билет
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: .А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік – А.Байтұрсынов өмірімен таныстыру.Өлеңді жаттап мағынасын ашу.
2.Дамытушылық – тақырыпқа сай жаттығу жұмыстарын жүргізу,ойындар ұйымдастыру арқылы ой-өрісін,іздену қабілеттерін дамыту және нақты шешім жасауға үйрету.
3.Тәрбиелік – сабақ мазмұны, дидактикалық материалдар арқылы: оқушыларды ұқыптылыққа баулу,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға,туған тілін құрметтеуге, адамгершілікке,эстетикалық, патриаоттық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру,талдау, көрнекі құралдар пайдалану.
Сабақ көрнекілігі: кесте-сөздіктер, интерактивті тақта, слайдтар, плакат қағазға жазылған сөздер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
I. Сәлемдесу!
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгендеп,оқушылардың саббаққа дайындығын тексердім
II. Үй жұмысын тексеру.
Оқушылардан үй жұмысын сұрап,дәптерлерін тексердім.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушылар біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» өлеңі.Ол (1872-1937) Қазіргі Қостанай облысы ,Жангелдин ауданы,Ақкөл ауылында дүниеге келген.
Суреттеу
Ахмет Байтұрсынов
Ғалым
Ақын
Ағартушы
Аудармашы-ұстаз
Қоғам қайраткері
Әдебиеттану ғылымының негізін салушы
Қазақ газетінің бас редақторы
этнограф
Еңбектері
Қырық мысал
Маса
Әліппе
Жиған терген
Егіннің бастары
Оқуға шақыру
Жұртыма
IV.Сабақтың барысы
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды
Қыдырып арлы-берлі жүрді дағы ,
Егінші егін еккен жерге барды
Аралап әр егінді қарап жүрді ,
Кезі еді пісіп болған егін түрлі
Бастарын дәнге толған төмен салып ,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалгыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп
Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.
Құбылып бидайлар тұр басын салып
Жіберген мырза құдай нұрға қанып
Әй,әке!Мұның мәнін түсіндірші?
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып!
Бір бидай көтеріп тұр басын қөкке ,
Қарайды шекірейіп өзге көпке
Өзіне өзгелерді теңгермейтін ,
Соншама бұл бидайдың дәні көппе?
Айтайын мұның мәнін ,балам саған :
Шырағым ,түрін көріп таңданба оған .
Өзгесі төмен карап бүгілгенге,
Ойлама ,кем екен деп бәрі сонан
Және де әкесі айтты баласына:
Сұқтанба құр сорайған қарасына !
Құдайым өзгесіне дән бергенде ,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр
Дән берген қожасына сиынып тұр
Басында бұл бидайдың дәні болмай ,
Кекірейіп ,көкке қарап ,бүлініп тұр.
Мінездеу
Егіс және өсімдіктер туралы жұмбақтар
Бұтақ сайын ұя ,ұя сайын жұмыртқа
Бала-бала ,балалар .Мүйізінен су ішіп.Таяғынан балалар
Көк лағым көгенде тұрып семіреді
Бір ағашта қырық бұтақ.Қырық бұтақта қырық ұя.Қырық ұяда қырық жұмыртқа .Қырық жұмыртқа да қырық балапан.
Аласа ғана бойы бар,Тоғыз қабат тоны бар
Салыстыру
Адам бойындағы қасиеттерді тауып,салыстырыңдар
Жақсы |
Ашулы |
Сабырлы |
Момын |
Еңбекқор |
Жаман |
Пысық |
еріншек |
Көңілді |
Сабырсыз |
Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс. Суретке адам бойындағы қасиеттерді қоса отырып сөйлем құрастыру.
Мұғалім сөзі. Оқушылар бүгін Ахмет атамыздың «Егіннің бастары» деген өлеңімен таныстық.Өлеңнің негізгі мазмұнын ұқтық.Үйге осы өлеңді жаттауға алыңдар.Адам бойындығы қасиеттердің біріне шағын эссе жазыңдар.
Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысы мен белсенділігіне байланысты бағаланады.
4-билет
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
б) Тәрбиелік: Ақын еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу, өзіндік «менін» ояту.
д) Дамытушылық: Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Бір-бірімен ой бөлісу арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету
Сабақтың түрі: түрлендірілген аралас сабақ. Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті тақта, деңгейлеп оқыту технологиясы, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жұмыс дәптері, кесте.
Сабақтың барысы:
