Қорытынды
Номаналистік
бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық
ойлау тәсілінен арылып трансценденталдық
болмыстың онтологиясын қалыптастыру
арқылы Суарес, Лейбниц, Г. Биль сияқты
ойшылдарға үлкен әсер еткен, ағылшын
ғұламасы Уилъям Оккам (1300—1349—50 жж.)
болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар
мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің
негізгі анықтамаларының қасиеттері
(трансценденталилері) өзінен бөлінбейді
және қажеттіліктің арқасында оның
мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер
категориялардан да, біртектес заттарды
қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары
тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар
заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай
болса, олар жеке-дара өмір сүре алмайды,
тек қана адам ақыл-ойында болады.
Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар
болғандықтан, таным процесі заттарды,
құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден
басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе
арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі
тәжірибе адам жалқыларды бейнелеудің
нәтижесінде оларды түсініп интуитивті
нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде
трансцеңденталилер туралы абстракциялы
немесе жалпылар туралы білім жинайды.
Олай болса, Оккамның пікірінше,
философиялық ақиқат пен діни ақиқат
екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия
үшін ең маңызды нәрсе — интуиция мен
білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін
фактілер. Дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа,
түсініктілікке негізделуі шарт. Ал
ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар
екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер
болмағандықтан, оған сену ғана керек.
Пайдаланған
әдебиеттер:
http://malimetter.kz
https://kk.wikipedia.org