- •3. Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарықтандыру түрлері.
- •1. Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалардың бөлінуі
- •1. Жұмыс берушінің еңбек қорғау талаптарын сақтаудағы міндеттері
- •1. Өндірістердегі техника қауіпсіздігін қадағалайтын ұйым
- •2. Өндірістік жарақаттанудың тізбектік, параллель, шеңберлік және концентрлік себептері
- •3. Электр тогымен зақымданудан қорғау
- •1. Өндірісте еңбек қорғау кабинетін ұйымдастыру талаптары
- •2. Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныс құралдары., олардың белгіленуі және түрлерінің жұмыс істеу принциптері
- •Емтихан билеті № 8
- •2. Еңбек қорғау нормалары
- •3. Өндірістік діріл, оның адам ағзасына әсері, дірілден қорғану шаралары
- •1. Мекемелердің еңбек қорғау қызметі, оның міндеттері
- •2. Өндірістік шу, шуды төмендету шаралары, жеке қорғаныс құралдары
- •3. Еңбек қаупсіздігінің қайталау және кезектен тыс инструктажы
- •1. Енбек қорғауды ұйымдастыру
- •2. Электромагниттік толқындар сипаты (өлшем бірліктері, таралутүрлері)
- •3. Өндірістік жарақаттану түрлері мен сипаттары
- •1. Еңбек қорғау саласында техникалық регламенттер анализі
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау мақсаты
- •2. Электромагниттік сәулеленуді нормалау
- •3. Өндірістік жарақат және кәсіптік ауру сипаты
- •1. Өндірістік травматизмді талдау әдістері мен сипаты
- •2. Жарақат ауырлығы мен олардың сипаты
- •15Билет
- •16Билет
- •1. Жұмыс орнын аттестациялау комиссиясының атқаратын жұмысыӨндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
- •1Жарақаттанудан соң жұмысқа жарамсыздық, материалдық шығын және жарақаттанудың алдан алуға жұмсалынатын қаражат көрсеткішін анықтау
- •3Алғашқы көмек кезінде өкпе-жүрек реанимациясын жасау Жүрек қызметінің тоқтауы
- •1Өрт қауіпсіздіггі негіздері
- •2. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •3,Жарақаттанған кезде қан тоқтату әдістері
- •1. Өндірістік жарақаттаннудың техникалық себептері
- •2,Электромагниттік толқындар әсерінен қорғану
- •3. Ұжымдық келісім шарт жөнінде түсінік, оның еңбек қорғаудағы маңызы
- •Өрт сөндіргіштер, олардың жұмыс істеу принциптері Өрт сөндіру автомобилі(өса)
- •Өрт сөндіру депосы (өсд)
- •Өрт сөндіру кемесі (өск)
- •Өрт сөндіру сатысы (өсс)
- •2. Бақытсыз жағдай орын алғанда өндіріс тарапынан атқарылатын жұмыс
- •3. Өндірістік жарақаттану себептерінің классификациясы және сипаты
- •Емтихан билеті № 26
- •2. Реагентпен күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •27 Билет
- •1. Өрт сигнализациясы, детекторлардың түрлері мен жұмыс істеу принциптері
- •2. Температуралық күйікке ұшырағанда алғашқы көмек
- •3. Жұмыс орнын аттестациялау сипаттары
- •1. Автоматты өрт сөндіру құралдары мен олардың сипаттары
- •2. Өндірістік жарақаттанудың еңбекті ұйымдастыруға байланысты себептері
- •3. Еңбек қауіпсіздігі инструктажы жөнінде жалпы түсінік
- •Емтихан билеті № 30
- •2. Өндірістегі бақытсыз жағдайды зерттеу комиссиясының түрлері және сипаты
3. Электр тогымен зақымданудан қорғау
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық
тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық
жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды
деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау,
торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар, блокировкалау,
ескерулік сигналдары, қауіпсіздік белгілері, сақтық плакаттары,
электрден қорғау құралдары.
6-билет
1. Өндірісте еңбек қорғау кабинетін ұйымдастыру талаптары
Қызметтің негізгі міндеттері: 1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу алдын-алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру; 2) өндірістік телімдердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру; 3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныс құралдары., олардың белгіленуі және түрлерінің жұмыс істеу принциптері
Газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді. Сүзгіш газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын қорғау құралдарының негізі болып табылады. Оның қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға (сүзуге) негізделген. Жекелегіш газтұмылдырықтар (ИП-4, ИП-5, ИП-46, ИП-46М) деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданады. Тыныс алуға қажетті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады.....
3. Жасанды жарықтандыру көздері, олардың сипаты Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады. Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады.Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
7 - билет
1. Еңбекті қорғау бойынша заңды және нормативті актілерді бұзғандағы жауапкершіліктер
Еңбек қауіпсіздігін қоғамдық қадағалауды қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңын бұзған азаматтар ҚР заңдарында бекітілген жауапкершілікке тартылады және төмендегі жауапкершілікке тартылады:
- тәртіптік жауапкершілік
- азаматтық-құқықтық;
-әкімшілік;
-қылмыстық жауапкершілікке.
Жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыруы. Қазақстанда барлық жұмыс берушілер - заңды және жеке тұлғалар жұмысшының денсаулығына және өміріне зиян келу жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру керек.
Сақтандырудың бұл түрі өндірісте болған оқыс жағдайдың нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгендегі жұмысшылардың мұдделерін қорғауға бағытталған және өліміне байланысты немесе кәсіптік жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуының деңгейін қалыптастырып, өзіне зиянның материалды көрсеткішін қосады. Сақтандыру сомасы барлық жұмысшылардың еңбек ақысының жылдық қорынан кем емес болып бекітіледі.
Сақтандыру төлемі шынайы зақымның көлемінде беріледі, жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыру сомасы беріледі.
Міндетті сақтандырудың реті мен шарттары ҚР - ның 2005 жылдың 7 ақпанынан № 30-ІІІ ЗРК "Жұмысшының қызметтік міндеттерін орындау барысында өміріне және денсаулығына зиян келтіргендегі жұмыс берушінің міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі " туралы Заңына сәйкес анықталады.
Материалдық жауапкершілік:
Жұмыс берушінің жұмысшы алдындағы материалдық жауапкершіліктері:
1)Жұмысшының жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айырылу кезіндегі зиян үшін;
2) жұмысшының мүлігіне келген зиян үшін;
3)жұмысшының өміріне және (немесе) денсаулығына келген зиян үшін.
Жұмысшының жұмыс беруші алдындағы материалдық жауапкершілігі:
1)жұмыс берушінің мүлігін зақымдау немесе жоғалтқандағы зиян үшін;
2) жұмысшының әрекетінің (әрекетсіздігі) нәтижесінде болған зиян үшін.
2. Иондаушы сәулелер түрлері және олардың ерекшеліктері. Иондаушы сəулелер, оның адам ағзасына əсері жəне гигиеналық нормалау.Иондаушы сəулелер деп тікелей немесе жанама иондаушы ортаны құрайтын түрлі сəулелерді атайды. Иондаушы сəулелер электромагнитті жəне корпускулярлық болып келеді.
Тірі ағзаға иондаушы сəулелердің биологиялық əсері ең алдымен сəулелердің жұту энергиясына тəуелді болады. Иондаушы сəулелердің əсерінен қорғану.Радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сəулелердің көздеріне байланысты жұмыстың негізгі санитарлық ережелері өңделген.
Жабық иондаушы сəулелену көзі деп қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсуінен қорғайтын қондырғыны айтады. Ішкі сəулелендіру деп ішкі ағзада болатын радиоактивті заттардың
иондаушы сəуле шығарудың ағзаға əсерін айтады. Электромагнитті жəне корпускулярлы сəулелер (альфа-, бета-, гамма-,рентген, нейтронды жəне т.б.), тура жəне жанама заттармен əрекеттесу кезіндезақымдаушы атом мен молекула түзетін иондар иондаушы деп аталады. Радиоактивті ядроның ыдырауы негізінен альфа-, бета- жəне гамма сəулелерімен араласады.Альфа-сəуле гелий атомының ядросынан жəне сəйкес зарядтан тұратын бөлшек ағымынан тұрады. Əр түрлі ядроларға арналған альфа-бөлшектерінің
ядросы шамамен 4,5 - 8 МэВ құрайды.Бета-сəуле электрон мен позитрондар ағымынан тұрады. Ядроныңыдырауы кезінде бета-активті элементтердің бета-бөлшектері түрлі энергияға ие болады; бета-бөлшегінің спектрі үздіксіз. Бета-спектрінің орташа эенергиясы Eср шамамен 0,3 Е макс. Құрайды. Бета-бөлшектің максималды энергиясы əр түрлі радиоактивті изотоптарда бірнеше мегаэлектрон-вольтке өсуі мүмкін. Гамма-сəуле ядро ішінде энергетикалық өзгерулер нəтижесінде пайда болатын электромагнитті сəуледен тұрады. Əр түрлі изотоптардағы гамма-сəулесінің энергиясы шамамен 0,01-ден 10 МэВ дейін болады. Гамма-сəуленің вакуумда таралу жылдамығы 300 000м/с. Көптеген радиоактивті изотоптар бета-бөлшектерге жəне гамма кванттарға бірқалыпты түрде өтеді. Рентген сəулелері – кіші толқынды электромагнитті сəулелер – заттаэлектрондардың жылдам тоқтауында пайда болады.Нейтронды сəуле – нейтрондар ағыны. Бос нейтрондар тұрақсыз нейтральды бөлшектер болып табылады. Нейтрон электрлік зарядтан тұрмаса, ол ядролық реакция тудыратын атом ядроларымен еркін əрекеттеседі.Нейтрондарды энергиясы бойынша жіктеу келесі түрде қабылданған: салқын(0-0,005 эВ), жылулық (0,05-0,5 эВ), жылы (0,5-1000 эВ), резонансты (1-100кэВ), жылдам (0,1-50 МэВ), өте жылдам (50 МэВ). Радиоактивті сəулелерді олардың иондалуын жəне ену (түзілу) мүмкіндігі бойынша сипаттауға болады.Иондаушы сəуле мүмкіндігі меншікті иондаумен, оның ішінде көлем, салмақ бірлігінде бөлшек түзетін иондар санымен анықталады.
3-сұрақ. Көміртегі газымен уланғандағы алғашқы көмек
- газбен уланған жағдайда адамның иісті газбен демалуына жол бермеу қажет - зардап шегушіні таза ауаға алып шығу керек - егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып, оның тыныштығы мен таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу, желдеткіш немесе кондиционер қосу) - егер зардап шегуші есінен танып қалса, жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру әрекетін жасау қажет - Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл үшін тез әрекет ету қажет және қол орамал немесе марля арқылы тыныс алған жөн. Иісті газбен улану белгілері: -бұлшық ет әлсіздігі пайда болады -бас айналады -құлақта шу естіледі -жүрек айниды -лоқсу пайда болады -кей жағдайларда ұйқы келеді, кейде керісінше қысқа мерзімдік қозғалыс, қозғалыстың бұзылуы пайда болады -адам сандырақтайды -галлюцинация пайда болады -естен танады -діріл, сіңір тартылу байқалады -кома және тыныс алу орталығының жансыздануынан болған өлім. Жүрек тыныс алу тоқтағаннан кейін шамалы уақыт соғуы мүмкін.
