V. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
Vі. Қорытынды.
Дейін |
Кейін |
|
|
14- билет
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Есіл бойында» Сабақтың мақсаты: С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің сюжетін, тақырып, идеясын таныту, меңгерту. Міндеттері: 1. Білімділік. С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын топтастыру, үзіндінің «Өмір мектебі» романынан алынғанын таныта отырып, мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру; 2. Дамытушылық. Дүниетанымын, сөз саптауын, көркем шығарманы қабылдауын дамыту. Логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту; 3. Тәрбиелік. Туған жер табиғатын танып - білуге баулу, эстетикалық талғамын арттыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Әдіс - тәсілі: түсіндіру, проблемалық ізденіс, талдау, көрнекілік әдісі Көрнекілігі: кесте, слайд, үнтаспа, карта Пәнаралық байланыс: география, музыка Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу. 2. Сабақтың мақсатын қою. Күн ретін, сабақ тақырыбын тақтаға жазу. 3. Жаңа сабақ. Кіріспе. Сәбит Мұқанов 1900 ж. 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген. 7 жасында әкесінен, 8 жасында шешесінен айрылады. Жастайынан жетімдіәк пен жоқшылықты көріп, жалшылықта жұмыс істейді. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі. Ол ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы өлең - жырды жаттап, жұрт алдында айтып беретін болған. Тұңғыш шығармасы – 1917 жылы жазылған «Көңілім» атты өлеңі. Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 ж. жарық көрген. Шығармаларын топтастыру. Поэмалары: «Жұмаштың өлімі», «Балбөпе», «Октябрь өкілдері», «Ақ аю» Әңгімелері: «Әсия», «Азғын», «Кер заман», «Алтын аймақ», «Тіл алушылар» Повестер: «Ақбөпенің зары», «Достар», «Балуан Шолақ», «Бақташының баласы» Романдары: «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Теміртас», «Есіл», «Сырдария», «Өмір мектебі» Драмалары: «Қашқар қызы», «Шоқан Уәлиханов», «Алтын астық», «Ақан мен Зайра» Зерттеу еңбектері: «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Халық мұрасы», «Өсу жолдарымыз», «Абай Құнанбаев монографиясы» Негізгі бөлім. «Есіл бойында» әңгімесі - «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді. Әңгіменің сюжеті: 1. Әңгіме Есіл бойы өзенінің табиғатын, тоғайын, жасыл шалғынын, бал татыған жеміс - жидегін, асау Есіл өзенін суреттеумен басталады. 2. Оқиға одан әрі Есіл өзенінің сұлу табиғатына тамсанып, шабыты келген адамның көңіл - күйін сипаттаумен байланысады. 3. Мырзатаймен болған әңгіме. Мырзатайға сипаттама. 4. Мырзатайдың ән салу өнері. 5. «Есіл тасып барады» әнінің тарихы. «Әңгіме ішіндегі әңгіме» 6. Ән өнеріне деген автордың көзқарасы. Айналмалы бөлімдер. Қазақстанның географиялық картасымен жұмыс. Картадан есіл өзенін тауып, көрсетіңдер. Есіл өзенінен сипаттама беріңдер. Проблемалық ізденіс. Жазушы Есіл өзенінің көркін таныту үшін жазушы табиғаттың қандай құбылыстары мен көріністерін суреттейді? Бұл суреттеу әдебиетте пейзаж деп аталатынын аңғарту, дәлелдеу. Мұратбек қандай халық композиторының әндерін айтады? «Есіл тасып барады» әнінің өзіндік ерекшелігін атаңдар. Мәтінмен жұмыс. Шығармадан жазушының көркем тіл шеберлігіне назар аударып, бейнелі сөздерді табыңдар. Дәптермен жұмыс. Шығармадағы кейіпкерлерге образдық талдау жасаңдар. Образдық талдау 4 бөлімнен тұрады: 1. Кейіпкердің портреті.; 2. Кейіпкердің мінезі; 3. Кейіпкердің ұнамды немесе ұнамсыз әрекеті; 4. Кейіпкердің мақсаты. 4. Білімді бекіту. Сұрақ - жауап арқылы. 1. Сәбит Мұқановтың өмірбаянынан не білдік? 2. Жазушының шығармашылығын неше топқа бөліп қарастыруға болады? 3. «Есіл бойында» қай шығарманың үзіндісі? 4. Әңгіме не жайында? Сергіту сәті. Үнтаспадан «Музарт» тобының орындауындағы «Есіл ағады» әнін тыңдату. 5. Үйге тапсырма. 1. Әңгімені мазмұндау. 2. Бір әннің тарихын жазып әкелу. 6. Бағалау. Рефлексия кезеңі.
15 –билет
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Баллада бойынша алған білімдерін жүйелеу;
Тәрбиелік: Төзімділікке баулу, елін,халқын сүюге үйрету, еңбекке құштарлық сезім туғызу:
Дамытушылық:Ізденімпаздылыққа дағдыландыру,терең ойлап, пікір қорытуға бейімдеу;
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту;
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып,түгелдеу.
Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме,оқушылар. Бүгін сабақта кім жоқ,кезекші айта ғой...Жақсы, оқушылар бүгін біз жаңа тақырып бастаймыз. Бүгін танысатын ақынымыз Қадыр Мырзалиев және оның «Кәрі қыран» шығармасы. Қадыр Мырзалиев Орал облысы, Жымпиты ауданында дүниеге келген. Көптеген шығармалардың авторы. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журанлы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журанылы режакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Кейін «Балауса» баспасының бас редакторы болып қызмет жасайды. Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болады.
Топтастыру:
Жазушы қоғам қайраткері
Қ.Мырзалиев
тарихшы ақын
Шығармамен жұмыс: Жаңа тақырыпты игерту мақсатында шығармамен жұмыс жасау
Өлеңнің шумағына талдау;
Ұйқас түрін табу;
Буын,бунақ санын табу;
Сергіту сәті : Ақынның өлеңіне жазылған «Атамекен» әнін қосылып айту;
Инсерт:
+ |
|
|
? |
|
|
|
|
Үй тапсырмасы : «Қадыр-Қыран-Қазақ» тақырыбына эссе
Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсенділігіне қарай «өте жақсы», «жақсы» деп бағаланады.
Бүгінгі сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!
16-билет
Жалпы мақсаты - ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу, шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту. - Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру. - Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету. Міндеттері: 1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. 2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы кіру. 3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету. Мұғалім үшін оқу нәтижелері: 1. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыландыру. 2. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтау, олқылықтарды сынамау. 3. Тақырыпты талқылауда белсенділікпен қатысуға үйрету. Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың еркін ойлауын, дүниетанымының кеңіп, рухани өсуін іске асыру. 2. Оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу. 3. Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушының өзіндік ой түйіндеуіне, қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасы жайлы ой қозғау, бүгінгі заман көзімен қарау. Тапсырмалар Қазақстан мен Ресей халқының достығы туралы интернет беттерінен материал жинақтау. Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру, білік - дағды қалыптастыру сабағы Сабақтың әдісі Сыни ойлату, диалогтік оқыту, интерактивті әдіс Көрнекілігі Интерактивті тақта; Шортанбай Қанайұлы туралы қосымша материалдар; формат қағаз, фломастер, маркер. Мұғалім немен айналысады?
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, топқа бөлу. - Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен, сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай, соны білгім келеді. Ал, ендеше, көңіл күйімізді бәріміз бірге: - Өте жақсы! - Керемет! - Тамаша!- деген сөздерді айту арқылы білдірейік. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Жаңа тәртіп, жаңа заң енді елге Бұқара бетбұрысқа көндігер ме? Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел Қазағым, бұндай жайды енді көрме,- деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғадым? - Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз./0, 5 мин./ Оқушылардың жауабы тыңдалады. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру. Топқа сұрақ: І топ: «Әдебиетшілер» (сызба құру) Шортанбай Қанайұлы кім? Өмірі туралы тоқталу. ІІ топ: «Тарихшылар»(сызба құру) Шортанбай өмір сүрген заман Заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған? ІІІ топ: «Зерттеушілер»(сызба құру) Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер? Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындар»деп атады? «Зар заман»өлеңінің алғашқы жолдарын өзім жатқа мәнерлеп айтып беремін. Оқушылардың алдына сұрақ тастаймын: - Ақын бізге өткен заманның келбетін қалай жеткізген? - Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер. - Заманның тарлығының белгісі қалай жеткізді? Одан халықтың қандай күй кешіп отырғанын аңғардыңдар?/9 мин./ Оқушылар әдебиет оқулығынан осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында Шортанбай туралы қысқаша мәлімет алады? Оқушылардан толық жауап алынғаннан кейін өлеңнің қалған бөлігін үш топқа талқылауға ұсыну Топтық жұмыс. Әрі қарай өлеңді сіздердің оқуларыңызда тыңдап, талқылайық. Өлеңді үш топқа бөліп беру, топ болып талдау: а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру. ә) Өлеңнің тақырыбы б) Ақынның айтпақ ойы не? в) Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып, өз пікірлерін білдіру. Өлең желісіне орай тақтадағы дайын тақырыпты таңдау. г) Көркемдегіш құралдар: эпитет, теңеу ғ) Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. /9 мин./ Оқушылар берілген тапсырмаларды үлкен ақ бет қағазға орындайды, өз жұмыстарын қорғайды. Топтың барлық мүшелері белсене қатысып, өз үлестерін қосулары тиіс. Бейнебаян. Бейнетаспадан Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасына 20 жыл толғандығы жайлы көріністен үзінді көрсету. - Балалар, бұл көріністен не көрдіңдер? - Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай? Қазақстан мен Ресей қарым - қатынасы туралы слайдтан кішкене мәлімет беру /5 мин./ Оқушылардың ойын білу. Пікір қалыптастыру. Сергіту сәті. Әр топ халықтар арасындағы достықтың үзілмеуіне қажетті құндылықтарды қимыл - әрекетпен айтып көрсету арқылы жеткізеді./2 мин./ Оқушылар достастық символын жасайды. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін қалыптастырып, белгілі бір тұжырымға келу мақсатында тапсырма ұсыну. Тәуелсіз ел жастары ретінде мемлекетіміздің әлем деңгейінде көрінуіне өз жобамызды ұсынамыз. (Әр топ өз жобаларын ортаға шығып қорғайды)/7 мин./ Бұл тапсырма оқушылардың ізденістерін, өз бетімен шешім қабылдай алу мүмкіндіктерін арттырып, сенімділікке жол ашады. Ой толғаныс. «Біз - қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген елміз»,«Қазақстан мен Ресей достастығы - берік те мықты», «Қазақстан - болашағы жарқын мемлекет» /7 мин./ Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар негізінде өздерінің ішкі түйіндерін қысқаша жазады. Бекіту сұрақтары: - Бүгін біз қандай шығармамен таныстық? - Бұл өлеңнің бұрынғы өлеңдерден ерекшелігі қандай? - Ақынның ішкі жан дүниесі қандай? - Сол замандағы ақындардың «Зар заман ақындары»деп аталу себебі неде? Оқушылардың бүгінгі сабақтан түйген ойлары арқылы сабақты бекіту./1 мин./ Бағалау. Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады. Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады. /3 мин./ Бағалау парағы Үйге тапсырма. «Зар заман»өлеңін мәнерлеп оқу. «Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма?» деген тақырыпта көзқарасын жазу. Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы қосымша іздену. /0, 5 мин/ Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне жазып алады. Қорытынды. Міне, балалар, біз өз тәуелсіздігіміздің арқасында әділдікті жырлаудан тайсалмаған, батыл да қайсар ұлдарын терең тануға мүмкіндік алдық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Сарабдал саясатшы, көреген кемеңгер елбасы арқасында жасалған жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік. /1мин./
19 –билет
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім. «Қалқаман - Мамыр» Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру; Дамытушылық: Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу; Тәрбиелік: салт - дәстүрімізді білуге, оған құрметпен қарауға, адалдыққа, достыққа берік болуға ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, ақынның әндері өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу. Типі: жаңа сабақ. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: СТО, сұрақ - жауап, баяндау. Көрнекілігі: Шәкәрім, Абай кітаптары, жетондар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін қай күн?
-Сыныпта оқушылар түгел ме?
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы Үй тапсырмасына орай сұрақтар 1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай кімдерден алды? (Ұлжан, Зере ) 2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибрахим) 3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы) 4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс) 5. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы. Қай өлеңнен үзінді? («Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы») 6.«Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл» деген өлең жолдары қандай көркемдегіш тәсілмен берілген? (Эпитет) 7. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде») 8. Абайдың неше қарасөзі бар? (45) 9. 17 - қарасөзінде «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді? (Ғылымға)
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Қызығушылықты ояту( «Құпия кілт»): 1. Абайдың туысы болып келетін ақын. 2. «Бес арысымыздың» бірі 3. «Адамдық борышың» өлеңінің авторы.
2. Шәкәрім өмірінің хронологиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857 – 1931) Шәкәрім – Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы. 7 жаста әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастады. 1878 20 жасында өз елінде Ысқақтың орнына бір сайлау болыс болады. 1881 Болыстықты Абайдың ақылымен Оспанға өткізеді. 1905 - 1906 Меккеге қажылық сапар шегеді. Барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды. 1909 - 1910 Ел ортасын тастап оңаша елсізге кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде өмір сүре бастайды. Шығармашылықпен айналысты. 1912 Семейде 1878 - 1904 ж. ж. жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан. 1931 Жазықсыздан - жазықсыз атылды. 1958 2 қазанда СССР прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп ақтап шықты. 1959 «Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды. 3. «Топтастыру» стратегиясы. Шәкәрім ↓ Сазгер Аудармашы Қажы Ақын Жазушы Ойшыл Сергіту сәті. Ән: «Бұл ән басқа әннен өзгерек» Өткен адам болады көзден таса, Өлді - өшті, оны ешкім ойламаса. Ол кетсе де белгісі жоғалмайды, Керектісін ескеріп ұмытпаса. Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ, Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек, Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. «Қалқаман – Мамыр» поэмасы 1882 жылы жазылған 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген. - Оқиғаның болған жері - Сыр өңірі 1722 ж. қазақтың «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы кезеңі суреттеледі.
1722 жылы Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиға. Демек, бұл оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек. Шығарма екі жастың трагедиясымен өрбісе, 1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен «ақтабан шұбырынды» оқиғасымен аяқталады. Бұл поэманы ақын тарихи хикая деп атаған. Өйткені дастанның оқиғасы ақтабан шұбырынды заманында өтеді. Поэманың алғашқы шумақтарында Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай есімдері аталып таныстырылады. Мұғалім: Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар? Жанры – эпикалық - ғашықтық дастан. Тақырыбы – екі жастың махаббат драмасына құрылуы. Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық. Композициялық құрылымы: Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс Оқиғаның байланысуы: 1. Мамырдың бой жетуі. 2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі. 3. Қос ғашықтың бірге қашуы. Оқиғаның дамуы: Мәмбетай мен Көкенайдың баба сөзіне келіспеуі. Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі. Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім. 2. Қалқаманның елден кетуі. Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы. ІV. Дәптермен жұмыс Өлең құрылысына талдау Бабаң айтты: «Өлтірер жұмыс емес, Таспен атып, өлтірмек бұл іс емес, Біреудің некелісін бұзбаған соң Қанына ортақ болу дұрыс емес.» Өлең құрылысы - 11 буынды, қара өлең үлгісімен жазылған. Поэтикалық тілі – суреттеу баяндау, мінездеу, портрет теңеу, эпитет метафора. V. Оқулықпен жұмыс. 1. «Түсініктеме парағы». Еркек - шора: еркек балаша киінген қыз. Бастаңғы: әке - шешесі үйде жоқта қыз - бозбала мал сойып, құрбыларын жинау. Оғат: оғаш, қателік. Халал: адал. Асық: ғашық. Шаһит болу: дін жолында қаза болу, «ақ өлім». 2. «Ізден, тап» 1. Мамырдың соңғы сөзі. 2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі. 3. Қалқаманның елімен қоштасу сөзі. VІ. Білімді бекіту. Блиц тест 1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы? А) 1722жылы В) 1737 жылы С) 1822 жылы 2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім? А) Көкенай В) Әнет баба С) Мәмбетей 3. Қалқаманның әкесі кім? А) Мәмбетей В) Әнет баба С) Олжай 4. Ауыл үлкендерін жинап той жасаған хан? А) Сәмеке В) Мәмбетей С) Көкенай 5. Мамыр Қалқаманға қашан, қай жерге келуді сұрады? А) Жұма күні сайда В) Бүрсігүні, қалың қамыс С) Ауыл іргесінде 6. Мамыр қыз балаша киінгеніне неге өкінді? А) Әкесі құда түсірмекші болды В) Қалқаман алып қашбақшы болды С) Барлық жауап дұрыс 7. Екі жастың қосылуына не бөгет болды? А) Екі елдің арасының ар қашықтығы В) Туыс, аталас болуы С) Әнете бабаның сөзі 8. Қазақтың бастаушысы кім? А) Мәмбетей В) Көкенай С) Саван Раптан 9. Елі Қалқаманды не себепті іздемеді? А) Ашаршылық В) Қазақ - қалмақ соғысы С) Ұлы Отан соғысы 10. Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр? А) Орта жүз В) Кіші жүз С) Ұлы жүз. VІІ. Үйге тапсырма: 1) Кейіпкермен сырласу хат; 2) Қалқаман мен Мамырдың алғашқы жұмбақтап айтқан жерін жаттау; 3) Шәкәрім шығармаларымен танысу. VІІІ. БағалауҮй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
22- билет
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны Сабақтың мақсаты: білімділік – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; дамытушылық - оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: «6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру, талдап оқу, іздендіру, сатылай кешенді талдау, эссе. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтар Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, кино өнері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу; ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу. «6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген? 2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды? 3. Неліктен Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ең бір күрделі де көркем шығарма болып есептеледі? 4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал - мәтел сияқты нақылға айналып кеткен? 5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады? 6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды? ІІІ. Жаңа сабақ а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау (Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір» күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту). ә) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу. б) «СКТ» (сатылай кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу. «Ескендір» дастаны 1. Авторы – Абай Құнанбаев 2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған. 3. Жанр түрі – поэма (дастан) 4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу. 5. Шумақ саны – 42 6. Тармақ саны – 168 7. Буын саны – 3 бунақты 8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба) 9. Шығарманың композициялық құрылысы: 9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. 9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. 9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. 9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек. 9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда. 10. Шығарма кейіпкерлері Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар. Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды. Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі. 11. Әдеби теориялық ұғымдар Теңеу – дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз. 12. Түсіндірме сөздік Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу Даңғой – елірме, есер, желікбас Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор Ант ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбаған Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз 13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу. IV. Сабақты бекіту «Рухани биіктік – ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу. V. Үйге: «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын оқу. VI. Бағалау
23-билет Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. |
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. Сабақтың мақсаты: Білімділік: жыр алыбы Жамбыл жайында мәлімет беру, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын, идеясын ұғындыру. Дамытушылық: өлеңмен жазылған шығармаларды оқып, талдай білуге, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтандыру. Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Көрнекілігі: оқулық, тақта, ақынның портреті, сызбалар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау. 1) М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінен ұнаған шумақтарын және «Балалық шақ» өлеңін толық жаттау; 2) «Сағыныш» тақырыбына шағын әңгіме жазу. Оқушылар «Азамат» және «Болашақ» деген 2 топқа бөлінеді. Оларды бақылап, саралаушы топ «Қазақстан» болады.Топ басшылары топтың тапсырмасына сай өлеңді талдап, оқушылардан жатқа сұралады. ІІ. Жаңа сабақ Ақын өміріне қатысты мағлұмат беру. Ж.Жабаевтың естелігінен: «Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген 2 тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болыпты. Бұл 1846 жылдың февраль (ақпан) айы екен. Жамбыл 35 жасында, яғни, 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде атақты ақын Құлманбетпен айтысып жеңіске жетеді. «Айтыстың арыстаны» атанған Жамбыл өткір, уытты жырларымен қатар кең тынысты ұзақ эпикалық туындылар шығарады. Халық эпосы мен ертегілерінің және тарихи жырлардың дәстүрінде ақын «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сынды белгілі поэмалар туғызды. «Топтастыру» стратегиясы. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау «Түсіну» стратегиясы. Дастанның бас кейіпкері – Өтеген батыр туралы мағлұмат беріледі. Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. «1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты» деген аңыз да бар. Екі топтың оқушылары дастанды оқып түсіндіреді. «Талдау» стратегиясы. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау. 1) Оқиғаның басталуы. «Алып келсем елімді Жиделібайсын жеріне Қалмас еді -ау арманым». 2) Оқиғаның дамуы. «Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл Ел-жұртын аман-есен көрді дейді». 3) Оқиғаның шиеленісуі. «Егер де айтқаныма көнбесеңдер Бұл жерді ақырында алар орыс». 4) Оқиғаның шарықтау шегі. Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы. 5) Оқиғаның аяқталуы. Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі. Картамен жұмыс (Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын жерін оқушыларға көрсету). Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері – осы жер. Әзілхан Нұршайықов. «Еркін жауап» стратегиясы. 1) Батырдың арманы не? 2) Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен? 3) Шығарманың басты идеясы не? «Венн диаграммасы». Шығарманы оқып таныстық, талдау жұмысын жасадық, сұрақтарға жауап бердік, енді шығарманың салыстыру кезеңін жүзеге асырамыз. Яғни, 2 топ дастанды Асан қайғының Жерұйықты іздеуімен салыстырады. Асан қайғы Өтеген батыр «Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім?, Не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде өз ойларың айтып, қағаз бетіне түсіру. Не білдім? Не білгім келеді? Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын, оның өмір сүрген заманда халқы үшін не істегенін білдім. Өтегеннің тағы қандай ерлік істегенін білгім келеді. Өтеген батырдың халқы үшін бәрін істеуге дайын екенін білдім. Өтеген өкпелеп Түркістанға кетіп қалғанда не істеді екен, соны білгім келеді. .................... ............................. «Бағалау парағы» бойынша оқушылардың баға қорытындысын шығару. Қорытындылау. Міне, балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның «Өтеген батыр» дастанында жырланған Өтегеннің халық үшін істеген игі істерімен таныстық. Сендердің де келешекте осындай халық қамын ойлайтын ұрпағы болуларыңа тілектеспін. Өйткені, сендер Қазақстанның болашақ жарқын азаматтарысыңдар! Сөз соңы сарапшылар тобы «Қазақстанға» беріледі. Үйге тапсырма: 1) «Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу; 2) А4 форматқа Өтеген батырға хат жазып келу. |
26-билет
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Өтемісұлының шығармашылығымен таныстыру, өлеңін түсіндіру.
Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту. Сабақтың нәтижесі: Ақын туралы қосымша деректерді өз беттерінше оқып, танысады, талдайды, өлеңді талдайды, идеясын ұғады, топтық жұмысқа бейімделеді, сыни ойлауға үйренеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Көрнекілік құралдар: Интербелсенді тақта, стикер, маркерлер, бағалау парағы, флипчарттар, түрлі түсті гүлдер, флипчарт, т.б
Әдіс-тәсілдері: «Көңіл күй неге ұқсас?» тренингі, «ЖИГСО» стратегиясы, Ой толғаныс, РАФТ стратегиясы
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін қай күн?
-Сыныпта оқушылар түгел ме?
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Сыныпты топқа бөлу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Өткенді қайталау, пысықтау.
1, «Көңіл күй неге ұқсас?» тренингі
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Көңіл күй неге ұқсас?» тренингін өткіземін. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін қимыл-қозғалыс арқылы білдіреді.
Оқушыларды «Жұмыс тобы», «Үй тобына» бөлемін. Оқушылар топтарына орналасады.
ЖИГСО стратегиясы. Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқу. Әр оқушы өз бөлігін оқиды. Алдын-ала мәтін төрт бөлікке бөлінген.
Сөздік жұмысы
Оқушыларға түсініксіз сөздерге түсінік беремін.Оқушылар өздеріне таныс емес сөздерді мәтіннен іздеп табады.
Оқулықтағы даналық ой, таным, дерекпен жұмыс.
Дәптерлеріне қажет тұстарын жазады.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен танысып, талдайды.
Топтық тапсырма
Салыстыру кестесі арқылы ақынның шығармашылығын тарихи деректермен салыстырады, байланысын анықтайды. Бір-бірінің жұмысын бас бармақ арқылы бағалайды.
Ой толғаныс. РАФТ стратегиясы.
Роль- Махамбет
Автор- оқушылар
Факт- жолдау
Тақырып- Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің?
Топтар бір-бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма:
Ақын туралы таныстырылым дайындау.
Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың қойған бағасын қорытып, жиынтық бағасын қоямын. Өздерінің қойған бағаларын ортаға салады.
Сау болыңыздар!
28- билет
Сабақтың тақырыбы:
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай -Қази»
Сабақтың мақсаты:
Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды. Зар заман ақындарының қоғамдағы орны, тыныс- тіршілігі жайлы түсіндіру.
Дамытушылығы:
Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі:
Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: Оқулық, ғаламтор мәліметтері
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.
Оқулықпен жұмыс жасау. Үзінділерді талдау.
Қорытынды:
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды.
Үй тапсырмасы: Зерттеу жұмыстарын жүргізу
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.
