- •Коррозия туралы жалпы мағлұмат.
- •Химиялық коррозияның электрохимиялық коррозиядан айырмашылығы?
- •Қышқылдық ортадағы темір коррозиясының бейтарап ортадағы коррозиядан айырмашылығы қандай?
- •Қышқылдық ортада металдар коррозиясына сутек қуаты қалай әсер етеді? Мысалдар келтіріңіз.
- •Қандай металдар үшін сілтілік орта қауіпті? Неге?
- •Коррозиядан қорғаудың қандай әдістері бар?
- •Металдарды химиялық қорғаудың қандай түрлерін білесіз?
- •Металдарды электрохимиялық қорғаудың маңызы қандай?
- •Протекторлы қорғау деген не?
- •Металдардың пассивтенуі деген не және қалай түсіндіріледі?
- •Қандай заттар ингибиторлар деп аталады?
- •Ингибиторлардың қызметі қалай түсіндіріледі?
- •Коррозия процесінде коррозия өнімдері қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріңіз.
- •Анодты және катодты жабын деген не? Мысалдар келтіріңіз.
- •Коррозия деген не, коррозияға байланысты ғылымда қандай сұрақтар шешілуде?
- •Ауасыз кеңістікте коррозия үрдісі мүмкін бе? Түсіндіріңіз.
- •Коррозия келтіретін шығындар қалай жіктеледі?
- •Коррозияға қарсы жүргізілетін іс-шаралардың қажеттігін анықтайтын аспектілерге сипаттама беріңіз.
- •Коррозиядан қорғауға кететін жалпы шығындарға не кіреді?
- •Қандай жағдайларда коррозияға кеткен шығындар ақша бірлігімен саналмайды?
- •Металдардың «коррозиясы» деген түсінікке мінездеме беріңіз.
- •«Агрессивті орта» дегеніміз не?
- •Коррозияның қандай басты типтерін білесіз?
- •Коррозияның қандай түрлері химиялық коррозияға жатады?
- •Тәжірибеде қолданылатын металды қорғау әдісін атаңыз.
- •Коррозиядан « пассивті қорғау» дегеніміз не?
- •«Металды легірлеу» термині нені білдіреді?
- •Металды қолданудың қай стадиясында металды легірлеу қажеттілігі туындайды?
- •Активті қорғаудың негізгі механизмін түсіндіріңіз.
- •«Химиялық коррозия» дегеніміз не?
- •Химиялық коррозия қандай механизммен жүреді?
- •Тотық қабықшасының қандай қасиеттеріне металдың коррозия үрдісі байланысты болады?
- •Не себепті коррозияға белсенді алюминий өндірістің түрлі салаларындағы және күнделікті конструкциялы материал ретінде қолданылады?
- •Темір, болат, шойынның газды коррозия түрлерін атаңыз.
- •«Темір, болат, шойынның тотығу» коррозияның түрін түсіндіріңіз.
- •Бейэлектролиттердегі химиялық коррозияға мысал келтіріңіз.
- •«Электрохимиялық коррозия» дегеніміз не?
- •«Электрохимиялық механизм» ұғымын қалай түсінесіз?
- •Коррозияның қандай түрлері электрохимиялық коррозияға жатады?
- •Электрохимиялық коррозияның пайда болу себептерін түсіндіріңіз?
- •Металдардың электрөткізгіштігі қалай анықталады?
- •Атмосфералық коррозия, коррозияның кай түріне жатады? Механизмін түсіндіріңіз.
- •Теңіз суындағы коррозия механизмін түсіндіріңіз?
- •Топырақ коррозиясының өту механизмін түсіндіріңіз.
- •«Электролиттер және электролиттер еместер» дегеніміз не?
- •«Топырақ электролиті» деген терминді қалай түсінесіз?
- •«Топырақтың меншікті электр кедергісі» дегенге анықтама беріңіз.
- •Топырақтың меншікті электр кедергісі қандай параметрлерге тәуелді?
- •Топырақтың коррозиялық белсенділігін анықтаудың әдістерін атаңыз?
- •Коррозиялық өлшеудің қандай аспаптары тәжірибеде қолданылады?
- •Биокоррозияның пайда болу принциптерін түсіндіріңіз.
- •Бактериялардың қандай түрлері бар және олардың коррозия үрдісіне әсері қандай?
- •Жерасты құбырөткізгіштердің оқшаулағыш жабындарына қандай талаптар қойылады?
- •Көмірқышқыл газының металдың коррозиясы үрдісіне әсерін түсіндіріңіз.
- •Көмірқышқылды коррозия қандай факторларға тәуелді?
- •Көмірқышқыл коррозиясының жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
- •Құрал-жабдықтың жеке бөлшектерінің коррозия жылдамдығы қандай бірлікте өлшенеді?
- •Металдың газ коррозиясының термодинамикасы
- •Металдың газ коррозиясының кинетикасы
- •Газ коррозиясына əсер ететін факторлар
- •Коррозиялық үрдістердің классификациясы
- •Металдарды коррозиядан қорғау әдістері
Металдардың пассивтенуі деген не және қалай түсіндіріледі?
Металл қабатын белсенді күйден пассивті күйге ауыстыру үшін металл бұйымдарын қышқылмен (пассиватор) өңдейді, мұндай жағдайда металл иондарының ерітіндіге өтуі күрт төмендеп, коррозия үрдісінің интенсивтілігі азаяды.
Қандай заттар ингибиторлар деп аталады?
Металды аппараттардың коррозиясын кеміту немесе толық жою үшін, коррозиялық процесті тежелуге əкелетін қосылыстарды белсенді ортаға ендіру керек. Коррозия жылдамдығын кемітетін мұндай тəсілдер –ингибиторлар деп аталады. Демек, коррозия ингибиторлары немесе баяулатқыштары деп – оларды коррозиялық ортаға аз мөлшерде металдар мен қорытпалардың электрхимиялық коррозия процесінің жылдамдығын кеміту үшін ендіретін заттарды айтады. Ингибиторлар табиғаты бойынша – иондық немесе молекулярлық қосылыстар түрінде болады. Ингибиторлар коррозияланатын металл бетіне адсорбцияланады. Яғни, электрстатикалық, спецификалық немесе химиялық. Тежелу механизмі бойынша – анодтық, катодтық, экрандалумен (қабыршық түзумен), кешенді жолымен жүреді.
Ингибиторлардың қызметі қалай түсіндіріледі?
ISO 8044-1986 стандартына сәйкес коррозия ингиторлары (КИ) деп коррозиялық жүйеде белгілі бір мөлшерде орын ала отырып, кез келген коррозиялық реагенттің мөлшерін елеулі түрде өзгертпей, коррозияның таралу жылдамдығын бәсеңдететін химиялық қосылыстарды айтады. Ингитирлеу тәсілі жоғары үнемділігі, алдын-ала қабылданған технологиялық тәртіпті өзгертпей, жеңіл түрде өндіріске енгізуге болатындығы, әдетте өзінің іске асу кезінде қосымша немесе арнайы құрылғыларды қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді. Ингибиторлармен қорғауды тұрақты және аз жаңартылатын коррозиялық орталарда қолданады. Олар: резервуарлар, цистерналар, бу қазандары, суыту жүйелері, химиялық аппараттар, қабыршақты ажырату үшін пайдаланатын арнайы ванналарда, металды бұйымдарды сақтау және тасымалдау кезінде қолданады.
Анодты ингибиторлардың әсері металдың беткі қабатының коррозияланатын аймақтың анодтық бәсеңдетілуіне негізделген. Сол себепті, осы ингибиторларды бәсеңдеткіштер деп атайды.
Бәсеңдеткіштер – тотықтырғыштық қасиеттері бар бейорганикалық заттар болып табылады, оларға мыналар жатады:- хроматтар, бихроматтар, - нитрат, нитриттар, - молибдаттар, - вольфраматтар.
Катодты ингибиторлар – катодты процестің тиімділігінің кемуі немесе катодты бөліктер ауданының қысқаруы салдары- нан коррозия жылдамдығын азайтатын заттар. Катодты процестің тиімділігін кеміту үшін, оттекті деполяризациясы бар коррозия кезінде сұйық коррозиялық ортадағы оттегінің мөлшерін кеміту, не сутекті деполяризациясы бар коррозияда сутегінің бөліну реакциясында қайта кернелуді жоғарылатумен іске асыруға болады.
Коррозия процесінде коррозия өнімдері қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріңіз.
Коррозиялық процесс салдарынан металл толығымен немесе жартылай бұзылуы мүмкін. Металл мен коррозиялық ортаның өзара əсерлесуі нəтижесінде пайда болған химиялық қосылыс – коррозия өнімі болып табылады. Коррозия өнімі – металдың беткі қабатында тотықты қабыршық, кеуекті қабаттар немесе тат түрінде кездеседі. Металл бетінің адгезиялық дəрежесіне байланысты əр түрлі жағдайлар байқалады. Мысалы, темір қорытпаларының беткі қабатындағы таты металға тереңірек еніп, кеуектелуіне əкеледі. Ал оның əрі қарай дамуы салдарынан, тесікті бұзылыс береді. Керісінше, алюминийдің тотықтануы, оның беткі қабатында тығыз, əрі бірқалыпты тотықты қабыршық пайда болуын металды бұзылудан қорғайды.
