Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429.57 Кб
Скачать

1. Жұмыс орнын аттестациялау комиссиясының атқаратын жұмысыӨндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

      1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестатталуға жатады.       2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.       3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.       4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі.       Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.       5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады. 2. Буын шыққанда, аяқ-қол және бұғақ сынғандағы алғашқы көмек

Буынның шығуы - адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін (69, а-сурет). Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады.

3. Фильлтрациялық газқағарлар, олардың жұмыс істеу принциптері

Сүзгіш газқағарлар тыныс алу органдарын қорғауға арналған негізгі жеке қорғаныш құралдары болып табылады. Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері - ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш (газқағар) қорапқа түседі, сонда тазаланған соң, беттік бөлікке және тыныс алу мүшесіне түседі, ауа қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.  Қазіргі уақытта ересек халықты қорғау үшін ГП-5, ГП-5м және ГП-4у сүзгіш газқағарлары пайдаланылады.

Теріні қорғау құралдары. Қорғаныш әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді. Арнайы ЖҚҚ АҚ құрамдарымен қолданылады. Оларға жеңіл қорғаныш костюмі (Л-1), резиналы етік және қолғаптан жабдықталған комбинезон, ОП-1 қорғаныш плащынан, қорғаныс шұлығы мен қолғабымен жабдықталған, қорғаныш киім жиыны жатады (ЗФО) қорғаныс шұлығы мен қолғабымен жабдықталған. Емтихан билеті № 20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]