- •Ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті Зертханалық пәндер кафедрасы
- •«Биологиялық химия-1» пәні бойынша Емтихан сұрақтары
- •2015-2016 Оқу жылының 2-ші курс студенттеріне биохимия пәнінен жалпы медицина мамандығы бойынша емтихан сұрақтары
- •130.Есеп
- •131. Есеп
- •132.Есеп
- •133. Есеп
- •134.Есеп
- •135.Есеп
- •136. Есеп
- •137.Есеп
- •138. Есеп
- •139. Есеп
- •140. Есеп
- •141. Есеп
- •142. Есеп
- •143. Есеп
- •149. Есеп
- •150. Есеп
- •151. Есеп
- •152. Есеп
- •153. Есеп
- •154. Есеп
- •159. Есеп
- •160. Есеп
- •161. Есеп
- •162. Есеп
- •163. Есеп
- •171. Есеп
- •172. Есеп
- •173. Есеп
- •181. Есеп
- •186. Есеп
- •195. Есеп
- •196. Есеп
138. Есеп
Бұлшық ет гомотенатына АТФ қосқаннан соң, гликолиз жылдамдығы төмендеді. Глюкоза – 6 – фосфат және фруктоза – 6-фосфаттың концентрациясы жоғарылады, басқа метаболиттердің мөлшері төмендеді. Ферменті атаңыз, қай ферменттің активтілігі төмендейді АТФ қосқанда.
Жауап беру үшін еске түсіріңіз:
Гликолиз дегеніміз не?
Не себепті АТФ-ті қосқанда глюкоза-6-фосфат және фруктоза-6-фосфаттың концентрациясы жоғарылайды?
Басқа метаболиттердің концентрациясы не себепті төмендейді?
139. Есеп
Глюкозаның синтезі – бұл процесс, энергия қажет етеді. Сахарозаның энергетикалық шығымын есептеңіз. Қанша АТФ түзіледі?
Еске түсіріңіз:
Сахароза дегеніміз не?
Сахароза организмде қандай өзгерістерге ұшырайды?
Өзгерістерді схема түрінде көрсетіңіз.
140. Есеп
Пируваттан 10 молекула глюкоза синтездеу үшін қанша молекула АТФ жұмсаймыз?
Есеп үшін:
Глюкозаның синтезі қалай аталады?
Пируваттан глюкозаның синтезін схема түрінде жазыңыз?
Қандай реакциялар, АТФ қолдану арқылы жүреді?
141. Есеп
Эксперимент кезінде глюкозаның рибозо-5-фосфатқа айналғанын зерттедік. Субстрат ретінде глюкозаны қолдандық, 1-ші көміртек атомын белгілеу арқылы. Пентозаның құрамында бұл белгі көрсетіледі ме? Қай органда – бауырда немесе бұлшық етте белгіленген көміртек тотығуы жоғарылайды.
Жауап беру үшін еске түсіңіз?
Пентозофосфатты жол дегеніміз не?
Пентозофосфатты жол қандай этаптардан жүреді?
Схема түрінде бұл процестің тотығу жолдарын жазыңыз.
142. Есеп
Лактаттың аз мөлшері физикалық жұмыс кезінде бауырда глюкозаға айналу үшін жұмсалады, енді біраз мөлшері көмір қышқыл газы мен суға айналып жанады, глюкозаның энергиясын толықтыру үшін . Лактаттың бұл мөлшерінің арақатынасы қандай?
Еске түсіңіз:
Глюконеогенезді еске түсіру.
Глюконеогенездің энергетикалық жұмсауы?
Лактаттың көмірқышқыл газы мен суға ыдырауын схема түрінде жазыңыз?Қанша АТФ түзіледі?
143. Есеп
1 молекула глюкоза көмірқышқыл газға және суға ыдырағанда қанша молекула АТФ синтезделінеді, келесі жағдайларға байланысты:
а)тыныс алу процесінің барлық элементтерін қоса отырып;
б) НАДН2-дегидрогеназаларды қолдану арқылы;
в)митохондрияның бұзылыстары.
Шығару үшін:
Глюкозаның көмір қышқыл газға мен суға айналуын схема түрінде жазыңыз.
Ткандік тыныс алу процесін еске алыңыз, оның маңызы және жиналуы.
НАДН2 – дегидрогеназалардың рөлін көрсетіңіз.
144. Есеп
Гипоэнергетикалық жағдайда клетка НАДФН2 энергия ретінде пайдаланады. Аэробты жағдайда 1 молекула глюкозо – 6 фосфаттың рибоза – 5 – фосфатқа дейін ыдырау кезінде қанша АТФ түзіледі?
Жауап үшін:
НАДФН2 түзілетін процесті атаңыз?
Глюкозо-6-фосфаттың рибозо-5 –фосфатқа тотығуын схема түрінде жазыңыз.
НАДФН2 сутегі атомын тыныс алу процесіне тасымалдайтын ферментті атаңыз
145. Есеп
Ерітіндінің құрамында сахароза және крахмал бар, ішек сөлінен бөлінетін ферменттерді қостық, нәтижесінде түзілген реакцияларды жазыңыз. Ферментті көрсетіңіз.
Жауап үшін:
Ішек сөлінде бөлінетін ферменттерді атаңыз?
Бұл ферменттер қай класс және қай топқа жатады.
Спецификалығын атаңыз.
146. Есеп
Физикалық жұмыстың тоқтамай жүру кезінде, бауырға жоғары мөлшерде лактат түседі, глюконеогенез активтенеді және гликолиз төмендейді. Не себепті бұлай жүреді?
Жауап беру үшін:
Глюконеогенез дегеніміз не?
Гликолиз дегеніміз не?
Бұл процесс кезінде негізгі ферменттерді атаңыз.
Бұл процестердің реттелуі.
147. Есеп
Емшектегі баланы емізгеннен кейін құсу, дегидратация, іш өту, галактоземия және галактозурия байқалады. Көздің хрусталигінде нүктелі катаракт. Бұл ауруда пайда болу себептерін атаңыз.
Тамақтану кезінде нені өзгерту қажет?
Бұл ауру неге алып келуі мүмкін, егер тамақ құрамын өзгертпесек?
148. Есеп
Емізулі балада көбіне ...............байқалады, тексерілу кезінде бауырдың көлемі ісінген. Қанның құрамында лактаттың мөлшері көбейген, глюкозаның мөлшері төмендеген. Адреналинді ендіргеннен соң глюкозаның мөлшері жоғарылаған жоқ, ал лактаттың мөлшері жоғарылады. Кай ауру екенін тұжырымдай аласыз?
Бауырдың көмірсу алмасуында рөлі?
Қанның құрамында глюкозаның көзі болатын заттарды атаңыз.
Қанның құрамында глюкозаның мөлшері адреналиннің әсері.
