- •Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі,құрылымы, функциялары.
- •Саяси партиялардың қалыптасу себептері және түрлері.
- •Саяси сана: түсінігі, құрылымы, функциялары.
- •Саяси мәдениет: мәні, құрылымы, функциялары.
- •Азаматтық қоғамның түсінігі және қалыптасу негіздері.
- •Саяси билік: түсінігі, нысандары, ресурстары.
- •Саяси режимдердің түсінігі, функциялары және түрлері.
- •Сайлау жүйесі: түсінігі және түрлері.
- •Д.Истон саяси жүйе мен сыртқы ортаның өзара әрекеттесу механизмдері туралы.
- •Саясаттанудың объектісі, пәні және функциялары.
- •Билік легитимділігінің түсінігі және оның түрлері.
- •16. Мемлекеттің атқаратын функциялары.
Саяси мәдениет: мәні, құрылымы, функциялары.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, құндылықтар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты құндылықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ұлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Саяси мәдениеттің функциялары:
• Тәрбиелік – адамдардың интеллектуалдық дамуы, саяси өрісінің кеңеюі;
• Реттеушілік – адамдардың саяси мінез-құлқының қалыптасуына, саяси оқиғаларды қабылдап, өмір сүріп отырған саяси жүйе ағымдарына баға беруіне әсер ету;
• Коммуникативтік – саяси дәстүрлер арқылы тұрақтанған үлгілердің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы;
• Біріктірушілік – саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Либерализм мен неолиберализмнің саяси идеологиялар ретіндегі сипаттамасы.
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.
Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.
иберализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.
Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан
Неолиберализм [1] (ағылш. neoliberalism) - XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономика мен философияның бағыты.
Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады. Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды. Неолиберализмнің теориялық негіздері монетаризммен, Р.Манделл, А. Флеминг идеяларымен тығыз байланысты. Неолиберализмнің экономикалық саясаты экономиканың дамуын тежейтін протекционизмді жоққа шығарады. Неолиберализм кейде жаһанданудың экономикалық идеологиясы ретінде қарастырылады, оның идеяларына Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар арқа сүйейді. Неолиберализмнің әлеуметтік тұжырымдамасы қоғамдық байланыстардың барлық түрлерін нарық тұрғысынан түсіндіреді: әрбір адамның өмірі кәсіпорындағы ұйымдастырушы еркін кәсіпкер ретінде қаралады, ал кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет - келісімшарт (сату-сатып алу актісі). Неолиберализм философиясында нарықтың болуы, қызмет етуі - шексіз өзіндік құндылық, ал тұтыну идеологиясы (консюмеризм) этиканың басты негізі ретінде қарастырылады.]
