Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сымсыз байланыс жйесі курсовой.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

20. Сигналды модуляциялау әдістері мен технологиясы

 

Мәліметтерді жіберу үшін бір ғана канал пайдаланылады. Жіберу сапасын жоғарылату үшін және пайдаланып жақан энергияны төмендету үшін (жіберілетін сигналдың қуаттылығын төмендету есебінен) жеткілікті үлкен артықшылықпен мінезделетін Баркер реттілігін қолданады. Код артықшылығы егер де пакет бөлікті зақымдалған болса да, міләметтерді қайталап жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді.

FHSS әдісі

Толқын тәрізді орнатылуы бар кең жолақты модуляция әдісін пайдалану кезінде 2400-2483,5 МГц жиілікті диапазонын 1 МГц-тен кеңділігі бар 79 каналға бөледі. Мәліметтердің рет ретімен әр түрлі каналдарға жіберіледі, каналдар арасында кейбір қайта қосылу схемасын құрады. Барлығы мұндай схеманың 22 сі бар, қайта қосу схемасын жіберуші және қабылдаушы біріктіріп шешеді. Каналдың кіші кеңділігіне (1МГц) байланысты каналдар арасындағы қайта қосылу жиірек болады. Сондықтан FHSS әдісі өзінің жұмысында барлық қол жететін жиілік диапазонын, яғни барлық каналдарды пайдаланады.

OFDM әдісі.

Ортогональды жиілікті мультиплексрлеу (OFDM) әдісі мәліметтерді жіберудің жылдам және алға шыққан әдістерінің бірі болып табылады. FHSS және DSSS әдістеріне қарағанда оның көмегімен радиодиапазонының бірнеше жиіліктерімен мәліметтерді паралльелді жіберуге болады. Осы кезде ақпарат бөліктерге бөлінеді, ол жылдамдықты жоғарылата қоймай жіберу сапасын жақсартады. Сигнал модуляциясының осы әдісі екі диапазонда 2,4 және 5 ГГц жұмыс істей алады.

PBCC әдісі

Екеулі пакетті ұйылмалы кодтау (BCC) әдісі мәліметтерді жіберудің 5,5, 11 Мбит/с кезінде қолданылады. Осы әдіс, тек кішкене модифицирленген, мәліметтерді жіберудің 22 Мбит/с кезіндеде қолданылады. PBCC принципі жіберілетін мәліметтің әрбір битіне XOR логикалық функция және бірнеше есте сақтау жиілігі көмегімен өңделу нәтижесінде құрылған тиесілі екі шығыстық бит (дибит деп аталады) тағайындалуға негізделген. Сондықтан бұл әдіс ½ жылдамдықпен ұйылмалы кодтау деп атайды, ал кодтау механизмнің өзі ұйылмалы кодер деп атайды.

CCK-OFDM технологиясы

CCK-OFDM гибридті кодтау технологиясы құралдың мәліметтерді міндетті және мүмкін жылдамдықтермен жіберу жұмысы кезінде қолданылады. Ақпараттарды жіберу кезінде арнайы структурасы бар мәліметтер пакеті қолданылады. Бұл структурада минимум ретінде қызметтік бастама бар.  CCK-OFDM гибридті кодтауды пайдалану кезінде пакеттің қызметтік бастамасы CCK кодтау көмегімен құралады, ал мәліметтердің өзі OFDM кодтау көмегімен құралады.

QAM технологиясы

Квадратуралы амплитудты модуляция (QAM) технологиясы мәліметтерді жоғарғы жылдамдықпен (24 Мбит/с жылдамдықтан бастап) жіберу кезінде қолданылады. Оның мақсаты келесіге негізделген , мәліметтерді жіберу жылдамдығы сигнал фазасы мен оның амплитудасының өзгеруі есебінен жоғарылайды. Сонымен қатар сигналдың 16 әртүрлі жағдайлары кезіндегі бір символдағы 4 битті (бірінші жағдай) және сигналдың 64 түрлі жағдайлары кезіндегі бір символдағы 6 битті (екінші жағдай) кодтайтын 16 QAM және 64 QAM модуляциялары қолданылады. Көбіне 16 QAM мәліметтерді 24 және 36 Мбит/с жылдамдықпен жіберу, ал 64- QAM модуляциясы мәліметтерді 48 және 54 Мбит/с жылдамдықпен жіберу кезінде пайдаланылады.