Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сымсыз байланыс жйесі курсовой.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

14. Tcp/ip протоколы

 

Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған. (Transmission Control Protocol / Internet Protocol– жеткізуді басқару протоколы / интержелі протоколы) түрінде болады, бұл  Internet – тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Windows 95 не Windows 98 – де Internet белгішесін іске қосқан кезде Internet – тің барлық қосылғыштары TCP/IP мен бірге қосылып қойылады. TCP/IP дің қосылуы тұрғанына көз жеткізу үшін Windows тің басқару панелі терезесін ашып, Жүйе белгілемесін екі шерту керек. Экранды көрінген терезеде TCP/IP орнатылуы хабары көрінеді.

Осы протоколдың басты ерекшеліктері :

  • TCP/IP адресацияның ыңғайлы схемасы

  • Барлық ОЖ жұмыс істей алады

  • Қосымша бағдарламаларды, утилиттерді, инструменттерді қамтамасыз етеді

  • Интернетте қолданылады

TCP/IP протоколының желідегі іс әрекетіне тоқталып кететін болсақ:

  • Пакетті жіберу алдында жергілікті желінің адресі тіркеледі. Жергілікті желіде адрес жоқ болған жағдайда шлюз қолданылады

  • Пакет Фрейнге орналасып каналдық деңгейде маршрутизаторға жіберіледі

  • Локалды маршрутизатор фрейнді жібереді

  • Маршрутизатор бағытталған желіні кестедегі желілер тізімімен салыстырады

  • Маршрутизатор маршрутизация кестесін пайдаланып ең ыңғайлы бағытты таңдап алады

  • Фрейн бағыты АРР протокол МАС адресі арқылы анықталады

  • Фрейн физикалық адресімен каналдық деңгейге жіберіледі

  • 2-7 қадамдар қабылдағыштың маршруты анықталғанша қайтадан қайталанады

  • Маршрутизатор фрейннен пакетті алып желелік деңгейге жібереді

  • Маршрутизатор IP адресін тексеріп желінің адресін анықтайды

  • Маршрутизатор АРР протокол кестесінен қабылдағыштың физикалық адресін анықтап пакетті жібереді

  • Пакет қабылдағышқа жіберіледі

 

15. SMTP, POP3 және IMAP протоколдары

 

SMTP, POP3 және IMAP  хаттамаларынсыз электронды почта жұмысы мүмкін болмайды.

Бұл хаттамалардың ерекшеліктері олардың  тар бағыттылығы. SMTP, POP3 және IMAP   мақсаты – электронды ақпараттармен алмасуды ұйымдастыру және олар  жұмысын  жақсы атқарып жатыр.

      Почталық хаттамалардың тағы да бір ерекшелігіне  біртапсырмалығы жатады. Мысалы, ақпарат жіберетін хаттама оларды қабылдауға  қабілетті емес және  керісінше. Сондықтан мұндай  хаттамалар жұппен жұмыс істейді– SMTP.

SMTP ( Simple Mail Transfer Protacol, почтаны қайта жіберудің жеңілдетілген хаттамасы) – негізгі мақсаты арнайы түрде дайындалған ақпаратты жіберетін хаттама. Мұны істер алдында хаттама компьютерлер арасында байланыс орнатады,  ол ақпараттың жетуіне жеңілдік береді.

      SMTP хаттамасы  өте қарапайым және тиімді, алайда бұл тиімділік барлық тапсырмалар мен мүмкіндіктерге жайылмайды.  Осылайша ол аутентефикация қарапайым механизміне  және почталық сервер арасында жіберулер кезінде мәліметтерді шифрлеу мүмкіндігіне ие емес. SMTP ең үлкен кемшілігі – оның грфикаларды жіберуге қабілетінің болмауы. 

      Осындай жақсы хаттамалардан бас тартпау үшін оны бірнеше тиімді  және қажет жаңартулармен  кеңейту шешімі  қабылданған, Таiaiv жаңартуы, мысалы, МIМЕ ( Multipurpose Internet Mail Exstensions, почталық қызметтің интернеттегі көпмақсатты  кеңейтуі ) арқасында кез – келген форматтағы және құрамдағы  файлдарды жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан басқа әртүрлі кодировкадағы тексттік ақпараттарды жіберуге мүмкіндік беретін  UUENCODE стандарты ойластырылған.

      POP3 (Post Office Protocol 3, 3 – ші версиялы почталық хаттама) – почталық серверден электронды ақпараттарды қабылдау үшін пайдаланылатын почталық протакол.

      Көбіне POP3  SMTP хаттамасымен  жұптасып жұмыс істейді, ол электронды ақпараттарды қабылдауға және жіберудің тиімді  жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      Хаттама интерфейсі  SMTP интерфейсіне  қарағанда қарапайым болып келеді және  осымен кейбір ыңғайсыздықтар байланысты.  Тікелей почталық серверде хаттарды таңдаулы жазып алу немесе хаттың құрамын көру мүмкіндіктері жоқ.

      IMAP (Interactive Mail Access Protocol, электрондық почтаға интерактивті кіру хаттамасы) – почталық серверден электронды ақпараттарды қабылдауға арналған аса " жылжымалы " почталық хаттама.  Көп жағдайларда  РОР3 қарағанда  IMAP хаттамасын пайдалану аса ыңғайлы және тиімді болып табылады.  Хаттама артықшылықтарына хатты бөліктеп жазып алу, қабылданатын хатты бөліктерге шашу кейіннен біріктіру мүмкіндіктері жатады.

 

16. НТТР, FTP протоколдары

 

 НТТР (ағыл. Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді беру протоколы) мәліметтерді берудегі қолданбалы протокол. НТТР протоколының негізі клиент-сервер технологиясы. Қазіргі таңда НТТР протоколы бүкіләлемдік ғаламторда веб-сайттардан ақпарат алу үшін барлық жерлерде қолданылады.

НТТР – да негізгі басқарылатын объект ол, клиенттің сұранысында көрсетілетін URI ресурс. Негізінде мұндай ресурстар серверде сақтаулы файлдар болып табылады, бірақ олар логикалық объектілер немесе дерексіз затта болуы мүмкін. НТТР протоколының ерекшелігі ол – сұраныстағы немесе жауаптағы бір ұдай ресурсты әртүрлі параметрде: форматы бойынша, кодировка бойынша, тілі бойынша және т.б түрде ұсыну тәсілін көрсету мүмкіндігі болып табылады. НТТР протоколымен жұмыс жасайтын барлық бағдарламалық қамтамасыз етулер үлкен үш категорияға бөлінген:

Серверлер – ақпаратты өңдеу және сақтау қызметін ұсынатын негізгі бөлік

Клиент – сервердің қызметін тұтынатын соңғы бөлік

Прокси – көліктік қызметтерді орындайтын бөлік.

Көбіне НТТР протоколын бағдарламаларға жаңаруды көшіру үшін қолданылады.

FTP (ағыл. File Transfer Protocol –файлдарды беру протоколы) компьютерлік желілер арасында файлдарды беру үшін арналған протокол. FTP серверлеріне қосылуға, оның каталогының құрамын көруге және серверден файлдарды жүктеуге немесе серверге жүктеуге сонымен қатар серверлер арасында файлдарды беру режиміне де мүмкіндік береді. FTP протоколы қолданбалы деңгейдегі протоколдарға жатады және мәліметтерді беруде ТСР көліктік протоколын қолданады. FTP протоколы оқшауланаған хосттардағы файлдарға бөлінген мүмкіндік, оқшауланған компьютерлердің ресурстерын тікелей және жанама пайдалану, оқшауланған хосттық файлдың жүйесінен клиентті тәуелсіз ету, мәліметтерді сапалы және сенімді беру сияқты мәселелерді шешуге арналған. FTP мәліметтерімен алмасу ТСР каналымен жүзеге асады. Алмасу клиент – сервер технологиясы бойынша құрастырылған.