға ыдыраған кезде түзілген энергетикалық шығымын есептеңіз.
