Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429.57 Кб
Скачать

1. Жұмыс берушінің еңбек қорғау талаптарын сақтаудағы міндеттері

ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.

2. Еңбек қорғауда жеке қорғаныс құралдары, олардың сипаты Жеке қорғаныстың медициналық құралдары

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары - медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар, ТЖ –да қолдануға арналған, зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудың алдын-алу мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына жататындар: радиациядан қорғағыш, залалсыздандырушы және бактерияға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер(препараттар), УЗ-дан (ҚӘУЗ) қорғағыш медициналық рецептуралар және таңғыш заттар.

Табельдік жеке қорғаныстың медициналық құралдарына: АИ-2 жеке қобдиша; радиациялық – қауіпті аумақтарда тұратын тұрғындарға арналған әмбебап қобдишалар ИПП-8, ИПП-10; медициналық таңғыш пакет (ППМ) кіреді.

Тұрмыстық әмбебап қобдишаның ішіне кіретіндер:радиоқорғағыш құралдар; жалпытерапиялық заттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам); антисептикалық және таңғыш заттар (бриллиантты жасыл, калия перманганат, дерикат, левоненоль немесе мафенизин ацетат, мақта, бактериядан қорғағыш лейкопластырь, дәке).

3. Еңбек қаупсіздігінің психо-физиологиялық факторлары Психофизиологиялық - жұмысшылардың еңбек тәртiбiн бұзуы, жұмыс орнында мас болу, қасақана жаралану, жұмыстан шаршау және денсаулықтың нашарлауының салдарынан болатын жарақаттар

5-билеті

1. Өндірістердегі техника қауіпсіздігін қадағалайтын ұйым

Өндірістегі сәтсіз жағдайларды тексеруге басшымен бірге – жұмыс беруші немесе оның өкілетті адамы, жұмыскерлер басшысы, еңбек қорғау бойынша маманы жұмылдырылады. Қатты уланған жағдайларда тексеру комиссиясының құрамына санитарлы- эпидемиология саласындағы мемлекеттік өкілдері қатысады.

Комиссия жұмысына жұмыс беруші мен зардап шегушінің арасындағы сәйкес келесімі бар сақтандыру ұйымдарының басшысылары қатысуға құқығы бар.

2. Өндірістік жарақаттанудың тізбектік, параллель, шеңберлік және концентрлік себептері

Тізбектік- бірінші себеп екінші себепті тудырып, екіншісі – үшіншісін т.с.с. жарақаттануға әкеп соғатын соңғы себепке дейін болатын форма;

Параллельды – екі немесе одан да көп параллель байланыстар арқылы, жарақаттануға әкеп соғатын орта себеп тудыратын форма;

Дөңгелек – бірінші себеп екінші себепті тудырып, екіншісі – үшіншісін т.с.с. өз кезеңінде бірінші себеп екіншісін, соңғы себепке дейін тереңдетіп, жазатайым оқиғаға алып келетін форма түрі.

Концентрленген – кез келген бір фактор бірнеше параллель дамитын себептердің шығу көзі болатын, жарақаттануға әкеп соғатын ортақ себепті тудыратын форма түрі.

Аталған себеп формалары әр түрлі комбинацияда күрделі желілік модельдердің құрама элементтері ретінде қызмет етуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]