- •Курстық жұмыс
- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •Мазмұны
- •I. Білім бекіту сабағының кәсіптік оқытудағы алатын орны
- •1.1. Білім бекіту сабағы туралы түсінік
- •1.2. Білім бекіту сабағының маңызы мен атқаратын қызметі
- •II. Кәсіптік білім беру процесіндегі білім бекітудің ерекшелігі
- •2.1. “Метплды өңдеу” тақырыбындағы бекіту сабағы бойынша сабақ жоспары
- •2.2. Бекіту сабағы бойынша методикалық нұсқаулар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
I. Білім бекіту сабағының кәсіптік оқытудағы алатын орны
1.1. Білім бекіту сабағы туралы түсінік
Кіріспеде баяндағанымдай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы : 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. 2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау. 3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. 4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру. Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді. Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады. Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді. Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді. Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабора-ториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді. Қайталау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытын-дылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Аралас сабақтың құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды мең-геру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы. Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданы-лады. Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзінің ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді. Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді: Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар.
