Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.45 Кб
Скачать
  1. Металдарды электрохимиялық қорғаудың маңызы қандай?

Табиғи шарттардағы қоршаған орталардағы металды құрылғылардың жұмыс жасау мерзімі коррозияның қайтымсыз процестері салдарынан салыстырмалы қысқа болып келеді. Оны құрылғының коррозиялық сенімділігін жоғарылатудың тәжірибелік шараларын кеңінен қолдану арқылы ұзартуға болады. Олар:

- жер асты металды құрылғыларды электрхимиялық қорғау әдістерін (белсенді қорғауды) қолдану;

-ғимараттың беткі қабатының сыртқы белсенді ортамен байланысынан жекелендіру (бәсеңді қорғау);

- коррозиялық тұрақты материалдарды қолдану;

- коррозияның белсенділігін төмендету мақсатымен қоршаған ортаға әсері.

Химиялық өндірістерде электрхимиялық әдістерге қызығушылық жаңа әдіске – анодты электрхимиялық қорғауға байланысты өсе түсті. Бұл әдіс, химиялық өндіріс жағдайларында пайдалы болып табылады. Электрхимиялық қорғауды қолданумен құбырларды, кеме қораптарын, реакциялық аппараттардың, т.б. коррозиядан бұзылуларын ескеруге болады. Электрхимиялық коррозия кезінде коррозиялық процестің жылдамдығын кемітуді, металды құрылымды поляризациялаумен алуға болады.

  1. Протекторлы қорғау деген не?

Протекторлы қорғауды бейтарап орталарда, топырақ, теңіз және өзен сулары, тұз ерітінділерінде жұмыс істейтін металдық құрылғылардың коррозиясына қарсы күрес үшін қолданады.

Бірақ күшті белсенді орталарда мұндай қорғауды протектордың тез бұзылуына байланысты қолдану пайдасыз. Протекторлық қорғауға қарағанда, сыртқы тогы бар катодты қорғауды энергияны сырттан алу қиын болғанда немесе егер арнайы электр желілерді орнату экономикалық тұрғыдан пайдасыз болғанда қолданған пайдалы. Мысалы, катодты қорғаумен үлкен шығындарымен байланысты болғандықтан, магистральды құбырларды орнату қиын болатын аудандардағы қондырғыларды қоректендіруді орнатумен электр желілерін жеткізу болмайды. Протекторлы қорғауға қол жеткізу үшін құрылғыға берілген ортада кез келген қорғалатын құрылғы аумағына қарағанда, теріс электрлік шамаға ие болатын, әдетте пластина немесе цилиндр күйінде болатын протекторды жалғайды.

Протекторлы қорғаудың ұстанымы: гальваникалық буда пайда болған катод ретінде жұмыс атқаратын болатты құбырға қарағанда, қарқынды бұзылуға көбірек теріс шамаға ие болатын анод протекторы ұшырайды. Пайда болған гальваникалық ток қысқы тұйықталу тогы болып табылады.

Электрхимиялық элемент жұмысының жүру барысында протектор тотықтанады, яғни электрондар қалдықтарын катодқа (қорғалушы затқа) жібереді. Мұндай көшіруде протектор ериді және периодты ауысуды талап етеді. Қорғалатын құрылғыны бинарлы қысқа тұйықталған гальваникалық тиімді анод болып

табылатын, үшінші электрон қосылатын мА мК элементтері деп қарауға болады.

Протекторлы материалдарға белгілі-бір талаптар қойылады:

- протектор материалының потенциалы «протектор-қорғалушы материал» жұбы максималды ЭҚК-қа ие болатындай теріс болуы керек;

- протектор поляризациясы бәсеңдетілуде қорғаушы токты айтарлықтай төмендететіндіктен, потенциалдар айырымы түрленуі керек. Протектор бәсеңдетілуінің мүмкіндігін азайту үшін оны арнайы белсендіргішке толтырылған қаптарға салып қояды;

- протекторлы материал өте жоғары тиімділікке немесе жоғары ток берілгіштікке ие болуы қажет.