Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сымсыз байланыс жйесі курсовой.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

40. Көпір және маршрутизатор.

 

Көпір-олардың байланысуынан оралас жүйе пайда болатындай екі бөлек жүйелер арасында байланыс құруға арналған.

Сымсыз көпір ерекшеліктерімен кез-келген кіру нүктесімен немесе жүйенің іс-әрекет радиусында орналасқан басқа сымсыз көпірмен байланыс мүмкіндігін белгілеуге болады, және де өткізгіштік клиенттердің сымсыз жүйесіне қосылу мүмкіндігін де белгілеуге болады. Осы мақсаттар үшін сымсыз көпірге Ethernet-кабельді қосу үшін ең болмаса бір қя орнатады. Ереже жүзінде Ethernet 802.3 10/100 Base-Tx стандарт жүйесіне қосылуға мүмкіндік беретін RS-45 бөлінісі. Бұдан бөлек сымсыз көпірлерді жүйенің іс-әрекет радиусын үлкейту үшін пайдалануға болады, олар жеткілікті үлкен қуаттылығы бар қабылдаушы-передатчик түрінде көрсетіледі. Көпір-барлығына қажет болмайтын құрал. Оншақты компьютерден құралған сымсыз жүйенің функционирлеуі үшін көпір керек емес. Алайда, әр-түрлі топология мен технологиядан құралған ірі жүйе үшін көпір-өте қажет зат. Сымсыз көпірдің негізгі мақсаты сымды және сымсыз жүйе сегменттерін бірегей аралас жүйеге біріктіру. Сондықтан көпір моделін таңдау кезінде іс-әрекет радиусына көзделу керек, өйткені бқл сегменттер арасындағы ара-қашықтық аса үлкен болуы мүмкін. Міндетті түрде көпір, мүмкін қауіпсіздік хаттамаларына және мәліметтерді шифрлауына максимальді сәйкес келуін бақылаңыз.

Маршрутизатор.

Маршрутизатор-үлкен емес сымсыз жүйе үшін пайдасыз құрал, бірақ ірі офисті жүйе .шін ол аса қажет. Сымсыз жүйенің әртүрлі сименттер арасында пакеттерді маршутизациялаудан басқа,бұл құрал түрлі функцияларды атқарады. Оның көмегімен жүиені  ұзартуға,Интернетке жалпы кіруді жасауға ж/е т.б. болады. Егер сіз маршутизацияларды қолдансааңыз, онда оған маңызды жұмыс тағылады ж/е ол  әртүрлі (қалыпты емес)функцияларға ш болуы керек.Сондықтан маршрутизаторды таңдау кезінде енгізілген браидмауер,шектеулер тізімі ж/е Интернетте жұмыс кезінде қажет болатын пайдалы функцияларының болуына көз тасатау керек Бұл құрал жүйелі ж/е жүйенің әртүрлі сегменттерінде бола алатын құралдар арасында пакеттерді маршрутизациялауға арналған.Маршрутизацияның ең басты ерекшелігі-жүйенің берілген сигментіне н/е нақты құралға  арналған пакеттерді жіберумен фильтрациялау болып табылады. Маршрутизациядан бөлек сымсыз адаптерде RS-45 бірнеше бөліністері бар,оларға Ethernet 802.3 стандарт жүйесінің өткізгіштік клиенттерін қосуға болады.

 

41.Антенна.

 

Сымсыз жүйедегі антенна мәнін қайта бағалау қиын.Сымсыз жүйенің басты биті-кедергілер мен іс-әрекеттің кіші радиусы екені белгілі.Сонымен,әртүрлі қуаттылықтағы күшеиткіштері бар антенналарды пайдалана отырып,аса үлкен  қашықтықтарда сигналды қабылдауына қол жеткізуге болады,бұл көп жағдайларда маңызды роль атқарады. D-link DWL-50 AT. D-link DWL-50 AT антеннасы барлық бағытта болып табылады және ғимарат ішінде пайдаланады. Ол IEEE 802.11b және IEEE 802.11g стандарттар сымсыз жүйенің жабылу аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы антенна Reverse SMA бөлінісімен қамтылған кез-келген сымсыз құралға қосылу үшін қолданылады. ANT 24-1201. D-link ANT 24-1201 - IEEE 802.11b және IEEE 802.11g стандарттар сымсыз жүйенің жабылу аумағын кеңейтуге мүмкіндік беретін мықты барлық бағытты антенна. Антенна корпусы ауа-райы жағдайына тұрақты материалдан жасалған, бұл құралды ғимарат сыртында пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек комплект құрамына найзағайдан қорғану блогы және жерлендіру кіреді.

 

42. Желідегі құқықтық мәселелер

 

  1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган ҚР заңдарына сәйкес, ҚР үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкіллетті мемлекеттік органмен өзара іс-әрекет жасай отырып жүзеге асырады.

  2. Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланған кезде олардың шекке шығындарын өтеу ҚР үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3.  Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, ауадағы, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, ҚР қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау саласында шұғыл іс-шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс. 

 

43,44.Радиотолқындар

 

      Радиотолқындар дегеніміз – электромагниттік тербелістер, оларды генераторлар таратады. Сөйтіп кеңістікте радиотолқындар былайша айтқанда энергия тасымалдайды және таралу жылдамдығы 3*10-8 м/с жарықпен бірдей таралады. Оның шағылу, сыну сияқты қасиеттері бар. Радиотолқындар электромагниттік тербелістер сияқты жиілікпен, толқын ұзындығымен және қуаттылығымен сипатталады. Радиотехникада қолданылатын радиотолқындардың жиілігі 30 кГц – тен  3000 ГГц – ке дейін өзгереді.

Радиотолқындардың диапазондарға бөлінуі олардың таралу ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Радиотолқындардың әр түрлі диапазондарда таратуын таңдау кезінде жібереді немесе олардың әртүрлі диапазонда жұмыс істеуін ескеру қажет.

 

Радиотолқындардың диапазондарының атаулары

Толқынның диапазондық шкаласы

Толқынның диапазондағы жиілігі

Қолданылу аймақтары

Өте ұзын

10-100 км

30-3кГц

Радионавигация, радиобайланыс

Ұзын

1-10 км

300-3кГц

Радиобайланыс, радиохабар

Орта

100-1000м

3-0,3МГц

Радиохабарлар, радиобайланыс

Қысқа

10-100м

30-3МГц

Радиохабар, радиобайланыс

 

45. Кабель стандарттары

 

Жүйе тым үлкен болғанда, ерте ме кеш пе маршрутизатор немесе көпірді қолдануға туре келеді. Сонымен бірге, жүйенің сымсыз сегментін сымдымен біріктіру қажет. Бұл жағдайда RG-45 бөлінісі бар шнур дайындауы керек, өйткені дәл осы бөлініс маршрутизатор панелінде орналасқан. Көбінесе керекті кабель кіру нүктесімен бірге беріледі, алайда оның ұзындығы, ереже жүзінде белгісіз бюолады. Үлкен ұзындықтағы кабельді дайындау үшін келесі іс-әрекеттерді орындаймыз:

  1. Қысатын аспапты дайындаймыз, RG-45 екі коннекторы және 2 резиналы қалпақша (монтаждан кейін коннекторды жабу үшін).

  2. Ұзындығын анықтап алу, екі шетін ұқыпты кесеміз. Алдын ала әрбір шетіне резиналы қалпақшаны оның кең бөлігі кабель соңына қарайтындай етіп кигізу керек.

  3. Кабель ұштарынан 12-15мм ұзындықта болатындай сыртқы изоляция бөлігін шешеміз. Бұл үшін қосатын аспаптың кесушісін немесе пышақты қолдануға болады.

  4. Кабельдің сыртқы изоляциясын шешкенде,сіз жұпты бұралған 4 жұп сымды көресіз.Олардан бір-бірімен бөліп тегістеу қажет.

  5. Келесі қадам-сымдарды жүйелі стандартқа сай өзара орналастыру.R6-45 кабельі құрылып жатқанда бұл стандартты ұстау міндетті.

  6. Сымдарды келтірілген мысалдағыдай орналастыру қажет,олардың ұзындығы 15мм-н аспайтынша көз жеткізіңіз.Қажет болса сымдарды керек ұзындыққа дейін қысқартқан жөн.

  7. Коннекторды сол қолыңыздың (егер сіз оңқай болсаңыз)екі саусағымен ұстаңыз және оны бөлініс терезесі жоғарыда,ал пластмассалы жабындысы (защелка) төменде болатындай етіп орналастырыңыз.

  8. Оң қолдың екі саусағымен қысып ұстаңыз, ары қарй сымдарды коннекторге кіргізіңіз,ол үшін олардың ұштарын ақырын  бөлніс айнасына  кіргізіңіз.Бұл кезде сымдардың орналасуының біркелклігін  міндетті түрде бақылаңыз.

  9. Сымдарды коннекторге тығыз кіргізгеннен сең таңдалған стандарт бойынша олардың орналасуының дұрыстығына тағыда көз жеткізіңіз.Содан соң коннекторды қысатын аспаптың тиісті ұлшығына қойып,аспапты қатты қысыңыз,сымдарды коннекторге фиксирлеңіз.

  10. Қысылған коннекторге резиналы колпачокты кигізіңіз,сымдар мне коннектор байланысатын орындарын қорғау үшін жүргізіледі.Кабель қолданысқа дайын.

 

46. UTP – кабель.

 

Бұралған жұп – жүйелі кабель түрі, сигналды жіберу кезінде өзара баланысуды төмендету үшін бір-бірімен оралған (ұзындық бірлігіне бірнеше санды бұрандалармен) және пластикалық қабатпен камтылған, бір немес бірнеше жұп оқшауланған проводниктерді көрсетеді. Ethernet, ARSNet және token ring секілді көптеген технологияларда жүйелі тасушы ретінде өолданылады. Қазіргі уақытта, өзінің арзандылығы мен орнатылу оңайлығының арқасында локальды жүйені құру үшін кеңінен таралған түрі болып табылады.

UTP – кабельінің бірнеше категорилары бар, олар – САТ1-ден САТ7-ге дейін нөмірленеді және тиімді өткізетін жиілікті диапозонды анықтайды. Экрандалмаған бұралған жұп категориялары EIA/TIA 568 (коммерциялық ғимараттарда жүргізудің (сымдандырудың) американдық стандарты) стандарттарында жазылған.

САТ1 UTP – кабельі – (жиілік жолағы 0,1 МГц) телефонды кабель, бар жоғы бір жұп, Ресейде «лапша» деп танымал. АҚШ-та ертеректе пайдаланылған және проводниктері бір-бірімен оралып тұрған. Тек дауысты немесе мәліметтерді модем көмегімен жіберуге ғана қолданылады.

САТ2  UTP – кабельі – (жиілік жолағы 1 МГц) кабельдің ескі түрі, проводниктердің екі жұбы, 4 МБит/с дейін жылдамдықта мәліметтерді жіберуді қолдаған, token ring және ARSNet жүйелерінде пайдаланылған. Қазір кейде телефонды жүйелерде кездеседі.

САТ3 UTP – кабельі – (жиілік жолағы 16 МГц) 10 BASE-T және token ring локальды жүйелерін құру үшін қолданылған, 10 МБит/с дейін ғана мәліметтерді жіберу жылдамдығын қолдайды. Алдыңғы екеуіне қарағанда IEЕЕ 802.3 стандарт талаптарына жауап береді. Бұл да қазіргі уақытқа дейін телефонды жүйелерде кездеседі.

САТ4 UTP – кабельі – (жиілік жолағы 20 МГц) token ring, 10 BASE-T, 10 BASE-T4 жүйелерінде қолданылған, мәліметтерді жіберу жылдамдығы 16 МБит/с аспайды, қазір пайдаланылмайды.

САТ5 UTP – кабельі – (жиілік жолағы 100 МГц) көбіне бұралған жұп деп атайтын кабель осы, жіберудің жоғары жылдамдығының арқасында, екі жұбын пайдаланғанда 100 МБит/с дейін және 4 жұбын пайдаланғанда 1000 МБит/с дейін жетеді, коипьютерлік жүйеде қазіргі уақытқа дейін пайдаланылып жатқан кеңінен тараған жүелі тасушы болып табылады. жаға жүйелерді жүргізу кезінде бірнеше жаңарған, жоғарғы жиілікті сигналдарды жіберетін САТ5е (жиілк жолағы 125 МГц) кабелін пайдаланады.

САТ6 UTP – кабельі – (жиілік жолағы 250 МГц) Fast Ethernet және Gigabit Ethernet жүйелерінде қолданылады, 4 жұп проводниктен тұрады және мәліметтерді 10000 МБит/с жылдамдыққа дейін жіберуге қабілетті. 2002 жылдың маусымында стандартқа қосылған. САТ6е категориясы да бар, онда өткізілетін сиганл жиілігі 500 МГц-ке дейін көбейтілген. IEЕЕ мәлімтеттері бойынша 2004 жылы орнатылған жүйелердің 70%-ы САТ6 категориясындағы кабельді пайдаланған, алйда бұл сәнге үлесу ғана болуы мүмкін, өйткені САТ5 және САТ5е кабельдері 10 GBASE-T жүйесіне шамасы келеді.

САТ7 UTP – кабельі – бұл кабель түріне спецификация әлі қолдандырылмаған, мәліметтерді жіберу жылдамдығы 10000 МБит/с-қа дейін, өткізілетін сигнал жиілгі 600-700 МГц-ке дейін. Бұл кабель категориясы экрандалған.