- •Коррозия туралы жалпы мағлұмат.
- •Химиялық коррозияның электрохимиялық коррозиядан айырмашылығы?
- •Қышқылдық ортадағы темір коррозиясының бейтарап ортадағы коррозиядан айырмашылығы қандай?
- •Қышқылдық ортада металдар коррозиясына сутек қуаты қалай әсер етеді? Мысалдар келтіріңіз.
- •Қандай металдар үшін сілтілік орта қауіпті? Неге?
- •Коррозиядан қорғаудың қандай әдістері бар?
- •Металдарды химиялық қорғаудың қандай түрлерін білесіз?
- •Металдарды электрохимиялық қорғаудың маңызы қандай?
- •Протекторлы қорғау деген не?
- •Металдардың пассивтенуі деген не және қалай түсіндіріледі?
- •Қандай заттар ингибиторлар деп аталады?
- •Ингибиторлардың қызметі қалай түсіндіріледі?
- •Коррозия процесінде коррозия өнімдері қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріңіз.
- •Анодты және катодты жабын деген не? Мысалдар келтіріңіз.
- •Коррозия деген не, коррозияға байланысты ғылымда қандай сұрақтар шешілуде?
- •Ауасыз кеңістікте коррозия үрдісі мүмкін бе? Түсіндіріңіз.
- •Коррозия келтіретін шығындар қалай жіктеледі?
- •Коррозияға қарсы жүргізілетін іс-шаралардың қажеттігін анықтайтын аспектілерге сипаттама беріңіз.
- •Коррозиядан қорғауға кететін жалпы шығындарға не кіреді?
- •Қандай жағдайларда коррозияға кеткен шығындар ақша бірлігімен саналмайды?
- •Металдардың «коррозиясы» деген түсінікке мінездеме беріңіз.
- •«Агрессивті орта» дегеніміз не?
- •Коррозияның қандай басты типтерін білесіз?
- •Коррозияның қандай түрлері химиялық коррозияға жатады?
- •Тәжірибеде қолданылатын металды қорғау әдісін атаңыз.
- •Коррозиядан « пассивті қорғау» дегеніміз не?
- •«Металды легірлеу» термині нені білдіреді?
- •Металды қолданудың қай стадиясында металды легірлеу қажеттілігі туындайды?
- •Активті қорғаудың негізгі механизмін түсіндіріңіз.
- •«Химиялық коррозия» дегеніміз не?
- •Химиялық коррозия қандай механизммен жүреді?
- •Тотық қабықшасының қандай қасиеттеріне металдың коррозия үрдісі байланысты болады?
- •Не себепті коррозияға белсенді алюминий өндірістің түрлі салаларындағы және күнделікті конструкциялы материал ретінде қолданылады?
- •Темір, болат, шойынның газды коррозия түрлерін атаңыз.
- •«Темір, болат, шойынның тотығу» коррозияның түрін түсіндіріңіз.
- •Бейэлектролиттердегі химиялық коррозияға мысал келтіріңіз.
- •«Электрохимиялық коррозия» дегеніміз не?
- •«Электрохимиялық механизм» ұғымын қалай түсінесіз?
- •Коррозияның қандай түрлері электрохимиялық коррозияға жатады?
- •Электрохимиялық коррозияның пайда болу себептерін түсіндіріңіз?
- •Металдардың электрөткізгіштігі қалай анықталады?
- •Атмосфералық коррозия, коррозияның кай түріне жатады? Механизмін түсіндіріңіз.
- •Теңіз суындағы коррозия механизмін түсіндіріңіз?
- •Топырақ коррозиясының өту механизмін түсіндіріңіз.
- •«Электролиттер және электролиттер еместер» дегеніміз не?
- •«Топырақ электролиті» деген терминді қалай түсінесіз?
- •«Топырақтың меншікті электр кедергісі» дегенге анықтама беріңіз.
- •Топырақтың меншікті электр кедергісі қандай параметрлерге тәуелді?
- •Топырақтың коррозиялық белсенділігін анықтаудың әдістерін атаңыз?
- •Коррозиялық өлшеудің қандай аспаптары тәжірибеде қолданылады?
- •Биокоррозияның пайда болу принциптерін түсіндіріңіз.
- •Бактериялардың қандай түрлері бар және олардың коррозия үрдісіне әсері қандай?
- •Жерасты құбырөткізгіштердің оқшаулағыш жабындарына қандай талаптар қойылады?
- •Көмірқышқыл газының металдың коррозиясы үрдісіне әсерін түсіндіріңіз.
- •Көмірқышқылды коррозия қандай факторларға тәуелді?
- •Көмірқышқыл коррозиясының жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
- •Құрал-жабдықтың жеке бөлшектерінің коррозия жылдамдығы қандай бірлікте өлшенеді?
- •Металдың газ коррозиясының термодинамикасы
- •Металдың газ коррозиясының кинетикасы
- •Газ коррозиясына əсер ететін факторлар
- •Коррозиялық үрдістердің классификациясы
- •Металдарды коррозиядан қорғау әдістері
Коррозиядан қорғауға кететін жалпы шығындарға не кіреді?
Коррозиядан қорғауға кететін жалпы шығындар –– коррозияға қарсы қолданылатын барлық амалдар мен тәсілдерді қолдану (тура шығындарды ескермегенде) соның ішінде : коррозияға қарсы және бақылауға арналған арнайы құрылғылар мен негізгі әдістерді монтаждауға кететін алғашқы және қосымша капиталды салымдар; негізгі қорды коррозиядан қорғауға кететін ағымдағы шығындар; коррозияға төзімді материалдардан дайындалатын өнімге байланысты шығындар; коррозияға жол беру, коррозия жылдамдығы және онымен қалай күресу керектігі белгісіз болған жағдайда (мысалы, резервуарлар, құбыржелілер, құрылғылар және т.б. қабырғаларын қалыңдатуға мәжбүр болған кезде); сақтау және тасымалдау кезіндегі өнімді қорғауға кететін ағымдағы шығындар; дайын өнімнің коррозияға қарсы төзімділігі мен қаншалықты қорғалғандығын тексеру кезіндегі ағымдағы шығындар; коррозия аймағындағы жүргізілетін құрылымдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар.
Қандай жағдайларда коррозияға кеткен шығындар ақша бірлігімен саналмайды?
Кейбір жағдайларда, коррозиялық шығындар ақша бірлігімен есептелемейді, мысалы коррозиялық үрдістен болатын апаттағы адамдар өлімі және т.б.
Металдардың «коррозиясы» деген түсінікке мінездеме беріңіз.
Техникада қолданылатын материалдар жұмыс жасау кезінде түрлі коррозиялық бұзылыстарға ұшырайды. Осының салдарынан осы материалдардың механикалық қасиеттері төмендеп, жұмыс жасау мерзімі əлдеқайда кемиді. Ал өндірістің өнімі ластанып, сапасы төмендеп, материалдың сыртқы түрі мен пішіні нашарлайды. Көптеген құрылғылық материалдар түрлі бұзылу түрлеріне ұшырайды, олар: механикалық тозу, үйкеліп тозу салдарынан болатын материал эрозиясы, биологиялық бұзылу. Механикалық үйкелумен тозуға қарағанда, коррозиялық процесс – химиялық реакциялардың жүруі салдарынан металл атомдары металдық күйден, химиялық күйге өту арқылы жүреді.
Металды коррозиядан қорғау мəселесі, металдарды қолданудың бастапқы кезінен-ақ басталған. Адамдар металдарды атмосфералық коррозиядан əр түрлі майлардың көмегімен, кейінірек басқа металдармен қаптау, сонан кейін жеңіл балқитын қалайыға батырумен сақтаған. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (б. д. дейінгі V ғ.) жəне ежелгі Рим ғалымы Үлкен Плиний (б. д. дейінгі І ғ.) еңбектерінен темірді тот басудан сақтау үшін қалайыны қолданғанын білеміз. Қазіргі кезде коррозиямен күрес жан-жақты жүргізілуде, яғни материалдың коррозиялық тұрақтылығына əсер ететін металды, бұйым жұмыс жасайтын ортаны өзгертеді.
«Агрессивті орта» дегеніміз не?
Құрылғылардың жұмыс істеу ұзақтығы металдардың өзіндік тотығуы арқылы төмендеуі коррозия (лат. сorrosio – жеу, жою) деп аталады. Коррозияға ұшырайтын металдардың ортасы коррозиялық немесе агрессивтік орта деп аталады. Осы үрдіс құрамында металдың тотыққан түрінде сақтайтын химиялық қосылыстар кезінде коррозия өнімдері пайда болады. Металдың ортамен әрекеттесу сипатына байланысты коррозияның механизмі бойынша негізгі 2 түрмен ажыратады: химиялық және электрохимиялық коррозия
