Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtihan_sur_zhalp_meditsina_kaz-2016.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.63 Кб
Скачать

130.Есеп

Стерилденген сахароза ерітіндісін жануардың тамыры арқылы салынды. Зәрдің құрамында сахароза ерітіндісі пайда болады ма?

  1. Сахароза дегеніміз не?

  2. Организмде сахароза қандай өзгерістерге ұшырайды?

131. Есеп

Тағам ретінде кондитерлік тәттілер және конфет пайдаланған кезде, жас балалар құсады және іш өту байқалады. Тәтті майды ол іше алмайды, себебі денсаулығына кері әсер етеді. Сүтті тағам ретінде қолданғанда кері әсер болмайды. Молекулярлы дефекті түсіндіріңіз.

Жауапты тұжырымдау үшін, еске түсіріңіз:

1. Кондитерлік тәттілердің құрамында қандай дисахарид бар, сүттің құрамында қайсысы.

2.Энзимопатия дегеніміз не?

3. Энзимопатияның қай түрлерін білесіз?

132.Есеп

Кейбір адамдарда сүт асқазан-ішек трактісінің жұмыстарын бұзады, ал ашытылған сүт тағамдарда ондай бұзылыс байқалмайды. Не себепті мұндай өзгерістер байқалады?

Жауапты тұжырымдау үшін, еске түсіріңіз:

  1. Сүт пен ашытқан сүт тағамдарының құрамының айырмашылығы

  2. Сүт құрамында қандай моносахароза кездеседі?

  3. Ішек бұзылысына қандай зат әсер етеді?

133. Есеп

Науқас физикалық жұмыс жасағанда, бұлшық еттің (судороги) қалтырау – байқалады, басқа кезде денсаулығы қалыпты. Бұлшық ет биопсиясы арқылы, бұлшық еттің құрамында гликоген қалыпты жағдайдан жоғары екені анықталады. Не себепті гликогеннің мөлшері жоғарылады? Сіздің пікіріңіз?

Жауап үшін:

  1. Гликоген алмасуының схемасын жазыңыз

  2. Бұл науқаста гликогеннің алмасуының қай процесі бұзылған.

  3. Энзимопатия дегеніміз не?

134.Есеп

Бұлшық етте гликогенолиз процесін адреналин жоғарылатады. Қанның құрамында глюкозаның концентрациясына қалай әсер етеді?

Жауап үшін:

  1. Гликогенолизді еске түсіріңіз.

  2. Бұл процестің жүру жолдарын схема түрінде жазыңыз.

  3. Қанның құрамында гликогенолиздің қандай өнімі жиналады?

  4. Оның қолдануының жолдары?

135.Есеп

Жануар организмінде адреналин гипергликемия тудырады. Бауыры алынып тасталған жануарларда бұл процесс байқалмайды. Бұл кезде лактатты, пируватты және галактозаны енгізуге болмайды.

Жауапты тұжырымдау үшін:

  1. Көмірсу алмасуында бауырдың рөлін еске түсіріңіз.

  2. Адреналиннің гипергликемияның эффектісін түсіндіріңіз?

136. Есеп

Екі аурудың белгілері көрсетілген. Біреуінде бұлшық еттің фосфорилазаның дефектісі, ал екіншісінде бауырдың. Бұл аурудың белгілерін атаңыз? Физикалық ауыр жұмыстан кейін, қанның құрамында лактаттың концентрациясы қалай өзгереді? Глюкатонды қабылданғаннан соң науқастың реакциясы?

Жауап үшін:

  1. Фосфорилаза қандай процестерде қатысады

  2. Схема түрінде процесті жазыңыз. Бауыр мен бұлшық етте бұл процестердің айырмашылығы.

  3. Қандай жағдайда гиперлактатемия байқалады?

  4. Глюкагон дегеніміз не? Көмірсу алмасуында әсері.

137.Есеп

Бір спортсмен 100 м қашықтықта жүгіреді, ал екінші спортсмен 3000 м қашықтықта жүгірді.Қай спортсменнің қанның құрамында сүт қышқылы жоғары болады? Неге?

Жауапты тұжырымдау үшін еске түсіріңіз:

  1. Сүт қышқылы қай заттың өнімі болады?

  2. Қай спортсменнің бұлшық етінде глюкоза тотығады?

  3. Бұл процестер кезінде энергетикалық шығымының айырмашылығы?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]