Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shygaruga_dayyn_OKhR_Trud.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429.57 Кб
Скачать

1-билет

1. Еңбек қорғау курсы бөлімдеріне қысқаша түсінік

Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі туралы негізгі түсініктемелер толық көлемде келесі құқықтық және нормативтік құжаттарда көрсетіледі: «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік туралы заң», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» және т.б. «Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің» 1- тарауында еңбек қорғау түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі: – бұл еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құрамына құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, техникалық – ұйымдастырушылық, санитарлы – эпидемиологиялық, емдеуші – профилактикалық, реабилитациялық және басқа шаралар мен құралдар кіреді.

Бұл анықтама еңбек қауіпсіздігі анықтамасымен үндес болып келеді – шаралар кешенімен қамтамасыздандырылған, еңбек қызметі үрдісінде жұмысшыларға өндірістік және зиянды факторлардың әсер етуіне жол бермейтін жұмысшылардың қорғалу жағдайы.

Ғылым ретінде тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын, еңбек жағдайларын және жұмысшылардың толықтай қауіпсіздігімен қатар олардың өмір сүру әрекетінің жоғарлату жағдайларын жасау шарттарын зерттейді.

Пәннің зерттеу міндеті болашақ мамандардың мемлекет стандарттарына сәйкес мамандықтары бойынша білу талаптарына байланысты болады.

2. Өндірістік жарақаттану, жарақаттануды талдау әдістері

Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.

Жарақаттану статистикалық, топтық, монографиялық, топо-

графиялық жəне экономикалық əдістермен талданады.

Тексеру актілері негізінде белгілі уақыттағы қайғылы

жағдайлардың жиынтығына статистикалық талдау жасалынады.

Жарақаттанудың статистикалық талдауына қайғылы жағдайлардың

абсолютті сандық көрсеткіштері мен жұмысшылардың саны

ескеріледі, жиілік коэффициенті жəне жарақаттанудың

ауырлылығына қатысты көрсеткіштер анықталады. Жарақаттанудың топтық əдістерін білуде қайғылы

жағдайлардың қайталануы ауырлық зақымдануларға тəуелді емес.

Қайғылы жағдайлардың байқалуы топтық мақсатта,

жағдайлардың біркелкілігімен, бір ахуалда, біртекті

құрылғылармен, сонымен қатар зақымдану сипатының

қайталануымен жіктеледі. Жарақаттануды топографиялық əдіспен тану, қайғылы жағдай

болған жердегі себептер қаралады. Оның негізгі мақсаты –

қайталау емес, топографиясы, яғни біртекті емес жағдайдағы

оқиғаның өрбуі. немесе ерекше ауыр жағдайда монографиялық талдау

жасалынады. Мұнда тек қайғылы жағдайлар туралы мəліметтер

ғана өңделмейді, нысанды техникалық зерттеумен қатар, белгілі

бір жағдайда жарақаттануға əкелетін потенциалды қауіптілікті

айқындайды

3. Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарықтандыру түрлері.

Жарықтандырудың өте жоғары санитарлы-гигиеналық маңызы бар. Жарықтандыру дәрежесі жоғарылаған сайын жұмыс өнімділігі (кейде 15%-ға дейін және одан жоғары) және жұмыстың сапасы да арта түседі сонымен қоса өндірістік жарақаттар мен авариялардың болуы азаяды.

Жарықтандыру табиғи, жасанды немесе аралас болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыру өз кезегінде, жұмыс орнында пайдаланатын, авариялық, күзетуге арналған, сонымен қатар жалпы және жергілікті жарық болып бөлінеді.

Адам денсаулығы үшiн өте қолайлы табиғи жарықтандыру болып табылады. Ол табиғи жарық көздерінен пайда болады және тәулік уақытына, жыл мезгіліне, тұрғылықты жердің географиялық көлеміне, атмосфера жағдайына және тағы басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Табиғи жарық адамның тіршілік әрекетіне қажетті қалыпты жарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген адамдарға жасанды жарықтың да қажеттілігі көп болған, олар от жағу, факелды пайдалану және тағы басқа да жану құралдарын қажеттіліктеріне пайдаланған.

Жарықтың шығу типіне байланысты өндірістік жарықтың үш түрі болады:

  1. табиғи – Жарық көзі күн болып есептеледі (тік және шағылысқан)

  2. жасанды – жарықтың жасанды түрлері;

  3. аралас – табиғи жарық жеткіліксіз болғанда, оған жасанды жарықты біріктіреді.

2-билет

1. Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалардың бөлінуі

Қ.Р төтенше жағдай бойынша мынандай Заңдар қабылданған:

– 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы».

Бұл заң Қ.Р-дағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

  • 1997 жылдың 27 наурызынан «Авариялық-құтқарушылық қызметтер және құтқарушылардың статусы туралы».

  • Бұл заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды залалсыздандыру үшін құрылған апатты-құтқару қызметінің ұйымдастырылуы мен құрылуы барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді де құтқарушылардың дәрежесін бекітеді.

  • 1997 жылдың 7 мамырынан бастап «Азаматтық қорғаныс туралы».

Негізгі нормативтік актілер:

  • 2000 жылдың 23 маусымынан бастап А.Қ қалыптасуы туралы негізгі нұсқау және олардың материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы келтірілген нормалар;

  • 2000 жылдың 13 шілдесінен бастап Қ.Р-да А.Қ енгізу және ұйымдастыру;

  • 2000 жылдың 23 тамызынан бастап эвакуациялық шараларды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;

2007 жылдың 11 желтоқсанынан бастап инженерлік-техникалық шараларды А.Қ негізінде өткізу туралы нұсқаулық.

Еңбек қорғау саласында келесі нормативтік-техникалық құжаттар бар:

- ҚР ның Конституциясы;

- 2007 жылдың 15-ші мамырынан бері ҚР-ның еңбек кодексі;

2. Өндірістік микроклимат көрсеткіштері, оның қолайлы жұмыс аймағы үшін белгіленген нормалары

Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.

Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.

Жыл мезгілдері

Жұмы

с кате

гориясы

Тем

пер

ату

ра, С0

Салыстырмалы ылғалдылық,%

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

Суық және көшпелі жыл мезгілі

сыртқы ауаның температурасы +100С-дан төмен болған мезгіл

жеңі -І

орта

ауыр

лық ІІа

орта

ауыр

лық ІІб

ауыр ІІІ

20-23

18-20

17-19

16-18

60-40

60-40

60-40

60-40

0,2

0,2

0,3

0,3

Жыл уақыты

Сыртқы ауаның t+100С және одан жоғары болған мезгіл

жеңіл -І

орта

ауыр

лық ІІа

орта

ауыр

лық ІІб

ауыр ІІІ

22-25

21-23

20-22

18-21

60-40

60-40

60-40

60-40

0,2

0,3

0,4

0,5

3. Радиоактивтік сәулелену, қорғаныс шаралары

Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.

Радиациялық қорғаныс мақсаты – бұл зиянды стохастикалық емес эффектіні болдырмау жəне қабылдауға болады деп есептелінген стохастикалық эффекттің пайда болу ықтималдық деңгейлеріне дейін шек қоюы.

Қорғау кешенінің шаралары бойынша ашық көздермен жұмыс істеген кезде, сыртқы сəуледен ғана емес, ішкі сəулеленуден де адамдардың қорғанысы қамтамасыз етілуі керек, сонымен қатар радиоактивті лас заттармен ауаны жəне жұмыс аймағын, адамдардың терілері мен қызметкерлердің киімдерінің ластануын болдырмау, сонымен қатар ауаның-сыртқы орта объектілерінің, сулардың, өсімдіктер өсетін топырақты да қорғау керек.

Көрсетілген шаралар кешендерін міндетті түрде, мынаұйымдар үшін қарастырылу керек, мысалы, ядролық реакторлардағы жұмыс ұйымдары, əсіресе жөндеу жұмыстарын өткізуі кезіндегі потенциалды қауіпі бар радиохимия өндірісі, радиоактивті заттардың жұмыс орнына жəне сыртқы ортаға енуі.

3-билет

1. Еңбек қауіпсіздігін стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ) Стандарт туралы заң. Стандартау туралы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және ол осы заңнан және басқа да нормативтiк құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасында бекiтiлген халықаралық келiсiмшартпен осы заңдарда болатын басқа ережелер орнатылса, онда келiсiм шарттың халықаралық ережелерi қолданылады.

Стандарттаудың мақсаты. Стандарттаудың негізгі мақсатына жатанындар:

1) өнімдерге, процестерге (жұмыстарға) және қызметтерге нормаларды, ережелер мен сипаттамаларды (бұдан әрi - талап) белгілеу;

2) процестер (жұмыс) мен өнімдердің қауіпсіздігін, адамдардың денсаулығын олардың дүниелерін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

Стандарттау бойынша мемлекеттiк басқару жұмыстары. Қазақстан Республикасындағы стандарт бойынша жұмыстарды басқаруды стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылым жүзеге асырады.

Стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылымның атқаратын жұмысы:

1) стандарттау төңiрегiдегiндегі мемлекеттiк саясатты қалыптастырып жүзеге асыру;

2) осы салаға байланысты заңды және жеке тұлға қызметкерлерінің мемлекеттiк құрылымдарының қызмет әрекеттерін үйлестіреді;

Стандарттау және оларға қойылатын талаптар бойынша нормативтік құжаттар.

Қазақстан Республикасының стандартының мемлекеттiк жүйесінде 0олданылатын стандарт бойынша нормативтiк құжаттарға жататындар:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары – ҚР СТ;

2) Техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттiк жiктеуiштерi;

3) Мемлекет аралық стандарттар – МЕСТ, техникалық-экономикалық ақпараттардың жiктеуiштерi және стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар;

2. Өндірістік желдету. Табиғи желдетуді ұйымдастыру принциптері Желдету әдісі ауаны айдаушы, сорушы немесе ауаны айдаушы-сорушы әдістерімен жүргізіледі. Ауаны айдау арқылы желдету кезінде көмірдің өздігінен жануынан туындайтын өрттің пайда болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, ауаны сору арқылы ауаны тазартумен салыстырғанда айдау арқылы желдету кезінде желдетуші қондырғыларының желдету арналары қыс мезгілдерінде мұз баспайды және көмір шаңының қалдықтарымен толып қалмайды. Үстіңгі жақтағы орнатылған желдеткіш, үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет. Кенді және кенсіз кеніштерде желдеткіштің жұмыс режимі тау-кен техникалық инспекциясымен сәйкес кеніштің бас инженерімен бекітіледі.

4-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]